Ф 06-32 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет60/70
Дата05.02.2022
өлшемі1,87 Mb.
#12495
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70
Модульдің аты:

ПТО3304. Технологиялық жабдықтарды жобалау

Модульдің қысқартылған аты


ТЖЖ

Сабақ түрлері /курсы учебных дисциплин/

Дәріс, практикалық сабақ, СӨЖ,СОЖАӨЖ

Семестр:

3 семестр

Модульге жауаптылар:

Арапов Б.Р., Сералиев Г.Е.

Профессор/доцент/
оқытушы:

Профессор/ профессор, аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақша

Оқу жоспарына қатысы

Профильдік пәндер құрамы (таңдамалы компонент)

Оқыту түрі
/ академиялық сағат саны

Дәріс –15 сағат. Практикалық сабақ – 30 сағат. СӨЖ – 45 сағат, СОЖАӨЖ – 45 сағат

Еңбек көлемі

Барлығы -135 сағат

Кредиттері /сынақ бірлігі

3 ЕСТS

Модуль аясында оқытуға қабылдау шарты

Переквизиттері: математика, физика, теориялық механика, материалдар кедергісі, машина бөлшектері, машиналар механизмдерінің теориясы, информатика.

Білім беру мақсаты /компетентности/

Машина бөлшектерін механикалық өңдеу үрдісін іске асыруға қажетті саймандарды жобалау тәсілін меңгеру.

Мазмұны

  1. Cаймандар туралы жалпы мағлұматтар.

Берілген мағлұматтарды: үлгінің және дайындалатын бөлшектің сызбалары мен оларды қабылдауға арналған техникалық талаптарды; алдын-ала орындалған және алда орындалатын операциялардың сызбаларын; бөлшекті өңдеуге арналған технологиялық үрдістің (процесс) операциялық картасын талдау және сайманның қызметтік қажеттілігін анықтау.
Технологиялық жабдықтарды кластау:
а) үлгіні орнататын және бекітетін станоктың жабдықтары, станоктардың тобына байланысты бұрғылайтын (тесетін), фрезамен өңдейтін, жонатын, токарлық т.б.;
б) көмекші аспаптар - жұмыс аспаптарын (инструмент) бекітетін станоктың жабдықтары, бұрғыға, разверткаларға, метчиктерге арналған патрондар, көпшпиндельді бұрғылайтын және фрезаға арналған құрылғылар (головки), токар және автомат станоктарының аспап бекітетін және тағы басқа құрылғылары;
в) бұйымдар мен бөлшектерді құрастыруға (біріктіруга) арналған жинақтағыш (сборочные) саймандар: құрастырылатын бұйымның базалық бөлшектерін бекітетін; құрастырылатын бұйымның жекелеген бөлшектерінің дұрыс орналастыруын қамтамасыз ететін; бұйымның серпімді бөлшектерін (серіппелерді, жырық доға тәрізді бөлшектерді) алдын ала деформациялайтын; престеп біріктіруге, заклепкалауға, тойтармалауға (развальсовка) үлкен күшті қажет ететін операцияларды орындауға арналған саймандар;
г) үлгінің бастапқы, өңдеу барысындағы, соңындағы дайын бөлшектің және жинақталған бұйымның дәлдігі мен сапасын бақылайтын (тексеретін) аспаптар;
д) үлгілер мен бөлшектерді және жиналатын бұйымды ұстап түруға, жылжытуға және айландыруға (перевертывание) арналған саймандар.

  1. Үлгінің базасын анықтау схемасын жасау. Үлгіні орнататын элементтерді таңдау. Үлгілер мен бөлшектердің базалау дәлдігін есептеу.

Үлгінің базасын анықтау схемасын жасау. Базалу және бекіту, яғни үлгіні сайманның ішінде талапқа сай келетін қалыпта орналастыру және өңдеу барысында оны сайманмен
салыстырғанда қозғалмайтын етіп бекіту. Бөлшекті өңдеу барысында оған әсер ететін кесуші күштер мен моменттердің бағытын анықтау. Тірек элементтерінің түрлері мен жұмыс беттерінің формасын анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет