Әзілхан Нұршайықов



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата26.09.2024
өлшемі1,98 Mb.
#205160
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

ЭПИЛОГ ОРНЫНА 
Кҿңілі босап, кҿзіне жас келгендей болып, Ербол біраз уақыт ҥнсіз 
отырды.
Бойын жиып, буынын бекіткеннен кейін ол сҿзін қайта жалғап, ҽңгімесін 
аяқтауға кірісті. 
Мінеки, Меңтайдың соңғы кҥнделігі осы. Жан тҽсілімін жасап жатқан 
адамның ақырғы тынысы, соңғы қырыл, соңғы дірілі сияқты, асыл жардың 
ақырғы сҿзі еді бҧл. Бірақ осы азғантай сҿзде мен ҥшін қаншама сыр, 
қаншама жыр жатыр десеңізші! Қаншама ҿкініш, қаншама мҧң бар мҧнда. 
Оқып отырып сан рет ҿкіріп, ҿксіп жылағанмын мен. Одан айырылып 
қаларымды ҿзім де сездім бе, қайдам, Меңтайды аялап, аймалап, қҧшып, 
сҥюге, баладай ҽлпештеп, еркелетуге бір тоймаушы едім. Ақыры оның бір 
кішкентай қара тырнағына да зар боп аңырадым да қалдым. Тҿрт жыл 
соғыста тҿрт талына қылау кірмеген кҿмірдей қара шашым Меңтайдан 
айырылған тҧста аппақ қудай боп шыға келді. 
Талай рет ҧйықтап жатып Меңтай ҥнін естідім. «Жаным Ербол, ер бол!» 
деп ол сан рет қҧлағыма сыбырлады. Еден сықыр ете тҥссе, Меңтайдың 
жҥрісін танып, сан рет басымды кҿтеріп алдым. Оның кҿйлегінің сыбдырын 
естігендей боп сан рет елеңдедім. Бірақ ол келмеді, кҿрінбеді. Мҽңгілікке жоқ 
болды, ғайып болды. Таң алдында кҿрген тҽтті тҥстей ғана елес қалды. 
Кейде бір оңашада, ҿткенді ойлап мҧңға батасың. Сонда, «Қҧдай-ау, 
қайда сол жылдар?» деген Абай жолдары еріксіз еске тҥседі. Ойлап-ойлап 
келіп, жастық шағыңның орынсыз ҿтпегенін іштей медеу, мақтаныш етесің. 
Ҿйткені адамзат толқын-толқын болып дҥниеге келеді, тҥйдек-тҥйдегімен 
ҿмірден ҿтеді. Ҽр толқын, ҽр тҥйдек алғы шепке шеру тартқан ҽскер легіне 
ҧқсайды.
Октябрь революциясы мен Азамат соғысына қатысқан қҧрыш 
адамдардың темір тасқынды легіне ілесіп, біз 18 бен 22 жастың арасында 
азаттықтың ауыр жҥгін арқалап, тҿрт жыл толассыз қан кештік. Пештен жаңа 
ғана қотарылған қызыл шойындай жҥйткіп, батыстан Москваға қарай 
лықсыған от пен ҿрт селінің, қорғасын мен темір топанының алдын тостық. 
Біздің жас тҽнімізді неміс фашистерінің оғы шҧрқ-шҧрқ тескіледі; жау 
танктері ҥстімізден таптап, жас сҥйегімізді сықыр-сықыр сындырды; жас 
жҥректерімізге немістің қҧлаштай қанжарлары кірш-кірш қадалды.
Концлагерьден қашқанымызда немістің қасқыр иттері қоң етімізді 
тырмалап, терімізді жалбыратып, қан жоса етіп талады. Бізді зҧлым жау 
камераларға қамап, улы газ жіберіп тҧншықтырды.
Бізді олар тірідей отқа ҿртеді, кҿзімізді бақырайтып қойып, тікемізден 
тік тҧрғызып кҿрге кҿмді. Бірақ біз: 
– Қасиет күші Ұлы Отанның, 
Қанатын бер қыран құстың, 
Ашуын бер арыстанның
Жүрегін бер жолбарыстың! 


Sauap.org
260 
Күллі әлемнің ашу-кегі, 
Орна менің кеудеме кеп! 
Жау жолына атам сені, 
Бомба бол да жарыл, жүрек! –
деп, жанған самолеттен жау 
колоннасына жау оғындай шаншылдық, айналаға ҿлім шашқан ажал ДЗОТ-
ына ҿз денемізді ҿзіміз қол гранатадай лақтырып, дҧшпан пулеметін 
қанымызбен қақалттық. Жауға жанымызды берсек те, арымызды бермедік. 
Біз жығылып жатып – тҧрып жаттық, ҿліп жатып – жеңіп жаттық. Халық 
намысын қорғасынға қоса қҧйып, қҧрышпен кіріктірдік те, бомбаға қанат, 
снарядқа заряд еттік. Ел тҽуелсіздігін тҿбемізге ту етіп кҿтердік. Сҿйтіп біз 
дҥниені жайпап келе жатқан темір топанды тоқтаттық. Біз Отан жауын 
осылай жеңдік. 
Біз майданда қандай адал болсақ, махаббатта да сондай пҽк болдық. Ҽр 
жҥректе асыл адамгершілік, айнымас махаббат болуын тіледік. Ҿйткені 
ҿмірден қол ҧстасып ҿтер жан серік жалғыз жарын шын сҥйе білмеген адам 
жолдасын да жақсы кҿре алмайды, коллективін де қҧрметтей білмейді. Жан 
жарына адал болмаған адам қылған қызмет, істеген іс, атқарған жҧмыс, 
арқалаған қоғамдық міндетіне де адал бола алмайды. Себебі саналы ҿмірдің 
бар қызығы махаббатқа тіреледі. Сондықтан да махаббатқа соқпай кететін 
сезім аз. Анаға сҥйіспеншілік, жарға қҧштарлық, Отанға перзенттік, туған 
топыраққа борыштылық сезімдерінің бҽрі махаббатқа байланысты. Адам 
бойындағы ең асыл қасиет адамгершілік сезімі де махаббатпен сабақтас.
Ҿйткені махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі 
болмайды, ал адамгершілігі жоқ кісінің жҥрегін махаббат мекендемейді. 
Жоғарыда Тургенев пен Пришвиннің махаббат жайындағы тамаша сҿздері 
келтірілді.
Менің оған қосарым «махаббат» деген асыл жібекке тҥйілген 
отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырмалдық сезімдері ҽрбір 
жас жҥректің жалынды туы болса екен деп тілеймін. Біз - Октябрь 
революциясынан кейін дҥниеге келген жаңа ҧрпақ Отанға да, махаббатқа да 
ақ жҥрегімізбен адал қызмет еттік. Міне біз мҧны ҿзіміздің мҽңгілік 
мақтанышымыз деп білеміз.
Осы мақтаныштың ҽкелер жҥрегінен балалар жҥрегіне кҿшуін кҿрсету 
де бҥгінгі кҥннің тақырыбы. Оны қалай кҿрсету, ҽрине, жазушының міндеті. 
– Иҽ, иҽ, ҧқтым. Не сҧрайын деп отырғаныңызды тҥсіндім. Меңтайдан 
басқалар қайда қазір демексіз ғой? Оны да айтайын сізге. 
Университет бітіргеннен кейін, ҧядан ҧшқан балапандай болып, ҽркім ҽр 
жаққа кетті. 
Біреу қияға қонып, біреу қиырды мекендеп жҥріп жатыр қазір. Балапан 
басқан тауықтың ҧясына байқаусызда тҥсіп кеткен ҥйрек жҧмыртқасынан 
шыққан сушыл балапандай болып, филфакты бітіре сала мҧғалім болмай, 
журналистиканың айдын кҿліне тартып мен кеттім. Ол отыздың біразы 
ғылыми қызметкер болды. Кҿпшілігі мҧғалім. Қыздар алдақашан кҥйеуге 
шыққан, жігіттер ҽйел алған. Бір кездегі бҥлдіршіндей қыздар мен қыршын 


Sauap.org
261 
жігіттер бҥгінде сары қарын ҽйел, сақалды шалға айналды. Алдының 
балалары институтқа ілініп, баяғы біз басымыздан кешкен жастықтың 
жҽрмеңкесіне енді олар кірді; біздің жастықтың жығылған жалауының 
орнына, олар ҿз туларын кҿтерді...
Солардың ішінен Меңтай екеуміздің мҽңгілік адал досымыз Жомартбек 
Жолдин ғылым докторы атағын алды. Зайкҥл есебін тауып, бір бастықтың 
етегінен ҧстаған. Соның беделімен, тамыр-таныстық деген кҽрі кеселдің 
кҿмегімен ол да кандидат деген атқа ие боп алған. Қазір ол бір институтта 
«басын жарып, кҿзін шығарып» ҽдебиеттен сабақ береді. Зҽкең бҧрынғының 
бҽрін ҧмытқан. Ҽшейінде шекірейіп жҥретін ҽйел, кандидат болса мҥлде 
кекірейіп кетеді емес пе. Ол да солай: кездесе қалсаң – танығысы келгенін 
таниды, танығысы келмегенге танауын кҿтеріп жҥре береді. Жеңілтек 
адамды жағдай ҿзгертпей қоя ма? Мінеки, ҿмір дегеніңіз, кейде, ойсыз, 
ҧшқалақ адамды ҧшпаққа осылай шығарады екен.
Қанипа 
да 
– 
кандидат. 
Майра 
Абаева 
Ленин 
орденімен 
наградталған.Жақында оған еңбегі сіңген мҧғалім атағы берілді. 
Тҧмажанның да қайда екенін білгіңіз келетін болар? Жер ҥстінде ол да 
жҥр. Бірақ біздің қоғамымызда ондайлардың орны тҥрме емес пе? Тҥрмеге 
тҥскен. Сақтық кассасын меңгеруші боп тҧрғанда бірнеше облигацияға 
подлог жасап, мемлекеттің кҿп ақшасын жегені жҽне, ҿз сҿзімен айтқанда, 
басқа да «ҥзіп-жҧлып, жҧлмалағаны» ҥшін кҿп жылға сотталған. Оның екі 
сҿзінің бірі «Ошақбаев опық жемейді» болып келуші еді. Жоқ.Ошақбаевтар 
да омақасады екен. 
Олардың ҽділетсіздігінің, арсыздығының, ынсапсыздығының зауалы - 
заң екен. 
Ал енді қалған кім дейсіз ғой? Қос ғашық Тана мен Заман болар. 
Ертедегі екі ғашықтың қолы жетпеген мҧратқа осы екеуі жетті. Екеуі 
қосылып, кҿп бейнеттерді бастарынан кешіріп, сол жақта жҥріп институт 
бітіріп, елу тҿртінші жылы елге келді. Қазір екеуі де мҧғалім. Тана 
Серкебаева екі рет Жоғарғы Советке депутат болып сайланды. Білімбай, 
Ербол, Махаббат, Меңтай есімді тҿрт баласы бар. Бір ҧл, бір қызына Меңтай 
екеуміздің атымызды қойыпты. Мен олармен анда-санда кездесіп тҧрамын. 
Кездескен сайын алдымен кішкентай қыздарын қҧшағыма алып: «Меңтайым 
менің!» деп шҿпілдете сҥйемін. Содан соң Тана мен Заманға қарап: 
– Ал осы заманның Қозы Кҿрпеші мен Баян сҧлуы, амансыңдар ма? - 
деп қҧшағымды жаямын. 
Кҿздері жасаурап, еріндері дірілдеп ол екеуі қатарласа маған қарай 
ҧмтылады. 
Асыл жар, адал досқа не жетсін, шіркін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет