Әзірлеген: Дәулетияр Ш. Б. «Inter-Lingua» лицейінің химия пәні мұғалім Алматы қаласы Білім басқармасының ҚббжтғӘО



бет8/23
Дата07.02.2022
өлшемі2,42 Mb.
#87967
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
хим каз-8

3. Онлайн ресурстар
1. https://bilimland.kz/ немесе https://daryn.online/ сайтындағы видеоларды көріп, өзіңе қажетті материалдарды дәптеріңе көшіріп жаз.
4.Тапсырмалар
1. 10 катион жане 15 анионның түзілу механизміні көрсет.
5. Кері байланыс:
тапсырманы орындап, жауабын Whats App, электронды почта арқылы жіберіңіз. Бұл тақырып бойынша сізге берілген мақсаттың қайсысы қиындық туғызды.


Химия пәнінен 8 сынып оқушысы -----------------------өзіндік жұмыс жоспары. I тоқсан
Қолданылатын оқулық: М.Қ.Оспанова, Қ.С. Аухадиева, Т.Г.Белоусова Химия 8 сынып
Сабақтың нөмірі: 5
Сабақтың тақырыбы: Қосылыстар формуласын құрастыру.
1.Оқу мақсаты: 8.1.3.6-«нольдік қосынды» әдісімен қосылыстардың формуласын құрастыру
2. Конспект

Иондық қосылыстарының формулаларын құру. Иондық қосылыстар металл катиондары мен бейметалдардың аниондарының әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Оң және теріс иондар, тұтастай алғанда иондық байланыстың электрлік заряды болмайтындай пропорцияда болады (нөлдік заряд ережесі). Иондық қосылыстардың формулаларын құру ережесі. Металдар мен бейметалдар иондары иондық байланыс түзген кезде олардың қарама-қарсы зарядтары тең болу керек (яғни нөлге жету керек). Дұрыс формуланы жазу үшін барлық атомдардың ион зарядтарын білу керек. Әрбір элементтің зарядын табу үшін периодтық кестені қолдан. Мысалы, литий хлоридінің формуласын құрайық. Литийдің таңбасы: Li. Ол +1 зарядқа ие. Хлорид – хлор атомының ионы, оның таңбасы Cl, оның заряды –1 тең, 17 топта орналасқандықтан тұрақты күйге (октет) жету үшін оған бір электрон жетіспейді. Литий мен хлорид иондарының зарядтарының сандық мәндері қарама-қарсы зарядталған 1 санына тең болғандықтан, олар қысқарады да жалпы заряд нөлге тең болады. Демек литий хлоридінің формуласы – LiCl. «1» индексі таңбалардың қасына жазылмайды. Енді натрий сульфидінің формуласын құрайық (натрий мен күкірттен құралған бинарлық қосылыс): Натрий Na, периодтық кестенің бірінші тобында орналасқан, сәйкесінше натрий ионы +1 зарядқа ие. Күкірт S, –2 зарядқа ие. Нөлдік қосынды ережесіне сәйкес оң зарядтардың саны теріс зарядтардың санына тең болу керек. Натрий +1 зарядка ие болғандықтан, натрийдің жиынтық заряды +2 болу үшін 2 атом натрий қажет болады. Натрий сульфидінің формуласы Na2S болып белгіленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет