Әзілхан Нұршайықов


Сұрақ: Ербол мінезіндегі кейбір жасықтықтарды қалай ұғуға



Pdf көрінісі
бет25/31
Дата26.09.2024
өлшемі1,98 Mb.
#205160
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
Махаббат қызық мол жылдар

Сұрақ: Ербол мінезіндегі кейбір жасықтықтарды қалай ұғуға 
болады? 
Жауап:
Ербол – момын ата-анадан туған, халқының, қоғамының 
бойындағы ең жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, Қазан революциясынан 
бес жыл кейін дҥниеге келген жас азамат Ербол социалистік қоғамның 
қырқыншы жылдары піскен нҽрлі жемісі, осы кҥні жаңа адамдар деп 
аталатын Қазан тҿлінің алдынғы легіндегі кҥрескер. Сырттай қораш 
кҿрінгенімен Ербол іштей ақылды, адамгершілікті, кҿпшіл, қоғамшыл, 
досшыл, сабырлы жігіт. Ҽңгіме адамгершілік пен арға тірелгенде ол екінің 
бірі бара алмайтын кесек қимылдарға барады: жан-жағын жалмауыздай 
жайпап келе жатқан жау танкісімен жекпе- жек айқасады; жолдастарына 
қауіп тҿнгенде жыландай ысқырып, снарядті қҧшақтап алып, шҧңқырға 
лақтырады; досының қызы Тананың абыройын тҿкпеу ҥшін онымен ҥш кҥн 
бірге болғанда тастай боп қатып қалады; ҿзі жақсы кҿре тҧра Меңтайдың 
басқаға берген сертін бҧздырмайды; ҿзі жалаңаш-жалпы жҥріп, костюмге 
жинаған ақшасын Заманды іздеп бара жатқан Танаға жол қаражат етіп береді. 
Оқырмандар оның бойындағы осы қасиеттерді дҧрыс тҥсініп, бағалаған. 
Тҥсіне тҧра кейбір оқырмандардың Ербол мінезіндегі екі «жасықтыққа» 
зығырданы қайнайды...
Мектеп ішіндегі Бҥркітбай Сҽлиманы ҧрғанда Ербол неге Бҥркітбайды 
сақалынан алып, жағасын жыртпады? Неге ол вагонда Ошақбаевты тым 
болмаса шапалақпен бір тартып жібермеді? – деп ҿкінеді. Алматы 
облысының Кеген ауданынан «Меңтайдың ҿліміне Ерболдың ынжықтығы 


Sauap.org
273 
кінҽлі. Ербол шҥу басында сертін бҧздырып, Меңтайға ҥйленіп алса, онда 
мҧндай аянышты хал болмайтын еді. Бҽріне еркектер кінҽлі, оларға ешқашан 
да сенуге болмайды» – деп маған ашулы хат жазды. Бірақ осылардың бҽріне 
оқырмандар ҿздері жауап беріп жатыр.
ҚазМУ-дың М.О.Ҽуезов атындағы ҽдеби бірлестігінде осы романға 
арналған конференцияда бірді-екілі жігіттер Ерболды аузындағысынан 
айырылып қалатын ынжық деп кінҽлағанда, ҿзге жастар (ҽсіресе қыздар) бҧл 
пікірге қарсы шықты. Трибунадан сҿйлеген кейбір қыздар ҽзілдеп: егер осы 
кҥнгі жігіттеріміздің бҽрі Ерболдай болса, қыздар одан артықты іздемес еді 
деген пікірді де айтты. 
ҚазПИ-де болған кездесуде сҿйлеген Жамалова деген студент қыз: 
«Ербол Бҥркітбайды бір ҧрғанмен, Сҽлиманың басына бақыт орнай ма? 
Ошақбаевтың бетіне бір тҥкіргенмен, Меңтайдың міні бҥтінделе ме? Екеуі де 
болмайды. Ендеше мен Ерболдың сабырлылықпен астасқан ақылдылығын 
қҧптаймын» деді. Мен бҧл жайында осы студент қыздан асырып ештеңе айта 
алмайтын сияқтымын. 
Жазушының кітаптағы кейіпкерлерін жан-жақты білуі парыз. 
Сондықтан да мен шығармаға кіріспес бҧрын оның кейіпкерлерінің кейбір 
прототиптерімен ҽлденеше рет кездестім. Оған журналистік қызметім 
мҥмкіндік берді.
Олардың бҽріне де «Қызыл кҿрпені» ауызша айтып бердім. Ҽңгімем 
тыңдаушыларға ҧнаған сайын маған да шабыт келіп, осыны жазсам, жҧрт
оқыр еді-ау деген ой баурай бастады. Осы тоқтамға 1968 жылдың кҥзінде 
анық келгенімді жоғарыда айттым. Ескі достармен жҥздескенде ҿтіп кеткен 
қырқыншы жылдардағы студенттік ҿмірдің ҿзім ҧмытып қалған детальдарын 
қойын дҽптерге жҽне тҥрте жҥрдім. Шығармаға отырар алдында 
университеттің Совет кҿшесіндегі ескі корпусын ҽдейі барып аралап 
шықтым.
Ҿзіміздің ескі аудиторияларға кірдім, кітапханаға бас сҧқтым. 
Университеттің 
Калинин 
мен 
Виноградов 
кҿшелеріндегі 
ескі 
жатақханаларын жағалай жҽне аралап шықтым. Дҽлізде жҥріп, бҿлмелердің 
нҿмірлеріне дейін ҥңіліп кҿз салдым. Қасымнан ҿтіп жатқан қыз-жігіттер 
менің осыдан жиырма жыл бҧрын ҿздері сияқты студент боп, осы 
бҿлмелердің бірінде жатқанымды, қазір сол студенттік ҿмір жайында кітап 
жазуға келгенімді, ҽрине, сезген де жоқ.
Ескі орындарды аралай жҥріп, мен кітабымның бас қаһармандарының 
бірі Ербол Есеновтың қандай болуы керектігін ойладым. Сҿз жоқ, ол Ҧлы 
Отан соғысына барып, жауды жеңіп қайтқан саналы қазақ жастарының 
жиынтық бейнесі болуға тиіс. Сондықтан да Ербол кітаптың алғашқы 
беттерінде Ҧлы жеңіске семіріп, туған жеріне, арман- астанасына 
сағынышпен жетіп, романтикалық кҥйде жҥрген солдат кҥйінде суреттеледі. 
Мысалы, оның Совет кҿшесін бойлап университетке келе жатуы, оның 
тас баспалдағына табаны тигендегі жан тебіренісі, университетке 
қабылданып, деканаттан шыққанда ҿзін асқар Алатаудың ҥстіндегі ақ 


Sauap.org
274 
бҧлттардың тҿбесінде қалықтап ҧшып жҥргендей сезінуі осыны дҽлелдейді. 
Алғашқы лекция ҥстіндегі оның қыздар туралы лирикалық ойы, группадағы 
отыз қыздың бҽрін бірдей ақылды, бҽрі бірдей сҧлу деп есептеуі осының 
айғағы. 
Ҽрине, тҿрт жыл қанды қырғынға қатынасып, соғыс кҥнделікті ісі боп 
кеткен адам оның ҥйреншікті ҽдеттерінен бірден арыла алмайды. Сондықтан 
да Ербол алғаш аудиторияға кіргенде ҿзіне қадалған отыз қыздың кҿзін тҥнде 
жау самолетін іздеген прожекторлардың айқыш-ҧйқыш сҽулесімен 
салыстырады. Алғашқы лекцияға келген оқытушы аты-жҿнін сҧрағанда ол 
орнынан атып тҧрып: «Сержант Ербол Есенов» деп тақ-тҧқ жауап береді. 
Соғыста болмаған, ҽскер тҽртібін білмейтін оқытушы тҥрегеп тҧрған 
солдатқа «отыр» деп айтпай, лекциясын ары қарай жалғастыра бергенде 
Ерболдың рҧқсатсыз отырмай, қақиып тҧрып қалуы – міне, осының бҽрі 
ҽскери дағды.
Ерболдың сол қақиып тҧрғаны кҿлденең жҧртқа кҥлкі боп кҿрінгенімен, 
сол сҽттің кҿп сыры бар. Бҧл біріншіден, Ерболдың бойына ҽскери тҽрбиенің 
мықтап сіңгендігін кҿрсетеді. Ал Ҧлы Отан соғысының жеңісі ҽскери 
уставтың талаптарын адал кҿңілмен атқаратын Ербол сияқты солдаттардың 
табандылығымен келген. Егер Ерболға қаптап келе жатқан қалың жаудың 
алдынан зеңбірекпен не пулеметпен жеке қалып, жалғыз шайқас десең, 
шайқасады. Ҿзгелер межелі жерге жетіп алып, жайғасқанша сен тапжылма, 
шаман жетпесе, сол жерде Отан ҥшін ҿл десең, ол оғы біткенше жаумен 
атысып, сол арада тапжылмастан ҿледі де. Ал Ерболдың бойына армия-
ананың сҥтімен сіңген бҧл қасиет ол ҽскерден қайтып келіп, студент болып 
аудиторияға кірісімен кете қалмайды. Оқытушы орнынан тҧрғызып алып , 
қайтадан «отыр» деместен лекциясын бастай жҿнелгенде Ерболдың жҧрт 
кезіне нысана, кҥлкісіне тиек болып, рҧқсат кҥтіп, бір сҽт тапжылмастан 
тҧрып қалған кҥлкілі жағдайында осындай бір астарлы жай жҽне бар. 
Рас, кейіннен ҽскери ҽдеттің кейбір сырт кҿріністері Ерболдың бойынан 
біртіндеп қала да бастайды. Бірақ ҽскери тҽрбиенің мҽні оның қанында мҽңгі 
сақталып қалады. Сондықтан да Ербол ҥлкендерді кҿргенде генералдың 
алдынан ҿткен солдаттай сызылады, нашар оқитындардың сабақ ҧғынуына 
кҿмектесіп, жолдастарының арасында коллектившілдік сезімін кҥшейтеді.
Ербол ҿз аузынан мынадай тҧжырым айтады: ананың емшек сҥті, мектеп 
тағылымы, ҽскер тҽрбиесі бірін-бірі толықтыра тҥседі; осы ҥш тҽрбиені 
бойына сіңірген адам асыл азамат болады. Сондықтан да ол Меңтайдың 
басқа біреуге берген сертін бҧздырмайды. Ҿйткені, ант бҧзу ана тҽрбиесіне
де, армия дҽстҥріне де жат іс – сҧмдық жай. Сол себептен де ол сҥйген қызын 
ондай сҧмдыққа итермелей алмайды. 
Автордың мақсаты Ербол мен Меңтай жақсы жігіт, білімді қыз екенін 
кҿрсетіп қана қою емес, солар арқылы халқымыздың бойындағы кейінгі 
ҧрпаққа, арғы, алыс болашаққа ҥлгі боларлық дҽстҥр, қасиеттерін насихаттау.
Сол қасиеттерді Меңтай мен Ерболдың бойына ҿлшеп піше отырып, 
жҧртқа жарасымды ҥлгі ҧсыну еді. «Апамның айтқандары», «Ҿз ойларым», 


Sauap.org
275 
«Алтын діңгек» дейтін нақыл тараулар, т. б. осы пікірді нығайтуға қосымша 
тҥрінде кірді. Ауыз ҽдебиетінің ҥлгі-нҧсқаларының ең асылдарын ауызға ала 
отыру да осы ниеттен туған. Ерболдың облыстық газетте тілщі боп жҥргенде 
ел ішіндегі ескі салт- сананың кейбір ерсі қылықтарын сынап-мінеуі де осы 
тілекпен қабысады. Сырт қараған кісіге жасық, жуас кҿрінген Ерболға автор 
осындай идеялық жҥк беріп, адамгершілік асыл қасиеттерін ҽр жҥрекке 
жеткізер елші міндетін жҥктеген, ҥміт артқан еді. Сондықтан мен кҿптеген 
оқырмандар пікіріне қосыла отырып, Ерболды «сырт қараған кісіге жуас, 
момын кҿрінетін - соғыста батыр, еңбекте ер боп шығатын, жаны жалынды, 
қарапайым қазақ жігіттерінің бірі» деп ҧғамын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет