ЕУРАЗИЯ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
ЕВРАЗИЙСКИЙ ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
Бекітілді
«ЖББППД» БББ отырысында
Хаттама №__
« » 2020ж.
«ЖББППД» БББ Директоры __________ М.Ж.Ералиева
|
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы»
пәні бойынша 1-курс барлық БББ мамандықтарына арналған
Мемлекеттік емтихан сұрақтары
Құрастырушы: Рысбекова Г.Е.
«Білу» блогы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты – отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.
2.Отандық тарихты зерттеудің тұжырымдамалық негіздері. Қазақ мемлекеттілігінің бастауы мен сабақтастығы: ежелгі, орта ғасырлар және қазіргі заман.
3. Қазақстандағы отарлау саясатына қарсы XVIII - XIX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтерілістердің (қозғалыстардың) тарихи маңызы, ерекшеліктері және тарихи сабақтастығы.
XVIII— XIX ғасырларда қазақ халқы сырттан төнген экспансияға қарсы үздіксіз күрес жүргізді. Қазақ қоғамы XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар хандығымен, оның артын ала Цинь империясымен, Орталық Азия хандықтарымен өз еркіндігі үшін тынымсыз күрес жүргізіп, ең соңында Ресей империясымен бетпе-бет келді. Мешеу көшпелі мал шаруашылығына сүйенген және өз ішіндегі феодалдық алауыздықты жеңе алмаған Жоңғар хандығы жеңіліске ұшырап, жері Цинь патшалығына қарады. Шамамен осындай дөрежедегі қазақ елін Ресей империясы өзіне қосып алды. Сөйтіп, екі-үш ғасыр бойы Орталық Азиядағы елеулі күш ретінде танылған қазақ және жоңғар мемлекеттері көрші қуатты империялардың тегеурінді ілгері жылжуын тоқтата аларлықтай қарсылық көрсете алмады.
Ұлт-азаттық қозғалыс — отар елдерге тән тарихи құбылыс. Ұлт-азаттық қозғалыстың басты мақсаты — ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс — отар халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі.
Оның басты мақсаты — ұлтты өзге мемлекеттің экономикалық, саяси және басқа езгісінен азат ету, елдің табиғи ұлттық мүддесін қорғауға қабілетті мемлекеттілігін қалпына келтіру. Отаршыл жүйені жою және отарсыздандыру шараларын іске асыру арқылы шынайы дербестікке қол жеткізу. Яғни, ұлт-азаттық қозғалыс дегеніміз — отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат-жұрттық езгіге қарсы жалпыұлттық күресі.
4. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» әлемдік тарих контекстінде
5.ХХ ғасырдағы қазақтардың Ұлт-азаттық қозғалыстының басталуы. Саяси басылымдар - «Алаш», «Қазақ».
1907 жылы қазақтар сайлау құқығынан айырылды. Қазақстанда шерулер, митингілер және жиналыстар өткізуге тыйым салынды. Өлкедегі социал-демократиялық және кәсіподақ ұйымдары талқандалды. Саяси сенімсіз жандарға полициялық аңду қойылды. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен бой көрсетулердің белсенділері қара «сенімсіз» тізімге енгізілді, алдын ала ескерту жасалмай жұмыстан қуылып жатты. Кәсіпорындардағы жұмыс нормалары, жұмыс күнінің ұзақтағы ұлғайтылды. Азық-түлік бағасы қымбаттады, айыппұл салу кең өріс алды. Қазақтар мен орыс шаруаларының бірлесе қимыл көрсетуінің жолын кесуге әскер күші қолданылды.
1907 жылы Оқу-ағарту министрі бекіткен ережеде қазақ тілінін мәртебесі төмендетілді. Қазақ балалары өздерінің ана тілін бастауыш мектептерде екі-ақ жыл, оның өзінде де қосымша пән ретінде оқытылатын болды. Өзге пәндердің бәрі де орыс тілінде жүрді. 1909 жылы Дала облыстарының әскери губернаторлары орыс тілін білмейтін адамдардың болыс, ауыл старшыны болып сайлануына тыйым салынатыны туралы жарлық шығарды.
Өкімет билігінің тікелей қолдауымен елде «Орыс халқы одағы», «Михаил Архангель одағы» және басқа қаражүздік ұйымдар құрылды. Олар елде ойран салды, ұлт араздығын тұтандырды, жергілікті өкімет орындарының бұратаналарды қудалауы күшейді. “Алаш” — демократиялық-ағартушылық бағыттағы алғашқы қазақ басылымдарының бірі. 1916 ж. 25 қарашада Семей қаласында ерлі-зайыпты Көлбай, Мариям Төгісовтердің басшылығымен бірінші саны жарық көрген.
Революция қарсаңындағы Ресейдің ішкі-сыртқы жағдайынан хабардар етуді мақсат еткен, Алаш азаматтарын бірлікке шақырған. Оған қазақ зиялылары Н.Құлжанова, Ғ.Жанайдарова, Х.Ғаббасов, Ж.Ақбаев, Н.Құлжанов, М.Әуезов, С.Торайғыров т.б. белсене ат салысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |