Дәріс №12
Тауық простогонимозы.
Аурудың дамуы, өтуі, клиникалық белгілері.
Аурудың патанатомиялық өзгерістері.
Дифференциялды диагнозы, емі, алдын-алу, күресу шаралары.
Тауық простогонимоз ауруымен --тауық , күркетауық, үйрек , қаз ,сондай-ақ жабайы құстар ауырады .Бұл ауруға әсіресе тауық шалдыққыш келеді .
Қоздырғышы. Prostogonimus ovatus және Prostogonimus cuneatus дейтін жалпақ құрттар. Олар ересек тауықтың аналық ұрық түтігінде , жас
тауықтың фабриций қалташығында тіршілік етеді . Қазақстанда Зайсан көлі жағалауынан , Ертіс және Орал өзендерінің сағасынан табылған .
Prostogonimus ovatus пішіні алмұртқа ұқсайды , оның ұзындығы 3-6 мм,
ені 1-2 мм. Ауыз және бауыр емізікшелері бар . Простогонимустар иелерін ауыстыру арқылы өсіп—өнеді . Олардың аралық иесі - тұщы су ұлуы ,
қосымша иесі - инеліктің личинкасы .Саңғырықпен жұмыртқа суға түседі
жұмыртқа ішінде ол мирацидийге айналады .Суда жүзіп жүріп ұлудың денесіне енеді . Алдымен ішек , одан бауырға барып , дамып спороцистаға айналады . Спороциста ішінде құйрығы бар церкарий қалыптасады . Церкарий ұлу денесінен шығып , құйрығымен жүзіп жүріп
, қосымша иесі инеліктің денесіне түсуі керек . Ол инелік личинкасы ішегіне түседі де , құйрығы бөлініп түседі . Мұнда қалың қабықпен қапталады да , метацеркарийге айналады . Денесін метацеркарий жайлаған инелік және оның личинкасын жұтып қойған құс ауруға шалдығады .
Бір-екі аптадан кейін аналық ұрық түтігінде , немесе фабриций қалташығында метацеркарий жынысы жетілген ересек құртқа айналады .
Эпизоотологиялық мәліметтер.Простогонимоз - ауруы денесін құрт жайлаған құс арқылы тарайды . Жауын-шашынды кезде , шық түскенде
инелік ұша алмай шөп түбінде жатады .Құстар жайылып жүріп , инелікті
жеп ауруды жұқтырады .
Аурудың дамуы. Простогонимоз қоздырғышы аналық ұрық түтігіне енеді де, оның кілегей қабығына жабысады ,тікенек емізікшелері арқылы тітіркендіреді . Бездердің қызметін бұзады , аналық ұрық түтігі қабынып
микробтар тым көп болса , паразит белокпен қосылып құс жұмыртқасы
ішіне кіреді .
Достарыңызбен бөлісу: |