Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Дәріс №13 Дрепанидотениоз



бет48/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59
Байланысты:
құс аурулары

Дәріс №13
Дрепанидотениоз.

Аурудың дамуы, өтуі, клиникалық белгілері.

Аурудың патанатомиялық өзгерістері.

Дифференциалды диагнозы, емі, алдын-алу, күресу шаралары.
Бұл ауруды Drepanidotaenia lanceolata және Drepanidotaenia przewalski

деп аталатын таспа құрттар таратады . Олар қаз , үйрек және көптеген

жабайы су құстарының ащы ішегінде тіршілік етеді . Дрепанидотениоз

әсіресе қаз арасында кең тараған ауру .

Қоздырғышы. Сарғыш түсті таспа құрт , ұзындығы -100—200 мм,

ені—10—11 мм .Алмұрт тәрізді басында төрт емізікшксі бар және

сегіз ілмешектен тұратын тұмсығы бар. Қос жынысты , құрт ащы ішек

артқы жағында тіршілік етеді . Дрепанидотения аралық ие циклоп қатысуымен өсіп—өнеді . Құс ішегінен ересек паразит денесінен үзіліп түскен мүше кесінділер суға түсіп , онда 25 күн тіршілік етеді .

Шалшық су , ағыны баяу суда циклоптар құрт жұмыртқасын жұтып жібереді . Циклоп ішінде жұмыртқа қабығы ыдырап , балапан құрт

цистицеркоидқа айналады . Циклоп өлгенше оның денесінде цистицеркоид тіршілік ете береді .Сау құс циклопты жесе ауруға шалдығады . Ол асқазанға түсіп , ішектегі сөл әсерінен циклоп ыдырап ,

ондағы личинка босап шығады . Қармақша және емізікше арқылы

ішек кілегей қабығына жабысады да , 15—20 күнде ересек құртқа айналады . Ересек таспа құрт құс денесінде 8—9 ай тіршілік етеді .

Эпизоотологиялық мәліметтер. Бұл ауру көбінесе кішігірім тайыз

өзен—көлде , яғни циклопы көп суда өсіретін шаруашылықтарда

жиі кездеседі .Ауру көктем басында , яғни құс өріске шығысымен

ене бастайды.



Аурудың дамуы. Дрепанидотениялар құс ішегінің кілегей қабығын

жарақаттап , оның сөл бөлу және жиырылу қабілетін төмендетеді .

Әсерінен кілегей қабығы қабынып , кейін сыдырылып түседі .

Іші өтеді , қан құйылулар пайда болып, денеге уытты заттар таралады .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет