Сабақтыңтақырыбы: Мәриям Хакімжанова «Бала Мәншүк»



Дата26.06.2018
өлшемі20,09 Kb.
#44624
түріСабақ
Ақтөбе қаласы, «Ақтөбе орта мектебі» ММ бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Гулшат Борисовна
4 – сынып Әдебиеттікоқу

Сабақтыңтақырыбы: Мәриям Хакімжанова «Бала Мәншүк»
Сабақтыңмақсаты:

1.Білімділік: Оқушылар қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағы батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысады, оның ерлігі туралы түсінігін тереңдетеді. 2. Дамытушылық: Оқушылар ойларын анық жеткізуге, ой өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтанады. Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамытады, сөздік қорын молайтады.

3.Тәрбиелік: Жас ұрпақ елін, жерін халқын қорғай білуге, азаматтық пен адамгершілікке, ержүректілікке тәрбиеленеді.
Сілтемелер 4 - інші сыныпқа арналған оқулық, әдістеме.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Мәтіннің мазмұнын білу автордың өмірімен, шығармаларымен таныстыру. Мәтінді талдау. Мәтіндегі негізгі ойды түсіну және айту.
Негізгі идеялар «Жақсы адам болып қалыптастыру үшін жаратылысынан гөрі, жаттығудың рөлі зор»- деген ежелгі грек философы Демокрит. Бала Мәншүктің жастайынан табандылығы, еңбекқорлығы көрінеді.
Ресурстар: Сызба, суреттер.
Оқыту әдістері: Жаңа әдістерСТО, ЖИГСО, Блум таксаномиясы.
Дерек көздер: Суретпен жұмыс.
Тапсырмалар: 1. Топтық жұмыс 2. Жеке жұмыс. 3. Топтық жұмыс және жеке жұмыс
I. Ұйымдастыру кезеңі
Слайд: 1. Психологиялық дайындық:
Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күнбіз, Ренжуді білмейміз.

Қуанасын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық достарым, Арайлап атқан күнге!

2. Топқа бөліну:
3. Топтарға ат қою.
І топ «Пулеметшілер» ІІ топ «Мергендер» ІІІ топ «Атқыштар»

Слайд: 4. Үй тапсырмасын тексеру.
І топ сұрақтары«Пулеметшілер» «Шығыс шынары» мәтіні бойынша сұрақтар: Әңгіме неге «Шығыс шынары» деп аталған?

Әлия бала кезінде қандай болған?

Әлия өсірген гүлдердің атын ата. Герань, фикус, олеандр, камелия, циперустар.

Әлия сияқты батыр қыздар қазіргі кезде бар ма?

ІІ топ сұрақтары «Мергендер» Батырлық, ерлік туралы мақал жинақтау, жаттау

ІІІ топ сұрақтары «Атқыштар»

Әлияға мінездеме берейік

5. Өткен тақырыпты пысықтау арқылы жаңа тақырыпты ашу..
Слайд: 1.Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

2.Соғыс қашан аяқталды? 3.Биыл Жеңіске неше жыл толады? 4.Әлия Молдағұловадан басқа Отан соғысында ерлік көрсеткен тағы қандай қазақ батырларын білесің?

Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында дүниеге келген.Мәншүктің шын есімі Мәнсия.

Түсіну.Слайд.
Жаңа тақырып «Бала Мәншүк»
Слайд. Авторы Мәриям Хакімжанова 1906жылы 16 - қарашада Қостанай облысының Қобыланды ауылында дүниеге келген. Ол мектепті бітіргеннен кейін Қазақ педагогика жанынан рабфакты оқып, «Әйел теңдігі»журналында жауапты хатшы болып қызмет жасады. Отбасы жағдайымен Орынбор облысына көшіп барды.(1934ж) Бірнеше жыл аудандық «Екпінді»газетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.
М. Хакімжанованы соғыс жылдары Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өшпес ерлігін жырға қосып, «Мәншүк»поэмасы ақын еңбегінде үлкен бір белестерге жетті. Ақын өмір бойы өз өлеңдерінің алтын арқауы – аналық сезімді жырлап өтті.М. Хакімжанованы барша жұрт құрмет тұтып, ел анасындай ардақтайтын. Ақын апамызға «Қазақстан халық жазушысы» құрметті атағы, орден, медальдары берілген. Тамаша ақын, әзіз жүректі, аяулы жан Мариям апамыздың жазған асыл бейнесі халық жадында әрқашан сақталады.
Бүгінгі сабағымызда осы М. Хакімжанова апамыздың жазған «Бала Мәншүк» атты әңгімесіне тоқталамыз.

Слайд. Естелік
Бұл әңгіме шығарманың естелік деген түріне жатады. Естелік дегеніміз өмірдегі көрген білген, ойда қалған нәрселерді еске түсіріп айту немесе жазу деген сөз. Мәншүктің анасы Әминаның айтқандарын белгілі ақын Мәриям Хакімжанова бізге былайша жеткізіп отыр.

Слайд. Мәншүк Мәметова өмірбаяны



Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында дүниеге келген. Мәншүк шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі Ахмет дәрігер болған. Ол әкесіне еліктеп өскен. Мәншүк соғысқа аттанғанда 19 жасқа толған талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді. Ол Невель қаласын азат ету майданында қаза болған.

Сергіту минут Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Оқулықпен жұмыс

Қолдану:
«Пулеметшілер» 1-тобы - Негізгі ой. I.бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы».
«Мергендер»

2-тобы - II бөлім. «Бала Мәншүктің мінезі».
«Атқыштар»


3-тобы - III бөлім «Балабақшадан келген Мәншүк». Рөлге бөлу.
Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру.

Талдау:ЖИГСО
Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі. Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап, бір - біріне түсінігін айтады.

Сөздік жұмыс. INSERT әдісі. Өздеріне түсініксіз сөздерді түртіп алу.
Алдымен талдау, осы сөздер төңірегінде оқушылардың өз ойларын айтқызу.
Дерлік - түгел, бәрі, айтарлық.
Қызық немесе әсте қыңыр мінезі өзгеше, көп келісе бермейді, өз пікірімен қалады Домбығып - ісіну, томпаю.



Дәптермен жұмыс

Слайд.

Мәтінмен жұмыс. «Елші» стратегиясы «БҮБ» кестесі.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім









Мәншүк туралы өз білгендерімізді ортаға салу.
Мәншүк Мәметова кім?
Мәншүк Мәметова қай өңірдің тумасы?
Жалпы Мәншүк Мәметова деген есімді естігенде көз алдымызға не елестете аламыз?


Слайд. Тапсырмалар 1-топ: «Пулеметшілер» Әңгімедегі киіпкерлерді ата 2-топ: «Мергендер» Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсияның ұнаған қылықтарын мәтінен тауып оқыңдар. 3-топ: «Атқыштар»
Бес жолды өлең құрастыру.

Слайд. Поэзия минуты

Слайд. Бекіту сұрақтары:

Мәнсияның Мәншүктің әкесі оны қайдан алып қайтті? Мәнсия әкесінің сұрағына не деп жауап қайтарды? Анасы оны кім деп еркелетті? Саған Мәншүктің қандай мінезі мен қылығы ұнады.

Жинақтау:«Ой ширату»
Мәтінге сүйеніп Мәнсияға мінездеме жазу.
Мен не түйдім?!
1. Мәтінде автор не айтқысы келді?
Мәншүктің бойынан қандай ерекше қасиетті көре білдің?
3. Ол туралы айналасындағылар пікірі қандай еді?

Слайд. Үйге тапсырма:

1.«Бала Мәншүк» мәтінін оқып келу. 2.Мәншүкке мінездеме беру. 3.Мәншүк Мәметова туралы қысқаша деректер жинау. 4.«Қазақтың батыр қызы» тақырыбына эссе жазу.

Бағалау. Топ басшылары топ мүшелеріне баға қою.

Кері байланыс.
1. Менің түсінгенім, түсінбегенім.
2. Маған ұнағаны, ұнамағаны.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет