Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Модульдың қысқартылған атауы



бет26/70
Дата05.02.2022
өлшемі1,87 Mb.
#12495
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70

Модульдың қысқартылған атауы


МЖӨТП

Тақырыпша

-

Оқу бағдарламасы / оқу сабақтарының курсы

Дәріс, практикалық, зертхаанлық, СӨЖ, МСӨЖ





Семестр:

3 семестр

Модульге жауапты:

Сейтказенова Қ.Қ., Молдагалиев А.Б.

Доцент/оқытушы:

Доцент, аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен қатынасы

Жалпы білім сабақтар (міндетті компонент)

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс –15 сағат, Практикалық –15 сағат, Зертханалық – 15 сағат, МСӨЖ –45 сағат, СӨЖ-45 сағат

Еңбексыймдылығы

Бкарлығы -135 сағат,

Кредиттер/сынақ бірліктер

3

Модуль ішінде оқуға қабылдау шарттары

Пәннің пререквизиті: химия, физика, инженерлік графика, теориялық механика, конструкциялық материалдар және термиялық өндеу.

Білім мақсаты/компетентілігі

"Машина жасау өндірісінің технологиялық процессі " курстың максаты мен міндеті: келешекті мамандарға өнімнің жогары сапасын, материал үнемдеуді, еңбектің жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін машиналар тетіктерін және дайындамалар алу мен өңдеудің технологиялық әдістерін таңдау туралы білім беру.

Мазмұны

Дәріс мазмұны:
«Машинажасау өндірісінің технологиялық процестері» ғылыми пән ретінде анықталуы. Машинажасауда өнім сапасы мен экономикалық нәтижелікті қамтамасыз етудегі технологиянық ролі. Аз қалдықты және ресурс сақтаушы технологиялар кұрастырудың міндеттері. «Машинажасау өндірісінің технологиялық процестері» курсының мақсаты, міндеттері мен мазмұны және оның бакалаврларды технологиялық дайындаудағы мәні. Машинажасауда қолданылатын металлдар мен қорытпалардың жалпы сипаттамасы. Машинажасауда пайдаланылатын материалдар. Болаттар, шойындар, түсті металдар мен қорытпалар, металл емес материалдар. Металлургиялық өндірістің технологиялық негіздері. Шойын өңдіру. Домна пешінде балқыту үшін бастапқы материалдар. Балқытуға рудаларды дайындау. Домна пешінің констрқуциялық негізгі элементтері. Қазіргі домна пештеріңде шойын алудың негізгі физика-химиялық процестері. Домна өндірісінің өнімдері.Болат өңдіру. Болат қорыту үшін бастапқы материалдар.
Оттегі үрлейтін конверторларда, электродоғалық пештерде болат өңдіру. Болат алудың физика-химиялық процестері. Түсті металдар мен қорытпаларды өңдіруМыс. Алюминий, және титан өндіру. Балқыту және тазалау тәсілдері. Түсті металдар алудың үдемелі технологиялық процестері. Қолданылатын жабдықтардың сипаттамасы. Ұнтақты металлургия. Ұнтақты материаддардың түрлері мен қасиеттері. Металл ұнтақтар және олардан бұйымдар алудың әдістері. Металл ұнтақтарының қалыпта өнделуі және күйежентектелуі. Ұнтақты бұйымдарды өңдеу. Ұнтақты металлургияның өнімдері мен техника-экономикалық сипаттамалары. Металдарды қысыммен өңдеудің технологиясы. Металдарды қысыммен еңдеудің түрлері мен негіздері. Металдарды қысыммен өндеудің жалпы сипаттамасы. Металдарды кысыммен өңдеу түрлерінің топтастырылуы, пайдалану салалалары. Металдарды қысыммен өңдеудің физикалық негіздері. Қысыммен өңдеу алдында дайындамаларды қыздыру және оған ілеспелі кұбылыстар. Пішін және сортамент түсінігін анықтау. Металдарды қысыммен өндеу түрлерінің жабдыктары мен технологиясы. Прокаттау. Прокаттау процесінің мәні. Престеу. Престеу процесінің мәні. Престеу кезінде қолданылатын жабдыктар мен құралдар. Созу. Созу процесінің мәні. Созу өндірісінің жабдыктары мен құралдары. Иілген пішіндерді өндіру. Иілген пішіндердің деформациялану сұлбалары және сипаттамалары. Пайдалану салалары. Еркін соғудың мәні: бастапқы дайындамалар және негізгі операциялар. Штамптау тәсілдерін жіктеу. Еркін соғу және штамптау процестерінің жабдықтары мен құралдары. Ыссы көлемдік штамптау процесін механикаландыру және автоматтандыру. Темір табақ штамптаудың мәні. Темір табақ штамптау кезінде қолданылатын жабдықтар мен құралдар. Құю өндірісі технологиясы. Құю өндірісінің теориялық негіздері Қорытпалардың құю қасиеттері: аққыштық, шөгу, ликвация, газсіңірушілігі. Құймалардың қатаюы және қатаю кезінде болатын процестер (шегу, жылулық және т.б.). Құймалардағы кернеулер және олардың жарыкшақтар, шалыстау пайда болуына әсері. Құймалардагы ақаулар болдырмаудың шаралары. Қорытпалардың құю қасиеттерін есепке ала отырып құймалар құрылымдаудың ерекшеліктері. Құм-балшық қалыптарда кұймалар жасау. Тәсіл мәні. Кұю әбзелі. Қалыптау және өзекше материалдар мен қоспалар және оларға қойылатын талаптар. Құю жүйесі және оның тағайындалуы. Құм-балшық қалыптардың түрлері; қалыптау тәсілдері. Өзекшелер жасау. Қалыптарды құрастыру және оларға балқытылган металды кұю. Қалыпта кұймаларды суыту. Қалыптан құймаларды қағымдау. Құймаларды езекшеден ажырату. Кұймаларды шабу және тазалау. Құм қалыптарда алынган құймалар сапасын арттыру әдістері. Құюдың ерекше тәсілдерімен кұймалар алу. Құюдың арнайы тәсілдерінің сипаттамасы. Қабыршыкты қалыптарға құюмен құймалар жасау. Тәсіл мәні және оның ерекшеліктері. Балқығыш үлгілер бойынша кұю. Тәсіл мәні және оның ерекшеліктері. Кокильге кұю. Тәсіл мәні және оның ерекшеліктері. Кокильдердің негізгі түрлері және оларды жасау үшін қажет материалдар. Жылу өткізбейтін жабындар және олардық қолданылуы. Кокильге құюмен құймалар алудың бірізділігі. Қысыммен құймалар жасау. Тәсіл мәні және оның өзгешеліктері. Центрден тепкіш машиналармен кұймалар алу. Тәсіл мағнасы және оның ерекшеліктері. Горизонталь және вертикаль айналу осьтері бар центрден тепкіш машиналардың сүлбалары. Әр түрлі қорытпалардан құймалар алу технологиясының ерекшеліктері. Ақ, сұр, соғылымды және жоғары беріктікті шойыннан кұймалар жасау. Шойындардың құю қасиеттері. Шойындарды қорыту және балқыту пештері. Шойындардан құймалар жасаудың ерекшеліктері. Болаттан құймалар жасау. Құймалар алу үшін қолданылатын көміртекті және легірленген болаттар. Түсті қорытпалардан құймалар өңдіру. Мыс, алюминий, магний және титан қорытпаларынан құймалар алу технологияның ерекшеліктері. Пісіру өндірісі технологиясы. Пісіру өндірісінің жалпы сипаттамасы. Пісіру технологиясы және оның әрқилы түрлері. Пісіру процестердің мәні. Пісіру қосылыстар алудың физикалық негіздері. Пісіру қосылыстар алу кезінде атом аралық және молекула аралық байланыстар пайда болу жағдайлары. Пісіргіштік туралы түсінік. Пісіру қосылыс пен негізгі металл қасиеттерінің сәйкестік деңгейі бойынша пісіргіштікті бағалау және ақаусыз пісіру қосылыстар құру үшін материалдардың қабілеттілігі. Пісіру тәсілдерін топтастыру және олардың пайдалану салалары. Пісірудің термиялық классы. Доғалы пісіру. Доғалы пісірудің негізгі тәсілдері. Процестің мәні. Доғаның электр және жылу қасиеттері. Доғаның статикалық қасиеті. Доғалы пісіру үшін ток көздері. Пісіру трансформаторлары. Пісіру генераторлары. Қолмен пісіру технологиясы. Қолмен доғалы пісіру үшін электродтар. Электрод жабындарының қолданылуы мен құрамы. Флюс астында автоматты түрде пісіру. Процесс мәні. Жабдыктар, флюстер, қорғағыш газдарда доғалы пісіру. Процесс мәні, оның әр қилы түрлері. Автоматты түрде пісіру. Электрқожды пісіруде қолданылатын қорғағыш газдар. Процестің сұлбасы мен мәні. Электрқожды пісірудің ерекшеліктері.
Электрон сәулесімен пісіру. Процестің мәні мен сұлбасы. Лазермен пісіру. Процесс мәні және сұлбасы. Лазер сәулесін алу және оның қыздыру көзі ретіндегі сипаттамасы. Термиялық пісіру тәсілдерінің технологиялық мүмкіншіліктері және олардың қолдану салалары. Металдарды термиялық кесу: ауа-доғалы, оттегімен, плазмамен, лазермен. Пісірудің термомеханикалық класы Электр түйістіре пісіру. Процесс мәні. Түйістіре пісірудің тәсілдері: түйістіріп кедергі арқылы және балқытпалап, нүктелік, тігісті, бұдырлы. Вакуумды диффузиялық пісіру. Тәсіл мәні. Пісірілетін беттер дайындаудың ерекшеліктері. Пісірудің механикалық класы. Ультрадыбыспен, үйкеліспен, сұйық күйде пісіру. Процестердің мәні мен сұлбалары. Тозуға және ыстыққа төзімді қаптамаларды жалату. Қаптастыру жұмыстары. Металл электродтары арқылы доғамен балқымақаптау. Флюс астында автоматтық түрде қаптастыру. Электрқожбен қаптастыру. Жоғары жиілікті токтармен қаптастыру. Балқымайтын электродпен (көмір, графит) доғалық қаптастыру. Вольфрам электродымен (қорғағыш газдарда) доғалық қаптастыру. Қаптастыру жұмыстар үшін материалдар. Металдандыру. Процестің мәні және қолдану салалары. Әр түрлі металдар мен қорытпалар пісірудің ерекшеліктері. Болаттардың, түсті және қиын балкитын металдар мен қорытпалардың пісірімділігі. Нашар пісірімділіктің себептері. Конструкциялық көміртекті және легірленген болаттар пісірудің ерекшеліктері. Мыс және оның қорытпаларын пісіру кезіндегі ерекшеліктер. Алюминий және оның қорытпаларын пісіргендегі ерекшеліктер. Қиынбалқығыш металдар мен қорытпалар пісірудің ерекшеліктері. Металдар мен қорытпаларды дәнекерлеу. Дәнекерлеу процесінің мәні мен сұлбасы. Дәнекерленген қосылыстардың түрлері мен сипаттамасы. Дәнекерлеу тәсілдері. Қолдану салалары. Пісірілген және дәнекерленген қосылыстар сапасын бақылау. Пісірілген және дәнекерленген қосылыстар ақауларының түрлері. Пісіру және дәнекерлеу қосылыстар бақылаудың тәсілдері.
Металдарды кесумен өңдеу технологиясы. Металдар кесу процесі және металл кесуші станоктар туралы жалпы мәліметтер. Металдарды кесумен өңдеудің тәсілдері және кесу режимінің негізгі элементтері. Өңделетін дайындаманың беттері. Кескіш жазыктығы мен бұрыштары. Жоңқа түзілу процесі. Кесу кезінде болатын шор мен бекемдеу. Кесу аспабының қажалуы. Құралдар үшін материалдар. Металл кесетін станоктарды топтастыру. Токарь станоктарында дайындамалар өңдеу.Жонумен еңдеу әдісінің сипаттамасы және оның технологиялық мүмкіншілігі. Дайындамалар өндеудің сұлбасы және кесу процесінің физика-механикалық ерекшеліктері. Токарь-винт станогының негізгі бөліктері. Токарь кескіштер түрлері. Токарь жартылай автоматтардың жұмыс істеу принципі. Токарь тобының станоктары: кепкескіштік, револьверлік, карусельдік.Фрезер станоктарында дайындамалар өңдеу. Фрезерлеу өңдеу әдісінің сипаттамасы және оның технологиялық мүмкіншілігі. Қолданылатын кұрал. Фрезалар түрлері. Өңдеу сұлбасы. Эмбебап-фрезерлі станок. Бұрғылау, кеңейжону және тартып өңдейтін станоктарда дайындамаларды өңдеу. Бұрғылаумен, кеңейжонумен және тартып өңдеумен тесіктерді өндеудің технологиялық әдістері. Қолданатын кесу құралдары мен жабдыктар. Сүргілеу және қажау станоктарда дайындамаларды өңдеу. Тұрқы тетіктер мен тұғырлардың жазық беттерін өңдейтін технологиялық әдістер. Сүргілеп және қажап өңдейтін әдістердің сипаттамасы. Сүргілеу станоктардың типтері. Сүргілеу кескіштердің түрлері. Ажарлау және таза өңдеу станоктарда дайындамаларды өңдеу Абразивті құралды қодданып машина тетіктер беттерін өндейтін технологиялық әдістер. Ажарлау әдісінің сипаттамасы және оның технологиялық орындалуы. Әдістің тағайыңдалуы. Абразивті материалдар. Ажарлагыш шарықтастар. Ысқылаумен, абразивті-сұйықпен, абразивті таспамен, жануыштаумен, аса ажарлаумен беттерді таза өңдеу әдістері туралы түсініктер. Өңдеудің электрофизикалық және электро-химиялық әдістері. Машинажасауда өндеудің электрохимиялық әдістерінің ролі мен қызметі. Технологиялық әдістер негізіне жататын физикалық және химиялық процестер. Машина тетіктер беттерінің сыртпішін құруының электрофизикалық және электрохимиялық әдістері. Металл емес материалдардан машина тетіктері мен дайындамалар жасаудың технологиясы Пластмассалардан бұйымдар жасаудың технологиясы және олардың сипаттамасы. Құрал және жабдықтар. Машинажасауда пластмассалардан жасалған бұйымдарды пайдаланатын салалар. Резеңкеден бұйымдар жасаудың технологиясы. Резеңкетехникалық бұйымдарды топтастыру. Резеңкеден бұйымдар жасаудың тәсілдері және олардың қолдану салалары. Резеңкеден бұйымдар жасау технологиясы туралы түсінік, кұрал және жабдықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет