Дәріс №9
Тауық аскаридозы
Аурудың дамуы, өтуі, клиникалық белгілері.
Аурудың патанатомиялық өзгерістері.
Дифференциалды диагнозы, емі, алдыналу және күресу шаралары
Тауық аскаридозын askaridae тұқымдасына жататын askaridae galli деген жұмыр құрт тудырады. Аскаридоз тауықтың ең көп тараған гельминтоздарының бірі. Бұл ішқұрт ауруы құс өсірушу шаруашылықтарға балапандарының өсуінің тежелуі, оның өлімге ұшырауы, тауық жұмыртқасының кемуі арқылы үлкен зиян келтіреді. Тауықтардан басқа аскаридалар күрке және мысыр тауықтарын, қырғауылды да жиі зақымдайды.
Қоздырғышы. Тауықтектестілердің ақшыл сары түсті ең ірі неметодасы. Еркегінің ұзындығы 2,5-7,0 см, ұрғашынікі 6-12 см. Еркегінің ең тең спикуласы бар, ал оның құйрығының шеткі бөлігінде бірнеше сезімтал бүртіктер (емізікше) жайғасқан, ал клоаканың алдында етті жабысқақ орналасқан. Ұрғашысының жыныс тесігі денесінің алдынғы жағынан ашылады. Жұмыртқасы сопақша келген, оның көлемі 0,07-0,08 л 0,04-0,05 мм.
Өсіп-өнуі. Алғашында ұрғашысы сыртқы ортаға жетілмеген жұмыртқалар шығады. Сыртқы ортада қолайлы жағдайда 15-20 күн аралығында олардың ішінде жетілген балаң құрттар өсіп-өнеді. Тауық тұқымдас құстар денесіне балаңқұртты жұмыртқалар жем-су арқылы енеді. Аскаридия жұмыртқаларынан құс ішегінде балаңқұрттар шығып ішек бойымен жалжып отырып, он екі елі ішектің кілегей қабына еніп, 9-10 күндей күнелтеді. Одан әрі олар кілегей қабыққа терең бойлап 18 күн дамиды. Дамыған жас аскаридалар ішек қуысына қайта шығып ересек құртқа айналады. Аскаридияның толық даму айналымы тауықтың зақымданған уақытынан, оның денесіндегі өсіп-жетілу кезеңдерін қосқанда 28-56 күн аралығында өтеді. Тауық ішегінде бұл нематода 9-14 ай бойы тіршілік етеді (орта есеппен 1 жыл).
Эпизоотологиялық мәліметтер. Аскаридозбен көбінесе жас балапандар 8-10 айлығында ауырады. Ал ересек тауықтар негізінен жылан құрт сақтаушы, таратушы болып табылады. Аскаридияға орыстың ақ тауық тұқымдары төзімсіз, ал род-айленд туысы төзімдірек келеді. Құс балапандары қыстап шыққан нематода жұмыртқалары арқылы залалдануы мүмкін. Бұл гельминттер өте өсімтал. Өзінің өмірінде құрттың бір ұрғашысы 50 мыңға жуық жұмыртқаға дейін бөліп шығарады. Аскаридоз қоздырғышының негізгі ошақтары құс қоралары, аула маңы яғни саңғырықтың жинақталған орындары. Дымқыл жеткілікті, көлеңкелі, шөбі қалың, бұталы жерлерде құс көп және жиі зарарданады. Ал ашық алаңдар мен күн сәулесі түсетін жерлерде паразит жұмыртқалары тез қырылады. Құстар жыл мезгілінің кез келген мезгілінде дертке шалдығуы мүмкін, дегенмен де ылғалы мол жылдары ауру кеңінен етек алады.
Аскаридоз құртының көбеюі не азаюы белгілі бір кезеңмен бірге, қоршаған орта жағдайына және құс шаруашылығының сипатына да байланысты.
Аурудың дамуы. Ең алдымен ішектің кілегей қабығы мен бездерінің жарақаттануынан басталады. Тауық ішегін мекендеген аскаридиялар оның бүрлерін жаралап, және либеркюн бездері қызметін бұзады. Нәтижесінде ішектен қан кетіп, құс созылмалы ауруға ұшырайды. Әртүрлі зардаптық микрофлоралардың енуіне қолайлы жағдай туады. Ішек бойында нематодалардың өте көп мөлшерде жиналуынан оның қуысы бітеліп, жырылып кетуі мүмкін.
Паразиттер бөліп шығаратын улы заттар құс денесін уландырады. Соның арқасында қан мөлшері азаяды, балапандардың өсуі тежеледі, мекиеннің жұмыртқалауы кемиді. Ауру тауықтарда витамин алмасуы бұзылып, А гиповитаминоз пайда болады. Құстардың басқада індет қоздырғыштарына төзімділігі төмендейді. Бауыр, ретикулоэндотелиялық жүйке қызметтері нашарлайды. Эндокрин бездері мен ас қорту мүшелерінің де қызметтері бұзылады. Бұл ауру әрі қарай тауықты әбден әлсіретіп арықтатады, ақыры өлімге ұшыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |