Дәрістің мақсаты: Тіршіліктің жер бетінде пайда болуының кезеңдерімен, тіршілік формаларының химиялық эволюциясымен, коацерваттық гипотезамен, протобионттардың пайда болуымен, өсімдіктер мен жануарлар эволюциясының негізгі кезеңдерімен таныстыру. Сұрақтар: Тіршілік ұғымына түсініктеме
А.И.Опариннің ілімі
Тіршілікке анықтама беру өте қиын, сондықтан да тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттерді атап көрсету дұрыс жол болып табылады.
1. Ағза көбею барысында өзіне ұқсас ұрпақ қалдырады яғни өзін-өзі ұдайы өндіруге қабілетті. Ағзаның бұл қасиеті тұқым қуалаушылықпен тығыз байланысты.
2. Тұқым қуалаушылық – ағзалардың өз белгілері мен қасиеттерін, көбею ерекшеліктерін ұрпақтан-ұрпаққа беруі.
3. Өзгергіштік – ағзаның жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы.
4. Ағзаның өсу мен дамуға қабілеттілігі. Бұл әрекеттердің нәтижесінде ағза құрамы мен құрылымы күрделі де сапалы өзгерістерге ұшырайды.
5. Тітіркенгіштік – ағза айналасындағы орта әсеріне түрліше жауап бере алады (таксис, тропизм және рефлекс).
6. Өзін-өзі реттеуге қабілеттілігі. Кез келген ағза сыртқы ортадағы алуан түрлі өзгерістерге қарамастан денесінің химиялық құрамы мен физикалық әрекеттер жиынтығын тұрақты сақтай алады.
7. Дискреттілік – тірі дене көптеген құрамдас бөлшектердің жиынтығы.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы мәселе – биологиядағы ең бір күрделі мәселе. Тіршіліктің пайда болуы туралы ерте заманның бастап кәзіргі кезге дейінгі шексіз көп жорамалдар, пікірлер айтылып келеді. Бұл жорамалдар бір-біріне қарама-қарсы келетін бірқатар теориялардың шығуына себеп болды.
Креационизм теориясы бойынша жер бетіндегі тіршілікті аса құдыретті ерекше күш жаратты деп есептеді. Идеалистік ұғымның өкілдері бұл теорияны қолдап, биологияға идеалистік ұғымның енуіне жол ашты.
А.И.Опариннің зерттеу жұмыстары коацерват тамшыларының айналасындағы ерітіндіден әртүрлі заттарды өзіне сіңіріп алуға бейім екенін дәлелдеп берді.
Тірі ағзалар – ашық жүйе, өйткені сырттан келген энергияны пайдаланады. Энергияны пайдалану тәсіліне қарай осы күнге ағзалар екі топқа бөлінеді: күн энергиясын пайдалана алатын (жасыл өсіімдіктер) автотрофтылар және органикалық заттар ыдырағанда босап шығатын энергияны пайдаланатын (жануарлар және жасыл емес өсімдіктер) гетеротрофтылар.
Тіршіліктің пайда болу жолындағы аса бір ірі келесі қадам – ағзалардың бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзуге көшуі.