Сұрақ: Осы роман қалай туды? Қанша уақытта жазылды?
Жауап:
Мен ҧзақ уақыт журналист болдым. Тек қана журналистика
жанрларымен: бас мақала, сын мақала, очерк, рецензия жазумен
шҧғылдандым. Ал ҽңгімені ауызша ғана айтатынмын. Ауызша айтатын
ҽңгімелерімнің тақырыбы лирикалық, сатиралық, ҽзіл-қалжың тҥрінде боп
келе беретін. Ҧзақ жол жҥріп келе жатып машина ішінде, дастархан басында,
демалыс ҥйінде тынығушылар арасында айтатын ондай ҽңгімелерім бірнешеу
еді. Олар «Ботакҿз», «Жемпір», «Ҽтір», «Алтын сағат», «Ҥлкен жазушының
жанында», «Аупартком секретары туралы баллада», «Қызыл кҿрпе» т.б.
болатын. Осылардың бірсыпырасын кейін жолдастардың кеңесімен қағазға
тҥсіріп, газет-журналдарға жарияладым. Кейбіреулері кітапқа да кіріп кетті.
Тек сонау 1945–1949 жылдардағы студенттік ҿмірдің бір сҽтіне ғана
қҧрылып, кейін ҽлденеше рет ҿңделіп, жҿнделіп, толықтырылған «Қызыл
кҿрпе» ҽңгімесі ҧзақ уақыт қағазға тҥсірілмей, ауызша айтылумен келді.
Оның қысқаша мазмҧны мынадай еді: соғыстан келген солдат–студент
ҿзімен бірге оқитын қызды сҥйеді. Қыз да жігітті жақсы кҿреді. Жігіт сҿз
айтқанда басқаға беріп қойған уҽдем бар еді, оны қайтемін деп қиналады.
Жігіт қыздың уҽдесін бҧздырмайды.
Содан кейін ол сырттай оқуға ауысып кетеді. Бҧл ҽңгімені мен ауызша
ең соңғы рет 1968 жылы 7 қарашада белгілі тіл маманы Ҽйтім
Sauap.org
266
Ҽбдірахмановтың ҥйіне жиналған кҿп адамның алдында айттым. Сонда ақын
Ғафу Қайырбеков орнынан тҧрып, қҧттықтап қолымды алды да:
– Осы айтқаныңыз қағазға тҥскен бе? – деп сҧрады.
– Жоқ.
– Қағазға тҥсіресіз бе?
– Тҥсіремін.
– Ендеше, тез қағазға тҥсіріңіз, ҽйтпесе мен мҧны поэма етіп жазып
қоямын...
Студент кҥндердегі блокноттардың бірін ақтардым. Ақтара отырып, бҧл
жайды ҿзім жазбасыма болмайтынын тҥсіндім. Кҥндіз-тҥні соны қағазға
қалай тҥсіруді ойладым. Қандай қосалқы оқиғалар жанастыру жағын
іздестірдім. Ақыры сол жылдың желтоқсанында демалыс алып, осы ҽңгімені
қағазға тҥсіруге отырдым.
Мен – журналист-жазушымын. Ҿмір бойы кеңседе қызмет істеп келемін.
Профессионал жазушылардың журналист-жазушылардан артықшылығы
олар кеңседе қызмет істемейді, ҥйлерінде жатады, тек қана творчествомен
шҧғылданады. Ондай мҥмкіншілігім болмағандықтан, мен кесек дегенкҿркем
шығармаларымды тек қана жыл сайынғы кезекті демалысымды алғанда
жазатынмын. Осылай етіп мен бір жылғы демалысымда «Махаббат жыры»
деген алғашқы повестімді аяқтадым. Одан кейінгі екі демалысым «Ботакҿз»,
«Ҽсем» дейтін шағын повестерге жҧмсалды, т. т. Ал алпыс сегізінші жылдың
кезекті демалысын «Жастық жыры» деген жаңа атпен ауызша «Қызыл
кҿрпе» аталып келген осы ҽңгімеге жҧмсамақ болдым.
Алғашқы жоспарым бҧрын жарияланған «Махаббат жыры», «Ботакҿз»,
«Ҽсем», «Ескі дҽптерге» енді «Жастық жырын» қосып, замандастар жайлы
шағын, бес повестен қҧралған роман жасау болды. Осы арада бҧл
шығарманың қай жақтан баяндалатыны да белгілі болып қалды. Ҿйткені оған
дейінгі шағын повестердің бҽрі де бірінші жақтан баяндалатын. Солардың бір
бҿлігі болғандықтан, мҧны да солай етудің қажеттігі айқындалды. Бҧған
дейін де мен бҧл ҽңгімені қағазға тҥсіремін деп бір-екі рет талаптанған
болатынмын. Бір рет бастағанымда журналист Ербол Алматыдан келген
жазушымен екеуі тың жерлерді аралап жҥріп, ауатком председателінің
кабинетіне қонады. Сонда Ербол астана жазушысына ҿз ҿмірін баяндап
береді. Екіншісінде ол кабинетте емес, далада, машина ішінде баяндайтын.
Ал ҥшінші жолы оны кабинетте де емес, машина ішінде де емес, ҿзен
жағасындағы шопан ҥйінде жатып баяндайтын еттім. Бірақ кітап біткеннен
кейін оның басталуын тағы да ҿзгертуге тура келді. Бір кездескенімізде
жазушы Мырзабек Дҥйсенов екеуміз жалпы романның атын не деп қоюды
ақылдастық. Ол «Махаббат, қызық мол жылдар» деп қоюға кеңес берді.
Осыған тоқтадық. Осы атпен «Жазушы» баспасының 1970 жылғы
жоспарына 15 баспа табақ роман беремін деп мен заявка жасадым.
Ал ауызша айтқанда 20-30 минутта аяқталатын «Қызыл кҿрпе» ҽңгімесі
«Жастық жыры» деген атпен қағазға тҥсе бастағанда шағын повесть кҿлеміне
сыймай, шырқап кетті. Бір ай демалысымда оны бітіре алмадым. 1969
Sauap.org
267
жылдың басында тағы бір ай демалыс алып, тапжылмастан отырдым. Онда
да бітпеді. Жазған сайын жаңа линиялар қосылып, шығарманың арқауы
қалыңдай берді. Бҧрын ҽңгіме Ербол мен Меңтай арасында ғана болса, енді
оған Ербол – Сҽлима, Бҥркітбай - Сҽлима, Меңтай – Тҧмажан, Заман – Тана
линиялары қосылды. Белгілі бір дҽуір – Отан соғысы кезінің қиындығы, одан
кейінгі ауыртпалық туралы шығарма жаза отырып, сол кезге тҽн бҧл
оқиғалардан аттап кете алмайтын болдым. Оның ҥстіне Меңтай мен
Ерболды, олардың қасындағы басқа жанама кейіпкерлерді сол 40-жылдардың
дҽрежесінде қалдыру керек пе деген сҧраққа да кҿп ойлануға тура келді.
Қалдырсам 70 жылдың жастарына ол ҧнай ма? Бҧл кітаптың оқырмандары
сол Меңтай мен Ерболдың, солардың тҧстарының балалары болады.
Олардың ҽке-шешелерінің махаббатын ҽрі таза кҥйінде, ҽрі ҿздеріне ҥлгі
ете кҿрсету міндет. Қазіргі жастардың білім дҽрежесі де, сыншылды кҿресі де
ҿте жоғары. Бҧлар жоқшылық дегеннің не екенін білмей, молшылық
дҥниесіне балықтай жҥзіп келе жатқан жандар. Олардың махаббат
жайындағы тҥсінігі де ҿзгешерек. Осылардың бҽрін елеп, ескеру, ерекше
қажет болды.
1969 жылдың басында алған демалысымда шығарманы аяқтай алмаған
соң, сол жылдың желтоқсанына дейін жҧмыс істей жҥріп, кештетіп соған
ҥңілумен болдым. Ақыры 1969 жылдың аяғында бір айлық кезекті
демалысымды алып, 1970 жылдың 19 қаңтарында кітаптың соңғы нҥктесін
қойдым. Кітаптың ҽр тарауын жеке новелла етіп аяқтап отырдым. Шамасы
келсе ҽр тарау келесі тарауға жетекші болсын. Шамасы келмесе, біткен бір
тарау ҿз алдына жеке ҽңгіме сияқтанып қалсын дедім. Ҿйткені осы кҥнгі
оқушының кез-келген романды басынан аяғына дейін оқып отырарлық
шамасы жоқ. Қолына тиген романның бір тарауын оқып, тартпаса тастай
салуы да мҥмкін.
Мен кітабымның ең жоқ дегенде оқушы шыдамы жетіп оқыған тарауы
ойында қалуына тырыстым. Ол ҥшін оның оқиғасы қызықты, тілі тартымды –
екеуі де ҿмірдің ҿзінен алынған шындық болуына кҿп назар аудардым.
Бірсыпыра тарауларды кейін қайталап кҿшіріп, ондағы оқиға, сезім, сҿз
шындығын ҥнемі тексеріп отырдым. Кей кҥндері жана материалдардан 3-4
бет жазсам, кейде жарты бетті толтыра алмай, қиналған шақтарым да болды.
Ҽсіресе оқушының кҿз алдында картина сияқты боп қалса-ау деген
тҧстар тҧтқыр тарта берді. Мысалы, Ерболдың ең алғаш жаңа жыл тҥнінде
жауған кҿбірек қарды боратып келе жатқан сҽті. Ерболдың Меңтайға сҿз
айтатын тҥні, Ерболдың қайта майданға кеткелі жатқанда Қарашекені
шынжырлап жатқан жері т. б. Ҽсіресе бҧрын ауызша айтып жаттыққан
жерлерім (Ерболдың ең алғашқы аудиторияға кіруі, бірінші лекцияны
тыңдауы т. б.) ҿте тез жазылды.
Кітапты жазуын жазып бітсем де қолжазбамды жолдастарға кҿрсетуге
қорқып жҥрдім.
«Ҧнай ма, ҧнамай ма? Ҧрсып тастамай ма?» деп қымсындым. Оны алғаш
оқып, пікір айтқан, кҿңілімді демеп, буынымды бекіткен ақын Музафар
Sauap.org
268
Ҽлімбаев болды. (Баспа қызметкерлері кітаптың кіріспесін ықшамдау керек
дегенде тағы да Ҽлімбаев сенің кітабыңның бар мазмҧны Пришвиннің мына
сҿзінде тҧр, соған зер салшы деген кеңес айтты. Осыдан кейін алғашында
эпиграф ретінде алынған Тургенев сҿзі мен Пришвин пікірін ҧштастырып,
кітаптың кіріспесін қайта ықшамдадым).
«Жастық жыры» біткеннен кейін оған бҧрынғы повестерді қосуға
болмай қалды. Ҿйткені жалғыз осының ҿзі баспа жоспарындағы кҿлемнен
кҿбіректеу боп шықты. Енді мҧны жеке кітап етіп шығаруға тура келді. Тек
«Жастық жыры» деген аты ҿзгертіліп, баспаның жоспарында кҿрсетілген
«Махаббат, қызық мол жылдар» деген атпен шығып, «роман» деп аталатын
болды. Сонымен, осы кітаптың тҥбіне бірінші рет фамилиям жазылды.
Достарыңызбен бөлісу: |