Дәріс № 10
Құс спирохетозы
Аурудың дамуы, өтуі, клиникалық белгілері.
Аурудың патанатомиялық өзгерістері.
Дифференциалды диагнозы, емі, алдыналу және күресу шаралары.
Спирохетоз—құстың протозойлық ауруы .
Эпизотологиялық мәліметтер. Онымен үй құстары да ,жабайы құстарда ауырады .Бұл ауру табиғи жағжайда құсқа кене арқылы жұғады . Көбінесе спирохетоз эпизоотия күйінде өтіп , құсты қырып тастайды . Қазақстанда (Орал қаласында) құс спирохетозын алғаш рет 1929 ж С.А.Аманжолов ашты.Еліміздің Оңтүстік облыстарында кеңтаралған .Көбінесе жекеменшіктегі үй құстары ауырады , себебі тар қораларда бағылады .
Қоздырғышы.Spirochaeta anserinum Sacharoff, 1891.
Пішіні спираль тәрізді, ұзындығы 6-20 микрон, шиыршық саны
0.2-0.4 мкр жылдам қозғалады , бұрғы тәрізді ирелеңдеп жылжиды .
Аурудың дамуы. Ауру қоздырғышы-спирохеталаркене шаққан кезде оның
сілекейімен бірге құс денесіне енеді де, қан мен ішкі органдарда тез бөлініпкөбейіп кетеді . Өзіне қажетсіз зиянды заттарды айналасына таратып, құсты улайды . Спирохетаның уыты әсіресе жүйке жүйесіне күшті әсер етеді .
Бауыр, талақ , бүйректерде азғындау белгілері пайда болып, зат алмасуы бұзылады . Ауру жұққан соң 4-5 күнде қан құрамында және ішкі органдар
жұғындысында быжынаған спирохеталар табылады .Олар шиеленісіп
капиллярды бітеп тастауы мүмкін . Әсерінен құс жағдайы төмендеп көбінесе өледі . Аналық жыныс бездерінен жұмыртқаға ауысып , ішіндегі эмбрионғада
жұғуы мүмкін .
Достарыңызбен бөлісу: |