Әулиеата өңірі киелі мекендерінің тарихи аңыздары Алғы сөз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»


ЖУАЛЫ, САРЫСУ ЖӘНЕ ТАЛАС АУДАНДАРЫ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ТАРИХИ АҢЫЗДАРЫ



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі1,81 Mb.
#84607
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
history-конвертирован

ЖУАЛЫ, САРЫСУ ЖӘНЕ ТАЛАС АУДАНДАРЫ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ ТАРИХИ АҢЫЗДАРЫ


Жуалы тарихи-мәдени ескерткіштерге бай өлке: аудан аумағында 100- ден астам қорған есепке алынған, 15 обалар қорымы, төрт бекініс, төрт кизет мұнарасы, үш белгісіз елді мекен орны, жартас бетіндегі суретт ер, тас шеңберлер табылған. Тарихи-мәдени ескерткіштер қатарында Бауыржан Момышұлының мұражайы мен ескерткішін, Рысбек батыр ескерткішін атауға болады.


Жуалы ауданындағы Теріс өзенінің алабы ежелден-ақ Мыңбұлақ аталған. Бұл жердің толық сипаттамасын алғаш шамамен 630 жылы осы аймақта болған қытай жиһангері Сюань-Цзянь жазып қалдырыпты. Жуалы ауданының өлкетанушысы Д.Байдалиев Жуалы ауданынды орта ғасырлық Шабғар, Абардадж, Баркуаб, Шойбек, Нанжир (белгісіз қалашығы), Адыраспан төбе, Шақпақ қалашығы (8- 10 ғғ.жататын қалалар) секілді жеті қалашық болғандығын айтып, Барқуаб қалашығымен таныстырды.
Өлкетанушының айтуы бойынша Барқуаб - өзеннің атауы, қазіргі Теріс өзенінің ежелгі атауы екен, өзен шығысқа қарай ағатын болғандықтан -"Барқуаб" сөзі «кері ағатын өзен» деген мағынаны білдіреді. Баркуаб қалашығы Теріс өзенінің оң жағында шамамен 500-600 метрдей жерде орналасқан. Бұл қалашықта ХІХғ. В.В.Бартольд және В.А.Каллаур зерттеу жұмыстарын жүргізген. Дегенмен, қалашыққа арнайы қазба жұмыстары әлі күнге дейін жүргізілмеген екен.
Бұл қалашық бірқатар тарихшылардың және саяхатшылардың еңбектерінде аталған. Ә.Байбатша, Түркібасы өлкесімен Теріс өзенінің бойына орналасқан қалалар мен бекеттер, Мыңбұлақ (Абарджадж) қорған - қаласы арқылы жүріп, Шақпақ белінен асып, Арыс өзенін жағалап, Ұлы Жібек жолының негізгі желісі өткен деп жазады. Ұлы Жібек жолының негізгі арнасында орналасқан қалалар мен керуен бекеттері туралы алғашқы толық деректі Араб географы Убейдаллах ибн Абдаллах ибн Хордадбек 846 - 847 жылдары жазған шығармасында деректер келтіреді. Осы деректерден үзінді келтірейік: «Тамтадждан (Түлкібасы) шыққан керуен Абарджаджға (Мыңбұлақ) дейін 4 фарсах жол жүрген, одан Баркуаб (Теріс) бойындағы қалашыққа дейін 6 фарсах» - деп көрсетілген. Осы деректерді X ғасырдың басында Бағдад халифінің сарай қызметкері Кудама ибн Жафар да кайталайды.
Аль - Макдисидің 985 жылы жазған шығармасында, Ұлы Жібек жолының негізгі арнасынан басқа жаңа тарауларындағы қалалар да аталады. «Тамтадждан Абарджаджға дейін екі пошта бекеті, одан Теріс өзеніндегі бекетке дейін күндік жол, одан Шауғарға дейін жарты күн, одан Таразға дейін екі пошта бекеті» деп жазады. (Ә.Байбатша. Қазақ даласының ежелгі тарихы. Алматы, 2002, 182б) Бұл ортағасырлық қала жұрттары қатар жатқан үш төбешіктерден тұрады. Бірінші төбешіктің жалпы ауданы 160х100м шамасында, қабырғалары құбылаға қараған, бұрыштары доғал тік төртбұрыш болып келген. Төбешіктің үстінде биіктігі әр түрлі 4 алаң бар. Олардың ең тапалы оңтүстік алаң, биіктігі 2 метр шамасында аумағы солтүстіктен оңтүстікке карай 27 метр, батыстан шығысқа қарай 55 метрді құрайды.
Өлкетанушы Д.Байдалиев мұнан ары Шабғар қалашығының орнымен таныстыра отырып, оның Күркүреу Су маңында орналасқанын, қазіргі кезде
жері жыртылып кеткен және орны сақталмаған, екі гектардай жерде топырақ үйіндісінің жатқандығын көрсетті. Шабғар – араб тілінен аударғанда «қайрақ тас» деген мағына береді. Жібек жолының бойында орналасқан Шабғар қалашығында ерте дәуірлерде диірменнің тасы өндіріліп, жан-жаққа таратылған екен. Кейіннен осы маңда тас жолы соғылғанда адам сүйектерінің көптеп табылуы бұл жердің көне жұрт орны болғандығының дәлелі болса керек. Қалашық орнының айналасындағы төмпешіктер де тегін жатқан жоқ, олардың бәрінің де бұрынғы қоныстардың орны екендігі аян. Алайда, бұл жерлер әлі зерттелмеген, өз зерттеушілерін күтіп отыр. Ашаршылық жылдары қазақ халқы негізінен темір жол бойын жағалап, Ресей асып, қайың сауып кеткен болса, Жуалы жұрты қозықұйрық, рауағаш, алғы деген өсімдіктерді қорек етіп, жан сақтаған екен.
Жуалының ежелгі аты Қосбөлтек болған екен. Осыған байланысты жергілікті ақын:
"Атыңнан айналайын атамекен,
Кім сені Қосбөлтек деп атады екен. Батысынды, шығыста Қаратауы,
Ортасында жасыл мекен жатады екен"-, деп жырлаған екен. Бұдан кейінгі атауы Құланбасы болған.

Сурет 1. Әулиебастау бұлағы


Жуалы жерінде әлі де елге кеңінен танылмай отырған киелі жерлердің бірі Әулиебастау бұлағы (№1 сурет). Ол - жоғарыдан қарағандағы пішіні көзге ұқсас, жан-жағындағы қамыстар кірпікке ұқсайтын болған. Кезінде бұл жерде балықтар мен өзінің дәу жыланы болған. Әулиебастау (Көкбастау) туралы аңыз былай дейді: «Әр бұлақтың өз иесі, егесі болады, дейді халық ұғымы. Біз айтқалы отырған Теріс елді мекенінде орналасқан Көкбастау бұлағы орта ғасырларда сол маңда жасаған көне шаһар Баркубас қаласын сумен қамтыса керек. Оған жер астынан табылып жатқан қыш құбырлар дәлел. Ал, бүгінде ел табынатын Әулие бастауының біріне айналған – Көкбастау ауылдың оңтүстік қыр жақ бетіндегі жыра қолтығында қайнап жатыр. Аумағы шағын ғана бұлақ сырттан қарап тұрған жанға көз секілді көрінеді. Тура адамның көз қарашығы тәрізді – ортасы қайнар, айналасы ақ керіш, жағасы кірпік тәрізді көгеріп жатыр. Суы таза,


мөлдір, бал татиды. Әрі шипалы - асқазан, өт, бауыр, жалпы, ішкі ағзаларға дауа, бала көтермеген әйелдер мен жолы болмай жүргендерге септігі тиеді дейді.
Түркістан өңіріндегі Әулие бастаулармен де байланысы бар деген болжам айтылады ел ішінде. Бастау иесі жалғыз көзді, арқасында жалы бар шолақ құйрық айдаһар көрінеді. Ол тек арқалы, Әруақты кісілердің көзіне көрінеді-мыс. Ол сондай-ақ, су бетінде әр түсті бейнелер беру арқылы да аян береді екен. Оның құдіретін кез келген қарапайым адам да көре алады. Басына барғанда құран оқып, мұқият су бетіне зер сала қарап отырса, түлеп сыпырылып түскендей, жылан терісінің әрбір бөлігін, тор көзін анық байқауға болады. Ол жылжып бұлақ аумағын толық алып, көз алдыңнан тірі жыландай өтіп жатады. Сол көріністі көрген адам өзі-ақ тәубаға келе береді.
Бастауға байланысты аңыз да көп. Соның бірі ел 50 жылдары оның Оңтүстік бетінен су жүретін тоған қазып жатыпты. Үлкендер кетпендерін құлаштай сермеп топырағын сыртқа атып, жас балалар бірін-бірі қуып топырақ үстінде мәре-сәре болып ойнап жатқанында шығыс беттен ақ киімді, ақ түйелі адам көрінеді. Бет алысы осы жақ. Ол келе бұлақ басына түседі. Ел оның түскенін көрсе де «түйемен қыдырып жүрген біреу болар су ішуге келген» деп аса мән бермесе керек. «Ойбай жаңағы түйелі ақ адам жоқ болып кетті, бастауға түсіп кетті ме?» - деп бір әйел байбалам салғанда ғана барып жұрт елең етіпті. Ер кісілер кетпендерін тастай салып бұлақ басына жетеді. Бұлақ қаннен-қаперсіз буырқанып, бұрқылдап, құм атып қайнап жатыр. Маңында түйелі адамның болғанын айғақтар із, не бір белгі жоқ. Жұрт ойы сан саққа жүгіреді. Не жұмбақ, не сыр. Әлде бастау иесі өзінің бар екенін сездіріп қойғысы келді ме? Ертеңіне қой сойылып, құдайы таратылады. Бастау басына жан-жақтан тәубә етіп келушілер көп. Бәрі де Аллаға сиынып, бұлақтан су ішіп денсаулығын жақсарту үшін тілек тілеп келеді.
Шақпақ әулие үңгірі. Жуалы ауданының Шақпақ елді мекенінің жанындағы Шақпақ тау жотасының батысында «Шақпақ әулие» аталатын шағын үңгір бар.

Сурет 2. Шақпақ әулие үңгірі.


Шақпақ әулие үңгірі түрлі пішіндегі жақпар тастардың етек жағында орналасқан аузы солтүстікке қараған шағын үңгір. Оның тереңдігі 6 метр ал биіктігі 2,5 метр болады. Шақпақ әулие туралы Ә.Байбатшаның еңбегінде,
«Біздің дәуірімізге дейінгі заманның соңында өмір сүрген Шақпақ әулие (Үйсіннің 12 - ші ұрпағы) мекендеген жер Шақпақ ата деп аталады» - деген мәлімет келтірген. Бұл үңгірді жұрт әулие санап ауру - сырқаулар мен тумаған әйелдер басына түнеп зиярат етіп жатады. Үңгір алдындағы шеттікке ырым етіп шүберек байлайды. Шақпақ әулие үңгірі туралы ел аузында түрлі - түрлі аңыз әңгімелер айтылады. Соның бірінде Шақпақ әулие Шақ және Пақ деген егіз кісі екен. Осы жерде оларды қарақшылар өлтіріп кетіпті. Олардың әруақтары түйе болып, тазы болып осы маңда жүреді екен делінеді. Шақпақ әулие үңгірінде шырақшы болып жүрген Дербіш Дүйсенбіұлы үңгір маңындағы тастар туралы:
«Мына тастардың барлығының өз аттары бар, мысалы: «Жігіт пен қыз»,
«Арыстан тас», «Басын кескена адам», «Төрт бура», «Екі басты айдаһар»,
«Бүркіт әулие», «Құмай тазы» т.б. деп түсіндіреді. Шақпақ әулие үңгірінің төңірегіндегі тастарда аппақ, бір-біріне ұрғыласа от шығатын шақпақ тастары кездеседі. Бұрынғы кезде осы тастардың ортасына мақта қойып ұрғылау арқылы от тұтатқан екен.
Батырбек датқа кесенесі. Батырбек датқа Әулиеата өңірінің айтулы билерінің бірі болған. Байзақ датқамен замандас, қатар өмір сүрген.

Сурет 3. Батырбек датқа кесенесі.


Арғы атасы – Сиқым, өз әкесі – Рысбек батыр. Рысбек атыр сиқымның биі ретінде ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы ірі оқиғалардың қалың ортасында болған. Төле би дүниеден қайтқаннан кейін Ташкент билігі Жүніс қоданың қолына көшеді де, қазақтар жаппай қудалауға ұшырайды. Сонда қазақтардың Жүніс қожаның зорлығына қарсы соғысында Рысбек батыр сиқымдарды бастап шығады.


Батырбек датқа өз елінің бейбіт өмірін, болашағын Қоқан хандығымен ынтымақтастықтан іздейді. Бұл тұста елтұтқа дерлік ер-азаматтар алдында
бірнеше таңдау тұрды. Бірнеше мемлекет қазақтарды өзіне қосып алып, оларға тыныш тіршілік, бейбіт өмір рақатын көрсетуге иландырғысы келді. Ел басындағы азаматтардың біразы Ресейге ауды., біразы қоқандықтарды жақын тұтты, енді біразы бұлардың екеуніе де мойын бұрмай, Кенесарыға қосылды. Алайда Ресейдің отаршыл саясаты әскери соғыс ісі арқылы сұрапыл сипат алды да, қарсы тұрған күштің тоз-тозы шықты. Батырбек датқа Ресейге де бет бұрмады, Кенесарыға да қосылмады. Ол еліне тірек болар, қорған болар күшті қоқандықтардан іздеді, солардан табуға үміттенді. (№9 сурет).
Датқаның сазы. Күреңбел елдімекенінен батысқа қарай 6 шақырымдай жердегі Б.Момышұлы – Қошқарата асфальт жолының шығысында «Датқаның сазы» - аталатын жалпақ саз бар. Бұл жердің «Датқаның сазы» - аталу себебі сиқым руынан шыққан Рысбек батырдың тұңғыш ұлы Батырбек датқамен байланысты. Жуалы жеріндегі XIX - ғасырдағы билік тұтқасын ұстаған ардақты азаматтардың бірі Батырбек датқа болған. Датқа сөзі өзбектердің «дотһа» деген сөзінен шығады, мағынасы генерал дәрежесіндегі ел билеуші дегенді білдіреді. Бірқатар тарихи деректерде және ол ел аузында сақталып қалған естеліктерге сүйенсек, Батырбек датқа кезінде Жуалы ауданының, Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Сайрам аудандарының аумағына сондай-ақ Шымкент қаласының төңірегіне билік жүргізген. 1863 жылы Шоқан Уәлихановпен кездесіп, онымен Оңтүстік өңірді отаршылырдан азат ету жөнінде пікірлескен деген де деректер бар. Халықтың құрметіне бөленген датқаны кезінде Майлықожа, Мәделі, Шөже сынды ақындар жырға қосқан. Ташкенттегі мұрағаттан табылған мәліметтерде 1874 жылы Батырбек, Қасымбек датқалар Құнанбай, Аңдамас сынды билер өздері қаржы шығарып Меккеден үш қонақ үй салдырғаны туралы айтылады. 1971 жылы Жуалыдағы (Бұрынғы Чапаев атындағы колхоз) Күреңбел ауылының іргесіндегі Датқа сазының маңынан «Бұл өлке қасиетті адам жерленген қасиетті өлке» - деп Дінмұхамед Қонаевтың киіз үй тіктіріп түнеп шыққанын бүгінде осы өңірдегі екінің бірі біледі. Кешегі Кеңестік дәуірде Батырбек датқаның күмбезі құлатылып, жанындағы мешіті қиратылған болатын, оның орны қазіргі кезде шағын төбешік болып жатыр. Батырбек датқа туралы М.Қалдыбаев, Т.Талапұлылар көлемді еңбектер жазған. Қорыта айтқанда «Датқаның сазы» елдің елдігін танытып өз жерінің жалпыға ортақ етіп көрсеткен, қайран елі үшін «елімайлап» өткен, ел басқарып ел ақылшысына айналған тарихи тұлға Батырбек датқаға байланысты қойылған атау.
Талас ауданы бойынша киелі жерлердің аңызы. Жұртқа кеңінен танылмай жатқан, өзіне тән тарихы мен аңыздық сырға толы нысандардың бірі – Талас ауданы, Қаратау қаласының батыс шетінде орналасқан Тамды әулие бұлағы. Жалпы осы маңда Тамды атауымен аталатын ежелгі өзен, ортағасырлық қала және әулие бұлақ бар. Тамды қалашығы Қаратау қаласының іргесіндегі Мақұлбек ауылының аумағында орналасқан.
Тамды өзенінің бойын жағалай орналасқан Тамды қалашығы орта ғасырлық қалаларға тән 3 бөліктен тұрады. Соңғы рет бұл қалашық орнында белгілі археолог Мадияр Елеуов өз магистранттарымен бірге қазба жұмыстарын жүргізген. Орта ғасырларда Тараз қаласынан шыққан сауда керуендері Билікөлді
жағалай отырып, осы Тамды қалашығына келіп тоқтайды екен. Қалашықтың оңтүстік-батыс шетінде Тамды әулие бұлағы ағып жатыр.

Сурет 4. Тамды қалашығы


Тамды әулие бұлағы туралы ғылыми әдебиеттерде деректер мүлдем аз. Бұлақтың тарихы мен оның қасиеті туралы аңыз-әңгімелер елімізге белгілі әдебиет зерттеушісі Жанғара Дәдебаевтың «Талас аңыздары» атты еңбегінде кездеседі. Ғалымның еңбегінде бұлақ туралы бірнеше аңыз келтірілген. Соның біріне тоқталсақ:


«Әулиелер Қожа Бағауеддин мен Қожа Ахмет Иассауи бір күні күш сынасып, дауласып қалыпты. Бұл шақта Қожа Бағауеддин – Бұхарада, Қожа Ахмет Иассауи Түркістанда екен. Қожа Бағауеддин өзінің құдіретін көрсету үшін неше алуан ғажайып істер жасайды. Қожа Ахмет Иассауи оған қарама-қарсы өз кереметін көрсетеді.

Сурет 5. Тамды қалашығының орналасуы.


Қожа Бағауеддин күш сынасып қоймаған соң, Қожа Ахмет Иассауи Әмударияның суын түгелдей дәсорамалына құйып алып, өз мекеніне жүріп кетеді. Алыс жолдан ораларда Қожа Ахмет Иассауи Әулие атаның басына келіп зиярат етеді екен. Сол мақсатта ол Түркістанға тоқтамай, Әулие атаның басына ұшып келе жатады. Қаратаудың бір биігінде Әмударияның бір тамшы суы жерге тамып кетеді. Әулиенің дәсорамалынан Қаратаудың бауырына түскен бір тамшы су бұлаққа айналады. Әулиеге қол берген, әрі оған шәкірт болып жүрген бір кісі мұны құдіреттің күшімен деп біліп, бұлақ басына келіп тұрады. Бұл кісі де, бұлақ та Тамды аталады».

Сурет 6. Тамды әулие бұлағы.




Әулие бұлақ туралы келесі аңыз былай дейді: «Тамды әулиенің Қызыр бабамен емін-еркін сұхбаттасып, әңгімелесе беретін қасиеті болыпты. Олардың кездесіп, әңгіме-дүкен құратын жері Тамды әулиенің бұлағының басы екен. Қызыр бабаның батасын алып, шапағатына бөленгісі келген жұрт оны апталап, айлап Тамды әулиенің бұлағының басында күтеді екен. Бір күні бұлақ басына бір ана қызы мен ұлын ертіп келіп, бірнеше ай бойы Қызыр бабаны күтіп қалыпты. Қызыр бабаның құдіретіне мінажат етіп, құдайға құлшылық қылып ана балаларымен бұлақ басында тұра береді. Күндердің күнінде бұлақ басына ақ шапан киіп, ақ сақалы желбіреп, қайыршы кейпінде Қызыр баба келеді.
Қызыр баба анадан жөн сұрайды. Ана Қызыр бабаны тосып отырғанын айтады. Сонда Қызыр баба анадан:

  • Қызыр бабаны бұрын көріп пе едің, оны танисың ба? – деп сұрайды. Ана Қызыр бабаны бұрын көрмегенін, бірақ оны тануға тиіс екенін білдіреді. Сол жерде Қызыр баба дәрет алып, намаз оқымаққа дайындалады. Ананың баласы оның дәрет суын дайындап, көмек көрсетеді. Намазын оқып болған соң, Қызыр баба бұлақ суына қолын сала беріп, оған екі балық жібереді. Екі балық күн көзіне жарқыл қағып ойнай бастайды. Ана мен қызы мұны аңғармайды. Бала бұлақ көзіне ойнап жүрген екі балықты көріп, келген кісінің өздері тосып отырған Қызыр баба екенін сезеді. Бала Қызыр бабаның алдына келіп, тізесін бүгіп, оның

шапының етегінен сүйеді. Қызыр баба сүйексіз саусағымен баланың маңдайынан сипап, ғайып болады. Ана келген кісінің кім екенін біліп, баланың Қызыр баба сипаған маңдайынан сүйеді. Ана қызына:

  • Қайда жүрсең де ініңнің тілеуін тілеп жүр! – деп өсиет етіп, баланың маңдайынан оған да сүйгізеді. Содан бері қыз бауырына тілеуші екен. Баланың маңдайында Қызыр баба қолының табы бар деп, елдің үлкен кісілері жас балаларының маңдайынан шертпей өсіретін болыпты.

Тамды әулие бұлағының көзінде Қызыр баба әкеліп салған екі балық қазір де бар, оларды көрген адам тілегіне жетеді екен. Балықтарды өзі де, айналасы да ақ ниетті таза кісілер ғана көре алады», - дейді аңыз.
Ал осындағы тұрғын халық арасында тараған аңыз бойынша: Осында ҮІІІ ғасырларда ислам дінін таратушы сахабалардың бірі - Әбу Мұса Ашғари осы жерде дәрет алып отырып, қасиетті Мекке жерінен әкелінген қасиетті судың бір тамшысы жерге тамып кеткенде, осыған қатты қапаланған Әбу Мұса Ашғариге түсінде аян келіп, осы жерде дәл зәмзәм суындай суы бар бұлақ көзінің ашылатындығы туралы аян берілген екен. Содан бұл бұлақ Тамды бұлағы аталып, маңайындағы жерлер де Тамды деп аталып кеткен екен. Жергілікті халық және ары-бері өткен жолаушылар осында келіп тәу етіп, қасиетті бұлақтың суынан ішуді әдет еткен. Жергілікті тұрғындар судың емдік қасиеттері бар, соның ішінде ішкі құрылыстардың ауруларына және психикалық- эмоционалдық қиындықтар кезінде бұлақ суы бірден бір ем дейді.

Сурет 7. Тамды әулие мазары


ТАМДЫ ӘУЛИЕ туралы тағы бір аңғыз былай дейді. Тамды әулиенің қозы бағып жүрген бала шағы екен. Бір күні көп қозының ішінен оның өзінің жалғыз қозысы жоғалып кетеді. Сұрау салғанда да жоғалған қозының хабары шықпайды. Едәуір уақыттан кейін қозыкеш балаға бір егде кісі келіп, жайын айтады. Сөйтсе, бұл кісі Тамдының қозысын ұрлаған ұрының өзі екен. Ұры қозының етін әлдеқашан жеп қойған екен, бірақ содан бері іші түйіліп ауырып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалыпты, тіпті қатты ауырғанда шыбын жаны көзіне көрінетін болыпты. Енді сол қозының иесінен кешірім сұрап, айыбын тартпақ ойы бар


екен. Осындай ойларын айтып, ұры Тамдыдан жоғалған қозының иесінің кім екенін айтуды сұранады. Тамды жоғалған қозының иесі өзі екенін айтады. Ұры Тамдының аяғына жығылып, ұрлық жасағаны үшін кешірім сұрап, жетектеп келген қозысын қораға қосады. Осыдан кейін ғана ұры дертінен жазылады, ұрлықты қояды. Осы оқиғадан кейін. Тамдының алдындағы малға ұры түспейтін болыпты.
ТАМДЫ ӘУЛИЕ туралы тағы бір аңызда жаугершілік кезеңі бейнеленеді. Бір заманда ел шетіне жау тиіп, ер-азамат түгел ереуіл атқа мінеді. Олардың ішінде Тамды әулиенің де жалғыз баласы болады. Соғыс ұзаққа созылады. Ел азаматтары жауды қуып, шөл далаға айдап тастайды. Сол шайқаста жарадар болған батырлардың көбі шөл далада суға шыдамай, елге қайтып келе жатқанда қайтыс болады. Тамды әулиенің батыр ұлы да жеңісті шайқаста жаралы болып, елге қайтып келе жатқан жолда шөліркеп өледі. Тамды әулие баласының өлі денесін алдына алып отырып, тірі келген батырлардан болған істің мән-жайына қанығады. Баласының ерлігіне көңілі толады. Сөйтіп отырғанда, әулиенің көңілі босап, көзінен жасы ағады. Сонда әулиенің көзінің жасы аппақ сақылының ұшына келіп, бір тамшы болып дірілдеп тұрған екен. Еңкейіп, баласының мындайынан иіскей бергенде, әулиенің сақалының ұшына дірілдеген бір тамшы жас жерге тамып кетеді. Сол бір тамшы жастың түскен жерінен құдайдың құдіретімен мөлдіреген бұлақ көзі пайда болады.
Қотырбұлақ әулие бұлағы. Талас ауданында тылсымға толы тағы бір қасиетті орын – Қотырбұлақ әулие бұлағы.

Сурет 8. Қотырбұлақ әулие бұлағының құлпытасы




Бұлақтың географиялық ерекшелігі өз тән ландшафтылық көрініс береді. Қаратау қаласынан бірнеше шақырым оңтүстікке қарай бұлақ орналасқан орын қу мекиен далада, нақ бір оазистей әсер береді. Айналасы жап-жасыл шөптесін өсімдіктер мен бұталы ағаш – теректермен қоршалған. Бұлақтың басына Қырықбаев Тоқсанбай әулетінің атынан белгі тас қойылған. Ал жоғары тұсында
кезінде Ислам дінін насихаттаған қасиетті үш атаның мазары тұр. Халық бұл маңды «Үш ата» деп те атайды екен.
Бұлақтың суы мұздай тұнық мөлдір, исі жоқ дәмді. Бұлақ түбінде балықтың екі түрі кездеседі: маринка, корель. Қотырбұлақ әулие бұлағы - тері ауруларына ем, ертеректе тері ауруына ұшыраған мал мен адамдар осы бұлақтың суымен емделген екен. Бұлақ шырақшысы 90 жастағы Ұлдан ана бұл бұлақтың суына келіп 3 рет түсіп, балшығымен емделген адамдар тері ауруларынан құлан-таза айығып кеткендігін айтып өтті.

Сурет 9. Қотырбұлақ әулие бұлағы


Қарт ана бұл бұлақтың өзіндік флорасы мен фаунасы бар екендігін, керемет жанға жайлы, шипалы жер екендігінен мәлім етті және медицинада жазылмайды деген псориаз ауруынан да жазылып кеткендер болыпты. Әртүрлі тері аурулары, күйген жерлер, тағы сол сияқты тұстарға бұлақ жағасындағы балшықтан жағып, артынша бұлақ суымен шайып жіберсе, бәрін алып түседі екен.


Сурет 10. Қотырбұлақ әулие бұлағындағы балықтар


Сонымен бірге бастау басында балалы бола алмай жүрген әйелдер тәу етіп, бала сұрайтын арнайы орын бар. Бір қызығы шырақшы апа кім барса да сол бұлақтан үйіне шелектеп су тасытқызып алады екен. Құстардан жергілікті жерге тән құс түрлері мен өз бұлбұл құсы да бар екен. Бұлбұл құс өзіне ұнаған адамдар келгенде ғана сайрайтын көрінеді.
Бұлақ басына бүкіл қазақ жері, Ресейден және Өзбекстаннан адамдар ағылып келіп жатады екен. Жоғарыда айтқан үш атаға келер болсақ, олар Кәрім, Мысыр, Ықылас есімді әулие кісілер болған. Келген зияратшылар қабір басына кіріп, құран бағыштап дұғаларын оқып шығады. Аяқ асты болуға айналған бұл қабірді келген зияратшының бірі өз қалтасынан алтын түстес күмбезімен кесене тұрғызып беріпті.
Осындай қасиетті орындарды дүние жүзіне танытумен қатар, еліміздің болашағы жас ұрпаққа да тереңірек таныстырудың ұлт болашағы үшін маңызы зор.
АҚ КӨЛ туралы аңыз. Ерте заманда Әулие ата жерінде бір хан өтіпті. Ханның көп ұлдарының ішінде жалғыз қыз бар екен. Қызды Ақ деп атапты. Хан қызына арнап бір көлдін жағасынын қала салдарады. Қыз қызметшілерімен сол қалада тұрыпты. Ел ұаланы хан қызының атымен Ақтың қаласы деп атапты. Ақ көл маныңда серуен құрып, серіктерімен мергеншілікке үйреніп, зеріккен шақтарында ашық далаға аң аулауға шығып тұрады екен. Жаугершілік заманда Ақтын қаласына хан қорғаушы әскер жіберіп, қаланы қорғауды соларға бұйырады. Қала қорғанын басқаруды Аса деген батырға тапсырады. Ел оны батырлығы мен ерлігі, ақылы басқарладан асып тұрғандықтан Аса батыр деп атаған екен. Аса қаланың жазық далаға қараған бөлігін жеті қабат терең ормен қоршап, оны сумен толтырып қояды. Қаланың көлге тиіп тұрған жағынан да бірнеше биік соғыс мұнарасын орнатып, оған қарауыл қояды. Қала осылайша судан да, құрлықтан да алынбастай берік қамалға қамалға айналады. Бір күндері Шығыстан күшті жау шығып, соғыс басталады. Жау Талас бойындағы елдерді қапыда шауып, көптеген қалаларды тонап, қиратады. Жау Ақтың қамал- қаласының түбінде қатты соққыға ұшырайды. Ақтың бірынғай қыздардан тұратын мергендері жауды көп шағынға ұшыратады. Жау әскерінің қолбасысы Аққа хат жазады. Хатта ол Ақ пен өзінің арасының жақындығы туралы ой туатындай етіп жазады. Өзінін мұнда ел шауып, Ақтын қаласын алу үшін емес, Аққа ғашық болғандықтан келгендігін, ал соғыстың бастылып кетуі оның батырларының білместігінен болғанын айтады. Хатты Аққа арнап жазғанмен, оның Аққа жетпей, қолбасы Асаның қолына түсуін ойластырады. Хатты оқыған қолбасы Ақтың адалдығыны иә сенерін, иә сенбенесін білмей, дал болады. Аз уақыттын соң жау қалбасысы Аққа тағы хат жолдайды. Онда ол соғысты тоңтатыны, әскерінін арып-ашқанын, қолдағы асыл заттары еліне алып кетуге көлігі жоқтығын, сондықтан оларды сандыққа салып, қырық түйеге артып, Ақтын қаласының қақпасы алдында қалдыратынын, кейін келіп алып кететінін жазады. Ақ бұл хабардыестіп, жаун жеңгендей болып құанады. Қаласында женіс тойын бастайды. Жау Ақтын атына тағы бір хат жібереді. Онда қызға тең-тең сый жіберетінін, қыздын ол сыйды қабыл алуын, содан соң мерген қыздарды да,
қолбасысын да жоюды сұранады. Хаттың Аққа жетей, Аса батырдың қолына түсуін ойластырады. Аса қолбасы хатын оқып, екінші жағынан, Ақтын қала ішінде той бастаанын көріп, қыздың көңілі бұзылғанына көз жеткізгендей болады. Жаудың тен артқан түйелері қала қақапасы түбіне келіп тоқтайды. Ақ теңдерді қақпа түбіне түсіріп, қызметшілірне жинап қоюды бұйырады. Мұны көрген қолбасы жасақтарын жиып, өзіне белгілі болған жайды айтады. Жауынгерлер Ақты өлтіру қажет деп табады. Аса оған келіспейді. Ол Аққа ғашық екен. Ақ та оны сүйемін дейді екен. Болған іске жаны күйген Аса аладан тып-тыныш шығып кетуді дұрыс көреді. Жауынгерлер бұған келіспей, жаумен ашық далада соғысуға шығудыталап етеді. Сөйтіп, Аса батыр жасақтарымен ашық далаға шығады. Күркіру дариясы бойында жауға қарсы шауып, оны ұйқы- тұйқы етеді. Жау үлкен шығынға ұшырайды, бірақ аз уақытта-ақ есін жиып, күштерін топтастырап алады. Қамалдан шыққан аз жасақ Күркіреу дариясы бойындағы қырғын соғыста түгелдей қаза табады. Қамал қақпасы түбіндегі саңдықтардан жау адамдары шығып, қақпаны бұзады. Жау қалаға кіреді. Істің мән-жайын кеш ұққан Ақ қолбасы жігітінің өзіне сенбегеніне, қалың жауға қарсы шауып, мерт болғанына қатты қайғырады. Жау қалаға кіргенде, Ақ мұнара басынан көлге құлайды. Жау қаланы қиратып, өртеп жоқ қылады. Ел көлді Ақтың көлі, Ақ көл деп атап кетеді.
Көлдің суы бұрын тұшы болыпты. Ақтың жазықсыз жазықты болып, күйініштен төгелген жасы көл түбіне сіңіп бірге-бірте тұзға айналған екен. Содан көлдін суы да кермек тұз татып тұратын болыпты. Адамдардың бір-біріне деген мейір-шапағаты әлсіреп, сенімі азайған шақта, онын кермек дәмі күшейіп , суы тартылып, азая береді, ал адамдардың бір-біріне деген мейір-шапағаты күшейіп, сенімі артқан сайын, оның кермек дәмі азайып, арнасы да толып суы молая түседі. Ақ дүниеден өткелі бері көлдін суы әдженеше тарылып, әлденеше қайта толған деседі.
ҚАРАТАУ ТУРАЛЫ АҢЫЗ. Қаратау пейіштің ішіндегі тау екен. Басынан бұлақ ағып, төсінде неше түрлі ағаш өсіпті, қойны толған асыл қазына, баурайы көкмайса болыпты. Неше түрлі құстар мен андар сонда. Адам ата мен Хауа ана оның саясында демалып, тамашалайды екен. Адам ата мен Хауа ана пейіште әзәзілдің сөзіне иланып, Алла тағала тыйым салған жемісті жеп қояды. Сонда олар өздерінің пейіш киімдерінің түсіп қалғанын, жалаңаш екендігін көріп, қатты қысылады. Ұят қысып, ұятты жерлерін жабу үшін пейіштегі түрлі жеміс ағаштарынан жапырақ сұрайды. Олар жапырақ бермейді. Адам ата тауға бұрылып, одан төсіндегі сансыз ағаштарының жапырағынан беруді сұрайды. Тау Адам ата мен Хауа ананың Алла тағала жеуге тыйым салған жемісті жеп, күнаһар болғандарына қатты қапа болып тұрған екен. Сонда да Адам атаның тілегін жерге тастамай, төрт жапырақ береді. Адам ата мен Хауа ана жапырақтармен ұятты жерлерін жабады. Алла тағала таудың Адамға неге жапырақ бергенін сұрайды. Сонда тау: “Е, Жаратушым, Адамды өзің жараттың. Періштелер, тау мен тас, жүгірген аң, ұшқан құс – бәрін Адамға сәжде еткіздің. Ұлық та бір күнәсі үшін құлын өлтірмейді. Сенің сүйікті Адамыңның жалаңаш тұруын лайық көрмейдім. Сені құрмет тұтқандықтан, Адамға жапырақ бергені үшін оны
айыпты санайды. Тауды бар сай-саласымен, аңғарымен Адам атаның игілігі үшін Алла тағала жерге түсіреді. Алла алдында Адам атаның жасалған күнасына ұялып, күйінгеннен, таудың түсі қарайып кетеді. Халық тауды Қаратау деп атапты.
АҚ КЕСЕНЕ . Ақ кесене мұнарасы Талас ауданында орналасқан, Қазақстан тарихында осы күнге дейін сақталған Қыпшақ дәуірінің ескерткіші. Мұнараны зерттеу жұмыстарын ХІХ ғасырдың 90 жылдарында өлкетанушы Василлий Каллаур жүргізген. Қолда бар деректер Ақ кесененің іргетассыз салынғандығын айғақтайды. Іргетассыз мұнараның ерекше құрылысы аталған көнекөз ғимараттың осы күнге дейін сақталуына ықпал еткен. Яғни, бекініс құрылысына пайдаланылған кірпіштің ерекше технологиямен жасалуы, әрі кірпішті қалаудағы өзіндік әдіс мұнараны берік ете түскен. Аталған әдіс бойынша кірпіштер арасынан жел қағып, жауын-шашын ерітіп кетпейтіндей етіп қаланған. Әйтсе де, Мойынқұмның шағыл құмдарының арасында орналасқан бұл мұнараның тұрғызылуы Тараз билеушісі Қараханның атымен байланысты. Ел аузында да, ғылыми зерттеулерде де бұл мұнараны қарауыл қарау үшін тұрғызған деседі. Ежелден келе жатқан тағы бір аңызда бұл мұнараның осы аймақпен көшетін көштің адасып кетпеуі үшін бағыт сілтеуші ретінде қызмет атқарғандығын көрсетеді. Осы аңыз негізінде Таласта (қазіргі Тараз қаласы) билік құрған Қарахан бір керуен басын өз сарайында қабылдап, соның өтініші негізінде Мойынқұмда адасқандарға жол сілтер Ақ кесене, Көк кесене деп аталатын қос мұнара тұрғызған деседі. Ақ кесене мұнарасының негізгі кескін келбеті сақталып, Көк кесене мұнарасы бүгінде жермен жексен болып кеткен. Аталмыш аңызбен қатар зерттеу жүргізген ғалымдардың айтуына қарағанда, бұл мұнаралардың қызметі тек керуен жолдарға бағыт көрсетумен шектелмеген, олар сонымен қатар Арқа жақтан келетін қауіп-қатерден сақтандырып отыратын Қарауыл мұнаралардың да қызметін атқарған.
Ақ кесене мен Көк кесенеге ұқсас мұнаралардың бірі Қаратаудың солтүстік беткейінде қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданына қарасты Ақсүмбе ауылының жанындағы биік таудың үстінде тұрған Ақсүмбе немесе Ақбикеш мұнарасы.
Көк кесене туралы аңыз. Күндердің күні болғанда, Алпамыстың жастай алған жары Гүлбаршынның дүниеден өтетін мезгілі жақындайды, сонда Гүлбаршын денесін Таластың төменгі ағысы бойына қойып, басына Көккесене орнатыпты. Көк кесене жоңғар шапқыншылығы тұсында Талас өлкесі батырларының бас қосып, қол жинаған орталығы болған. Тайлақ, Саңырық батырлар жауға қарсы қол жиып, елді шауып келе жатқан жауға алғаш рет үлкен соққы береді. Содан былай қарай Талас өлкесінің бар батыры Көк кесенеде бас қосады. Одан едәуір уақыт өткен соң, қазақтың барлық батырлары қол қосып, бас біріктіріп, елді жаудан азат етеді.
Сарысу ауданы бойынша киелі жерлердің аңызы. Сарысу ауданында жұртшылыққа кеңінен танылмай отырған нысандардың бірі - Қаражартас әулие бұлағы. Бұлақ Жаңаарық ауылдық округы, Ақтоғай ауылынан 2 шақырым жерде, таудың төбесінде орналасқан.
Бұлақтың маңындағы 100 жылдық алып ағаштар біразы шіріп құлап жатқанымен оны жергілікті халық отынға алмайды екен, себебі әулиелі жерге деген халықтың құрметі өте жоғары. Оның үстіне бұлақтың суы халықтың тәу етіп, қасиет тұтатын су көздерінің бірі екен және бұлақтың қасында құлап жатқан зәулім ағашқа бұлақ басына келген халық шүберек байлап кетеді екен.
Осы бұлаққа жақын жерде орналасқан, Ақтоғай ауылынан 1 шақырымға жетпейтін қашықтықта, таудың арасында орналасқан Жартас сарқырамасы - кәрі Қаратаудың бауырынан ағып шығып жатқан сарқырама болып табылады. Сарқыраманың аяқ жағы жуас қана өзен секілді ағып жатқанымен, оның бастауына барсаңыз, кәдімдігідей қатты ағыспен, тастан құлай ағып жатқан кіші- гірім сарқыраманы көресіз. Сарқыраманың бастауына тау жолы арқылы жетуге болады және жолы онша қиын емес. Сарқыраманың бастауында келушілердің шомылып, дем алуына болатындай жерлері бар.
«Жолбарыс қамалған» туралы аңыз. Баяғы заманда таластағы елге Ескендір Зұлқарнайын соғыс салып келіпті. Қаптап келген жауға қарсы шыққан Отан қорғаушылар ерен ерлік көрсетеді. Тау мен даладағы әр шақтал, әр биік, әр өзен алынбас қамалға айналады. Ескендір Зұлқарнайын кеңесшілерімен кеңескенде олар: «Бұл елдің тауында екі қызыл жолбарыс бар, соларды ұстасақ өздері тырп етпейді. Олардың иесі – сол жолбарыстар», - деп ақыл айтыпты. Содан Ескендір Зұлқарнайын әскеріне екі қызыл жолбарысты ұстау туралы жарлық береді. Жау әскері талай күн, талай түн іздеп жүріп, екі жолбарысты Қаратаудың қойнауынан көреді. Жан-жақтан қоршаған биік тау, кіретін-шығатын жол біреу ғана екен. Жау жолбарыстардың шығатын жолын тас үйіп бекітеді. Жолбарыстарды тау ішіне қамап, ұстамақ болып қанша тер төксе де, жаудың әрекетінен ештеңе шықпайды. Екі жолбарыс бірде көрініп, бірде көрінбей жаудың ит сілікпесін шығарады. Енді алудың мүмкін еместігін көрген Ескендір Зұлқарнайын кері қайтыпты. Жолбарыстар сол қамалған жерінде қала беріпті. Бұл жерді ел кейін Жолбарыс қамалған деп атап кеткен екен. Бұл жер туралы Қазыбек бек Тауасарұлы басқаша аңыз айтады. Бұл жерде Жолбарыс ханның ордасы болған деген пікір де айтылады.
Ісектас жартасы - Жаңатастан 4,5 шақырым жерде, Жаңатасқа баратын тас жол бойында орналасқан. Бұл жартасты Чапаев жартасы деп те атайды. Бұл жартасты алып динозаврға ұқсатуға болады, ерекше бітімді тас. Ал кеңестік дәуірде Чапаевтың бейнесіне ұқсатқан. Жартастың биіктігі - 50 метр, өте көне тау. Ісектастың түбінен Бүркітті өзені ағады. Бұрынғы кезеңде мұнда су диірмендері болған екен. Егер қасынан барып, жақындап қарайтын болсаңыз, тастан неше түрлі бейнелерді көруге және ұқсатуға болады, өзінше ерекше тау ретінде тоқтап, қызықтауға болатын жер.
Маятас үңгірі - Маятас ауылынан оңтүстікке қарай 9 шақырым жерде, Бүркітті өзенінің шығысында орналасқан. Үңгірдің ортасы 5 қанатты киіз үйдің аумағымен бірдей. Оңтүстік жақтағы кіреберісінің биіктігі - 3,5 метр. Үңгір алғашқы адамдардың тұрағы болған. Алғашқы қауымдық құрылыстан келе жатқан өте көне үңгір.
Саудакент қалашығы - Сарысу ауданы, Саудакент ауылында орналасқан ортағасырлық қала жұртының орны. Қаланы 1901 жылы В.А.Колосов зерттеген екен. Саудакенттің орны тікбұрышты келген, көлемі 230 және 160м., биіктігі 6 метрлік төбе. Қала орнында 11 мұнараның орындары сақталып қалған. Саудакент арқылы Жібек жолының сауда керуендері өткен.
1946 жылы Ә.Марғұлан жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде қала орнынан сырланбаған қыш ыдыстар, мал сүйектері шыққан. 1980 жылы қала орнына Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұржайы өлкетанушы Қ.Байбосыновтың жетекшілігімен зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қазіргі кезде қала жұртының орнына қазба жұмыстарын жүргізу қолға алынып, қаржы бөлініпті.
Саудакент ауылында орналасқан Төкен Мақашев атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайының да келушілер назарын аударып, қызықты мәліметтер береін экспонаттары көп. Мұражай 1978 жылы, Сарысу ауданының құрылғанына 50 жыл толу қарсаңында ашылған. 1991 жылы мұражайға еңбек ардагері, Төкен Мақашовтың есімі берілген.
Мұражай жалпы 7 залдан тұрады, бір қабатты ғимаратта орналасқан. Мұражайда «Көне дәуір», «Ықылас Дүкенұлы», «Табиғат ғажайып»,
«Этнография», «Мәдениет, ағарты және өнер», «Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезең» залдары бар.
Бір сөзбен айтқанда, Сарысу ауданы - тарихи тамыры мен тылсым сыры тереңге бойлаған шежірелі мекен. Осының бір айғағы ретінде Саудакент қалашығының орны әлі зерттелмеген, өз зерттеушілерін күтіп отырған жер екен айтқан жөн. Осы жерлерге болашақта тарих мамандығының студенттерімен бірге қазба жұмыстарын жүргізіп, осы қалашықтың сырын ашу мүмкіндіктері бар.
Сарысу жерінің физикалық географиясы мен жер жағдайы, климаты басқа аудандарға қарағанда өзгешелеу. Географ, эколог, биолог мамандардың жер жағдайы, экологиясы, флорасы мен фаунасы болашақ мамандардың зерттеу нысаны боларлық өте қызықты жер.
Ал туризм саласын дамыту, туған жер табиғаты мен тарихын зерттеп- зерделеуде туризм мамандығының студенттері үшін Сарысу жерінде орналасқан Ақтоғай аулындағы Қара жартас әулие бұлағы; Ақтоғай аулындағы Жартас сарқырамасы; Жаңатас қаласына барар жолдағы Сектас (Чапаев) жартасы; Маятас үңгірі; «Ынталы» үңгірінен артық бірегей орынды табу қиын. Сарысу өңірінің экспедиция мүшелері көрген, сурет пен бейнежазбаға түсірген жерлері, әрбір тауы мен тасы өңірге келуші туристерге көрсетуге өздері сұранып тұрған жерлер екені дау тудырмайды.
Экспедиция барысында Жаңабай Миллионовтың «ШОҚАЙ ДАТҚА КІМ БОЛҒАН?» атты материалы қолға түсті. Онда: «Бүгініңді білмесең болашақтан үміт үз, бүгінімді білсем десең, өткеніңе үңіл» деген қағиданы ұстанып, өткенімізге көз жүгіртсек қаншама мол дүниеге кезігіп, қазіргі жаңалық деп отырғанымыз ғасыр басындағы жақсының жаңғырығы екеніне көзіміз жетеді. Күнгейі мен теріскейінде жоталы қырлары, шатқалды құздары тұтасып жатқан, кез-келген тасының түбінен мөлдір бұлағы жылғалай ағатын қасиетті қарт Қаратаудың қойнауы тұнған тарих. Ғасырлар тереңінен тамыр тартатын қазақ тарихының талай тағдырлы оқиғалары мен сырлы шежірелерінің тірі куәсі бұл
қасиетті өңір. Сол таулы-тасты, шыңды-құзды болып келетін іркес-тіркес Қаратаудың бұйра қыраттарында, сайы мен саласында осы аймақтың белгілі тұлғасы болған көрнекті қайраткер, танымал би, артында сөзі қалған шешен Шоқай датқа Қарабекұлының да іздері, сөз жоқ, сайрап жатыр.
Сонымен біз әңгімемізге арқау еткелі отырған Шоқай датқа шындығында кім болған? Оның ардақты есімі, атқарған істері неліктен ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнге дейін ұмытылмай келеді?
Шоқай датқаның өмір сүрген кезеңі біздің оңтүстік өлкелеріміздің Қоқан хандығының бұғауында болған он тоғызыншы ғасырмен тұспа тұс келеді. Олай болса Шоқай датқаның өмірі мен қызметін қазақ тарихының ең бір қасіретті кезеңі болып саналатын Қоқан хандығының билік құрған уақытынан бөле-жара қарауға әсте болмайды. Олай дейтініміз, біріншіден Шоқай Қарабекұлы – Қоқан хандығының датқалық лауазымын иемденген оңтүстік өңірдегі санаулы, айтулы тұлғалардың бірі және бірегейі. Әрине, бір ғасырдан астам жатжұрттық езгіде ұстаған елдің билігінде болып, оның айтқанымен жүріп, айдауымен тұрды дегенмен тіптен де мақтануға болмас. Десек те, Шоқай датқа – Қоқан хандығына лауазымы жағынан қызмет атқара жүріп те халқына қалтықсыз жұмыс жасап, ел ішіндегі басқару ісіне молынан араласып, ақты ақ, қараны қара деп, қара қылды қақ жарып билік құрған, өңірге шешендігімен танылған қабырғалы қайраткер.
Кешегі өткен тарихқа тереңірек көз жүгіртсек қазақтың жағдайы қай кезде де оңай болмаған. Бізде моңғолдың басқыншылығы, келесісінде жоңғарлардың қанды қырғыны, ақыры соңында хиуалықтар мен қоқандардың езгісі, оның үстіне өз арамыздағы ру-тайпалық алауыздық, билікке талас сияқты жағдайлар, әрине жері – ұлан байтақ, көшпелі ат төбеліндей қазақтың дамуына тұсау болғандығы тарихи шындық. Солтүстікте қылышын жалаңдатып, зеңбірегінен жалын шаштырып алып ел – Ресей империясы тұрды. Осындай анталаған ашкөз жаулардың қалың ортасынан әділ шешім қабылдап, тарихи дұрыс жол таңдау тарихымыздың қадау-қадау шешуші кезеңдерінде қазақтың маңдайына біткен ат төбеліндей ақылмандарына, би-шешендеріне оңай болған жоқ.
Міне, Шоқай датқа Қарабекұлы өмір сүрген бұралаңы мол, қайшылығы көп заман оңтүстік өңір үшін дәл осындай қиюы кеткен кезең болатын.
Қоқан хандығының қазақтарға билігін жүргізе бастауы он сегізінші ғасырдың соңынан бастау алатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Он тоғызыншы ғасырдың басында Қоқанға Омар хан билік құрған 1809-1821 жылдар Шоқай Қарабекұлының балалық және жігіттік шағымен тұспа-тұс келеді. Шоқай бала кезінен-ақ елдің басқару ісіне ерте араласып, сөзге шешен, ақылға бай болып өсті. Ал қоқандықтар болса өз билігіне қазақтар арасында неғұрлым ықпалды, ақылды, елді соңынан ерте алатын осындай адамдарды таңдады. Қаһарлы ханның таңдауы Шоқайға тегіннен тегін түспегені де ақиқат. Біздің жобалауымызша Шоқай Қарабекұлының датқалық лауазымға таңдалған тұсы Омар ханның жасөспірім ұлы Мәделінің 1822 жылы хандық тәжін киген кезімен тұспа- тұс келеді.
1845 жылы Қоқандықтардың жоғары билігіне Құдияр хан қонжияды. Жалпы бұл кезде Шоқай датқаның нағыз шиыршық атып, кемеліне келіп, ой- өрісі кеңейіп, өзінің басқаруындағы ру-тайпаларға ықпалы айрықша арта түскен болатын. Қоқан хандығының екі билеушісінің тұсында біздің даңқты бабымыз қырық жылдай датқалық қызмет атқарыпты. Әрине, жатжұрттықтардың
езгісінде болған өз еліне осыншалық уақыт басшылық жасау, билік айту, бұралаңы көп, қиғаштықтары жетіп артылатын алмағайып заманда оңтайлы шешім қабылдап отыру оңай болған жоқ. Осы арада Шоқай датқаның билік еткен Бестамғалы елі туралы айтар болсақ, оның құрамында Шу өзенінің төменгі сағасының сол жағалауы, Қарақұм құмдарын, Қаратаудың қос беткейін жайлап жатқан Ысты, Ошақты, Шапырашты, Жалайыр және Сырғалы (Сіргелі) рулары кіретін. Олардағы жалпы үй саны отыз бес мың шаңырақты құрайтын, осы тарихи деректерден Шоқай датқа билік еткен елдің ауқымына бір шама көз жеткізуге болады.
Омар ханның, Мәделі ханның, Құдияр ханның тұсында қоқандықтардың езгісі оңтүстік қазақтарына өте ауыр тиді. Қазақтардан мал үшін алынатын зекет, егіншілік үшін алынатын харадж салығының халыққа сонша ауыр тигендігін мына бір деректерден айқын аңғаруға болады. Бестамғалықтар жыл сайын 8-10 мың басқа дейін қойды қоқандықтардың алдына салық үшін салып береді екен.
Қоқандықтардың езгісіне шыдамаған қазақтар талай рет көтеріліске де шықты. Қарсылық жылдан жылға ұлғая түсті. Әсіресе Тентектөре басқарған көтерілістің тарихи маңызы айрықша болды.
Міне, осындай қиын жағдайдан, қоқандықтардың билеп төстеуінен құтылудың жолын Шоқай датқа ойламай қалған жоқ. Бұл арада қоқандықтардың қанды шеңгелінен орыстармен одақтасу арқылы шығудың бір ғана жолы болды. Және Шоқай Қарабекұлы сол жолды таңдады. Оның үстіне XIX ғасырдың екінші жартысында орта жүз, кіші жүз ағайындар Ресей империясының бодандығына толықтай өткен болатын. Шоқай датқа қандас бауырлардан бөлініп қоқандықтардың билігінде қала беруді тіптен де қалаған жоқ. Шымкентті, Әулиетаны және Верныйды Ресей империясына бағындыру мақсатында әскери экспедицияны басқарған орыс полковнигі М.Г.Черняевтің өзінің басшылығына жолдаған хаттары бүгінде мұрағаттар арқылы тарихтың игілігене айналды. Ол хаттардың мәтінін оқи отырып, сол кезеңнің бүгінде көмескілене бастаған біраз оқиғалары туралы нақты болжамдар жасауға мүмкіндік туады. Сол хаттардың бірінде орыс полковнигі: «Шу өзенінің арғы жағындағы ордалықтармен (оңтүстік қазақтары деп түсініңіз. Автор) жақсы қарым-қатынас жасасу және оларға тән күдік пен сенімсіздікті сейілту үшін мен күні бұрын – қосынымыз Верныйдан аттанбай тұрып барлық білгілі ру басыларына хат жолдадым... Мен өткен жылы Созақ пен Шолаққарған төңірегінде танысқанымызды пайдаланып, Бестамғалықтардың биі Шоқайға да осындай мақсатпен хат жібердім, ол – осы өлкедегі ордалықтар (қазақтар) арасында да, сондай-ақ қоқандықтар арасында да беделді үлкен адам. Мұндай әрекеттер біз үшін қолайлы нәтижелерсіз қалған жоқ... Бішкекте маған Шолаққарғаннан – бестамғалық бес адам өздерінің биі Шоқайдан хат ала келіпті, олар өздерінің ру басыларының (Шоқайдың) орыс бодандығын қабылдау үшін Әулиетаға келетінін айтты» деп жазған. Бұл хат 1864 жылы мамырдың жиырма жетісінде Меркі қамалынан жеке Сібір корпусының командиріне жолданған.
Шоқай Қарабекұлы сол жылы Әулиатаға орыс бодандығын қыбылдау үшін келді ме, келе алмай қалды ма, бұл жөнінде біздің қолымызда нақты тарихи дерек жоқ. Бірақ бір нәрсе анық. Полковник Черняевқа Шоқай Қарабекұлы тарапынан оңтүстік қазақтарының орыс империясының бодандығына өтуі туралы аса құпия, астыртын берілген келісімнен Қоқан хандығы, әрине хабарсыз қалған жоқ.
Жұмса жұдырығында, ашса алақанында ұстап келген оңтүстік қазақтарының уысынан сусып шығып бара жатуы және бұл жағдайдың бастауында қазаққа беделі күшті Шоқайдың тұруы Қоқан бектерінің өте-мөте ашу-ызасын тудырды. Бұл жолы қабағы қатулы, көкірегі түкті түстік қожайындардың қанды қол құрсауына Шоқай би құтылмастай болып ілікті. Соңынан ала Қоқан ханы Шоқай датқаны сарайына алдап шақырып алып, үзеңгісіне у жағып, қастандықпен өлтірді.
Міне, осы кезеңнен бастап оңтүстік қазақтарының Ресей империясына бодандыққа өту кезеңі басталды. Бір елдің бодандығынан екінші бір империяның бұғауына түсу, әлбетте соншалықты өзін өзі ақтайтын тарихи шешім де емес шығар. Сол тұстағы қалыптасқан тарихи жағдайда оңтүстік қазақтары үшін басқа жол қалмаған еді. Оның үстіне Шоқай Қарабекұлы орыстармен әскери- экономикалық одақ құрудың болашақ үшін пайдалы жақтарын көрегендікпен болжай да білді.
Өкінішке орай, Шоқай датқа Қарабекұлының туған және өмірден өткен жылдары жайлы нақты деректер бізге жетпеген. Оның тікелей ұрпақтарының айтуы бойынша және көнекөз қариялардан кезінде естіген деректерімізге сүйенсек, датқа пайғамбар жасында қайтыс болған.
Шоқай датқаның кіндігінен тараған ұрпақтары бүгінде елде және еліміздің басқа да қалаларында өмір сүріп, өрбіп өсуде. Сол ұрпақтары бойынша есептеп көргенде, қайраткер бабамыздың туған жылы бізді 1800 жылдардың басына жетелейді. Ал енді, 1864 жылы мамырдың соңындағы орыс полковнигі Черняевтің хаты, онымен Шолаққорғандағы астыртын кездесуі, Шоқайдың Пішкекте арнайы өзінің адамдарын жіберуі сияқты қоқандықтардың қытығына тиетін жағдайлар Қоқан бектерін оған қастандық жасауға итермелеуі әбден мүмкін еді. Оның үстіне ұрпақтан ұрпаққа жеткен әңгімеден білетініміз Шоқай датқа қоқандықтардың үзеңгісіне у жаққанынан қайтыс болғандығы. Сонда осы бір тарихи оқиғаларды сараптай келгенде Шоқай датқаның пайғамбар жасында қайтыс болды деп тұжымырдауға толық негіз бар»,-деп баяндалған.
Сонымен қатар, Талас ауданы, Сейілбек ауылы тұрғыны Шүкірғали Ақымбекұлының «ҚАРАҚОЖА МЕШІТІН САЛДЫРҒАН КІМ?» атты әңгімесі де алынды. Бұл әңгімеде: «Алланың разылығы үшін жасалған барлық амалдардың сауабы мол. Жасаған жақсылығыңның қайтарымы Алладан. Құранда да, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде де жақсылықты ең алдымен ата-анаңа жасау үкім етілген. Жақсылық асырап-бағу, дүние-мүлікпен өлшенбейді екен. Ол – онсыз да сенің парызың. Өйткені ата-анаң саған өмір сыйлады, өсірді, бағып-қақты. Сондықтан «ол жақсылық – игі амал, сауапты іс болуға тиіс» дейді имамдар.
Мұндай имандылық сауабы мол әрекеттер туралы бала кезімізде әке- шешеміз де құлағымызға құйып отыратын.
Ұлы Отан соғысына қатысып, елге Жеңіспен оралған әкем Ақымбек Далбайұлы 2014 жылы 96 жасында Алланың аманатын тапсырып, дүниеден озған кісі. Талас ауданының «Майтөбе», Ильич атындағы кеңшарларында мал бағып, адал еңбегімен ел құрметіне бөленді. Тағдырдың тауқыметін аз тартқан жоқ, содан да болар арнайы оқып білім ала алмады. Жарықтық ата-баба тарихы, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары жөнінен тұнып тұрған шежіре-тін. Ұлы жүз Ыстының Ойық руының Көкшекөз-Жәдігінен тарайтынымызды әкем
құлағамызға құйып отыратын. Одан бері қарай өзіме дейін тарқата білемін және аталарымыздың әрқайсысы туралы аңыз-әңгімелерден де хабарым бар.
Мысалы, құлаққа жағымсыздау естілсе де, «шаш аламын дегенің – Жәдіктігің, бас аламын дегенің – бәдіктігің» деген мәтелге айналып кеткен сөз тіркесінің өзі бабамыздың тегін адам болмағанын көрсетсе керек.
Ертеде елге келіп, ерулеп жатқан бір кісі Жәдікке «шашымды алып бересің бе?» дейді ғой. Сонда бабамыз «шашыңыз түгілі басыңызды да алып беремін» деген екен. Анау кісі де тегін болмаса керек, «шаш аламын дегенің – Жәдіктігің, бас аламын дегенің – бәдіктігің» депті ғой табан астында. Қанша тауып айтылған десек те, осылай сөзбен қақтығысудың түп-төркінінде бір себеп, бір шындық жатады.
Аңызда әлгі қонақ би-болыс не бай-бағланның бірі ретінде көрсетіледі. Демек «шашымды алып бересің бенің» астарында ашық айтылмаса да ептеп болса да өктемдіктің бар екенін үй иесі іші сезеді ғой. Әйтпесе, өзі қонақ, өзі үлкен кісіге әлгіндей жауап қайтармас есті азамат. Олай болса, «бабамыз басынан сөз асырмаған, айтарын жасқанбай айтатын аузы батыр кісі болған-ау» деп пайымдайды мендегі ой.
Одан беріде Қойбас бабамыз да шаруасын күйттеп, өзінен тараған өрен- жарандарын тату-тәтті қалыпта ұстапты. Ал, Марал бабамыз «жан-жануардың тілін білген екен» дейді бізге жеткен аңыз. Бірде ағайынға өкпелеп ауылдан кетіп қалған Маралды іздей шыққандар иен далада киіктерге алақанымен жем беріп жүрген жерінен тауыпты. Сонда бабамыз кісі көрсе шаңын көрсетпей қашатын ақбөкендердің отарын емін-еркін аралап жүрген ғой шамасы. Тегін кісі болмағанын содан-ақ біле беріңіз. Одан кейінгі «майлы қазан Малдыбай» атанған бабамыз дәулетті кісі болғаны осы теңеуден-ақ көрініп тұр. Істің көзін білетін, мәмілегер, ұтқыр ұйымдастырушы болған бұл бабамыз ағайын арасынан керуен жасақтап, Тәшкеннің базарына мал айдатып, ол жақтан мата, киім-кешек, шай-қант, азық-түлік, тағы басқа тұтыну заттарын алғызып отырған. Әрине, көшпелі халықтың тері-терсек, жүн-жұрқасын пұлға айналдырғаны, сөз жоқ ол кісінің ілкімді іскер адам болғанын көрсетеді. Қазіргі заманның кәсіпкері дегеніңіз осы емес пе?!
Сол кезде-ақ елдің ертеңін ойлап, Талас өзені бойынан тоған салдырып, Жәдік көлін де жасатқан осы Малдыбай. Бұл көл күні бүгінге дейін халыққа қызмет көрсетіп келеді.
Малдыбайдың баласы Күдері 114 жасқа жетіп, көп жасаған кісі екен. Оның да қорасынан малы үзілмеген, ошағынан қазаны түспеген, күбісінен қатығы арылмаған кісі болғаны айтылады. Ғасырдан астам ғұмыр кешкен сол бабамыз ұлы Райдың әйелі Жұпан келініне ылғи «Шырағым, Алла жарылқасын, басыңнан бақ-дәулетің арылмасын!» деп бата береді екен. Батасы қабыл болып, одан бері әулеттің бірлігін сақтап, тірлігін алға бастырған Жұпан-Ана болып, сол анамыздың аты шежіреге жазылыпты. Жұбайынан жастай жесір қалған Жұпан- Ана қара басының қамын күйттеген оттың басы, ошақтың қасындағы күйбең тірлікпен отырып қалмай, елдік мәселелерді шешуге атсалысқан кісі екен. Ол Райдың ошағының отын сөндірмей, әмеңгерліктен дәметіп әукесі салбыраған қайын-қайнағаларын да маңайлатпай қойыпты. Оның үстіне әлгі дәмегөйлер ұлы анамыздың сол кезде ат жалын тартып мініп қалған, сайыпқыран іс- әрекеттерімен «Қос көк» атанып үлгерген, бірі – 14, бірі 12 жастағы Далбай,
Талғарбай атты ұлдарынан бата алмаса керек. Олардың «Қос көк» атануы туралы аңызға бергісіз әңгіме де бар. Ол жағын тереңдеп қозғамай-ақ қояйын.
Атасының батасынан бақ қонып, қызыр дарыған ұлы әжеміз – Жұпан-Ана шаруаның тізгінін қолға алғаннан кейін тарихи ескерткіш – Қарақожа мешітін салдыруға мұрындық болып, басшылық жасаған кісі. Ол қайнысы Сәмбетбайды ертіп Тәшкенге барып, ұста-шеберлер әкеліп, мешіт салдырып, 14 жасар Қарақожаны алдырып, имам етіп тағайындаған екен. Әрине, мешіт құрылысы қаражатына жұрттан жылу жинатыпты. Әйтпесе, бір өзінің шамасы қайдан жетсін. Дегенмен осындай үлкен істі ұйымдастыра білудің өзі көрегендік, ерлік, батылдық емес пе?! Неге екенін қайдам, Қарақожа мешіті жөнінде әңгіме айтыла қалғанда бұл тарихи шындық көп ауызға алына бермейді.
Әкем Қарақожа мешітінің тарихы туралы әңгімелегенде менің көз алдыма елдің қамын ойлаған кешегі Ұлпан, Айғаным, оның арғы жағында Домалақ ана бейнелері келгені шындық. Жұпан-Ана бейнесі өз уақытына, заманына, ортасына қарай соларға теңеуге әбден лайық.
Қарақожа мешіті өткен ғасырдың басында, Қазан төңкерісі нәтижесінде дүниеге келген Кеңес өкіметі орнатқан зобалаң заман – тәркілеу, ашаршылық, қуғын-сүргінге дейін, елге қызмет көрсетіп иманды ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосты. Одан беріде Тәуелсіздік алғанға дейін елеусіз-ескерусіз қалды. Астапыралла! «Елеусіз, ескерусіз» дегенім сәл артықтау болар, иманды адамдардың арқасында бұзылмай қалды. Бірақ оны қалпына келтіруге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге ешкім бата алған жоқ. Әйтеуір, тарихи-мәдени ескерткіштер тізімінде мемлекет қарауына алынғанына да шүкір!
Қарақожа ұрпақтары елде тұрақтап қалды. Қазақ – иманды, қайырымды халық. Кез-келген ұлт өкілдері қазақтың арасына сыйысып кететіні хақ.
Біздің ауылдағы ағайындар Қарақожа ұрпақтарын пір санап, оларға деген құрметінен айныған емес. Әрине, кешегі қуғын-сүргін заманында оларға тиіскен, саусағын шошайтқан шолақ белсенділер болған. Бірақ ол үшін бүкіл елді кінәлаған орынсыз.
Елде Рахметулла, Сүндетулла қожалардың жасырын түрде емшілікпен айналысып, құранның күшімен талай ауруларды, әсіресе жүйке ауруларымен ауырғандарды емдеп жазғанын анам Жарқынайдың аузынан талай естігенмін. Бірде Сүндетулла қожа жолы түсіп, малды ауылға келіп қалғанында әкемнің қол қусырып күткеніне, ол кісінің Ақкөл көлі бойында шомылып жүрген бізге қарай жүзіп келе жатқан жыланды «оқумен» кері қайтарғанына өзім куәмін.
Жоғарыда мен атаған ата-бабаларымыз, әже-апаларымыз, басқа да ағайындар Қарақожа мешіті маңайындағы, бүгінде «Сейілбек ауылы» атанған Бестамның қасындағы қорымда жатыр. Олардың қай-қайсыларының орны да белгісіз. Тегістеліп кеткен.
Сондықтан олардың аттары атаусыз қалмасын әрі кейінгі ұрпақтары ата- бабалары қайда тыныстап жатқанын білсін деген ниетте баршасына ортақ белгі
– мәрмәр тақтатас орнатуды мақсат етіп, ол мақсатты жүзеге асыруды қасиетті Рамазан айында қолға алдық. Құдай ниетті қабыл етсін деген тілегіміз бар»,- деп айтылған.
Зерттеу барысында Қазақстанның Құрметті журналисі Жаңабай Миллионовтың «Қазақтың мың жылдық тарихын жырлап кеткен Майкөт ақын неге елеусіз?» атты әңгімесі алынды: «Шындығында, қазақ жыршылық және
айтыс өнерінің биік шыңына жеткен Майкөт Сандыбайұлын бүгінгі ұрпақ, оның ішінде әдебиетке жақын жүрген жастар толыққанды біледі ме? Бұл сұраққа бір жақты жауап беру, әрине, қиын. Бір анығы, Майкөт сынды алып ақынның есімі өз дәрежесінде еленіп, ескеріліп келеді, оның аса құнды шығармашылық мұрасы жете зерттелуде деп айта алмаймыз. Қазақ ауыз әдебиетінің XIX ғасырдағы аса ірі өкілі болып табылатын Майкөт ақын туралы еліміздің көлемін былай қойғанда, оның туған өлкесі болып табылатын Жамбыл облысында және кіндік қаны тамған Сарысу ауданында ауыз толтырып айтарлық істердің атқарылмауы өкінішті-ақ. Кезінде В.Радлов, В.Бартолдь сияқты танымал орыс шығыстанушы ғалымдарының назарын аударған, Әбубәкір Диваевтай сұңғыла зерттеушімен бетпе-бет кездескен Майкөт Сандыбайұлының ұлт тарихындағы және қазақ әдебиеті тарихындағы орнының осы уақытқа дейін айқындалмауы қынжылтады.
Шын мәнінде, Майкөт Сандыбайұлы кім болған? 1824 жылы қазіргі Сарысу ауданы аумағында Шабақты өзенінің бойындағы Бестоғай шатқалында туған. 1902 жылы қайтыс болған. Жастайынан оқып, білім алған. Ақындық талантымен өзі туған өңірде шиырлап қалмай, бүкіл қазақ даласына танылған. Майкөттің Сыр бойына, Жетісуға, Сарыарқаға аты кеңінен таралған. Қазақ айтыс өнеріндегі Майкөт ақынның шығармашылық жетістіктері айрықша. Құлыншақ, Молда Мұса, Майлықожа, Сүйінбай, Бақтыбай, Түбек, Мәделі қожа, Бөлтірік, Құлмамбет, Қазанқап, басқа да өз заманының белгілі ақындарымен айтысқа түсіп, олардың көбісінде жеңіске жетіп отырған. Атақты Құлмамбетпен айтысы айтыс өнерінің інжу-маржаны ретінде орыс, қазақ ғалымдары тарапынан өзінің лайықты бағасын алған. Құлмамбет ақын Майкөтті «...көмейінен құс ұшырған» деп бағалап, «...ел жайын молда Майкөт білген екен» деп жырға қосқан. Ал жыр алыбы Жамбыл болса «Қаздай қалқып ерінбей, өлең тердім жасымнан, Майкөт ақын Құлмамбет орын берді қасынан» деп өлеңдеткен. Жамбыл Әулиеатаға арнайы іздеп келіп, Майкөттің аузынан «Көрұғылы» дастанын тыңдап, үйреніп қайтқан екен. Майкөт ақындығымен қатар қазақ ауыз әдебиетінің інжу-маржаны болып табылатын батырлар жырларын, қиссаларын күнді күнге ұрып, түнді түнге ұрып бірнеше күн жатқа айтатын қасиеті болған. 1876-1965 жылдары өмір сүрген Сұлтанбек Айқожаев Майкөт ақынның орындауындағы «Алпамыс батыр» жырын қағазға түсірген. Бұл жыр «Алпамыс батырдың» ең көлемді нұсқасы болып табылады. Майкөттің «Саржан болысқа айтқан жыры»,
«Сарыбай асында айтқан құттықтау толғауы», Құлмамбетпен, Қазанқаппен, Бөлтірікпен болған айтыстары, басқа да біраз туындылары сақталған.
Шығыстанушы ғалымдар «Қисса Май-көт немесе қазақтардың мың жылдық та-рихы туралы мың сөз» деген атпен орысша аударылған кітаптың нұсқасын өздерінің еңбектеріне арқау еткен. Жалпы Майкөт Сандыбайұлы шығармашылығына қазақ әдебиетінің негізін салушылар Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов жоғары баға берген. Көрнекті әдебиет зерттеушісі Мырзатай Жолдасбековтың ғы-лыми еңбектерінде Майкөттің жыраулық өнері мен ақындығына кең талдау жасалады.
Біз жоғарыда айттық, осыншама бай әдеби мұрасы бола тұрса да, аса ірі шығыстанушы, әдибиеттанушы ғалымдардан, қазақ әде-биетінің аса көрнекті қайраткерлерінен лай-ықты бағасын алса да, Майкөт ақынның ақындық һәм жыршылық талантын терең тану, туындыларын іздестіріп, жинастыру күні бүгінге дейін бір жүйеге келмей-ақ қойды. Әрине әдебиетіміз бен
мәдениетіміздің ірі орталығы болып табылатын Алматыдағы және елордамыз Астанадағы ғалымдарға айтар назымыз өз алдына, өзіміздің Тараздағы мемлекеттік екі ірі жоғарғы оқу орнындағы әдебиетші ғалымдар үшін, жас зерттеушілер үшін Майкөт шығармашылығы беті аш-ылмаған тың тақырып болып табылмай ма?! Және бір ойда жүрген мәселе - қазір бізде қазақтың жақсы айтыс мектебі қалыптасып жатыр. Оның бастауында Жүрсін Ерман сынды қазақтың жампоз ақынының, ұлтжанды азаматының тұрғандығын біз жақсы білеміз. Өзіміздің әдебиетші қауым Жамбыл өңірінен, Тараз қаласынан Майкөттің айтыс өнері мектебін ұйымдастырып, жас таланттардың тұсауын кесіп, шығармашылығына жол көрсетіп жатса кім қой депті?! Бір сөзбен айтқанда Майкөт ақын шығармашылығына мықты насихат керек. Оның шы- ғармашылығына арналған республикалық, ең болмағанда облыстық деңгейде ақындар айтысы ұйымдастырылып жатса нұр үстіне нұр. Бұндай игілікгі шараның бастауында әрине облысымыздың зиялы қауым өкілдері тұрса басқалар іліп әкетері даусыз.
«Жақсының аты өлмейді, ақынның хаты өлмейді» деп жатады өзіміздің қазағымыз. Майкөт сынды ұлттың ұлы тұлғасының есімі түбегейлі ұмытылып кетпегенімен, оның асыл мұрасының санамыздан көмескіленіп бара жатқаны шындық. Әйтеуір Тараз қаласынан Майкөт ақын атына бір қысқа көше бұйырыпты. Ал, алып ақын туған Сарысу ауданында дым да жоқ. Майкөттей марқасқа жерлесіміз туралы осы уақытқа дейін үндемей келуіміз ауданның аузы дуалы қарттарының, зиялы қауым өкілдерінің және ел басқарып отырғандардың азаматтығына сын емес пе?!
Ойды ой қозғайды. Ұсыныстарды ай-ту оңай. Айтылған екен ол зерттелуге, зерделенуге, ойластырылуға тиіс. Ойлы ұс-ыныстан жергілікті билік нәтиже шығарып жатса қанеки.Сын түзелмей мін түзелмейді. «Ештен кеш жақсы» деген. Осы орайда, айта кетуге тиістіміз. Жаңатас қаласындағы іргелі мәдениет ошағы- аудандық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті. Кіре беріс алды, жан-жағы әдемі әрленіп, абаттандырылды, көріктендірілді. Сол мәдениет үйі елдің үлкен рухани орталығы болып табылады. Ал елдің рухани орталығына рухы мықты Майкөт ақынның есімі беріліп жатса жараспай ма? Мәдениет үйінің алдындағы көркем алаңда алып ақынға еңселі ескерткіш қойылып жатса, қаланың көркіне көрік қосылар еді-ау! Бұл тек бір адамның ғана пікірі емес. Аудандағы көп қарияның, зиялы қауым өкілдерінің ойы, ізгі ниеті. Қазақтың мың жылдық тарихын жырлап өткен Майкөт Сандыбайұлы сынды ақиық ақынға туған топырағында қандай құрмет көрсетілсе де артық болмас еді. Бір анығы осы!
Экспедиция барысында жинақталған материалдар мен жазылып алынған тарихи аңыздар сол өңірдің бай тарихы және тарихи тұлғалары жөнінде мол мағлұмат береді. Бұл аңыздар қазіргі және болашақ ұрпақтың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға зор үлес қосады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет