Әулиеата өңірі киелі мекендерінің тарихи аңыздары Алғы сөз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі1,81 Mb.
#84607
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
history-конвертирован

Қорытынды




Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. «Екі дәуір түйіскен өлара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр… Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру бойынша М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті профессор-оқытушылары, магистранттары мен студенттері «Әулие ата - киелі мекен» атты экспедиция ұйымдастырды. Экспедицияның мақсаты: «Туған жер» бағдарламасы аясында Әулиеата өңірінің киелі жерлерін және Жамбыл облысы этностарының тарихын, мәдениетін, тілін және салт-дәстүрлерін, археологиясын, географиясын зерттеу, елге таныту және насихаттау болатын. Бұл экспедиция барысында жинақталған тарихи аңыздар мен материалдар осы жинақты құрастыруға арқау болды.
Экспедицияның бірінші бағыты Жуалы, Жамбыл, Талас, Сарысу аудандары аумағын аралап, Әулиебастау бұлағы, Шақпақ әулие үңгірі, Батырбек датқа сазы, Тамды әулие бұлағы, Қотырбұлақ әулие бұлағы, Ақ көл және Қаратау өңірлері, Ақкесене мен Көккесене мазарлары, «Жолбарыс қамалған», Ісектас, Маятас үңгірі туралы аңыздарды жазып алды.
«Әулие Ата – киелі мекен» экспедициясының екінші бағыты Байзақ, Шу, Мойынқұм аудандарын зерттеді. Аталған аудандандардан экспедиция мүшелері Шөлтөбе қорғаны, Аққия мекенжұрты, Қостөбе, Түймекент, Баласағұн қалашықтарында, Жайсан ғұрыптық кешенінде, Бала Ақтөбе, Аяқ Ақтөбе қорғандарында, Биназар батыр, Оңғарбай би кесенелерінде болып, ел аузында жүрген аңыз-әңгімелер жазып алынды. Мысалы, Байзақ ауданындағы Шөлтөбе қорғаны туралы, Мойынқұм ауданындағы Аймахан шоқысы туралы, Оңғарбай би туралы, Қылышбай ақын туралы және т.б. аңыздар.
Экспедицияның 3-бағыты, яғни Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай аудандары бойынша киелі «Топ ағаш» тоғайы, Әулие Бала есепші, ежелгі Меркі үңгірі, Шарпи табиғи жылысу гейзері, Сыпатай, Өтеген, Қордай батырлар мен Кенесары хан жөнінде тарихи аңыздар мен әңгімелер жинақталды.
Экспедиция барысында Жамбыл облысының киелі жерлерінің интерактивтік- тарихи картасын жасауға қажетті тарихи-танымдық деректерді жиналды, облысқа танылмаған киелі жерлерді анықталып, олардың орналасқан жерлерінің маршрутының сызбасын жасалды, елді мекендердегі ескерусіз келе жатқан киелі жерлерді анықтап, ол туралы тарихи деректер іздестірілді, киелі жердің қыр-сырын білетін көнекөз қариялармен кездесіп, тарихи аңыздар мен ел ауызында сақталған әңгімелерді жазып алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет