Патанатомиялық өзгерістері. Өлексені сойып қарағанда артқы тесік
пен аналық ұрық түтігі қабынғаны байқалады .Іші жалқаяққа толы ,
оны зерттегенде простогонимоз жұмыртқалары табылады .Құрсақ қуысыда
іріңді жалқаяққа толы .
Дифференциалды диагнозы. Простогонимоз ауруын эпизоотологиялық мәліметтеріне , клиникалық белгілеріне , патанатомиялық өзгерістеріне қарай және құстың тірі кезінде оның сырт белгілерін еске ала отырып, Щербович немесе Дарлинг гельминтоовоскопиялық әдістерімен саңғырықтан құрт жұмыртқаларын анықтайды. Ал өлексені зерттегенде аналық ұрық түтігі және фабриций қапшығынан іздейміз . Ол жерлерден осы аурудан өлген болса көптеген простогонимустар табуға болады .
Емі .Ауру тауықты емдеу үшін төрт хлорлы көміртегі құс басына 2-5 мл қолданады .Дәрі бірақ рет өңеш зонды немесе инемен жалғасқан шприц арқылы тікелей жемсауға енгізіледі . Гексахлорэтан –үш күн қатар үш рет
құс басына –0.5гр береді .
Достарыңызбен бөлісу: |