Әзірлеген: Дәулетияр Ш. Б. «Inter-Lingua» лицейінің химия пәні мұғалім Алматы қаласы Білім басқармасының ҚббжтғӘО


Конспект Химиялық реакция теңдеулері. Химиялық құбылыстар жазбаша түрде химиялық теңдеу



бет13/23
Дата07.02.2022
өлшемі2,42 Mb.
#87967
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
хим каз-8

2. Конспект
Химиялық реакция теңдеулері. Химиялық құбылыстар жазбаша түрде химиялық теңдеу деп аталатын шартты белгілер арқылы беріледі. Математикалық теңдеулерге қарағанда теңдеудің оң және сол жақтарын бөліп алып қарауға болмайды. Теңдеудің сол жағында жазылған заттар реагенттер, ал оң жағындағылар өнімдер болып саналады. Реакция сызбасы: A + BC + D
реагенттер→өнімдер, Реагенттер – химиялық өзгеріске ұшырайтын заттар. Өнімдер – химиялық реакция нәтижесінде түзілетін заттар. Химия саласының мамандары химиялық теңдеулерде сөз жүзінде айтылғаннан көбірек мәлімет көрсету үшін арнайы таңбалар мен химиялық формулаларды пайдаланады. Екі жақ бір-бірінен өзгерістің бағыты көрсетілетін нұсқаумен бөлініп тұрады. Нұсқау химиялық реакцияның бағытын көрсету үшін ыңғайлы. Химиялық теңдеулерді құру үшін химиялық символдар мен цифрлардан тұратын химиялық қосылыстардың формулалары қолданылады. Химиялық реакция теңдеуін құру алгоритмі
1. Теңдеудің сол жағына реагенттердің химиялық формулаларын жазамыз (реакцияға түсетін заттар). Жай газ тәріздес заттардың молекулалары екі атомды – H2, N2, O2, F2, Cl2, Br2, I2. Реагенттер арасында «+» белгісін, кейін нұсқарды қоямыз: Al + O2 ⟶
2. Оң жағына (нұсқардан кейін) өнімнің химиялық формуласын жазамыз. Химиялық формулаларды химиялық элементтер атомдарының валенттігін ескере отырып, құру керек: Al + O2 ⟶ Al2O3
3. Зат массасының сақталу заңына сәйкес реакцияға дейінгі және кейінгі атомдар саны бірдей болу керек. Бұл химиялық реагенттер мен өнімдердің алдына коэффицентер қою арқылы жүзеге асады.

    • Алдымен атом саны көп реагент немесе өнімнен теңестіруді бастайды.

    • Бұл мысалда атом саны көп реагент оттек атомдары болып табылады.

    • Теңдеудің оң және сол жақтағы оттек атомдарының ең кіші ортақ еселік санын табамыз. Оттек атомы үшін ең кіші ортақ еселігі – 6:



    • Ең кіші ортақ еселік санды атомдар санына бөлу арқылы коэффиценттерді тауып, алынған цифрларды химиялық реакция теңдеуіне қоямыз: Al + 3O2 ⟶ 2Al2O3

    • Зат массасының сақталу заңы орындалмады, себебі алюминий атомдары теңеспеді. Оттекті теңестіргендей алюминийді дәл солай теңестіреміз:



    • Химиялық реакция теңдеуінің соңғы нұсқасын жазып, нұсқар орнына теңдік белгісін қоямыз. Зат массасының сақталу заңы орындалды:

4Al + 3O2 ⟶ 2Al2O3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет