Білімді тексеруге арналған сұрақтар: Қолдан сұрыптаудың қандай түрлері белгілі?
Санасыз сұрыптаудың әдістемелік сұрыптаудан айырмашылығы неде?
Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталудың айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?
Бейімделушіліктің алуан түрлі болуының эволюциялық дамудағы ролі қандай?
Түр дегеніміз не?
Түрдің қандай критерийлері бар?
Түр түзілудің жолдары мен әдістері қандай?
Әдебиеттер: 2,4,8,10,11
5 лекция - Тіршілік үшін күрес Дәрістің мақсаты: Тіршілік үшін күрестің түрлерімен, популяция даралар санының ауытқуымен, тіршілік үшін күрес даралар сыртқы ортаның абиотикалық және биотикалық жағдайларымен қарым-қатынасы мағынасында түсінумен таныстыру.
Сұрақтар: 1. Түр ішілік күрес
2. Түр аралық күрес
Дарвин тіршілік үшін күресті даралардың сыртқы ортаның абиотикалық және биотикалық жағдайларымен қарым – қатынасы деп түсіндірді. Ол тіршілік үшін күрестің үш түрін атап көрсеткен: түр ішілік, түр аралық, табиғаттың қолайсыз жағдайларымен тіршілік үшін күрес (құрғақшылық, қатты аяздармен, жер бетін су алып кеткен жағдайларда).