Еуразия гуманитарлық институты Педагогика кафедрасы Этнопедагогика пәні СӨЖ №1 орындаған: Көшен Қ. С



Дата26.03.2020
өлшемі22,47 Kb.
#60873
Байланысты:
СӨЖ 1

Еуразия гуманитарлық институты

Педагогика кафедрасы

Этнопедагогика пәні
СӨЖ №1


орындаған: Көшен Қ.С.




Нұр-Сұлтан, 2020

СӨЖ №1

Тақырыбы: Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні, мақал-мәтелдерді тәрбие процесінде қолдана білу жолдарын меңгерту.

Тапсырма: мақал-мәтелдерді топтастырыңыз, мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін ашып түсіндіріңіз.

Мақал-мәтелдер бір ғасырдың, ғана жемісі емес. Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра, ақылына ақыл қосатын, жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы. Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған. Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын, сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма. Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған,екшелген,сыннан өткен асыл түйіні.  Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген. Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік мәні бөлек.  Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең, сөзі ықшам да көркем,еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады. Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері оның құрылысы мен жасалу жолынан емес ,мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына, оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді. Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар,оларды көркем және обырызды сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын, сөздік қорын байыта түседі. Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын, мазмұны бай, тілі көркем жанырға жатады. Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды, біреулері ескіріп қолданудан шығып, екіншілері жасарып, жаңадан туындап жатады. Халық шығармасының басқа түрлері секілді мақал мен мәтелдердіде әуел баста жеке адамдар шығарады, оны біреуден біреу естіп, жаттап айта жүреді,өңдейді,өзгертеді, сөйтіп олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады. Демек, мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген –білгенін жасаған қорытындысы, ақыл-ой түйіні деуге болады. Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы, өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын, түсіндіретін оқу құралы іспетті. Мақал-мәтелде, көбінесе, ортақ ой, жалпы ереже, анықталған қағидалар айтылады,формасы жағынан тілге жеңіл, құлаққа жағымды дыбысқа,ырғақ-ұйқасқа құрылады, көбінше көркем тілмен-өлеңмен жасалады.

Мақал мен мәтелдердің өміршеңдігі – тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде, аз сөзбен көп мағынаны беретіндігінде, еске сақтауға қолайлылығында. Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі уақиғаларды,қарым-қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді; айтылмас ойды ажарлайды, әрі анықтайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Мақал-мәтел – қос мағыналы шығарма, онда көбінесе тура мағынамен қатар астарлы мағына да болады. Тура мағына мысал ретінде алынады да негізгі ой астарлап айтылады.

Мақалдар – нақыл, өсиет түрінде айтылатын философиялық ой түйіндері, сөз мәйегі болып табылады. Мақалдар, көбінесе өлеңдік өрнекпен, сабырлы, салмақты ырғақпен айтылады, қара сөзбен, яғни шешендікпен айтылатын мақалдар бар. Мақал - негізінен екі бөлімнен, көбінесе екі тармақтан құралады.

Бірінші бөлімде пайымдап, айтатын ойдың түп негізі болады., екінші бөлімде ой қорытындысы айтылады. Мысалы, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» - тура мағынада айтылған, ал «От жақпаған үй- қорамен тең, адам кірмеген үй – моламен тең» ауыспалы мағынада айтылған. Осы мақалдарды халық шығарған.



Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы мақал-мәтелге айналған: “Ұлымды іздеп, дүниені көздеп”-Абай Құнанбаев, “Жалғанды жалпағынан басып өтіп” – Жамбыл Жабаев, Ыбырай Алтынсариннің «Аш бала тоқ бала мен ойнамайды, тоқ бала аш баламен ойнамайды», дейтін сөз мақалға айналып кеткені рас. Ғасырлар бойы ұрпаққа ауыздан-ауызға тарап, мәнін жоймай сақталған мақал-мәтелдерден қазақ халқының тұмыс-тіршілігін, дүниеге деген көзқарасын, арман мүддесіне дейін байқауға болады. Мағынасы терең, ойды дәл берген мақалды кез келген дау-жанжалда, халық өміріне қатысты қажетті шешім қабылдағанда орнымен қолданудың маңызы зор болған.

Мақал мен –мәтелдің ерекшелігі: Мақалдың басты ерекшелігі бірінде ойын ашық айтса, енді бірінде ойды астарласа да, анық қылып жеткізген. Мысалы, "Құласаң нардан құла","Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме", "Аузы күйген үріп ішер" дегендерден нені меңзегенін бірден түсінесің. Тағы басты ерекшелігі жай сөйлеммен терең мағынаны бере білген. Кейбір мақалдар өлеңнің жеті-сегіз буынды жыр түрінен жасалып, бір шумақтан тұратын өлең секілді. Мысалы, "Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, ер басына күн туса, етігімен күн кешер", "Арық деген жамантай, жазға шығып ат болар, жамандығың сезілсе, жақын кісі жат болар". Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мазмұнында. Мақал – өмірде болған елеулі оқиғаға берілген даналық қорытынды. Ал мәтелде сөз айшықты, көркем теңеу қолданылады. "Көппен көрген ұлы той", "Қызым саған айтам, келінім сен тыңда" деген мәтелдерден аңғаруға болады, яғни, мақалдағыдай дәлелдеу, қорытынды пікір болмайды. Тек ойды жанамалап жеткізеді. Қалай дегенмен, "мақал да, мәтел де – халықтың қазынасы, тіл майданындағы басты қар

Мақал қай халықта да оның сан жылдар бойғы іс-тәжірибесінен туындайтын даналық тұжырымдар екені белгілі. Ұлттық қазынаның бұл түрі қай кезде де өзекті, ендеше біздің заманымызда да мақалдар құнды әрі қажет екеніне дау жоқ.

Мақал-мәтелдердің тілі қарапайым және өте көркем, сөздік құрамы бар. Сөйлем құрылысы жағынан жеңіл, әсерлі болып келеді. Халық мақал-мәтелдердегі қолданылған сөздердің тек қана сыртқы сұлулығына қарамайды, сонымен қатар құрамындағы сөз мағынасының шебер, орынды қолданылуына назар аударады. Мақал-мәтелдерді үйрету тіліміздің байлығын, сөйлем құрылысын, дұрыс сөйлеу заңын жетік білу, тілді дамытып, баланың ой-өрісін кеңейтуге көп әсер етеді.

Мақал-мәтелдер тәрбиелік жағынан да, балалардың сөздік қорын молайтуда да өз септігін тигізеді

Мақал-мәтелдердің түрлері:


  • Тәлім-тәрбие, үлгі-өнегеге байланысты;

  • Білім мен оқуға арналған

  • Отан, туған жер;

  • Бірлік, ынтымақ;

  • Мал, жануар, құс;

  • Тіл, сөз;

  • Еңбек, еріншектік, ұста, шебер;

  • Достық-дұшпандық;

  • Ағайындық – туыстық;

  • Ас, тағам, нан;

  • Төрт түлік мал туралы;

  • Үнемшілдік, үнемсіздік;

  • Жақсы –жаман, міңез – құлық;

  • Ерлік, батырлық, қорқақшылық;

  • Өмір, тұрмыс – тіршілік, қоғамдық құбылыстар;

  • Халық, адам туралы;

  • Сауда, Базар, Байлық туралы;

  • Сараңдық.


Әдебиеттер:

1.Сайтhttps://kk.wikipedia.org/wiki/\

2.Айгужиева А.З., Кусанова А.Д.– Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні. Павлодар, 2008ж.

3.Табылдиев Ә.– Қазақ этнопедагогикасы, «Санат» Алматы, 2001ж. – 17.



4.Қазақ мақал-мәтелдері. Алматы, «Ана тілі», 2001 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет