Дифференциалды диагнозы.Туберкулез ауруын эпизоотологиялық мәліметтеріне , клиникалық белгілеріне , патанатомиялық өзгерістеріне
және бактериологиялық зерттеулер мен туберкулин енгізу нәтижелеріне қарай анықтайды . Бактериологиялық әдіспен зерттеу үшін төсеніш
шыныны зақымданған органдарға тақап жұғынды алады да , оны
Циль- Нильсен әдісімен бояп , микроскоп арқылы зерттейді .
Туберкулкзді анықтауда жиі қолданылатын әдіс -- тері ішіне екі
рет туберкулин енгізу . Туберкулинді тауық алқа терісіне 0.1 мл
мөлшерде жібереді . Нәтижесін бірінші рет енгізгенде 24—48 сағ
өткенде, екінші рет енгізгенде 24 сағ өтісімен тексеріледі .
Туберкулин екінші рет -96 сағ кейін енгізеді . Туберкулин енгізген
жер сәл дүмписе , бірақ ісінбесе , қызбаса , реакция күдікті деп
есептеледі . Құс сау болса , туберкулин енгізілген жерде ешқандай
реакция пайда болмайды .
Емі. Емдеу әдістері әлі табылған жоқ .
Достарыңызбен бөлісу: |