Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет16/31
Дата26.09.2024
өлшемі1,98 Mb.
#205160
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

Бәрі аз бағасына, барша санның, 
Тәж-тағы, дүние, мүлкі патша, ханның – 
Меңтайды мәңгі құшып сүйетұғын 
Бар екен не арманы Тұмажанның?! 
Ҿлеңнің аяғындағы бҧрынғы «жігіт жанның» деген сҿзді «Тҧмажанның» 
деп қалай ҿзгерткенімді ҿзім де аңғармай қалдым. Жоқ, енді Меңтайға ҿлең 
шығармаймын, – дедім ішімнен ҿзіме-ҿзім ант еткендей. Меңтайға ешбір 
ҿлеңнің керегі жоқ. Меңтайға керексіз дҥние - маған да керексіз. Жоқ, енді 
мен Меңтайды кҿруге де қҧмартпаймын. Енді мен оны ешқашан да 
ойламаймын. 
Бірақ, ғашықтың ойы басқа да, ісі басқа болады екен. Ғашық кҿрмеймін, 
бармаймын десе, ҿзінің қалай барып, қалай кездескенін де білмей қалады 
екен ол. 
Сол, мен ҥшін қайғылы тҥннен кейін Меңтайды ертеңінде кешке, 
театрда кездестірдім тағы да. Бір-екі минуттай ғана қасында тҧрдым. Содан 
кейін мен оны, расында да, бірнеше кҥннен соң бір-ақ кҿрдім. Бҽлкім бір 
аптадан кейін де болар шамасы. 
Тҥнде Жомартбек, Пернеш, Тҿлеубек ҥшеуі шырт ҧйқыда жатқан сағат 
бірдің мҿлшерінде, жатар алдында аз ғана ауа жҧтпақ боп, аулаға шықтым. 
Ауладағы Меңтай екеуміз ажырасқан орындыққа еріксіз кҿз салдым.
Осындай оңашада анада Меңтай отырған жерге барып отырғым келді. 
Неге екенін білмеймін, ол отырған орындықтың тақтайын алақаныммен бір 
сипасам деп ойладым. Бҽлкім, онда Меңтайдың жҧп-жҧмсақ қолдарын қайта-
қайта сипағаным еміс-еміс есіме келген болар. Сол сҽтте орындықтың қатты 
тақтайы қыз қолы емес екенін ескермеген де шығармын.
Қарасам оңаша орындықта, айнала қҧлаққа ҧрған танадай жым-жырт 
тыныштықта, бҧйығып біреу отыр. Жақындап келсем, Меңтай екен. Жағын 
таянып, шынтағын тізесіне тіреп, тҿмен қарап қалыпты. Менің тықырымды 
да сезбегендей, селт ететін емес. 


Sauap.org
188 
Жҥрегім кеудемді ҧрғылап, тағы да дҥрсілдеп қоя бер-ді. «Жҥрсеңші, 
жҥгірсеңші. 
Тҧмажанды таста, мені сҥй деп, жалынсаңшы Меңтайға. Аяғына 
жығылсаңшы жылдам!» деп тағы да зарлап, жылап жіберген іспеттенді.
«Енді Меңтайдың жанына жақындамаспын, оған ешқашан бір ауыз тіл 
қатпаспын» деген антымды мен біржола ҧмыттым. Жел қуған қаңбақтай 
домалап, жанына жетіп барғанымды ҿзім де аңғармай қалдым. 
– Сҽлеметпісің, Меңтай. Жеті тҥнде неге жалғыз отырсың? Бір жерің 
ауырып отырған жоқ па, жабырқаусың ғой ҿзің, – дедім оған бірнеше сҿзді 
бір-ақ лақ еткізіп. 
Бірнеше кҥн кездеспегендіктен бе, ол маған шынында да ауырып, жҥдеп 
қалғандай боп кҿрінді. 
– Жоқ, қазір саумын ғой, – деді Меңтай жауап сҽлемін айтқан соң. - 
Жай, басым ауырған соң далаға шығып едім. 
– Бірсыпырадан бері қайда болдың? 
– Ауырып, ҥйде жаттым. 
– Не дейсің, қыздар маған айтпады ғой. 
– Мен қыздарға айтпаңыздар, ағай босқа мазасызданбасын дегенмін.
Отырыңыз.
«Мазасызданады деп менің қамымды ойласа, онда ҽлі менен безбегені 
ғой.
Кет ҽрі емес болғаны ғой» деп ойладым мен қуана бастап. «Мҥмкін, 
Меңтай менің ҽнеукҥнгі ҿтінішімді қабылдаған шығар. Сонда «мен де сізді 
жақсы кҿремін» деп еді ғой. Бҽлкім, сол жақсы кҿргені жеңген шығар. Он кҥн 
ойлап, менің тілегімді қабылдауға бел байлап, бҥгін мені ҽдейі кҥтіп отырған 
болар». 
– Меңтай, – дедім мен оның қасына отырғаннан кейін ҽнеукҥнгідей 
оның қолдарын қос қолымның арасына алып. - Мен... мен... мен... 
– Иҽ, сіз, – деді Меңтай қоңыр ҥнмен. 
– Ҿткен жолы сен: «Тҧмажанды таста деңізші. Уҽдеңді бҧз деңізші. Сіз 
солай десеңіз, мен бҧзып-ақ кетейін» деп едің ғой. Мен солай дегелі келдім 
саған.
Сҿйтші, Меңтай. Мен сені жанымдай жақсы кҿремін!... 
– Жоқ, ағай, кеш қалдыңыз, – деді Меңтай қапалы ҥнмен. 
– Неге кеш, неге? – деп мен оны ҿткен жолғыдай етіп, тағы да қҧшақтай 
бастадым. 
– Жоқ, жоқ, енді болмайды, ағай, – деп Меңтай қҧшақтатқысы келмей 
бойын аулақтата берді. 
– Неге болмайды, – дедім мен оны бас салып қҧшақтағаныма ҽрі 
қысылып, ҽрі оның ҿткен жолы емес, дҽл бҧл жолы бҧлқынғанына таңданып. 
– Ҿйткені болары болды, бояуы тҿгіліп қалды, - деді ол менен сҽл 
алысырақ сырғып барып, тҿмен қарап отырып, соншама бір солғын, бҽсең 
ҥнмен. –Бҽріне ҿзіңіз кінҽлісіз... 


Sauap.org
189 
Осылай деп солқылдап жылап жіберді. Орамалын алып, бір қолымен 
бетін басып, ҿксіп отырып қалды.
Мен не істерімді, не дерімді білмедім. Бар болғаны қыздың жанына 
жақындап, оның бос екінші қолын екі алақаныммен қайта-қайта сипай 
бердім. Оған қанағат қылмай, шашын сипадым. Біраздан соң ол ҿксігін 
басып, қайтадан сҿйледі. 
– Ҽнеукҥні сіз театрға Тҧмажанды ертіп ҽкелдіңіз. Сізбен екеуіміз осы 
арада отырып сҿйлесетін тҥннің ертеңінде. Мен сол кҥні одан қашып, оны 
кҿрмейін, кҿрінбейін деп театрға кетіп едім. Оның бҧл мейрамда қалайда 
келетінін білгенмін... Сіз театрда бізді табыстырып, кетіп қалдыңыз... Содан 
ол ҥш кҥн жатты... Мені босатпады, – деді қыз тағы да солқылдай жылап. – 
Содан соң бітті, бҽрі бітті... 
Ол кҥні мен тҿсекте езіліп кҥні бойы жатып, кешке таман жатақханадан 
сыртқа шыққанмын. Шықсам аулада, кешегі Меңтай екеуіміз қоштасқан 
орындықтың ҥстінде бірсыпыра таныс студенттер қарта ойнап отыр екен.
Солардың қасына бардым. Кҥн жексенбі жҽне мейрамға бір-екі-ақ кҥн 
қалғандықтан ба, ҽйтеуір студенттер кҿңілді екен. 
Мені кҿре сала олар орталарына шақырды. 
– Кел, кел, Ербол, – деді Тҿлеубек, – карта ойнаймыз. Кҥні бойы 
ҧйықтап, басын кҥп боп ісіп кеткен шығар сенің. 
Мен басымды шайқадым. 
– Неге, ойнамайсың ба? 
– Ойнай білмеймін. 
– Ең аяғы бес картаны да білмеймісің? 
– Иҽ. 
Тҿлеубек қарқылдап кеп кҥлді.
– Карта білмейсің, темекі тартпайсың, арақ ішпейсің. Сонда сен не 
білесің осы? 
– Тҿке, Тҿке, ол сабақ оқуды ғана біледі, - деді Жомартбек. - Жҥріңіз, 
кҽне, кезек сіздікі. 
Жігіттер мені жайыма тастап, қҧлаштай соғып, картаны ҿздері ойнай 
берді. 
Осы кезде жатақхана қақпасынан елбелектеп, бірі сақа, бірі жастау екі 
жігіт кіріп келе жатты. Сақасы едіреңдеп алға шығып, біздің қасымызға 
тоқтай қалды да: 
– Жігіттер, амансыңдар ма? - деді. 
Карта ойнап отырғандар оған оншама мҽн бере қойған жоқ. «Аманбыз» 
дей салды да, отыра берді. Едіреңдеген жігіт маған кҿз тоқтатты да, ҥстімдегі 
гимнастеркамды кҿріп: 
– Ҽй, сен ҿзің солдат болып па едің, ҽлде солдат кҿйлегін киіп отырсың 
ба? -деді нақ бір мені тексеруге келгендей бірден тергей жҿнеліп. 
Мен оның бетіне қарадым. Дауысы шіңкілдек, мінезі ожарлау, 
қаймыжықтай жҧқа ерінді, бітік кҿздеу келген талдырмаш сары жігіт екен. 
Жаңа ҿсіп келе жатқан, тікендей тікірейген сҥйкімсіз шашы бар. Ҥстіндегісі 


Sauap.org
190 
су жаңа ҽскери киім: шҧға галифе, гимнастерка, офицер белбеуі, жып-
жылтыр қара хром етік. Тек фуражкасы ғана жоқ. 
Екіншісінің ҥстінде де кҿнетоз солдат киімі бар. 
– Иҽ, солдатпын, - дедім басымды кҿтеріп. 
– Солдат болсаң, бері кел, - деді ол маған командирімдей-ақ ҿкім сҿйлеп. 
«Мҧның менде не шаруасы бар, ей?» деп ойладым да, орнымнан 
тҧрдым. Ол мені ҥйдің бҧрышына таман алып келді де, тағы да тергей 
бастады.
– Сен студентпісің? 
– Иҽ. 
– Қай факультетте оқисың? 
Мен оны да айттым. 
– Қай курстасың? 
– Ҥшіншіде. 
Мен тарих-филология факультетін айтқанда-ақ ол ежіреңдеп қалып еді. 
Ал ҥшінші курста оқитыным оның шамына тигендей боп, шытынап кетті. 
– Онда сен Ербосынованы білесің бе? 
– Меңтайды ма, білемін, - дедім ҽлденеге жҥрегім су ете қалып. 
– Қалай білесің? 
– Бірге оқимыз. 
– Басқа ештеңең жоқ па? 
Мен сҽл ҥндемей тҧрдым да: 
– Жоқ, – дедім. 
Ол менің бҧл жауапты кідіріп барып бергеніме кҥдіктенгендей болды.
Сенерін де, сенбесін де білмегендей, бетіме шегір кҿзін сығырайтып, 
тағы да тесіле қарады. 
– Ендеше сен оны осы қазір бізге шақырып кеп бер, – деп бҧйырды ол. 
Енді мен оның бетіне тесіле қарадым. Бақсам, жігітім ептеп жҧтып алған 
екен. Маған ҿктем сҿйлеп жҥргені де содан болуы керек. «Шабуылға 
шығарда сілейе арақ ішіп алып, ес-тҥсін білмей оққа қарай жҥгіретін фрицке 
ҧқсауын!» дедім оны ішімнен кекетіп. 
– Кім шақырды деймін! 
«Онда не шаруаң бар?» дегендей сары шегір маған тіктене қарады. Кҿзі 
от шашқандай боп, қанталап кеткен екен. Морт, есерлеу адамның ҽлпетін 
танытты. Ол кҿзін тікендей қадап, қанша ежірейсе де, мен орнымнан 
қозғалмай тҧра бердім. 
Сары шегір оның ҿз жҿнін білмей шақырып бермесімді ҧқты да, мойнын 
кҥжірейтіп, теріс айналды. 
– Ағаң шақырады. Тҧмажан келіп тҧр де, – деді шіңкілдеп. 
Мен селк ете тҥскендей болдым да, оның бетіне қайтадан жалт қарадым.
Қалыс естіген жоқпын ба деп, қайыра сҧрадым: 
– Кім дейсіз? 
– Тҧмажан Ошақбаев, – деді ол маған жеки сҿйлеп. – Саңыраумысың 
ҿзің? 


Sauap.org
191 
– Но, соғыста артиллерист болғанмын, – дедім мен де оған тіктеп, 
сыздана қарап. – Содан қалған қҧлағымның мҥкісі бар. 
Мен бҧл сҿзді шегір сарының ҽкіреңдегеніне ыза болып айттым. Қанша 
ыза болғанмен, шыным да сол еді. Бар қиратқаным: дауысымды кҿтеріп 
айтқаным болар. Бірақ бҧған ҿзімнің де айызым қанбағанын сездім. Содан 
соң лақ еткізіп, аузыма келген бірінші сҿзді жҽне айтып қалдым. 
– Кҿп болса Қыз Жібегін іздеп келген Тҿлеген шығарсың. Бірақ мен 
саған Бекежан емеспін, ҽкіреңдеме ҿйтіп! 
Осылай дедім де жалт бҧрылып, кетуге ыңғайландым. Алғашында 
қайтадан карта ойнаушылардың қасына барайын деп ойлаған едім. Сонсоң 
осы дҽлдірге ашуланып қайтемін, барып айта салайын дедім де, жатақханаға 
қарай кеттім. 
Меңтай бҿлмесінде жоқ екен. Майра екеуі театрға кетіпті. 
– Қай театрға? – деп сҧрадым қыздардан оның ҥйде болмағанына бір 
жағынан қуанғандай, бір жағынан ҿкінгендей болып. 
– Драмаға. 
Екі жігіт мені тосып тҧр екен. Сары шегір темекі тартып, кҿк тҥтінді 
кҿмейлете жҧтып шиыршық атады. Қасындағысы мені кҿргенде елең етіп, 
ҥсті-басын тҥзеп, ҽлек боп қалды. 
Сары да екі саусағын белбеуіне тығып жіберіп, қораздана бастады. 
– Меңтай ҥйде жоқ, – дедім мен олардың қасына онша жақындамай 
тоқтап. 
– Қайда кетіпті? - деп сары шегір тағы ҽкірең ете қалды. 
– Театрға. 
– Қасындағы жолдас қызы да жоқ па екен? – деді екінші жігіт сҽл 
қысыла ҥн қатып. 
– Майра қайда екен? – деді Тҧмажан онымен жарыса. 
– Екеуі де кетіпті. 
– Қай киноға дейсің? - деп сары шегір қайта сҧрады. 
– Киноға емес, театрға. Ҿзің саңырау емеспісің? – деп мен де оны шағып
алдым. 
Тҧмажан менің кекеткеніме мҽн бермеді. Қайта сҧрақ қойды. 
– Ол қай жерде, алыс емес пе?
– Жоқ, алыс емес. Осыдан ҥш-тҿрт-ақ квартал жерде, Дзержинский мен 
Виноградов кҿшелерінің қиылысында, – дедім Никольск шіркеуі жақты 
нҧсқап. 
Мен олардың қасынан ҿтіп, жаңағы карташыларға қарай беттедім. 
Зығырданым қайнап, ҿзімнен-ҿзім ыза боп келе жаттым. Неге 
ашуланғанымды жҽне білмеймін. Осы кезде сырт жағымнан: «Ағай, 
тоқтаңызшы» деген дауыс естілді. Мойнымды бҧрсам сары шегірдің 
жолдасы екен. 
– Ағай, ана кісінің сҿзіне ашуланып қалдыңыз ба? Ол кісінің мінезі 
солай.


Sauap.org
192 
Майданда батырдың жолдасы болған кісі, ҿзі де ер мінезді адам. Меңтай 
оның қарындасы емес, уҽделескен қызы, жаңа оны ҿзіңіз дҽл тауып 
айттыңыз. Алда мейрам келе жатқан соң сол кісіге жолығып қайтайық деп 
ауылдан, сонау Нар станциясынан келіп едік. Оның ҥстіне ана кісі 
«Меңтайдың жақсы қҧрбысы бар, соны саған таныстырамын» деп сҥйрелеп 
болмады мені. Менің де ҽскерден келгеніме екі ай ғана болып еді. Ҿзіңіз де 
солдат екенсіз.Сізден ҿтінішім, мына екі солдат бауырыңызды театрға ертіп 
апарсаңыз екен. Біз оның қай жерде екенін білмейміз. Ағай, мен сізден 
жалынып ҿтінемін... 
Осылай деп, Тҧмажанның жолдасы лақ еткізіп бар сырын бір-ақ айтты. 
Жҽне іші-бауырыма кіре ҿтініш етті. Мен бҧл жас жігіттің тілегін қайтара 
алмадым.
Осы жігіт ҥшін екеуін театрға алып бармақ болдым. 
Ҥшеуміз Никольск базарын басып ҿтіп, шіркеудің жанымен, базар 
маңындағы ескі ҥйлерді артқа тастап, алдымен Дҧнған кҿшесіне, одан соң
Аманкелді кҿшесіне шықтық. 
Жас жігіт екеуміз анда-санда тіл қатысып қоямыз. Одан жҿн сҧрадым. 
Ол Нар ауданындағы бір колхоз председателінің баласы екен. Аты Ерғазы. 
Бҧл ҽскерде жҥргенде ҽкесі ауылдағы біреудің қызын ҽпермек боп, уҽделесіп 
қойыпты. Бірақ жігіт оны ҧнатпапты. Қасындағы ағайы бір кҥні ауылдарына 
уҽкіл болып келіп, ҥйлерінде қонақ болып отырып: «Мен саған Алматыдан 
қыздың кҿкесін тауып беремін» депті. Сонымен ол мҧнда «қыздың кҿкесін» 
іздеп келіпті. Ерғазы қалқан сырын осылай, шелектен су қҧйғандай етіп, тағы 
бір ақтарып салды да, кейінірек келе жатқан Тҧмажанға естіртпей: 
– Бҧл кісі аудандық мекеменің меңгерушісі, - деп қойды. 
Ҿзбек кҿшесін кесіп ҿтіп, драма театры тҧрған Дзержинский кҿшесіне 
келіп тірелдік. 
– Театр осы, – дедім мен кҿше жақ қабырғасында кішігірім қазандай 
аспалы сағаты бар, бҥйіріне сыған ҽйелдерінің киіміндей ҽртҥрлі алабажалақ 
афиша қағаздары жапсырылған, жатаған, ҿзен пароходына ҧқсас, ҥлкен ҥйді 
нҧсқап. 
– Бҧдан біз қалай табамыз? - деді Ерғазы апалақтап. 
– Билет алып, ішіне кіріңіздер. 
– Қазыр ойын басталып кетті ме екен? 
– Басталған болар. Бірінші акт бітіп, жҧрт ҥзіліске шыққанда тауып 
аласыздар ғой. 
Арттан ырғала басып Тҧмажан келді. Ол келе сала театр 
қабырғасындағы афишаға ҥңілді. 
Онда кҿрсетілген спектакльдерді бір-бірлеп оқи бастады. 
– Е, бҥгін «Қобыланды» екен ғой, – деді ол. 
– Иҽ, «Қобыланды» екен, – деді Ерғазы.
«Ҽр Дон-Кихоттың ҿз Санчо Пансасы болады» дедім мен ішімнен. 
Сонсоң бҧрылып, ҿз жҿніммен кетуге оңтайландым. 
– Тоқта, сен қайда барасың? – деді «батырдың жолдасы» дегбірсізденіп. 


Sauap.org
193 
– Театр осы. Керек кісілеріңізді осыдан іздеп тауып алыңыздар. 
– Ҽй, сен тауып берсеңші, біз қалай табамыз? 
Бағанағыдай емес, «батырдың жолдасы» жҧмсарып қалыпты. 
Бҧл жолғы ҥні тіпті жалыныштылау болып шықты. «Батырға да жан 
керек» деген емес пе, театрға келген қалың жҧрттың ішінен ҿзіміз таба 
алмаспыз деп қорыққан болуы керек. 
– Ағай, сҿйтсеңізші, – деп Ерғазы қоса жалынды. Мен олардың бҧл 
ҿтінішін тағы да жерге тастай алмадым. Ішке кірсем фойеде кассирден басқа 
ешкім жоқ екен. Ойынның басталғанына жарты сағаттай болыпты. Бірақ 
билет бар екен. Мен қойны-қонышымды тінтіп, ҽрең дегенде балконға 
кіретін билеттің ақшасын жинап алдым. Бҧл ертең тамақ ішуге тиісті ақшам 
еді.
Намыстанамын деп жаңағыларға ақшамның жоғын да айтпадым. 
Ішке кіріп, қараңғы дҽлізбен ҿзіміз ҽзілдеп «Студенттер ложасы» деп 
атайтын балконға кҿтерілдім. Қап-қараңғы есіктен ішке бас сҧқтым. Сахнада 
сҽнді сарай кҿрінеді. Бҧл – Қобыландыға жау ел – Қызылбас жҧртының ханы 
Кҿбіктінің сарайы. Сарай алдында «Кек, кекелеп» ҿзінен-ҿзі қойқаңдап батыр 
Қазан жҥр. Осы арада сыртта қалған Тҧмажан ойыма тҥсті де: «екі заманның 
екі есер батырының бір-біріне ҧқсауы-ай» дедім ішімнен. 
Бір жақтан сыздана алшаңдап Алшағыр батыр жҽне шықты. Екеуі хан 
қызы Қарлығаға таласып, біріне-бірі сапы ала жҥгірісіп, текедей тіресті де 
қалды. 
Балконның ең артында тҥрегеп тҧрып кҿрген бҧл кҿрініске мен мырс 
етіп тағы да кҥлдім.
Жаңағы Тҧмажан екеуміздің жатақхана жанында шарпысқанымыз 
ойыма тҥсіп кетті. 
Бҧлар да қызға таласып жатыр екен ғой дедім ішімнен. 
Сахнадағы бҧдан кейінгі кҿріністерге жете назар аудармадым. Бар 
болғаны Кҿкланның шашы жалбырап, «Зу-зу арзу» деп сахнада ҧшып 
жҥргені.
Қарлығаның ҿзіне қҧмар қос батыр Қазан мен Алшағырға қыр кҿрсетіп, 
жалаң қылышты жарқылдата би билегені есімде қалды. 
Бір кезде жарқ етіп шам жанды. Жҧрт орындарынан тҧра бастады. Ҥзіліс 
болғанын мен сонда ғана білдім. Жалма-жан балкондағы жҧртқа бір, тҿменге 
бір қарап, ҿзі арық мойнымды қылқаңдатып соза бастадым. Жоғарыға 
шапшаң кҿз жҥгіртіп, тҿмендегі жҧрт арасынан іздеуге асыққандықтан ба, 
балконда біздің қыздар жоқ сияқты кҿрініп, тез тҿмен қарай жҥгірдім. Жан-
жағыма алақтап кҿз салып, ҽркімге бір тесіле қарап, елпеңдей басып келе 
жатыр едім. Сол кезде фойедегі жҧртты қақ жарып, таныс, бейтаныс 
адамдарымен қайта-қайта бас изей сҽлемдесіп, кҿрермен қауымға мейірлене, 
бейілдене жымиып, сол жымиюымен жан-жағына шуақты жылу шашып, 
маңғаз аяңдап профессор Ҽуеновтің қарама-қарсы кеп қалғанын бірақ 
аңғардым. Жалма-жан шетке бҧрылып: 
– Мҧхит аға, сҽлеметсіз бе, - деп оң қолыммен кеудемді басып, бас идім. 


Sauap.org
194 
– Бҽле, бҧл Ербол, сенбісің? «Қобыландыны» кҿруге келдің бе? – деп 
Ҽуенов бҧрылып келіп мені білегімнен алды. Осы арада мен мыңдаған таныс, 
жҥздеген студенттері бар Ҽуеновтің адам аттарына соншама зеректігіне таң 
қалдым. Профессорға сҽлем бере тҧрып, бҧл кісі менің жҥзімді танығанымен 
атымды біле қояр дейсің бе? Кҥн сайын алдынан топ-тобымен ҿтіп жататын 
шҽкірттерінің қайсысының аты-жҿнін біле береді, менің есімім де есінен 
шыққан шығар деп ойлаған едім. Жоқ, олай емес екен. Профессор мені 
ҿзімен ілесе жҥруге икемдеп, сҿзін жалғады. 
– «Қобыландыны» кҿруге келгенің абзал болған, кҿру керек. Жалпы 
театрға кҿп барғанын, спектакльдерді кҿп кҿргенің дҧрыс. Мен Ленинградта 
оқығанда ҽрбір жаңа спектакльді босатпай кҿретінмін. Кітаптан оқығанда кҿп 
нҽрсе кҿзден таса қалып қояды. Ал сол оқиғаны сахнадан кҿрсең, ол 
ешқашан ҧмытылмастан есіңде жҥреді. Сахна тҽрбиесі деген – ерекше 
тҽрбие. Ол ҧғымды, жҧғымды, ҧтымды болады, Ербол. Жалпы ҿнердің бҽрі 
ҧстаз ғой. Ал ҧстаздардың ішінде тыңдаушының қҧлағына қҧйып беретін 
сҧңғыла шешені, ҧқсас ерік алдына қоймайтын ҿзгеше салауаттысы болмай 
ма? Ендеше театр ҿнерін де сондай ҧстазға пара-пар деп білуің керек. Театр –
бос ермек, орынсыз кҥлкінің орны емес.Ол ақыл мен сезімге нҽр беретін 
орын... 
Ҽуенов ҿзінің теңіз ырғақты ҥнімен тебірене сҿйлеп кеткен еді. Мен, 
даладағы екі жігітті де, театрдан ҿзім іздеуге келген екі қызды да ҧмытып, 
профессордың шабытты сҿзін ҧйып тыңдап қалған болатынмын. Осы кезде 
біреу кҿлденеңдеп келіп, қос қолын бірдей ҧсынып, Ҽуеновтің сҿзін бҿліп 
жіберді. Онымен амандасқаннан кейін профессор қайтадан маған қарады. 
– Орның бар ма ҿзіңнің? Қай жерде? – деп сҧрады. 
– Бар, Мҧхит аға, - деп мен саусағымды шошайтып, тҿбені нҧсқадым. 
Оным: «орным балконда» дегенім еді. 
– Менің қасымда, бірінші қатарда бір бос орындар тҧр. Мен саған ақша 
берейін, Ербол. 
Егер сол орындардың бірі шын бос болса – билет ал. Орын болмаса – 
ақша қалтаңда қалсын, басқа бір керегіңе жаратарсың, ҿз орныңда отырып 
кҿре бер, - деп Ҽуенов жҧрт кҿзінен тасалай қалтасынан жҥз сом суырып, 
менің, алақаныма салып, жҧдырығымды ҿзі жҧмды. Сонсоң иығымнан қағып, 
- бар, тез билет алып кел, Ербол, – деді. 
Мен: «Рахмет, Мҧхит аға» деп міңгірлеп, ҿз-ҿзімнен қызарып, сыртқы 
есікке қарай аяңдадым. Есікке тақағанда бҥйірден бір таныс дауыс қҧлағыма 
шалынды. 
– Иҽ, ағай, кімді іздеп жҥрсіз? 
Жалт қарасам, Майра екен. Қасында Меңтай тҧр. 
– Сендерді, – дедім қуанып кетіп. – Қайда отырсыңдар ҿздерің, 
бағанадан бері шарқ ҧрып, таба алмай жҥрмін. 
Сҿйтсем олар балконда, нақ менің алдымда, иегімнің астында 
отырыпты.
Мен жарты сағаттай, қараңғыда, солардың желкесінде тҧрыппын. 


Sauap.org
195 
– Иҽ, ал, неге бізді іздедіңіз? - деп сҧрады Майра. Меңтай да бетіме 
қарады.
Бҧл сҧрақты ол маған ҥнсіз қойды. Менің жҥзімнен ҿзіне аса қажет бір 
нҽрсені іздегендей боп, қымсына, қиыла, ҥміттене, ҥзіле қарағандай болды, 
тобарсыңқырап тҧрған жҧқа ернінің жиегін кҥлкі қозғап ҿткен іспеттенді.
Содан соң лезде ернін жымырып, орынсыз келген кҥлкіні қымтап, тас 
қылып бекітіп тастаған сияқтанды. 
– Жай, бір кісілер іздеп келген екен екеуіңді... Солар тауып бер деген 
соң... 
– Иҽ, ол кім? - деді Майра сҿзімді аяқтатпай маған қарай сол ентелей 
тҥсіп.
Меңтай ҥндемеді. Қайта менің: «бір кісілер екеуіңді іздеп келіпті» деген 
сҿзім оның иығынан батпан болып басқандай, жаңағы кҥлкі қозғаған ернін 
жазалағандай боп, аяусыз тістелеп, тҿмен қарады.
– Иҽ, қандай кісілер –ҽйел ме, еркек пе, айтсаңызшы тез.
– Екі жігіт, бірі Меңтайдың ағасымын, атым Тҧмажан дейді, – дедім мен 
бҽсең, солғын ҥнмен. Меңтай селк еткендей боп, ернін одан сайын тістелеп 
теріс айналып кетті. 
– Неге ҽкелдіңіз оларды? Ҽкелмеуіңіз керек еді ғой, – деді қынжылған 
қалып білдіріп. 
Мен сасып қалдым. Біреуге істеймін деген жақсылығым екінші біреуге 
жамандық болар деп ойламаған басым не айтатынымды, недерімді білмедім. 
– Жік-жапар боп жалынған соң... Қайдан білейін... Жҽне уҽдем бар 
демеп пе едің ҿзің... 
Меңтай қиналғандай боп басын шайқады. Онысы уҽдем жоқ дегені ме, 
ҽлде тағы да бекер ҽкелгенсіз дегені ме – оны анық ҧға алмадым. 
– Ендеше кҿргемін жоқ, таба алмадым деп айтыңызшы, – деді ол 
жалынғандай боп. 
Мен қысылдым, не дерімді білмедім. Бар аузыма тҥскені: 
– Меңтай-ау, қалай ҿтірік айтамын, - деппін. 
– Иҽ, рас, ағай не деп ҿтірік айтады, – деді Майра. – Жҥр шығайық. 
Ҽдейі іздеп келген кісілерге шықпау ҧят болады. 
Ол Меңтайды білегінен ҧстап, сыртқа қарай икемдеді. Меңтай басын 
шайқап кҥрсінді де: 
«Ал, баста» дегендей ишара жасады. Байқасам, бетінде қан қалмай, 
бейне бір ҿлімге бара жатқан адамға ҧқсап, қуарып кетіпті. Мен ҿзімді 
Меңтайды жігітімен жҥздестіруге емес, дар ағашына қарай айдап дара 
жатқан жендеттей сезініп, қалбақтап алға шықтым.
– Онда мен... мен... жоқ екен деп айтайын, – дедім. 
Қыздар менің бҧл сҿзімді естімеді ме, естісе де енді кеш деп, елемеді ме, 
ілбіп ілгері жҥре берді. Жігіттер сыртқы дҽлізге кіріп, бір бҧрышта кҥтіп тҧр 
екен. Шегір кҿз сары қыздарды кҿргенде қҧбылып сала берді. Жымыңдап, 
жылмиып, маймаңдай басып бізге қарай ҧмтылды. Иіріліп, иіліп еңкейіп 


Sauap.org
196 
келіп, Меңтайға бас иді. Аяғын сарт еткізіп жіберіп, оның қолын алды да, 
алдымен ернін тигізді, сонан соң алақанын апарып бетіне басты. 
Меңтайдың қолын жайлап босатып, тез Майраға қарай бҧрылды да, 
аяғын тағы да сарт еткізіп, жаңағы жасағандарын жылмия тҧрып қайталауға 
кірісті. 
«Апырай, мына Тҧмажан бір емес, екі кісі болып шықты-ау, – деп 
ойладым мен оның мына қылықтарына қарап тҧрып. - Жаңа маған соншама 
сызданып еді. Енді қыз алдында қҧрдай жорғалауын қарашы». 
– Бикештер, ҿздерің қашып, ҧстататын емессіңдер ғой, – деді ол 
қыздарға қырлана ҥн қатып. 
– Бізді аяғымыздан тҧсап, арқандап кеткен ешкім жоқ шығар, – деді 
Меңтай сабырлы ҥнмен. 
Шегір кҿз сары иығын қозғап, ҧрынбақ болып қопаңдап қалып еді. Одан 
бҧрын Майра сҿйлеп кетті. 
– Иҽ, Меңтай тҥні бойы қатты ауырып, тҥске дейін тҿсекте жатып еді, – 
деді ол. – Содан соң бой жазайық деп театрға келдік. Ҽйтпесе, ҽрқашанда 
ҥйдеміз. 
Шегір сары Меңтайға қадалып, оның шынында да жабырқап тҧрғанын 
кҿрді. 
Сондықтан ол оқталған сҿзін айтпады. 
– Ал, қош болыңыздар, – дедім мен кетуге ыңғайланып.
– Ағай, сізге рақмет, – деп Ерғазы келіп қолымды алды. – Сіз 
болмасаңыз, біз таба алмайтын едік бҧл кісілерді. 
Тҧмажан жай ғана иек қақты. Меңтай ҥнсіз, тҿмен қараған кҥйде қалды. 
Майра кҿзінің астымен Меңтай мен Тҧмажан екеуіне кезек қарай берді. 
Мен енді қайта театрға кіре алмайтынымды, кірсем де орнығып отырып, 
ҧғып ойын кҿре алмайтынымды сездім. Театрдан шықтым да, ішім толып 
бара жатқандай боп, жатақханаға қарай жҥгірдім. Ҿкпем кҥйгенде барып бір-
ақ тоқтадым. Ненің қуанышы қуалап жҥгіргенімді ҿзім де білмедім. Жоқ, ол 
қуаныш емес еді. Бағанадан бері денесінде снарядтың жарықшағы қалған 
жаралы адамдай кҥйде болатынмын. Енді сол «жарықшақ» қозғалып, 
жанымды шығара бастады. «Апырау, неге ертіп ҽкелдім осы екеуін 
сҿлпеңдетіп?» – деп бір ҿкіндім. «Мен ҽкелмегенмен олар бірін-бірі бҽрібір 
табады ғой», – деп қайтадан ҿзімді-ҿзім жҧбаттым. «Меңтайдың ҿтінішін 
орындап, қыздар мҧнда жоқ екен деп, неге ҿтірік айтсам, аузым қисайып 
кетпейтін еді ғой» деп жҽне қиналдым. «Қой, ҿлсем де, ҿтірік айтпаспын» 
деп ол ойыма тағы қарсы болдым. Мені мҧншама ойға қалдырып, жанымды 
қинаған «жарықшақ» - қызғаныш пен ҿкініш еді. Мен Меңтайды уҽделескен 
жігітінен қызғандым. Мен оған берген уҽдеңді бҧзба дегеніме бір ҿкінсем, 
енді екеуін қолдарынан жетектегендей боп біріне-бірін табыстырғаныма 
жҽне ҿкіндім. Ҿкініш пен қызғаныш ҿксік болып, тамағыма кептеліп еді. Ол 
кҥні осылай болғанды. 
* * * 


Sauap.org
197 
– Сол ҥш кҥн бойына сізді ойыма алумен болдым, – Меңтай кҥрсініп, 
қайтадан сҿзін жалғап. – Тҧмажанды тасырлап, одыраңдай театрға жетіп 
келгенінен-ақ ішім жаратпап еді. Оны сол ҧнатпағаным ҧнатпаған болды.
Меңтай булығып, қыстығып сҿйледі. Ҽлденеге ішқҧса болған адамның 
қалпымен ішіндегі ешкімге жария етілмес жасырын деген сырын ақтарды. 
– Ол мені ерік алдыма қоймай, жҥргенімізде Майрадан бҿліп оңаша ҥйге 
алып кетті, – деді Меңтай орамалымен кҿз жасын тағы бір сҥртіп алып. – 
Майра анау жуас жігіттен қҧтылып кетіп, шарқ ҧрып, мені іздепті. Бір 
қаланың ішінен бір адамды табу бір мая шҿп ішінен жоғалған инені іздеумен 
пара-пар ғой, таба алмапты. Ҥш кҥннен кейін ана пҽледен қҧтылып ҥйге 
келсем, менен айырылдым деп жылап-сықтап Майра жатыр екен. 
Келгенімді кҿріп, жаны қалмай қуанды ол байғҧс. Келгенімді қайтейін, 
кеше ғана қыз боп аттап жҥрген табалдырығымнан енді басқа боп аттаған 
соң. Жҧрттың бҽрі маған Тҧмажанның не істегенін біліп отырған сияқты 
болды.
Маған бҽрінен де сол батты. 
Бҿлмедегі қыздардың бетіне қарай алмадым. Тҧмажан ойыма тҥскенде 
сол сҧммен қалай бірге жаттым деп, ҿз денемнен, ҿзім жиіркендім. 
Тҧмажанның дегеніне кҿніп, оны ҧнатпай тҧра осалдық жасағаныма ҿкіндім. 
Ішім удай ашыды. Оған неге кҿнгенімді, жетегіне неге ергенімді ҿзім де 
білмеймін, сенсеңіз. Содан соң сізді есіме алып, жҽне жылай бердім егіліп. 
Осы бір жылдың ішінде сізге сондай бауыр басып кеткенімді сол ҥш кҥнде 
бір-ақ білдім. Сыртқа сездірмесем де, маған сіздің адалдығыңыз, ҽділдігіңіз, 
ақ 
кҿңілділігіңіз 
ҧнайтын. 
Жаныңыздың 
жҧмсақ, 
жҥрегіңіздің 
мейірбандығын жаратушы едім. Кҿпшіл кҿңіліңіз, адамға деген 
қамқорлығыңыз жанымды тебіренте тербейтін. Ата- анадан, сҥйген қыздан, 
сҥйікті достан айырылып қалған кҥйініш қасіретіңіз, олар жайында адал 
кҿңілмен бҽрімізге айтып ақтаратын мҧңды ҽңгімелеріңіз жҥрегімді 
елжіретуші еді. 
Сіздің маған деген оттай ыстық махаббатыңыз ерітіп, есімді алатын. 
Бірақ бҧрын біреумен уҽделесіп қойғаннан кейін сізге сырымды бермей, 
ҧқпаған, елемеген, естімеген боп жҥре беретінмін. Еріп, елжіреп тҧрсам да 
шегедей қатты, шегендей берік боп кҿрінуге тырысатынмын. 
Меңтай аузынан бҧл сҿздерді естігенде мен ҿне бойым қалтырап, не 
болғанымды білмей кеттім. Қатты тістеніп, қайта-қайта басымды шайқай 
бердім. 
– Оны мен білдім бе, Меңтай-ау, – дедім онымен қоса жыларман болып, 
дауысым дірілдеп. – Ҿзің уҽдем бар, сол кісіге сҿзімді беріп қойдым деген 
соң... Оның ҥстіне ағайымның ҿсиеті еді дедің... 
– Ой, ағай-ай, сіз қызық екенсіз ғой. Қай қыз жігітке айтқаның бола 
қойсын дейді. Кҿңілі бар қыздың «болмайды» дегені, «болады» дегені екенін 
білмейтін бе едіңіз? Сонда сіз анау Тҧмажанға ҧқсап, бауырыңызға қысып, 
босатпай қойсаңыз, онда мен сіздікі едім ғой. 


Sauap.org
198 
– Ендеше... ҽлі де... кеш емес қой, – дедім сҿзім ҥзік-ҥзік шығып, 
Меңтайдың Тҧмажанмен қосылып қойғаны кҿңілімді кҥпті етіп, ішімді 
ашытса да, оны елемеуге тырысып. – Ҽлі де ҿтінемін, Меңтай, мендік бол. 
Меңтай басын шайқады. 
– «Кіммен қарайсаң, сонымен ағар» деген мақал бар қазақта, – деді ол. –
Мен енді не болса да Тҧмажанмен боламын. Ҿйткені сонымен қарайып 
қалдым. Уыздай ақ кҥнімде қасыңызда, еркіңізде, қҧзырыңызда едім. 
Ҥндемей жҥріп, ішпен ғана сізді тіледім. Енді бҽрі бітті, маған ҿкпелемеңіз, 
ағай... 
Осыны айтып, орамалымен бетін басып, Меңтай тағы да жылады. Мен 
не істерімді білмей, оның ақ білегінен ҧстап, қоса қиналып, қолының басын 
қайта-қайта сипай бердім.
Тҿбедегі шамның жарығы орындықта отырған ақ жҥзді, ақ мойын, ақ 
жҥректі ару Меңтайдың сол сҽттегі мҧңды пішінін, ҧлы суретшінің майлы 
бояумен жасаған картинасындай етіп, менің жҥрегіме, мҽңгі сақталып қалу 
ҥшін, сансыз сҽуле, нҧрмен ҿрнектер салып жатқан сияқты еді. 
Меңтай орнынан тҧруға ыңғайланып, ең соңғы сҿзін айтты. 
– Еркек ҿзін сҥймеген қызбен жау боп, жамандасып кетеді деп білуші 
едім. Ең жоқ дегенде ол қызға теріс айналып, ҿш алу ҥшін басқан ізін аңдып, 
кекеп-мҧқап жҥретін болар деп ойлайтынмын. Солай екені де рас. Сіз 
ҿйтпедіңіз, қасыма келіп, хал-жайымды сҧрадыңыз. Мен сіздің бҧныңызға да 
шексіз ризамын. Рақмет, ағай. 
Меңтай орнынан тҧрып, кібіртіктей басып, ҿз жатақханасының (бҧл 
кезде ол Калинин кҿшесіндегі корпуста тҧратын) есігіне қарай аяңдады. 
Менің қабырғам сҿгіліп, іші- бауырым езіліп бара жатқан сияқтанды. «Ҽйел 
жанын ҧғу оңай емес деген осы екен -ау, - деп ойладым. - Тҧмажанды жек 
кҿремін дейді. Жақсы кҿретін кісіге жҽне бҧрылмайды. 
Кіммен қарайсам – сонымен ағарамын дейді. Ағарасың ба? Ағарсаң 
жақсы-ау» деп, мен басымды қайта-қайта шайқадым. «Кҿзге жақын, кҿңілге 
алыс қыз шіркінді тҥсіну қиын екен-ау» деп қиналдым. Қозғалмасын деп 
біреу ҿзімді орындыққа қыл арқанмен таңып тастағандай боп кҿрінеді. 
Меңтай есік алдына барып, кейін бҧрылып, маған иіліп бас изеді де ішке 
кіріп кетті.
Ай батып, айналам тҥнек тартып, қараңғыға қамалғандай боп, мен 
қалдым. 
Ойлап-ойлап, ақыры мен университеттен кетуге бел байладым. Ҿзімді 
де,
Меңтайды да қинамайын дедім. Ертеңінде университеттің сырттай оқу 
бҿліміне ауысып, емтихан, сынақтың бҽрін келесі жазда келіп тапсыруға 
рҧқсат алдым. Содан соң газет қызметіне орналасармын деп кҿрші облысқа 
жҥріп кеттім.
Облыстық «Алатау жҧлдызы» газетінің редакциясы мені жҧмысқа 
бірден қабылдады. Газеттің аудандарға жҥріп тҧратын ісі болып, бара сала 
қызметке кірістім. 


Sauap.org
199 
XIII 
1947 жылы июльдің басында мен ҿзім тҧрған облыс орталығынан 
поезбен Алматыға сапар шектім. Университетке, сырттан оқитындардың 
жазғы сессиясына қатысуға келе жаттым. 
Бір купеге балуан бітімді, ҧзын қара мҧртты қартаң қазақпен қатар 
жайғасқан едім. Біз отырғаннан кейін поезд ілгері қозғалып, қайта кейін 
сырғып артта қалды. Кҿршім терезеге ҥңіліп, мен кітапқа бас қойдым. Сҿйтіп 
уақыт ҿткізуге кірістік. 
Жолда, Нар станциясынан, біздің купеге жҥзі таныстау сияқты бір жігіт 
келіп кірді. Мен быржиып семіре бастаған бҧл адамды қайдан кҿрдім деп 
ойланып отырғанда, ол мені тани кетті. 
– Ҿй, сен солдат емессің бе? – деді салған жерден. 
– Иҽ, бірақ қайдағы солдат? 
– Қой, қой, бҧлталақтама, - деді бейтаныс адам бірден сен деп сҿйлеп, 
бейнебір менімен бірге ҿсіп, ҿмір бойы біте қайнасып келе жатқандай-ақ. -
Сен КазГУ-де оқисың ғой. Ҿткен кҥзде кҿріп едің ғой, 7 ноябрьдің 
қарсаңында, жатақхана жанында. - Менің жҥрегім зырқ ете тҥсті. «Апырау, 
осы сол болмасын» дедім ішімнен оған абайлай қарап. – Ҧмыттың ба? 
Сен мені театрға ертіп апарып, Меңтаймен жолықтырғаның қайда? 
Анық сол болды.
– Иҽ, аман-есенсіз бе? – деп мен қолымды ҧсындым. – Сіздің атыңыз, 
ҧмытпасам, Тҧмажан Ошақбаев еді ғой. 
– Иҽ, оны қойшы. Саған, жігітім, сол жолғы қызметің ҥшін кҿп рахмет. 
Сен болмасаң мен ол жолы Меңтайды таба алмай кететін едім де, оның несі... 
– деп танауын желбеңдетті сары шегір. – Ҿзің де білесің ғой қыздың 
бойындағы ана несін... белгісін... Сол жолы сен кездеспесең, маған ол қыздың 
сонысы бҧйырмайтын еді. Нардан Алматыға босқа далақтап барып қайтатын 
едім. Бірақ, жолым болды.
«Жолы болғыш келеді мҧндайлардың» деп ойладым мен ішімнен.
– Ҿзім де «Ҽттең, қолыма тҥссе» деп алақаныма тҥкіріп барып едім. 
Тҥсті ақыры. Ҿй, қҧлындай шыңғырттым-ау ҿзін де... Ошақбаев опық 
жемейді! 
Мен не дерімді, не істерімді білмей қызарып, қысылғанымнан терлеп 
кеттім.
Ол мені ҽңгімемнің қызықтығына елтіп отыр деп ойлады-ау деймін, 
дарақыланып жаңағы сҿзін сол тҧрпайы қалпында жаңадан жалғастырды. 
– Ал ҥшінші кҥні қызың сҥзектен тҧрғандай боп, екі кҿзі шҥңірейіп 
қалды. Кешке қарай кҿшеден такси ҧстап ҽкелдім де, ішіндегі бар нҽрін 
сорып алып, сыртындағы қабығын лақтырып жіберген лимондай етіп, қызды 
жатақхана жанына жеткізіп тастадым. Ол, сең соққан балықтай теңселіп, 
салы суға кетіп, есікке қарай жылжыды. Ал мен, бір рота немісті жалғыз ҿзім 
жайпағандай кҿңілім ҿсіп, Нарға қарай тарттым да кеттім қҧйғытып. 
Ошақбаев опық жемейді! 


Sauap.org
200 
«Ошақбаев опық жемейді» деген мҧның сҿзінің мҽтелі екен. Ҽр 
сҿйлемінің соңында осы бір дарақы, жаттанды сҿзді екілене қайталауды ол 
ҿзінің ҽдетіне айналдырып алыпты.
Мен бҧл парықсызға не айтарымды білмедім. 
– Сіз қыздың ағасымен дос болмап па едіңіз? – дедім бар аузыма тҥскен 
сҿз осы болып. 
– Болса несі бар, онда не тҧр? – деді Тҧмажан екі танауы едіреңдеп. –
Қыздың не ҥшін жаратылатынын білесің бе ҿзің? Білмесең мен айтайын: қыз 
– қызық ҥшін, лҽззат ҥшін жаралған. – Осылай деп ол ҿз-ҿзінен тамсанып, 
тісін ақситты. Бҧл тҧста ол маған кісі емес, тісі сақылдап тҧрған қасқыр 
сияқты боп кҿрінді.
– «Қыз» деген сҿздің ҿзі қызды кҿріп, бҥйрегін бҥлкілдесін, бҥйірің 
қызсын, оны кҿрсең лап қой, бассал да, умажда деген мағынаны береді. Ал 
мен бас салдым да, ҿмірдің ҿзіме тиісті қызығын кҿрдім. Кеше немістермен 
біз не ҥшін соғыстық осындай қызық кҿрмесек, а? Мен саған айтайын бар 
ғой: дҥние екі келмейді. Сондықтан жас кҥнінде тҽтті қыздардың шырынын 
сорып қалу керек, мына мен қҧсап. – Ол жыртқыштың тҧяғы іспетті мҧқыл 
саусағымен ҿз кеудесін бір тҥртіп қойды. Содан соң қысық кҿзін одан сайын 
сығырайта тҥсіп, сҿзін аяқтады.
– Жалғыз қыз ғана емес, ҿмірдегі тҽттінің бҽрінен ҿз ҥлесіңді ҥзіп, 
жҧлып, жҧлмалап алып қалуың керек! Міне, мҧны білетін Ошақбаев 
ешқашан да опық жемейді! 
«Философиясын азғынның» дедім ішімнен қаным қыз-қыз қайнап. Одан 
соң оның арсыздығын бетіне баспақ боп, тағы да бір сҧрақ қойдым. 
– Қыз ағасының сізге айтқан ҿсиеті бар емес пе еді: тірі қалсаң менің 
қарындасыма қосыл, қорған бол деп тілек етпеп не еді? Сонда сіздің 
мҧныңыз қалай болғаны? 
– Тоқтай тҧр. Оны сен қайдан білесің? Тегі сенің сол қызбен бірденең 
бар шығар, тҥрің жаман, – деп Тҧмажан бетіме тесірейді. Кҿзі жыланның 
кҿзіндей ҿткір екен, кірпігін қақпады. Содан соң бейнебір менің кінҽмді 
кешіргендей боп, мардымси сҿйледі. – Жарайды, болса бола берсін, – деп 
қолын бір сілтеді де, сҧрағыма жауап берді. - Бірақ, «ҿлгеннің ҿсиетін тірі 
орындамайды» деген бар емес пе, сен оны білесің бе? Мен ҿзім ҿмірде осы 
қағиданы мықтап ҧстайтын кісімін.
«Сен кісімісің, кісі бейнесіндегі қорқау емеспісің?» дегім келді осы 
жерде. Бірақ ол сҿзін аяқтасын деп, ҥндемедім.
–Ҿлген адам ҿлді, топырағы торқа болсын! - Ол ҿз-ҿзінен ыржалақтап, 
кеңкілдей кҥліп қойды. – Ҿлген адамның жамбасы жайлы жерде жатыр. Ал 
тірі менің де, – ол тағы кеудесін тҥртті, – жаныма жайлы ҿмір кешуім керек. 
Ендеше, шҿпжелке бір студент қыз оқу бітіреді екен деп алтын ҿмірімді 
ҿксітіп отырмақпын ба тосып. Оқуды таста, маған қатын бол дедім ол қызға. 
Кҿнбеді. Кҿнбесе ҿз обалы ҿзіне оның. Ошақбаев опық жемейді! 


Sauap.org
201 
Осы сҽтте ҽлдебір ерлігі есіне тҥсіп кеткендей, Тҧмажан қаймыжықтай 
ернін жымырайтып, жымиып алды. Тілін шағатын жыланның тіліндей 
жалақтатып қойды. 
– Ҿзім де қумын, – деді ол содан соң маңғазданған боп. – Оқ тиіп 
қҧлағаннан кейін қыздың ағасы ҿлетінін біліп, қарындасын маған тапсырды. 
Тірі қайтсаң кҿз қырыңды салып, қамқорлық жаса, менің орныма аға бол 
деді. Оның қарындасының суретін талай рет кҿргемін, сҧлу екенін білетінмін. 
Бір жаман ой келе қалды да: «Осы айтқаның рас болса, қарындасыңа деген 
бҧл ҿсиетіңді қағазға жазып кет» деп, қойын дҽптерімді алдына тоса қойдым. 
Ол сорлының ойы шын екен. Ҿлетін адам ҿтірік айта ма? Бейшара қолы 
қалтырап, сҿз қҧрастырып жаза алмады. Сонсоң блокнотты шапшаң қайта 
алдым да, ақ бетіне сҥйкектете жҿнелдім. Анау ҿліп кетпей тҧрып, тез қолын 
қойдырып алайын деп асықтым. Ақ қағаз бен оның қағаздай боп ағарып 
кеткен бетіне кезек қарай отырып, былай деп жаздым: «Бауырым Меңтай! 
Тҧмажан менің досым. Елге тipi барса, осының етегінен ҧста, сенің басыңды 
қор қылмайды. Бҧл менің саған ҿлер алдында айтқан ҿсиетім, бауырым. 
Орында, қалқам.
Ағаң Ербосынов». 
Осылай деп, оған сҥйемелдеп отырып, қолын қойдырдым. Не жаздың 
деп сҧрауға да шамасы келген жоқ. Тез қолын қойдырып алғаным жақсы 
болды. Ҿйткені Жҥніс содан кейін бірден ҽлсіреп, сҽл сҧлық жатты да, 
біраздан соң ҿне бойы қақайып, ол дҥниеге кетті. Аяғында жақсы ботинкасы 
бар еді, алдымен соны шешіп, обмоткасымен орап киіп алдым. Қалтасындағы 
заттарын, қойныңдағы қыздың суреті мен ҽдірісін алдым да, сҥйегін сҥйретіп 
бір шҧңқырға апарып салдым. Ошақбаев опық жемейді! 
«Тым болмаса мынау сасық мҽтелді осы жерде айтпасаң етті деп 
ойладым мен. Одан соң: 
– Бетін де жаппадыңыз ба? – дедім оған шошына қарап. 
– Оның қажеті не? Топырақ ҿзі де бҥркеп алады, – деді Тҧмажан 
шімірікпестен. 
– Ал сіз ол кісінің басына зират орнаттым деп келіпсіз ғой,– дедім мен 
Меңтайдың маған бҧл адамның ағасына жасаған «жақсылығын» соншама 
сҥйсіне айтқаны есіме тҥсіп. 
– Сен оны да біледі екенсің ғой, – деп Тҧмажанның жылан кҿзі маған 
тағы да шаншыла қадалды. Содан соң кҿзін тез тайдырып ҽкетті де, ҿзіне ҿзі 
риза болғандай, қарқылдай кҥлді. 
– Қыздар ертегіні жақсы кҿреді. Ендеше сен оны біліп қой. Оның ҥстіне 
менің ол қыздың басын айналдырып, алдымен уҽдесін алуым керек болды 
емес пе? Қыз бен командирдің алдында лыпылдап тҧрмасаң болмайды. 
Сонда олар сенің сыртыңды ішің екен деп қабылдайды, ҿңіңді ҿзің деп 
тҥсінеді. Бірақ тҽжірибелі командир сенің ар жақ, бер жағыңды бірден 
аңғарады. Ал тҽжірибесіз қыздар жігіт неғҧрлым жылпылдай берсе, 
солғҧрлым соған қарай жығыла береді. Мен де сҿйттім. Ошақбаев опық 
жемейді. 


Sauap.org
202 
Мен ернімді тістеп, басымды шайқадым. Тҧмажан ҿзінің арсыз 
қылығына ҿзі мҽз болып, поездың терезесіне бір қарап қойды да, ҽңгімесін 
жалғады. 
– Соғыстан келген соң қызды Алматыға іздеп барып, ағасының сҽлемін 
алдымен ауызша айттым. Сенбеді. Сонсоң қойнымдағы сары майдай сақтап 
жҥрген блокнотты суырып алып, жаңағы сҿздерді оқыттым. Дҽптерімнің сол 
бетіне бір қызыл бояу да жағып қойған едім. «Мынау ағаңыздың жарасынан 
тамған қаны» дедім қызға. Осыдан кейін қыз байғҧс оқ тиген жапалақтай 
боп, жалп ете тҥсті.
«Ҿзің жапалақ, зҧлым,– дедім мен ішімнен. – Оқ тиген ҥйректей деуге 
тілін келмей ме сен сҧмның. Періштедей Меңтайды жапалаққа теңеуін бҧл 
жауыздың. Ҿзі қҧзғын болған соң ҿзгені жапалақ деп біледі ғой бҧл 
сҧмырай!»
– Жалп еткені емес пе, блокноттағы ағасының қолын танып, оны қайта-
қайта бетіне басып, ағыл-тегіл жылады-ай кеп. Ақыры уҽдесін берді. Бірақ 
бойына дарытпады, «асықпаңыз» деп қарысып отырып алды. Ҽйтпесе мен 
оны сол жерде-ақ жайлап кететін едім. Ал асықпағанның арты жаңағыдай 
болды. Оқуды тастап, маған ти, ауылға кетейік деп бірнеше рет хат жаздым. 
Кҿнбей қойды. Кҿнбесең... дедім де, -ол былш еткізіп былапыт сҿздер айтты, 
- мен елде ҥйі-кҥйі, қора-жайы, 3-4 сиыры бар шалқып отырған жесір, жас, 
бай ҽйелге ҥйлендім де алдым. Тышқақ лағы жоқ студент қыздың қасында 
бҧл дегенің шылқып жатқан байлық емес пе? Ҿйткені Ошақбаев опық 
жемейді. – Тҧмажан менің бас изеп, мақҧлдауымды кҥтті. Мен міз бақпай 
отырып қалдым. - Ҥйленер алдында ол қызды ең болмаса бір жайлап кетейін 
деп, қалтаға ақшаны сықап, қасыма Ерғазыны алып, о дегенше апыл-қҧпыл 
ҽйда Алматыға тарттым да кеттім емес пе! Жаңа айттым ғой: онда, мына 
сенің кҿмегіңмен, ойлағанымды орындап, «екі жылдан соң оқу бітіресің, 
содан соң біржола аламын» деп қызды алдап, абыройын жосадай ағызып, 
қатын ғып кеттім де, келе-сала жаңағы ҽйелге ҥйлендім. Енді маған бҧл 
ҽйелім де бір, Алматыда қызбын деп жҥрген Меңтайың да бір. Қыз 
атандыратын белгісі бойынан кеткеннен кейін ҽйелден ҽйелдің айырмасы 
болмайды, шырағым. 
«Жоқ, бекер айтасың, – дедім мен іштей зығырданым қайнап. – 
Алтынды адал қол да, арам қол да ҧстайды. Арам қол бір тигенге алтын арам 
болып қалмайды. Сол қадірлі, қымбат кҥйінде қалады. Ендеше Меңтай сол 
саф алтын сияқты. Сен алтынға тиген арам қолсың ғой. Алтынды бір 
сипағанға арманымнан шықтым деп ойлайсың. Оны қорлап, қадірін кетірдім 
деп тҥсінесің. Жақсы қыздың абырой белгісі тҽнінде ғана емес, жанында 
болатынын сен білмейсің, сҧмпайы. Меңтай бойындағы асыл белгі – оның 
ақылдылығы, адалдығы, арлылығы, жанының жібектей жҧмсақтығы. Меңтай 
бойындағы бҧл белгіні сен ешқашанда жоя алмайсың, ақымақ. Болатты тот 
баспайды, алтынға кір жҧқпайды. Меңтай суы таза мҿлдір бҧлақ іспеттес. Ал 
сен итсің. Иттің тҧмсығы бір тигенге бҧлақ арам болып алмайды...» 
Осы сҿздер кҿмейіме келді. Лақ еткізіп айтып салсам ба деп те ойладым.


Sauap.org
203 
Бірақ аузымнан басқа сҧрақ шықты. 
–Сіздің мҧныңызды, ҥйленіп қойғаныңызды Меңтай біле ме? – дедім 
қыстығып. Ана жолы бҧл сҧмның ҿтінішін орындап, театрға ертіп барып 
Меңтайға кездестіргенімді қылмыстай кҿріп, ҿзімді-ҿзім жерледім.
«Меңтайдың мені сҥйетінін неге аңғармадым, неге батылдық 
жасамадым. Не деген соқыр, не деген ынжық едім мен», - деп Тҧмажан 
жасаған қылмысты ҿзім жасағандай қиналдым. Оның осы қылмысты 
жасауына аңқаулық, адалдықпен еріксіз кҿмекші болғаныма кҥйіндім. 
– Е, білмегенде ше, – деді Тҧмажан едіреңдеп. – Олардың ҿткен қыстағы 
каникулы кезінде мен ҽдейі командировка алып, Алматыға бардым. Ондағы 
ойым ол қызды тағы да бір жҽукемдеп кету еді. Бірақ, ҿткен жолғыдай емес, 
қыз қиқаңдап, маңына жуытар болмады. Жалынып та айттым, қорқытып та 
айттым. Кҿнбеді. «Енді оқу бітіргеннен кейін бір-ақ қосылайық. Ҽйтпесе 
бойыма бала бітіп қалады, сонсоң оқуды бітіре алмаймын» деп бҽлсінді. Тіпті 
ыза болғаным сондай, сол жерде бетіне былш еткізіп айттым да салдым: 
– Ендеше, сенің бір тиынға да керегің жоқ. Мен ҥйленгелі екі ай болды. 
Сен қҧр тҧлыпқа мҿңіреген сиырсың, – деп. – Бірақ соны бекер айтқан 
екенмін деп ҿкінемін. Қызға ҿзімнің ҥйленіп қойғанымды айтпай, қатынға 
сездірмей, оқу бітіргенше оны да пайдалана беруім керек еді, бірін бҽйбіше, 
бірін тоқал етіп. Шыдамсыздық жасадым. Ҿйтпесіме тағы болмады. Жігіттік 
намысым жібермеді. Білсін, бҽлем, онсызда кҥн кҿре алатынымды деп, 
айттым да салдым, қайдан шықса, одан шықсын деп. Ошақбаев опық жемейді 
ешқашан! 
«Намысының тҥрін шошқаның!» дедім ішімді ыза кернеп. Оның бетіне 
былш еткізіп, тҥкіріп те жібергім келді. Немесе шарт еткізіп жағынан 
шапалақпен тартып жіберсем бе екен деп ойладым. Ҿйтсем, бҧл ит менімен 
тҿбелесе кетеді де, мені қазір милиция бҧл тҥсетін Біртҿбеден қоса поездан 
алып қалып, тергеу, тексеруге салады. Сҿйтіп, уақыт босқа кетеді, жазғы 
сессияға кешігіп қаламын деп, ҿзіме-ҿзім амалсыз тежеу салдым. 
– Анадағы, қасыңызға еріп келген жігіт қайда? – дедім Тҧмажанға теріс 
қарап отырып. 
– Ерғазы ма? Ол бір ашық ауыз ғой. Алматыда қолына ҧстатқан мынадай 
қыздан аузы аңқайып айырылып қалған одан не сҧрайсың. Жҥр ауылда ҽлі 
кҥнге дейін ҽйел ала алмай.
Осы кезде поездың жҥрісі баяулап, Бір тҿбе станциясына жақындап 
қалды.
Тҧмажан шеті жемтір-жемтір ҽскери сумкасын қолына алып, орнынан 
тҧрды. 
– Не қызмет істейсіз? – деп сҧрадым мен одан орнымнан қоса тҥрегеліп. 
– Осы мына Бір тҿбе ауданында сақтық кассасының бастығымын, – деді 
ол қолымен сол жақты нҧсқап. 
– Ақшаның кҿп жерінде екенсіз ғой. 
– Еһе, кҿп жерінде. – Осыдан кейін ол менің қҧлағыма сыбырлады. –
Мемлекет деген қайнап жатқан қара қазан ғой. Ебін тапсаң, ол қазаннан 


Sauap.org
204 
қалқып ішіп, қылқып жей беруіңе болады. Нарда бір кҿктҿбел ҥйім, осында 
бір шифер шатырлы ҥйім бар. Қҧдайға шҥкір, жаман тҧрмаймын. Ошақбаев 
опық жемейді! – деді. 
Осыны айтып болып ол, қисаңдай аяңдап, есікке қарай жҿнеле берді. 
Есікке жете бере артына қайта бҧрылып, маған қарады. 
– Сен Алматыға бара жатсаң, бҧрынғы байың сҽлем айтты де Меңтайға, 
– деді ол кеңкілдей кҥліп, томпиған қозы қарнын ҥсті ҥстіне сипалап. Мен 
қабағымды шыттым. 
Соны аңғарды ма, ол сҿзін дереу басқа арнаға бҧрды: 
– Айтпақшы, сенің кҿңілің болса ол қызды нетуіңе болады, – деді ол 
бҧғақтанып алған мҧқыл иегімен поездың алдыңғы жағын нҧсқап. - Ол 
нешауа қыз. Бірақ енді маған оның керегі жоқ. Ошақбаев опық жемейді! 
Осы сҿздерімен ол мені бақытты еттім деп ойлаған болуы керек. Есікке 
қарай қайта бҧрылып, талтаңдай жҿнелді. 
– Ҽй, тоқта, – дедім мен осы кезде ҿзімді-ҿзім ҧстай алмай, ҿне бойым 
қалш-қалш етіп. Оның қасына қалай жетіп барғанымды да білмеймін. Бара 
сала, бала кҥнгі ҽдіспен, шықшыттың астын ала бар пҽрменіммен періп кеп 
жібердім. Тҧмажанның басы сарт етіп, вагонның қабырғасына соғылды да, 
қолтығындағы сумкасы сусып жерге тҥсіп кетті. Ол кҿзі бақырайып қайта 
тҥзеле берген кезде иектің ҧшынан баспен жҽне бір сҥзіп кеп қалдым.
Ошақбаев ҥн шығара алмастан жалп етіп барып, еденге қҧлады. Осы 
кезде: 
– Ҧр, айналайын! – деп бағанадан бері біздің сҿзімізді ҥнсіз тыңдап 
отырған еңгезердей мҧртты қазақ орнынан атып тҧрды. – Қызды 
қорлаушының сазайын осылай беру керек! Ҧр, айналайын!.. Ата-бабамыз оң 
жақтағы қыздың ҿзі тҥгіл, отауына шаң жуытпаған: қыз абыройын 
қызғыштай қорыған. Қыз балаға қасқыр боп тиген еркекте еш қасиет 
болмайды.Бҧл жігіт емес, жылмаңдаған ҧры ит қой шырағым. Аяма мҧндай 
сҥмелекті!.. 
Онсыз да қаным қарайып, Тҧмажанды тҥтіп жердей кҥйге келген едім. 
Оның ҥстіне мына сҿз жаныма жҽне қамшы болды ма, ҽлде кҿрші қазақтың 
ҿзімді қостағанына арқаландым ба, білмеймін, орнынан тҧрып келе жатқан 
Тҧмажанды ал кеп тепкілейін. Проводник ҽйел жҥгіріп келіп арашалағанда 
ғана ҽрең тоқтадым. 
Менің долданып алған тҥрімнен қорықты ма, ҽлде қасымдағы таудай 
қазақтың қияпатынан сескенді ме, ҽйтеуір, Тҧмажан лҽм деп аузын ашқан 
жоқ. Бар болғаны: «Ҽй, сен де осындай ма едің?» деп таңданғандай, 
жыпылықтап бетіме қарай берді. Содан соң жанында жатқан сумкасын алып, 
орнынан сҥйретіле кҿтеріліп, есікке қарай зытты. 
– Арсыз! – дедім мен оған артынан айқайлап. Тҧмажан менің сҿзімді 
естімеді де, естісе де елемеді ме, жаман сумкасын бауырына қысып, семіз 
денесін алға итіндіріп, вагоннан тҥскелі жатты. Терезеден оның домалаңдап 
жерге тҥскенін кҿргенде, ҥйге кіріп кеткен сҧр жыланның сыртқа шыққанына 
кҿзім жеткендей, «уһ!» деп, орныма келіп отыра кеттім. 


Sauap.org
205 
Бҧндай сҧмға жҧдырық ҿте ме? Бҧғанам қатқан білікті журналист 
болып, ҿмірдегі осындай сҧмдардың қылмыстарын ашып, ҿздерін 
фельетонның ҿткір найзасымен аяусыз тҥйрер ме едім! – деп кіжіндім 
ішімнен. 
* * * 
Ол кҥні вагонда тҥні бойы жаман тҥстер кҿріп, ҧйықтай алмай шықтым.
Тҧмажанмен тҿбелесіп, милиция қолына тҥскен екенмін деймін. Мені 
тергеп отырған милиционер біресе Тҧмажан болып: «Ошақбаев опық 
жемейді!» деп сақ-сақ кҥледі келіп. Содан соң ол ҽлдеқайдан Меңтайды 
шашынан сҥйреп алып келіп, қол-аяғым байланып қалған менің кҿз алдымда 
іштен тепкілеп, сабай бастайды. Жаны қысылған Меңтай мені кҿмекке 
шақырып, қҧлындаған дауысы қҧраққа шығып: «Аға- а-а-ай!» деп 
шыңғырып, мені шақырады. Мен жан терге тҥсіп, не тҧра алмай, не қолымды 
босата алмай, қиналамын. 
Ҿстіп қысылып жатқанымда мені қасымдағы кҿршім, Алматыға қазақша 
кҥреске қатысу ҥшін келе жатқан балуан қазақ тҥртіп, оятып жіберді. 
– Жаман тҥс кҿрдің білем, шырағым, - деді. Осыдан кейін ҧйқы болған 
жоқ. Меңтай байғҧсты аяп, қазір қандай кҥйде екен деп жаным отқа ҧстаған 
майдай шыжғырылды.Оның маған ең соңғы айтқаны: «Кіммен қарайсаң, 
сонымен ағар» деген мақал бар емес пе? Мен енді осы кісімен қарайдым, осы 
кісімен ағаруым керек» деген сҿз еді. Мен онда Меңтай Тҧмажанға қосылады 
деп кҽміл сенгемін. Сенгендіктен де, басқа ештеңеге қарайламай, облысқа 
кеткенмін. Анда-санда Жомартбектен хат алатынмын. Бірақ ол бҧл жайды 
білмейді. Арлы қыз жан қиналысын ешкімге айтар ма сірҽ? Айтпаған ғой деп 
ойлаймын ішімнен. Қаладан Меңтайды таба алар ма екемін? Ҽлде ол 
каникулға еліне кетіп қалды ма? Тапсам, енді ол менің тілегімді қабылдар ма 
екен? Ҽлде тағы да басқа біреумен серт байласып қойды ма? 
Miнe осы ойлармен мен шілденің ыстығында екінші Алматы вокзалына 
келіп жеттім. 
Облыстан шығарда курстас қыздар қарсы алар деп Жомартбек атына 
телеграмма берген едім. Поезд тоқтағаннан кейін вагон терезесіне 
қарағанымда маған келіп тҧрған ешкім байқалмады. Бҽрі де жазғы каникулге 
тарап кеткен болар мен, чемоданымды алып вагонның аузына келдім.
Есіктен шыға бергенімде, аяғы аяғына жҧқпай сумаңдап, плащының 
етегі тҥлеген жыланның ҥстінен тҥскен қабықтай сусылдап, вагонның 
жанына 
Зайкҥл жетіп келді. 
–Сҽлем! - деді ол ақ қолғапты қолын жоғары кҿтеріп, кҿшенің 
қиылысында машиналарға жол сілтеп тҧрған ақ қолғапты милиционердей 
қалшиып. 
– Сҽлеметпісің, Зайкҥл? Аман-есенбісің? 
– Есен-есен, Ербол, – деп ол қолын созып жақындай жҥрді. - Қайда жоқ 
боп кеттің сен, сағындырдың ғой ҽбден. Екеуміз қол алыстық. Қҧшақтассақ 


Sauap.org
206 
та болатын еді. Зайкҥл оған тіпті де қарсы еместей екен. Бірақ мен бірден 
чемоданымды кҿтеріп, жҥруге ыңғайландым. 
– Жомартбекке телеграмма берген екенсің, – деді Зайкҥл аяғы кҿстеңдеп 
менімен қатар аяңдап. - Ол кеше аулына қайтып кетті. Басқа қыздар да кетіп 
қалған. Жатақханада қазан тҥп болып, жалғыз қалған мен ғана болған соң 
ҿзім қарсы алдым сені. Сені бҽріміз сондай сағындық, Ербол. 
– Рақмет, Зайкҥл.
– Сен бізден бекер кетіп қалдың. Рас, Меңтайға қолым жетпеді деп 
ҿкпелеп кеттің. Бірақ, бізде басқа да қыздар бар емес пе еді? 
– Ҿзіңе бҧйырмайтын ҿзге қыздан не пайда, Зайкҥл. 
– Мен-ақ бҧйыратын едім ғой. «Зайкҥл, айналайын» деп бір кҥн 
жалынсаң болып жатыр еді. Ал сен: «Меңтай! Меңтай!» дедің де жҥрдің 
ҿзгені кҿзге ілмей. Тегі жігіттерде ақыл жоқ осы. Ҿйткені олардың бҽрі ҿз 
шамасына қарамай, жақсы қызға қарай жҥгіреді. Жақсы қыз жете ме, 
қарағым-ау, бҽріне бірдей. Сҿйтіп, кҿп жігіттер біз сияқты ҿзіне лайықтыдан 
қҧр қалып, артынан ҿкінеді. 
Біз аялдамаға келіп, жатақханаға баратын екінші трамвайға отырдық. 
– Жігіттер ауылда қыздарға ҥйленіп алып, артынан оқу оқып келемін деп 
тастап кетіп жатыр ғой адастырып, – деді Зайкҥл трамвайға мінгеннен кейін. 
-Сен де сҿйтпедің бе? – Орындықта отырған Зайкҥлдің қасында тҥрегеп 
тҧрған мен басымды шайқадым. – Онда қазір Меңтайдың да басы бос. Ал ол 
анау Тҧмажан зҽліммен жанасып қойды десең, мен бармын... 
– Сен жанаспаған шығарсың, – дедім мен кҥліп. 
– Қҧдай ақына. Сен ҿзің сенсеңші маған. Кешке паркке барасың ба? 
– Жоқ, сенемін, – дедім мен тағы да кҥліп. - Саған сенбегенде, кімге 
сенемін?! 
Бҧдан ҽрі сҧрамауға шыдамым жетпеді. 
– Меңтай қайда, Зайкҥл? – дедім біраз бҿгеліп барып. 
– Меңтайды қайтесің? Ана сҧм алдап кетті. Содан соң тағы бір жігіт 
соңына тҥсіп жҥріп, терезеден тас лақтырып, басын жарды кҿктемде. Биыл 
ауылыма бармаймын деген. Осында екі кҥн бҧрын Майраға ілесіп, Бҥргендегі 
соның ҥйіне кетті-ау деймін тегі. Жаздай сонда болуға тиіс. Ҽлгі тас 
лақтырған сҥмелегі соңынан қуып барып, шырқын бҧзбаса тағы. Айтпақшы, 
сол сҥмелек тағы біреуді ҧрып, милицияға тҥсті деген ақыры. 
– Ол кім? 
– Сен білесің оны, Ербол. Ҽлгі Сейтқали деген сҥмелек бар емес пе еді 
ақынмын деп кеудесін қағып жҥретін. Бір газетке «Қызыл бҧзау» деген ҿлеңі 
басылып, қыздар тегіс оны Қызыл бҧзау деп атап кетіп еді ғой. Ол ҿзі барып 
тҧрған жағымпаз болатын. Ҽр лекциядан кейін оқытушыны тоқтатып алып: 
«сіздің бҥгінгі лекцияңыз ғажап болды, ағай. Тура миға қҧйып бердіңіз. Бҧл 
лекцияға Ҽуеновтың лекциялары да астар бола алмайтын шығар» деуші еді 
ғой беті бҥлк етпестен. Енді есіңе тҥсті ме? Міне, сол, Меңтайдың басын 
жарғаннан кейін университеттен қуып жіберген оны. 
– Меңтайды неге ҧрады ол? 


Sauap.org
207 
– Менімен жҥрмейсің, айтқаныма кҿнбейсің деп-ҧрады да. «Мен саған 
ғашықпын!» деп кҿкиді. Ал Меңтай оны иттің етінен жек кҿреді. Сол Қызыл 
бҧзау еліне кетпей осында жҥр деген мҿңіреп. «Мен Меңтайды қайтсем де 
аламын. Меңтайды алмасам – анам қатыным болсын!» дейтін кҿрінеді оттап.
Айттым ғой мен жігіттерде ес жоқ деп. Ҿздерін сҥймейтін қыздардың 
аяғына бас ҧрып, жатып алады. Ал ҿздерін сҥйетін қыздарды олардың 
ешқайсысы кҿрмейді. – Зайкҥл сықылықтап кеп кҥлді. – Мына ҿлең есіңде 
ме? – деді де ол тақпақтата жҿнелді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет