Курс пререквизиттері: жоғарғы математика, физика, есептеу техникаларысызба геометриясы теориялық механика, және инженерлік бейнелеу, , материалдар кедергісі және т.б.
Білім беру мақсаты/хабардарлық
Курс мақсаты мен міндеттері:
Машиналар мен механизмдер теориясы жалпы білім беру саласының негізі болып табылады және машина жасаудың өркенді дамыту, техникалық деңгейді жылдам жаңарту, машиналарды жобалау мәселелерін шешетін мамандарды дайындауда өте қажетті пән.
Машиналар мен механизмдер теориясы – механизмдердің жобалау мен зерттеуінің жалпы әдістерін, олардың техникалық қолдануына және машиналардың атқаратын жұмыс процестеріне тәуелсіз қарастыратын ғылым саласы.
Машиналар мен механизмдер теориясы (ММТ) пәнінің мақсаты - болашақ инженерлерге заман талабына сай тиімді, үнемді, дәл, өте берік, сенімді жұмыс істей алатын машиналарды жасауда, жабдықтар мен приборларды құрастыруда және оларды механикаландыру мен автоматтандыруда қажет механизмдер схемаларын жобалау мен зерттеудің жалпы әдістерін кең көлемде оқып, терең игеруді қамтамасыз ету.
Машиналар мен механизмдер теориясы, машиналарды жобалау мен зерттеу саласындағы арнайы курстарының ғылыми негізі болғандықтан келесі мәселелерді қояды:
кинематикалық және динамикалық қасиеттері себебінен машинадағы механизмдердің өзара әсерлесу жалпы принциптерін қарастыру;
механизмдердің құрылымдық талдау және синтезінің негіздерін оқып білу;
механизмдердің кинематикалық және күштік талдау әдістерін зерттеу;
қатаң және серпімді буындары бар механикалық модельдер ретінде алынған механизмдердің қозғалыстарын зерттеу әдістерін оқып білу;
берілген кинематикалық және динамикалық сипаттамалары бойынша механизмдерді жобалау әдістерін зерттеу;
машина механизмдерінің құрылымдық, кинематикалық және динамикалық талдауы мен синтезін тәжірибеде пайдалану қабілетін қалыптастыру.
Қазір қолданылып жүрген, қатаң және серпімді звенолар мен кинематикалық тізбектерден тұратын механизмдердің қазіргі түрлеріне құрылымдық, кинематикалық және динамикалық талдау жасай білуді, алға қойылған талап шарттары бойынша механизмдердің параметрлерін анықтауды және адамды да, машинаны да қолайсыз дірілден қорғау үшін, машиналар мен механизмдер қозғалысын зерттеу әдістерін үйрену.
ММТ пәнінің толық курсын бітіргендер мынаны білуі қажет: механизмдердің негізгі түрлері мен олардың кинематикалық және динамикалық сипаттамаларын, машиналарда кездесетін жекеленген механизмдердің жұмыс істеу принципі мен қызметін, машиналар мен механизмдердің алдын ала берілген кинематикалық және динамикалық қасиеттері (параметрлері) бойынша олардың жаңа схемаларын жасап, жетілдіру жолдарын, техника саласындағы машиналар, манипуляторлар, роботтар туралы және оларды кинематикалық, динамикалық тұрғысында зерттеулердің тәсілдерін, жаңа машиналар туралы қысқаша мәліметтерді.