Пәннің аталуы
|
Шеберханалар
|
Қысқартылған атауы
|
Ш
|
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Зертханалық сабақ, СӨЖ, ОБСӨЖ
|
Семестр:
|
6 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Әлібеков О.Б.
|
Доцент/оқытушы:
|
Доцент
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
Таңдау бойынша компонент.
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Зертханалық - 45с., ОБСӨЖ - 45с, СӨЖ – 45 с .
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135сағат
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
3 несие
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Курсты оқып үйрену үшін студенттер мынадай пәндерден білімдері болуы тиіс: «Математика», «Физика» («Механика» бөлімі) және сонымен бірге мектеп деңгейіндегі «Химия» мен «Тарих» пәндері.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
Оқу шеберханасындағы зертханалық жұмыстарды жүргізудің негізгі мақсаты: шеберханада арнайы теориялық білімді кеңінен және тереңдей зерттеу және іс жүзінде қарапайым және күрделі операцияларды орындауға машықтануды үйрену.
Бұл курс студенттерге жалпы инженерлік пәндерді оқып үйренуде қажетті білім береді.
|
Мазмұны
|
Кіріспе. Зертханамен танысу. Техника қауіпсіздігі жайлы мағлұматтар алу.
Шеберханалардағы еңбек қауіпсіздігі шарттары. Өндірістік жабдықтар мен өндірістік процесске қойылатын талаптар. Шеберханаларда жүргізілетін жұмыстар кезінде болуы мүмкін негізгі қауіпті және залалды өндірістік факторлар. Өрт қауіпсіздігі. Шеберханада өрт болу себептері. Өрттің алдын алу шаралары. Студенттердің өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелері. Электр қауіпсіздігі, ережелері мен нормалары.
2. Бұйым конструкцияларының технологиялылығы.
Конструкцияның технологиялылығы жайлы жалпы түсініктер. Бұйымды технологиялылыққа істеп шығу (отработка) стадиялары. Бұйым конструкцияларының технологиялылық көрсеткіштері. Өңдеуге берілетін әдіптер (припуски) және машина бөлшектері дайындамаларының (заготовки) түрлері. Дайындамаларды дайындаудың негізгі әдістерінің сипаттамалары.
3. Машина бөлшектері беттерін өңдеу дәлдігі және сапасы жайлы негізгі түсініктер.
Дәлдіктің сипаттамалары және оны анықтайтын факторлар. Өңдеудің қате жіберушіліктерін (погрешностей) суммалау. Беттің сапасы. Беттің кедір-бұдырлығын бағалау параметрлері. Бет сапасының машина бөлшектерінің эксплуатациялық көрсеткіштеріне әсері. Машина бөлшектерін әр түрлі өңдеулердегі бет кедір-бұдырлығы мен дәлдігінің өз ара байланысы.
4. Өндірісте қолданылатын металл кесуші инструменттер.
Ұстаралық (лезвийный) және абразивті инструменттерге арналған материалдар. Инструменттердің материалдарына қойылатын талаптар.
№1. Зертханалық жұмыс. Тесіктерді токарлық станокта өңдеу
№2. Зертханалық жұмыс. Жазық бөлшектерді фрезерлік станоктарда өңдеу.
№3. Зертханалық жұмыс. Цилиндрлік сыртқы беттерді өңдеу
№4. Зертханалық жұмыс. Конустық және фасондық беттерді өңдеу технологиялары.
№6. Зертханалық жұмыс. Бұранданы токарлық станокта ойып салу процессі.
№7. Зертханалық жұмыс. Кескіш инструменттердің геометриясы мен материалдары
№8. Зертханалық жұмыс. Беттерді шлифтеп өңдеу технологиясы
№9. Зертханалық жұмыс. Қозғалтқыш цилиндрлерін хонингтеу
Шестерняның механикалық өңдеу картасын жасау. Шестерняны өңдеу. Шестерняның сипаттамасы. Механикалық өңдеуде қолданылатын жабдықтар, аспаптар және инструменттер. Кесу режимдері. Кесу операциясының схемалары. Механикалық өңдеудің сапасын бақылау
Токарлық, бұрғылау, фрезерлік және шлифтеу жұмыстарына техникалық уақыт нормаларын есептеу. Уақытты нормалау әдістемесі. Кесу параметрлерін есептеу. Әр жұмыс түрі үшін негізгі және қосымша уақытты анықтау формулалары.
№10. Зертханалық жұмыс. Құйманы құмнан жасалған қалыпта дайындау. Құйманы дайындаудың жалпы технологиялық схемасы. Құйылған бөлшектердің конструкциясына қойылатын технологиялық талаптар. Тәсілдің мәні. Модельді комплект. Модельді комплектіні сызба бойынша жасаудың себептері. Қалыптық және стерженді қоспалар, оларға қойылатын талаптар. Литникті жүйе және оның қолданылатын жерлері. Стержендерді дайындау. Қалыпты дайындау және құю. Құйманы қалыпта суыту. Құймалардың сапасын бақылау.
№11. Зертханалық жұмыс. Электр доғалы дәнекерлеу. Дәнекерлеу процессінің физикалық мәні. Электрлік доға – жылудың қуатты көзі. Электр доғалы дәнекерлеу жабдығы. Электр доғалы дәнекерлеуде қолданылатын электродтарды таңдау. Дәнекерлік жапсарлардың түрлері. Электр доғасының тұрақтылығы. Э.Қ.К. негізгі параметрлері.
№ 12. Зертханалық жұмыс. Металлдарды газбен дәнекерлеу және оттегілік кесу. Техника мен өндірістегі газды дәнекелеудің ролі. Газды дәнекерлеу процессінің мәні, қолданылатын аппаратура мен газдар. Газды дәнекерлеу мен оттегілік кесу технологиясы. Газды кесудің негізгі параметрлері мен кесу режимі.
№13. Зертханалық жұмыс. Газ жалынымен бетті балқыту (наплавка). Газ жалынымен бетті балқыту - машина бөлшектерін қайта қалпына келтіру мен беріктігін күшейтудің бір әдісі. Газ жалынымен бетті балқытудың жабдықтары мен материалдары. Балқыту технологиясы. Линд тәсілі және жылдам балқыту әдісі. Газ жалынымен бетті балқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері.
№14. Зертханалық жұмыс. Металлдарды қысыммен өңдеу. Серпімді және пластикалық деформация. Шыңдау (ковка). Еркін шыңдау. Шыңдау операциясы. Шыңдау жабдықтары. Шыңдау алдында металлды қыздыру. Еркін шыңдаудың технологиялық процессі. Ыстық және суық штампылау. Металлдарды қысыммен өңдеудің (шыңдау және штампылау) технологиялық картасын жасау.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
Оқу шеберханалары студенттерге өндірістің ғылыми негіздерін оқытады, қазіргі заманда техника-экономикалық ойлауды, жаңа техника мен технологияны игеруді және оларды іс жүзінде қолдана алуды үйретеді. Бұл курс өндірісте және ғылыми мекемелерде қызмет етудегі алғы шарт білімді береді.
Оқытудың негізгі мәселелері ретінде мына жағдайлар қарастырылады:
- машина жасау технологиясында қолданылатын металл өңдеу құралдар- жабдықтары, аспаптар, өңдеу түрлері мен дәлдіктері жайлы жалпы мағлұматтар алу;
- студенттерге болашақ мамандықтың теориялық дайындықты, білім, игеру және меңгеру;
- ғылыми ойлауды қалыптастыру, пәннің негізгі заңдылықтарын практика жүзінде қолдана алуды үйрену.
|
Оқу-іс әрекетінің нәтижесі-қорытынды тексеру формасы
|
Пәнді оқу және емтихан тапсыру процессі барысында студент өндірістегі бұйымдар және объектілер жайлы, конструкциялардың технологиялылығы туралы түсініктері болуы, кәсіпорындағы өндірістік және технологиялық процесстерді талдай алуы, беттерді өңдеу дәлдігі сипаттамалары мен кесу режимдерін есептеу жайлы мағлұматы болуы, машина жасау саласындағы станоктар мен инструменттердің типтерін, материалды дұрыс таңдай алу, оның өңделуін тағайындауды және т.б. білуі тиіс. /Үлгерімді ағымды бақылау, қорытынды бақылау (емтихан).
|
Оқытудың электрондық және техникалық құралдары
|
Таратылатын материал – 15 дәрістер, плакаттар – 30 дана., слайдтар –. ...., компьютерлік бағдарламалар – ..... МВ, мультимедиа – ....... МВ, зертханалық әмбебап стол қондырғылары және стенділер – 10 дана.
|
Пайдаланатын әдебиеттер
|
8.1 Негізгі әдебиет.
Виноградов В.М. Технология машиностроения: Введение в специальность : учеб. Пособие для студ. высш. учеб. заведений / В.М.Виноградов. - 2–е изд. стер. –М.: Издательский центр «Академия», 2007. – 176с
Основы технологии машиностроения : учебник для вузов / под ред. В.С.Корсакова. – 3-е изд. . перераб. и доп. – М.: Машиностроение, 1975. -328с
Якушев А.И. Взаимозаменяемость, стандартизация и технические измерения : учебник для вузов / А.И– М.: Машиностроение, 1986. -244с
Қосымша
Шихельман Г.М. Занимательная технология машиностроения / Г.М.Шихельман. – М.: Машиностроение, 1987. -90с.
Смирнов В.К. Токарь-расточник : учебник для СПТУ / В.К.Смирнов. – 5-е изд., перераб. и доп. – М.: Высшая школа, 1987. -255с. (Профтехобразование)
6Фещенко В.Н. Токарная обработка : учебник для ПТУ / В.Н.Фещенко, Р.Х.Махмутов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Высшая школа, 1990. -303с.
Зворыкин А.А. История техники / А.А.Зворыкин. –М. Наука, 1962. -206с.
|