Қолдың бір саусағына байлам салған кезде мейірбикенің іс - әрекет алгоритмі .
Көрсеткіші: Жарақаттар,күйік.
Жабдықтар :
Бинт,ені 5см;
Іс-әрекетінің алгоритмі:
Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу,жарақаттанған қолдың жағынан білекті столдың үстіне орналастыру,қолдар бос болу керек.
Тыныштандыру,өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.
Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу,бинттің басын –оң жақ қолға,сол жақтан оң жаққа қарай бинттеу.
Білезік буынға байламды орналастыру.
Білек аймағында 2 бекітілген тур жасау.
Білезік буыннан бастап байлайтын саусақтың негізіне бинтті жүргізу.
Саусақтың негізінен бастап бас жағына дейін спираль тәрізді турлармен бинттеу.
Қолдың сырт жағынан білезік буынға дейін бинтті өткізу.
Білезік буынға бекітетін турлармен байламды бітіру.
Бинттің шетін кесіп, түйінге байлау.
Есте қалдыру:Бір саусаққа байлам салу үшін «қайталанатын», «масақ» тәрізді байламды салуға болады.
Бір саусаққа «Қайталанатын» байлам салған кезде мейірбикенің іс - әрекет алгоритмі .
Достарыңызбен бөлісу: |