Ф 03-03 Жапбарова Г. А. «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет6/26
Дата09.11.2022
өлшемі243,2 Kb.
#157346
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Genetics lab, курстық жұмыс талаптар
Бақылау сұрақтары:
1. «Тәрбиелік жүйе» дегеніміз не?
2. Тәрбиелік жүйенің негізгі компоненттері қандай?
3. Тәрбие жүйесінің құрылуы?
4. Тәрбие жүйесінің даму кезеңдерін сипаттаңыз.


2-тақырып. Бастауыш мектептегі тәрбие жүйесі
3-Дәріс
Тақырыбы: Тәрбие жүйесі ұғымы.
Жоспары:
1. Мектептің тәрбие жүйесі мектептегі тұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылыс және балаларды әлеуметтендіру мен дамытуға мақсатты түрде бағытталған фактор ретінде.
2. Тәрбие жүйесі дамуы мен қалыптасуының теориясы мен әдістемесі және кезеңдері.
3. Мектеп пен сыныптағы тәрбие жүйесінің өзара байланысы. Қазақстан мектептеріндегі тәрбие жұмысының жүйесі.
Мақсаты: студенттерге мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың қызметтері мен міндеттері туралы білімін қалыптастыру.
Негізгі ұғымдары: мектептегі тәрбие жұмысы, мектеп директорының қызметі, оқу-тәрбие меңгерушісінің қызметі, тәрбие жөніндегі директор орынбасарының қызметі мен міндеті.
Ұсынылған дебиеттер:
1. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, Мектеп, 1989.
2. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. –Алматы: Дарын, 2004.
Реферат тақырыптары:
1. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері.
2.Мектептегі тәрбие жұмысының ұйымдастырырылуына жауаптылардың міндеттері.
3. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға жауапты мектеп әкімшілігі мүшелерінің қызметтері мен міндеттері.

Біздің еліміздегі экономикалық және әлеуметтік прогресте жалпы білім беретін мектептердің барлық даму сатысында білім беру жүйесі маңызды роль атқарады. Мектептің негізгі міндеті – жаңа қоғамда тұлғаның дамуы мен қалыптасуында қоғамдық талапты шешіп орындауы үшін, алдын-ала барлық қажетіліктерді жасау. Мектептегі барлық құрылымда өкімнің түпкілігі және қарқынды дамуынан инновация дами түседе. Жыл сайын жұртшылықтың мектепке әсері, қызметтің өркендеуі мектепішілік басқарудың күрделенуі күшейе түсуде.


Жалпы білім беретін мектептерді басқару-күрделі динамикалық прогресс, соның ішінде оларға өз алдына мақсат пен міндет қою, оқу тәрбие жұмысының деңгейінін мәнін талдау мен зерттеу, мектептегі педагогикалық кеңес жұмыстарын толық жетілдіріп іздену, барлық педагогикалық ұжымының координациясын күшейту, ғылыми негізде мектеп қызметшілердің басқару жатады.
Мектептің басты шығармашылық позициясын қалыптастыру, алқалық органның мұғалімдік ұжымға айналуынан педагогикалық кеңес-мектепті басқаруда басты роль атқарады. Тәжірибеде көрсетілгендей, көптеген мектеп директорлары оқу тәрбие жұмысындағы мұғалімдердің, сынып жетекшілердің және тәрбиешілердің маңызды мәселерін шешу үшін педагогикалық кеңесті кең көлемде қолданады. Мектеп қызметіндегі негізгі арнайы мәселер арқылы педагогикалық кеңесті кең көлемде қолданады. Мектеп қызметіндегі негізгі арнайы мәселер арқылы педагогикалық кеңес шешім қабылдайды, сондықтан мектеп директорының қолымен бекітілген соң, барлық ұжым мүшелері орындауға міндетті, міне басқарушы ролі осыдан тұрады.
Мектеп басшылығының қызметтері ҚР-нің Білім беру министрілігі бекіткен арнайы ережелер жиынтығымен анықталады, бұл ережелер мектеп директорының, оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі мәселелері бойынша орынбасарлары мен басқа да педагогикалық кадрлардың іс-әрекетін реттейді.
Мектеп директорының басшылық қызметі, оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшін арнайы жауапкершілігі бар. Мектеп директорының міндеттері:
- кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыру, меттептің педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалімдер кәсіби, ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалық деңгейін көтеруге жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу, оқыту мен тәрбиенің озат педагогикалық тәжірибесін енгізу;
- оқу-тәрбие үрдісінің барысын, оқушылар білімінің сапасы мен жеке тұлға ретінде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау;
- оқушылардың кәсіби бағыты бойынша тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру және оларға өмірде өз жолын табуға кеңес беру;
- оқушылардың өзін-өзі басқару органдарына практикалық көмек көрсету және оның іс-әрекетін бесендіру, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру бойынша мұғалімдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарымен іскерлік ынтықмақтастық қатынас жасау;
- еңбек туралы Заңға, мектептің ішкі тәртіп ережелері мен Жарғысына сәйкес мектеп ызметкерлерінің індеттерін анықтау мен нақтыландыру;
- ата-аналар қоғамдастығы органдарының жұмысын ұйымдастыру мен оларға басшылық жасау;
- жергілікті қоғамдық ұйымдар, мекемелер және негізгі кәсіпорындармен іскерлік байланыс орнату;
- мектептегі қажетті санитарлық-гигиеналық тәртіпті орнату, оқушылардың, мұғалімдер мен мектептің қызмет көрсету адамдарының сабақтастығы және іс-әрекеттің басқа да түрлері барысында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік шараларын сақтау;
- мектептің қазіргі заманғы оқу-материалдық базасын нығайту мен дамыту;
- мектептің педагогикалық кеңесімен келісіп, мұғалімдерді және мектептің басқа да қызметкерлерін мадақтау мен марапаттауға ұсыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет