Ф 03-18 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Аурудың дамуы, клиникалық белгілері



бет52/59
Дата18.12.2021
өлшемі162,87 Kb.
#103021
түріКонспект
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59
Байланысты:
құс аурулары

Аурудың дамуы, клиникалық белгілері.

Таспа құрттың жыныс мүшелері жетілмегендері ішек қабатына терең енетіндіктен денеге зардаптық әсері де көбірек болады; гельминт бөліп шығаратын улы заттардан ағзалар мен ұлпалар мейлінше уланады. Осының салдарынан құстың орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады.

Бұл ауру кейде жіті, кейде созылмалы болып өтуі ықтимал. Райетиноздың өте жіті түрі 3-5 айлық балапандарда болатындығы аңғарылған. Дертке ұшыраған балапандар бүрісіп, әр жерге топ-топ болып шоғырланып, көлеңкелі орындарды паналап, тым аз қимылдайтын халге жетеді. Құстың айдары, сырғасы және ауыз қуысының кілегей қабығы көгеріп кетеді, қанаттары шойырылып, денесінің дірілі байқалады. Осылайша басталған кесел бірте-бірте асқынып, құсты ес-түссіз күйге әкеліп, өлімге жығады. Ересек тауықтарда бұл инвазия созылмалы түрде 7 күннен бірнеше апталап өрбиді,құстың айдары мен сырғасы қансызданып, сарғыш тартады, бірақ тәбеті қашпайды, көзге көрінетін кілегей қабықтары кеуіп, көгеріп тұрады, іші біртіндеп өтеді, біресе қатады, 20 күнге созылған зардаптан құс өледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет