Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет42/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59
Байланысты:
құс аурулары

Дәріс №11
Маллофагоз

Аурудың дамуы, өтуі, клиникалық белгілері.

Аурудың патанатомиялық өзгерістері.

Дифференциалды диагнозы, емі, алдыналу және күресу шаралары
Маллофагоздар - сүтқоректілер мен құстардың энтомоз ауруы. Бұл аурулар тобын Mallophaga тегіне жататын тұрақты сыртқы паразиттер қоздырады. Ауруға шалдыққан жануарлар қышынады, аздап түгі, құстардың қауырсыны, мамығы түседі, мал мен құс арықтайды, өнімі төмендейді.

Қоздырғыштары. Маллофагоздын қоздырғыштары-қанатсыз, ұсақ жәндіктер. Сүтқоректілерде маллофагоз ауруларын жүнжегіштер, ал құстарда-мамық жегіштер қоздырады. Олардың түрлері өте көп, бірақ баршасы осы Mallophaga тегіне жатады. Сүтқоректілер денесінде кездесетін жүнжегіштердің бірқатары Trichodectidae тұқымдасына жатады. Ірі қарада Bovicola bovis түрі, жылқыда В. egui, койда В. ovis, ешкіде В. сартас түрлері өмір сүреді. Сондықтан бәрі ауруларды бовиколез деп те атайды.

Құстарда Menoponidae тұқымдасынан көбінесе мамык жегіштің бір түрі Menopengallinae және Philopteridae тұқымдасына жататын қауырсын жегіш түрлері Lipeurus caponis және Gonoides hologaster жиірек кездеседі.

Маллофагоздар қоздырғыштарының дене тұрқы 1,5-2,5 мм, бастары кеуде бөлімінен жалпақтау, мұртшалары 4-5 буылтықтан тұрады. Ауызы кеміруге бейімделген, себебі олар жүн, қауырсын сияқты қатты заттармен қоректенеді. Көздері нашар дамыған. Кеуде бөліміне 3 жұп аяқтары бекиді, олардың әрқайсысында бір немесе екі тырнақшалары бар. Құрсақ бөлімі ұзынша сопақтау, 8-9 буылтықтан құралған. Барлығының денесі арқа жағынан іш жағына қарай жалпиған, сарғыш-қоңыр түсті, әр түрінің құрылысында көптеген ерекшеліктері бар.

Жүншегіштер мен мамық жегіштер жануарлар денесінің әр жерін мекендейді әдетте жылдың салқын (суық) кезеңінде кездеседі. Жазғытұрым паразит саны күрт төмендейді. Жайылым маусымында олар терінің ылғалды және күн сәулесі түспейтін жерлеріне тығылып қалады.

Өсіп-өнуі. Жыныстық түрмен ұрықтанған ұрғашылары 20-60

жұмыртқа салады. Жұмыртқалары ақшыл түсті, сопақ пішінді, тұрқы 0,5-1 мм, олар түктің тамыр жағына, ал құстарда қауырсынның пәріне немесе теріге жыныс мүшелерінен шыққан желіммен жапсырылады. Кейбір мамық жегіштердің жұмыртқаларының қармақ тәрізді ілмектері болады, олар құс денесіне мықтап жабысуына мүмкіндік береді. Жұмыртқалардан 7-12 тәуліктен соң балаң сатысы шығады, олар сырттай қарағанда ересектеріне ұқсас, бірақ тұрқы кішірек. Балаң сатысы 12-20 тәулікте үш рет түлеуден кейін ересек имагоға айналады.

Эпизоотологиялық деректер. Инвазия көзі - маллофогозбен ауру мал мен құс. Маллофагтар немесе осы аурудың қоздырғыштары ауру мал сау малмен жанасқанда және басқа да заттар арқылы жұғады. Малды ылғалды қораларға тығыз қамау, нашар азықтандыру және мал күтімі жоқтығы маллофагтардың таралауына мүмкіндік туғызады.



Аурудың дамуы. Жануарлар денесінде маллофаггар теріні қышытады, сондықтан дерматит дамиды. Ауруға шалдыққан мал қасынады, мазасы кетеді. Мал терісінің физиологиялық қызметі бұзылып, мал арықтайды, төлдің өсіп-өнуі тежеліп, жұқпалы ауруларға төтеп беру қасиеті төмендейді. Маплофагтардың кейбір түрлері ішқұрттардың аралық иесі немесе кейбір індет ауруларының тасымалдаушысы болып табылады. (тауықтың азия обасы және т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет