3. Онлайн ресурстар
1. https://bilimland.kz/ немесе https://daryn.online/ сайтындағы видеоларды көріп, өзіңе қажетті материалдарды дәптеріңе көшіріп жаз.
4.Тапсырмалар
5. Кері байланыс:
тапсырманы орындап, жауабын Whats App, электронды почта арқылы жіберіңіз. Бұл тақырып бойынша сізге берілген мақсаттың қайсысы қиындық туғызды
Химия пәнінен 8 сынып оқушысы -----------------------өзіндік жұмыс жоспары. I тоқсан
Қолданылатын оқулық: М.Қ.Оспанова, Қ.С. Аухадиева, Т.Г.Белоусова Химия 8 сынып
Сабақтың нөмірі: 6
Сабақтың тақырыбы: Химиялық формулалар бойынша есептеулер
1.Оқу мақсаты: 8.2.3.1 -заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару
2. Конспект
Заттың химиялық формуласы. Химиялық формула – заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер көмегімен шартты түрде бейнелеу. Заттың құрамын элементтердің таңбалары мен индекстерінің (молекуладағы атомдардың саны) көмегімен көрсетуді 1814 ж. Й. Берцелиус ұсынды. Химиялық формула молекуладағы қай элементтердің атомдары және қандай қатынаста байланысқанын көрсетеді. Мысалы, H2O судың формуласы. Су молекуласы сутек пен оттек элементтерінен және сутектің екі атомы мен оттектің бір атомынан тұратынын көрсетеді. Эмпирикалық формула. Химиялық қосылыстың эмпирикалық формуласы бүтін сандық элементтер қосылысының қарапайым сандық арақатынасын көрсетеді. Егер қосылыстың эмпирикалық формуласы белгілі болса, онда элементтер арасындағы қатынасты анықтауға болады. Химиялық қосылыстың формуласы тәжірибе жолымен де анықталады. Қосылыстың молекулалық формуласы қосылыс молекуласындағы әр элемент атомының нақты санын анықтайды. Молекулалық формула (кейбір жағдайда) – белгілі бір санға көбейтілген эмпирикалық формула. молекулалық формула = (эмпирикалық формула)n эмпирикалық формула: HO молекулалық формула Н2О2
Күрделі заттар құрамындағы элементтердің массалық үлестері бойынша бинарлы қосылыстардың формуласын анықтау. Химиялық формулада индекстердің қатынасы қосылыс құрамына кіретін элементтердің зат мөлшеріне сәйкес келеді. Бұл оның құрамына кіретін элементтердің белгілі массалық үлестері бойынша заттың химиялық формуласын есептеу үшін негіз болып саналады.
Күкірттің массалық үлесі 40% болатын күкірт оксидінің формуласын табу керек делік. Күкірт оксидінің 100 грамы бар деп есептейік. Демек, осы үлгідегі күкірттің массасы 40 г болса, оттектің массасы 60 г болады. Күкірт пен оттектің мөлшерін формула бойынша есептейік.
n(S) =40/35=1.25 моль, n(O) =60/16=3.75моль, x =1.25/1.25=1, y =3.75/1.25=3
Сонымен, күкірт пен оттек мөлшерлерінің қатынасы 1:3 тең болады. Демек, заттың формуласы SO3 болады.
Бинарлы қосылыстар – әртүрлі химиялық құрылымы бар, бірақ екі түрлі атомнан тұратын заттар тобы.
Мысалы: H2O, H2S, KBr, N2O, NH3, H2O2, MgCl2 және т.б. Бинарлы қосылыстарды қарапайым заттардан синтездеп немесе басқа да әдістермен алады.
Формуланы анықтау алгоритмі:
Берілген эмпирикалық формула бойынша элементтердің атомдық массаларын анықтау;
Шартта берілген массалық үлестерін пайдаланып, сәйкесінше элементтің атомдық массаларына бөлу;
Шыққан сандардан ең кіші санды анықтаймыз. Алынған санды қайтадан ең кіші санға бөлу.
Достарыңызбен бөлісу: |