Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат болып табылады. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Ел Президенті аталмыш тұғырнамасында білім, ғылымға ерекше басымдық беріп отыр. «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі», – деген Н.Ә.Назарбаев
«Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді. Осы бағдарда ол бабалар ұлағатымен астасып жатқан зерделі ойы мен парасатты пайымын білдіреді: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.
Жалпыұлттық патриотизм ұғымын кеңейтуге бағытталған «Туған жер» бағдарламасы туралы Елбасы өзінің мақаласында жан-жақты түсініктер берген. Бұл бағдарламаның халқымызға жаңа рух, жаңа серпін беретіні анық. Бұл бағдарламаның аясына тарихымыз да, руханиятымыз да кіріп кетеді. Соның нәтижесінде, болашақта елін, жерін, халқын сүюге қазақша тәрбиеленген нағыз қазақстандық жаңа буын пайда болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде 2017 жылдың 15-29 маусымы аралығында 3 бағытта: 1- бағыт - Жуалы, Жамбыл, Талас, Сарысу аудандары; 2- бағыт – Байзақ, Шу, Мойынқұм және 3-бағыт – Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай аудандары бойынша «Әулие ата - киелі мекен» атты профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерден құралған экспедиция ұйымдастырылды. Экспедицияның мақсаты: «Туған жер» бағдарламасы аясында Әулиеата өңірінің киелі жерлерін және Жамбыл облысы этностарының тарихын, мәдениетін, тілін және салт-дәстүрлерін, археологиясын, географиясын зерттеу, елге таныту және насихаттау.
Экспедицияның 1- бағыты - Жуалы, Жамбыл, Талас, Сарысу аудандары аумағындағы Әулиебастау бұлағы, Шақпақ әулие үңгірі, Батырбек датқа сазы, Тамды әулие бұлағы, Қотырбұлақ әулие бұлағы, Ақ көл және Қаратау өңірлері, Ақкесене мен Көккесене мазарлары, «Жолбарыс қамалған», Ісектас, Маятас үңгірі туралы аңыздар жазылып алынды.
«Әулие Ата – киелі мекен» экспедициясының екінші бағыты Байзақ, Шу, Мойынқұм аудандарын қамтыды. Аталған аудандандарда экспедиция мүшелері өз жұмыстарын жүргізді.
Шөлтөбе қорғаны, Аққия мекенжұрты, Қостөбе, Түймекент, Баласағұн қалашықтарында, Жайсан ғұрыптық кешенінде, Бала Ақтөбе, Аяқ Ақтөбе қорғандарында, Биназар батыр, Оңғарбай би кесенелерінде болып және өзге ұлт өкілдерімен кездесіп, олардың өңірімізге келу тарихымен танысты.
Экспедиция барысында ел аузында жүрген аңыз-әңгімелер жазып алынды. Мысалы, Байзақ ауданындағы Шөлтөбе қорғаны туралы, Мойынқұм ауданындағы Аймахан шоқысы туралы, Оңғарбай би туралы, Қылышбай ақын туралы және т.б. аңыздар.
Экспедицияның 3-бағыты, яғни Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай аудандары бойынша киелі «Топ ағаш» тоғайы, Әулие Бала есепші, ежелгі Меркі үңгірі, Шарпи табиғи жылысу гейзері, Сыпатай, Өтеген, Қордай батырлар мен Кенесары хан жөнінде тарихи аңыздар мен әңгімелер жинақталды.
Экспедиция барысында Жамбыл облысының киелі жерлерінің интерактивтік- тарихи картасын жасауға қажетті тарихи-танымдық деректерді жиналды, облысқа танылмаған киелі жерлерді анықталып, олардың орналасқан жерлерінің маршрутының сызбасын жасалды, елді мекендердегі ескерусіз келе жатқан киелі жерлерді анықтап, ол туралы тарихи деректер іздестірілді, киелі жердің қыр-сырын білетін көнекөз қариялармен кездесіп, тарихи аңыздар мен ел ауызында сақталған әңгімелерді жазып алынды.