Бағыттаушы сұрақтар - проблеманы шешудің маңыздылығы немесе пайдалылығы туралы сұрақтар. Егер анықтаушы сұрақтар проблемаларды күшейтуге бағытталса, бағыттаушы сұрақтар - оларды шешуден түсетін пайданы анықтауға бағытталады. Сіз үшін қаншалықты пайдалы болар еді...? Бұл міндет маңызды ма? Бұл қалай көмектеседі? Егер ... болса, сізге көмегі тие ме?
Бағыттаушы сұрақтарға жауап бере отырып, клиенттер проблемаларды шешудің құндылығына және қажеттілігіне өздерін-өздері сендіреді. Сізге тек ұсыныс жасау ғана қалады. Өйткені сіздің өніміңіз немесе қызметіңіз қиындықтар мен қолайсыздықтардан арылтады! Сондықтан бағыттаушы сұрақтар қарсылықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Егер клиент былай десе, қарсылық көрсетудің қажеті қанша: "Иә, мен үшін мұны істеу маңызды", ал сіз: "Біз сізге көмектесе аламыз деп ойлаймын".
Келіссөздер-адам өмірінің күнделікті ажырамас бөлігі. Күн сайын біз оқу бойынша әріптестерімізбен, оқытушылармен, сатушылармен, сатып алушылармен, достарымызбен, отбасы мүшелерімен және т. б. келіссөздер жүргіземіз.