Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Дәріс №8 Тауық кокцидиозы



бет32/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59
Байланысты:
құс аурулары

Дәріс №8
Тауық кокцидиозы

Аурудың дамуы, өтуі, клиникалық белгілері.

Аурудың патанатомиялық өзгерістері.

Дифференциалды диагнозы, емі, алдыналу және күресу шаралары
Кокцидиоздар- жердің қай түкпірінде болса да кездеседі. Бір клеткалы қарапайым жәндіктер тудыратын ауруларды протозойлық аурулар деп атайды. Жеке жәндік денесі микроскоп арқылы ғана көрінетін жалғыз клеткадан тұрады. Оның құрамына ас қорыту, қажеті жоқ заттарды сыртқа шығару, қимылдау процесстерін атқаратын кейбір органеллалар кіреді.

Тауық кокцидиозы- балапан ішегін зақымдайтын протозойлық ауру. Оны споровик класына жататын бір клеткалы қарапайым жәндіктер тудырады.

Кейде Эймериоз деп те атайды.

Қоздырғышы. Кокцидилерді тауық денесінен 1878 жылы Эймер тапқан. Қазіргі кезде тауық денесінен кокцидидің оннан аса түрі табылған. Ал Қазақстанда құс өсіретін шаруашылықта тауық денесінен кокцидидің алты түрі табылды.

1.Eimeria maxima

2.Eimeria tenella

3.Eimeria acervulina

4.Eimeria praecox

5.Eimeria mitis

6. Eimeria necatrix

Жоғарыда аталған tenella, necatrix уытты келеді. Бұлардан туған ауру ауыр өтеді. Ал қалғандары онша уытты емес.

Эпизотологиялық мәліметтер. Індет тарату, жалғыз ауру тауық өзінің нәжісімен күніне сыртқа 9-10 млн ооциста шығарады. Ластанған құрал- сайман, азықты шоқыса ауру жұғады.Шаруашылық жағдайында кокцидиоз көктем мен күзде өршиді(жылу, ылғал).



Аурудың дамуы .Кокцидилер әдетте ішектің кілегей қабығында орналасады. Мұнда эпителлий клеткаларын ірітіп, ішектің ішкі бетін ойып, сыдырып түседі. Ішек ас қорыту қабатынан айрылып , зат алмасуы бұзылады . Денесіне уытты заттар сіңіп , уланады . 5-7 күнде ішек ішіне қан құйылып және уланудан тауық өледі .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет