Глоссарий: Тіршілік - Ф.Энгельстің анықтамасы бойынша: “тіршілік дегеніміз ақуызды денелердің өмір сүру әдісі, ал бұл өмір сүру әдісінің мәнісі сол денелердің химиялық құрам бөліктерінің оларды қоршаған сыртқы орта мен зат алмасу нәтижесінде үнемі жаңарып отыруы, егер зат алмасу тоқтаса тірішілік те тоқталады, ақуыздар ыдырайды”.
Тірі дене– биополимерден (ақуыздар мен нуклеин қышқылдарынан) тұратын өзін өзі реттеп қалпына келтіріп отыратын ашық жүйе.
Онтогенез – даралардың зиготадан бастап өлімге дейінгі немесе индивидуальды дамуы.
Филогенез – органикалық формалардың тарихи дамуы. Түрдің, туыстың филогенезі болуы мүмкін.