1963-1970 Алматы
Sauap.org
262
«МАХАББАТ, ҚЬІЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР» КІТАБЫ ҚАЛАЙ
ЖАЗЫЛДЫ?
(Оқырмандарға жауап)
Менің «Махаббат, қызық мол жылдар» атты кітабым 1970 жылы жарық
кҿрді. Содан бері биыл ҥшінші жылға аяқ басты. Бірақ бҧған дейін де менің
оннан аса кітабым жарияланды. Жҧрт кезінде мені жақсы очеркист деп
таныды. Солай бола тҧрса да мен ол кітаптарымның бірде-біріне хат алған
емеспін.
Ал «Махаббат, қызық мол жылдардың» жалғыз ҿзіне ғана мыңға жуық
хат алдым. Бҧрын кейбір кітаптарыма бірді-екілі рецензия шығып, кей
кітаптарым атаусыз қала беретін. Ал мына романға республикалық,
облыстық, аудандық газеттер беттерінде отызға жуық пікір жарияланды. Сол
сияқты, бҧған дейін мен кітап оқушылар конференциясы, жазушының ҿз
оқырмандарымен кездесуі дегенді естігенім, кҿргеніммен, менің бірде-бір
кітабым бойынша конференция ҿтпеген, ҿзім жазушы ретінде оқырман
қауыммен кездеспеген едім. Ал осы роман жайында Қызылорда, Шымкент,
Қарағанды, Семей пединституттарында, Қызылорда мен Жамбыл
педучилищелерінде, астанамыз Алматыда С.М.Киров атындағы мемлекеттік
университет пен қазақтың Абай атындағы педагогтік институтында,
республиканың кҿптеген қазақ орта мектептерінде оқушылар конференциясы
ҿтті. Мен автор ретінде Қызылордадағы Мҽншҥк Мҽметова атындағы қыздар
педучилищесінің бес жҥз шҽкіртімен, Алматыдағы Қазақтың Абай атындағы
пединститутының тіл-ҽдебиет факультетінің студенттерімен жҥздестім.
«Махаббат, қызық мол жылдар» романына байланысты маған хат
жолдағандардың кҿпшілігі студенттер, орта мектептердің жоғары сынып
оқушылары, ауыл-селодағы жҧмысшы жастар, совет армиясы мен ҽскери-
теңіз флотының жауынгерлері. Солардың ішінде зейнеткерлердің де, ҥй
шаруасындағы ҽйелдердің де, ауыл интеллитенциясының да лебіздері бар.
Ҿз республикамыздың барлық облыстарынан хат алғандығымның
ҥстіне, туысқан Ҿзбек республикасының Ташкент, Самарқанд, Бухара,
Ферғана сияқты қалаларынан да хаттар келгенін, соның ішінде ҽсіресе,
Қарақалпақ АССР-інен кҿптеген хаттар алғанымды ерекше атап айтуым
қажет.
Осы хаттардың бҽрінде де оқырмандар алдымен ҿздерінің бҧл кітапты
оқығандарын білдіріп, мҧндай шығарманы ҧсынғаны ҥшін«Жазушы»
баспасына, авторға рахмет айтады.Сҿзіміз жалаң болмас ҥшін бірнеше хаттан
қысқаша ҥзінділер келтірейік.
Орал облысының Фурманов ауданынан механизатор Е. Ҽбдаров ҿз ойын
қысқаша ғана былай деп тҥйіндепті: «Махаббат, қызық мол жылдар»
романын нағыз махаббаттың сырын, мҽнін ҧқтыратын қҧнды шығарма деп
білемін. Тағы да айтар едім, бірақ та ҽттең, ҽттең тілім жетпейді». Ал
Талдықорған облысының Панфилов ауданынан келген хатта мынадай сҿздер
жазылған: «Ҽзілхан Нҧршайықовтың жақында шыққан «Махаббат, қызық
Sauap.org
263
мол жылдар» романын оқыдық. Бҧл кітап бізге ҿте ҧнады, ҽрқайсымызға да
ой салды. Сол кітаптағы кейіпкерлер осы кҥнде бар ма екен? Солардың шын
аты-жҿні кім? Ербол кім? Жомартбек пен Майраның ҿмірі қандай болды?
Бҧл сҧрақтарды қойған себебіміз бҧл кітапта Мҧхтар Ҽуезовтың аты мен
фамилиясы ҿзгерген. Мҥмкін Ербол да сол сияқты осы кҥнгі ақын,
жазушыларымыздың бірі шығар. Ҽлде бҧл романның екінші кітабы бар ма?
Біздің осы сҧрауымызды ескерусіз қалдырмай, жауап беруді ҿтінеміз.
Механизатор қыздар: Ахметова Тҧрсынбҥбі, Қамырбаева Пҽтігҥл».
Сол сияқты Шымкент облысы Қапланбек шаруашылық оқу орнының
агрономы Махамбет Алтаев ҿз пікірін былай хабарлайды: «Ҽзілхан
Нҧршайықов «Махаббат, қызық мол жылдар» романында осы заман
тақырыбының кҥрделі мҽселесі – жеке адамға деген махаббатты кҿпке деген
сҥйіспеншілікпен ҧштастыра біліп, дҽл бҥгінгі кҥннің кҿкейтесті жҽйттерінің
пернесін тап басқан. Адамгершілік, ізгілік шарттарын бҧзбауға, адал
махаббатты ардақтап, соның ыстық-суығына кҥйе білуге, еңбекшілдікке
ҥйретеді... Бҧл кітаптың жҥректерінде махаббат оты бар бҥкіл жастар
қауымының керекті қҧралына айналып, жақсы іске тҧлға боларына сенімі
зор. Осындай жан азығы мол, жақсы кітаптар берсе екен».
Челябі облысының ҽскери бҿлімінде қызмет етуші жауынгер Кҽкібай
Ҽйімбетов «Жазушы» баспасына кітапты оқығаннан кейін былай деп
жолдайды: «Соғыс кезінде Ербол ағаларға серік болған «Ақын» романы
сияқты, «Махаббат, қызық мол жылдар» кітабы біздің серігіміз болды.
Жорықтардан шаршап келгенде оны қолыма алып, оқи бастасам, біржола
шаршағанымды ҧмытып кетемін. Қасымдағы орыс жігіттеріне де бірнеше рет
ҽңгімелеп айтып бердім. Оларға да ҿте қатты ҧнады. Біздің взводтың
жігіттері сіздерге жҽне осындай қызық, тартымды роман жазып шығарған
Ҽзілхан Нҧршайықов ағайға кҿп-кҿп рахмет айтады». Житомир облысында
ҽскери борышын ҿтеп жатқан жауынгер Қуантай Бҧзаубаев бҧл романның
ҿзінің ҽскери борышын ойдағыдай атқаруға кҿмектескенін жазады.
Сҿйтіп оқырмандар ҿз хаттарында осылай, алдымен кітап жайындағы
пікірлерін білдіре келіп, ҿздерінің «ҽттеген-айларын» айтады: анау неге олай
болмады, мынау неге бҥйтпеді деген сияқты ҿз ҿкініштерін ортаға салады.
Осындай бірнеше сҧрақтарына жауап беруді ҿтінеді. Ондай сҧрақтарға
оқырмандармен бетпе-бет жҥздескенде толық жауап беруге мҥмкіншілік мол.
Ал конференцияда кездеспей, республиканың, тіпті, Отанымыздың алыс
тҥкпірлерінде жатқан оқырмандарға жеке-жеке жауап беру қажет.
Алғашқы 4-5 хат келгенде мен оларға қолма-қол жауап та бердім.
Ҿйткені мен ол кезде мҧндай кҿп хаттың астында қалармын деп ойламаған
едім. Бірте-бірте хат кҿбейе бастаған соң олардың ҽрқайсысына бҿлек-бҿлек
жауап жазып ҥлгере алмайтынымды аңғардым. Жҥзінші хат келгенде «Жҥз
хатқа жауап» деген тақырыппен газетке мақала жазуға, сҿйтіп оқырмандарға
баспасҿз арқылы жауап беруге ҧйғардым. Бірақ осы кезде науқастанып, ҧзақ
уақыт ауруханада жатып қалдым. Шынымды айтсам, сол науқастанып
жатқан кезімде оқырмандардан ҥзбей келіп тҧрған хаттар маған
Sauap.org
264
дҽрігерлердің емі мен дҽрісінен кем болған жоқ. Ҽр хат маған от берді,
жаныма жігер қҧйды.
Міне, ауруханадан шығып, қолыма қуат кіргеннен кейін, романым
жҿнінде жылы лебіздер білдіріп, хаттар мен қиын кҥнде демеу болған қадірлі
оқырмандарыма рақмет айту ҥшін қолыма қалам алып, осы жауапты жазуға
кірістім.Жоғарыда аталған мыңға жуық хатты тҥгел оқып шыққаннан кейін
солардың ішіндегі барлық оқырман ҥшін ортақ мҽні бар деген оншақты
сҧраққа жауап беруді жҿн кҿрдім.
Олар мыналар:
Достарыңызбен бөлісу: |