Эволюциялық ілім


Биологиялық эволюцияның жалпы заңдылықтары



бет36/57
Дата08.02.2022
өлшемі344,5 Kb.
#117242
түріЛекция
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57
Байланысты:
10200-evolyutsiyaly-ilim

Биологиялық эволюцияның жалпы заңдылықтары


Сүткоректілердің әртүрлі экологиялық ортаға өмір сүруге бейімделуі кезінде белгілердің ажырауы, яғни дивергенция жүреді. Сүткоректілер класының құрамына көптеген отрядтар енеді, олардың коректері, өмір сүру орталары әртүрлі. Жоғарыда айтылғандай киттәрізділер сулы ортаны, жарқанаттар ауаны, тақтұяқтылар жер бетін мекендейді. Қозғалыс әдістеріне байланысты бұл топтардың аяқтарының құрылысы өзгеріске ұшырайды. Сөйтіп барлық сүткоректілердің аяқтары бір-бірінен сыртқы пішіні жағынан ерекшеленсе де, олардың барлығының құрылысы мен шығу тегі бір-біріне сәйкес келеді. Кез келген масштабтағы дивергенция немесе белгілердің ажырауы табиғи сұрыпталудың топтық түрінің нәтижесі. Дивергенция түрлерге ғана емес, туыстарға да, тұқымдастарға да, отрядтарға да тән құбылыс.
Дивергенцияның нәтижесінде атқаратын қызметтері әртүрлі бірақ құрылыстары мен шығу тегі бір-біріне сәйкес келетін мүшелер дамиды. Құрылысы мен шығу тегі бір-біріне сәйкес, ал атқаратын қызметтері әртүрлі мүшелер – гомологиялық мүшелер деп аталады. Бұл мүшелердің дамуы дивергенцияның нәтижесі.
Сүткоректілер класы дивергенттік эволюция барысында (гидробионттар, хтонобионттар, эдафобионттар, авиобионттар) барлық өмір сүру ортасын игеріп қамтыды. Өмір сүру орталары: жер беті, жер асты, сулы орта, ауа). Дивергенттік эволюция нәтижесінде сүткоректілердің көптеген экологиялық топтары қалыптасып, олар бір-бірімен бәсекелеспей, әрқайсысы жеке дамыды.
Желілілер типіна жататын жер бетінде өмір сүретін әртүрлі класс өкілдерінің (бақалар, кесірткелер, құстар) алдыңғы аяқтарының да құрылыстары осы жоспар бойынша бірдей бөлімдерден тұрады.
Сондай ақ өсімдіктерге де гомологиялық мүшелер тән. Мысалы екпе бұршақтың мұрттары, сары ағаштың қылтандары, барбаристің инелері, кактустың тікендері – түрін өзгерткен жапырақтар. Шаңжапырақтың інжугүлдің тамырсабақтары, картоптың түйнегі, пияздың түбіртегі – түрін өзгерткен сабақтар.
Туыстас ағзалар эволюциясы барысында белгілер ажырап жаңа жіктелу категориялары түрлер, туыстар пайда болуын – дивергенция деп атайды. Бұл терминді алғаш рет ғалымға Ч.Дарвин енгізген. Оның айтуы бойынша дивергенцияның себебі, түрішілік бәсекелесу (конкуренция) және табиғи сұрыпталу.
Биологиялық эволюцияның келесі заңдылығы конвергенция. Ол дивергенцияның нәтижесі.
Макроэволюция түрден жоғары топтарда өтетін эволюция, ал микроэволюция түр ішінде немесе түр популяцияларының ішінде өтеді. Түрден жоғары топтарда өте үлкен кеңістікті қамти отырып, орасан зор уақыт аралығында өтетін туыстар, тұқымдастар, отрядтар, кластар, типтердің түзілуімен аяқталатын эволюциялық әрекетті – макроэволюция деп атайды. Ол орасан зор тарихи уақыт аралығында өтетін болғандықтан, оны тікелей зерттеу мүмкін емес.
Макроэволюция мен микроэволюция арасында айтарлықтай айырмашылықтар болмайды, үйткені макроэволюцияда да тіршілік үшін күрес, тұқым қуалайтын өзгергіштік және табиғи сұрыпталу, әсер етеді.
Макроэволюция нәтижесінде түзілген жүйелік топтардың өзара ұқсастығы олардың шығу тегінің бір екендігімен, ал айырмашылықтары әр түрлі орта жағдайларына түрліше бағытта бейімделуімен түсіндіріледі.
Макроэволюциялық әрекеттер нәтижесінде түрден жоғары жүйелеу топтарының пайда болатыны белгілі. Қазіргі кезде систематикада немесе жүйелеуде ағзаларды келесідей топтарға бөледі: дүние, дүние асты, тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түр (жануарлар үшін). Өте үлкен жүйелеу топтарында мынадай аралық категориялар: тип тармағы,класс тармағы, тұқымдас үсті, тұқымдас асты т.б. қосылады.
Өсімдіктер топтарын жүйелеу үшін – бөлім, класс, қатар, тұқымдас, туыс, түр деп аталатын систематикалық категориялар қолданылады.
Түрлердің шектен тыс көп болуынан және ғалымдардың өсімдіктер мен жануарлар әлеміне ағзалар топтары арасындағы туыстық байланыстарды көрсететін жүйе жасауға тырысуынан жүйелеу категорияларының саны көбейе түсті.
Органикалық дүниенің эволюциясы көптеген биологиялық ғылымдардың салыстырмалы анатомияның, эмбриологияның, палеонтология мен биогеографияның жетістіктерінің нәтижесінде дәлелденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет