Клиникалық белгілері . Жіті және созылмалы түрде өтеді . Ауру балапан дел-сал болып жүре алмай бір жерге топтанып тұрып алады .
Іші өтіп , көзін сығырайтып , қанаты салбырайды . 2-9 күн өтісімен өледі .
Ал созылмалы түрі ересек құстарда жиі кездеседі . Белгілері жоғардағыдай тек ұзаққа созылады .
Патологиялық –анатомиялық өзгерістер. Негізгі өзгеріс ішекте, ішек қанталаған , ойық жараларда кездеседі . Зақымданған ішектің қабырғасынан сұрғылт дөңгелекше болып топтасқан кокцидилерді табуға болады .
Дифференциалды диагнозы . Тауық кокцидиозын эпизоотологиялық мәліметтерге, ауру белгілеріне және сойып қарағандағы өзгерістерге қарап анықтайды. Ішек қырындысын және ондағы нәжісті микроскоп арқылы
зерттейміз . Ең қарапайым әдіс нәжіс жұғындысын зерттеу . Бірер тамшы нәжісті төсеніш шыныға тамызады да , оның үстіне 1-2 тамшы
физиологиялық ерітінді немесе су құяды . Араластырып үстіне шыны жауып , микроскоп арқылы (обьектив-40,окуляр- 7) зерттейді . Тек кокцидий көп болса ғана ауруды осы әдіспен зерттейді . Ал ооцисталарды табу үшін Дарлинг, Щербович ,Фюллеборн әдістері қолданылады . Дарлинг, Щербович әдістері ұқсастау , тек Дарлинг
ооцисталарды тұнбадан іздейді , ал Щербович ооцисталарды бетіндегі кілегейден іздейді . Екеуіде центрифуга пайдаланады . Ал Фюллеборн
ооцисталарды ас тұзы қаныққан ерітіндісімен араластырып ,тұндырады.
Ооцисталар ерітінді бетіне қалқып шығады, микроскоп арқылы зерттейміз .
Емі. Фуразалидон ылғал азыққа 2—3 рет күніне,балапанға -3 мг,
ересек балапанға -4 мг.
Фенитиазин—балапанға 1гр/кг азыққа қосып береді .
Иодинол---балапанға күніне 0,1-0,3 мл , 3-рет , 10—15 күн бойы береді .
Достарыңызбен бөлісу: |