Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет49/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59
Байланысты:
құс аурулары

Клиникалық белгілері . Ауруға шалдыққан балапан іші өтіп , күйзеліп ,

арықтай түседі . Жүрісі бұзылып , басын шалқайтып, құлай береді .

Кейде шоқиып отырып алады .

Патанатомиялық өзгерістері . Өлексе тым арық , бұлшық еттері семген,

ащы ішек кілегей қабығы қабынған, қан кернеп қызарған . Ішек іші құртқа толған , өкпе , бауыр , талақ сәл ісініп , ұлғайған, қан бөгелу орындары мида кездеседі .



Дифференциалды диагнозы . Дрепанидотениоз ауруын эпизоотологиялық мәліметтеріне , клиникалық белгілеріне , патанатомиялық өзгерістеріне қарай анықтайды . Саңғырықты қара шылапшында жуып шайғанда ,

құрттың мүше кесінділері шылапшын түбінде қалады .Щербович әдісімен

зерттесе , жақсы нәтиже береді .

Емі. Тиімді дәрі -- филиксан. Ол үйрекке --0.35г\кг, қазға –0.45 г\кг беріледі .Дәрі белгілі бір топтағы барлық құсқа таңертеңгілік азыққа қосып береді . Ол үшін дәрі 1:30 мөлшерде жармаға , 1:50 мөлшерде

құранды азыққа қосып , әбден араластырып береді . Осы азықты жегеннен кейін шамамен 2- сағ өткен соң құрттар сыртқа шыға бастайды .

Олар 6 - сағ ішінде шығып болады . Емдеу мақсатымен асқабақ дәні ұнын да қолдануға болады . Ол таза күйінде немесе азыққа қосып , әр құс басына 30-50 г-нан беріледі . Майынан ажыратылған асқабақ ұнынан пісірілген ботқа берілсе , бұдан да жақсы нәтиже береді .Ол үшін 1 кг ботқаға 8л су қосып , араластырады . Осы қоспаны құсқа береді . Құрттан

арылтылған құсты 3 күн қорада ұстайды . Осы уақытта жиналған саңғырықты өртеп жібереді .





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет