Әзірлеген: Дәулетияр Ш. Б. «Inter-Lingua» лицейінің химия пәні мұғалім Алматы қаласы Білім басқармасының ҚббжтғӘО



бет14/23
Дата07.02.2022
өлшемі2,42 Mb.
#87967
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
хим каз-8

3. Онлайн ресурстар
1. https://bilimland.kz/ немесе https://daryn.online/ сайтындағы видеоларды көріп, өзіңе қажетті материалдарды дәптеріңе көшіріп жаз.
4.Тапсырмалар :
1. Келесі реакция теңдеулерін теңестір:Ca+O2→, Na+O2→,K+Cl2→,Ba+S→,HCl+Mg→,HCl+ Na→
2. Химиялық реакцияларды құрастыру ережелері қандай?
5. Кері байланыс:
тапсырманы орындап, жауабын Whats App, электронды почта арқылы жіберіңіз. Бұл тақырып бойынша сізге берілген мақсаттың қайсысы қиындық туғызды

Химия пәнінен 8 сынып оқушысы -----------------------өзіндік жұмыс жоспары.
I тоқсан
Қолданылатын оқулық: М.Қ.Оспанова, Қ.С. Аухадиева, Т.Г.Белоусова Химия 8 сынып
Сабақтың нөмірі: 8
Сабақтың тақырыбы: Зат масссасының сақталу заңы. №1көрсетілім «Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін тәжірибе
1.Оқу мақсаты: 8.2.3.4 -заттар массасының сақталу заңын білу;
2. Конспект
Көптеген тәжірибелер жүргізу арқылы химиялық реакцияға қатысушы заттардың массасының кемімейтіндігі де, артпайтындығы да анықталды.
1748 жылы орыс ғалымы Ломоносов алғаш рет зат массасының сақталу заңын тұжырымдаған болатын. Кейін 1756 жылы металдарды жабық ыдыстарда балқыту тәжірибе жүзінде дәлелдеген. 1789 жылы Ломоносовтан тәуелсіз түрде француз химигі Лавуазье химиялық реакция кезінде тек заттардың жалпы массасы емес, әрбір заттың құрамына кіретін элемент массасы сақталатынын анықтады.
Химиялық реакцияға қатысқан заттардың жалпы массасы одан түзілетін заттардың массасына тең болады. Бұл тұжырым барлық заттар үшін дұрыс және ол зат массасының сақталу заңы деп аталады. Атомдар жоқтан пайда болмайды және бардан жоғалып кетпейді. Сол себепті дұрыс жазылған химиялық реакция теңдеуінде заттардың атомдар саны реакция өнімдерінің атомдар санына тең болады.
1.Реакция кезінде атомдар сақталса, реакцияға түскен барлық атомдардың массасы сақтала ма?
Осы тұста оқушыларға белгілі темір сульфидін алу реакциясын көрсетуге болады. Заттардың құрам тұрақтылық қағидасына сай 7 г темір, 4 г күкірт өлшеп алу керек. Бастапқы заттарды өлшеймін, реакция аяқталғаннан кейін түзілген өнімді өлшеймін. Сонда түзілген өнімнің массасы 11 г, ал бастапқы алған заттардың жалпы массасы да 11 г-ға тең болады. (КК) Тәжірибені талдау нәтижесінде оқушылар химиялық реакцияда түзілген өнімдердің массасы бастапқы заттардың жалпы массасына тең болады деген қорытындыға келеді.
Іс жүзінде көпшілік жағдайда бұл ой дұрыс емес сияқты болып көрінеді. Неге?
Алдын ала өлшеніп алынған темір ұнтағы не мыс ұнтағы қыздырылады. Бастапқы заттың түсінің өзгергеніне оқушылар назарын аудара отырып, химиялық реакцияның жүріп жатқанын айтамын.Түзілген өнім өлшенеді. Бастапқы және реакция нәтижесінде түзілген өнімнің массалары тең емес екеніне оқушылардың көзі жетеді. Оқушылар үшін туған бұл қарама- қайшылықты М.В.Ломоносовтың жүргізген тәжірибесін айтып, түсіндіремін. Осыдан кейін оқушыларды зат массасының сақталу заңының қазіргі анықтамасымен таныстырып, дәптерлеріне жазғызамын.
Енді зат массасының сақталу заңының маңызына тоқталайық .
Біріншіден, бұл заң табиғатта заттардың жоқтан пайда болмайтынын немесе мүлдем жойылмайтындығын, яғни материяның мәңгі екендігін дәлелдейді. Осы арқылы оқушыларда материалистік көзқарас қалыптасады, дүние танымдары кеңейеді.
Екіншіден, бұл заң химиялық реакцияның мәнін ашады, яғни бастапқы заттардың құрамындағы атомдар реакция нәтижесінде түзілетін заттардың құрамына кіреді. Бастапқы заттардың атомдары өзара қайта топтасып, жаңадан байланысуының нәтижесінде жаңа заттар түзіледі.
Үшіншіден, бұл заң химиялық реакция теңдеуін жазуға, сол теңдеу көмегімен есептеу лер жүргізуге мүмкіндік туғызды. Демек ,бастапқы заттардың біреуінің массасы белгілі болса реакцияға түскен басқа заттардың не түзілген заттардың массасын есептеп шығаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет