Дивергенттік түр түзілу. Кез келген түрдің даралары ареалға біркелкі таралмай, ойдым-ойдымдалып, яғни бір жерде жиі, екінші жерде сирек болып, кезектесе орналасады.
Ареалда бір түр дараларының біркелкі таралмауы әртүрлі учаскелерде қалыптасқан тіршілік жағдайларының түрліше болуына байланысты (микроклимат, азықтың объектілер, топырақ құрамы, басқа түрлер).
Кез келген түрдің даралары жеке емес, топтасын тіршілік етеді. Мұндай топтардағы даралар арасында ұзақ уақыттар бойы күрделі қарым-қатынастар қалыптасады.
Ареалдың белгілі бөлігінде ұзақ тіршілік етіп, еркін будандаса алатын бір түр дараларының сол түрдің басқа жиынтығынан салыстырмалы түрде оқшауланған жиынтығын популяция деп атайды.
Бір популяцияның даралары сол түрдің көршілес популяциясының дараларымен салыстырғанда барлық белгілері мен қасиеттері бойынша өте ұқсас болып кетеді.
Бір түр популяциялары арасындағы айырмашылықты мына мысалдан