9.1. Кәсіпорынның қаржылық ортасы Кәсiпорынның қаржылық саясатын талдау мен стратегияларын қалыптастыру кәсiпорынның қаржылық ресурстарын талдау және олардың қалыптасу бағыттары кезеңдерiн анықтайды.
Кәсiпорынның ұтымды қаржылық iс-әрекетiнiң деңгейi оның қаржылық ресурстарының мақсатқа сай қалыптасуымен анықталады. Кәсiпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру процесiн келесi негiзгi қағидалар негiзiнде құруға болады:
• кәсiпорынның қаржылық iс-әрекетiнiң даму болашағын ескеру. Қаржылық ресурстардың көлемi мен құрылымының қалыптасу процесi қаржылық процестiң алғашқы кезеңiнде ғана емес, оны дамытудың болашағында да қаржылық iс-әрекеттi қамтамасыз ету мiндеттерiне тәуелдi;
• тартылған қаржылық ресурстар көлемiнiң кәсiпорынның қаржылық қажеттiлiгiне сай келуiн қамтамасыз ету. Кәсiпорынның қаржылық ресурстарға жалпы қажеттiлiгi қайсiбiр кезеңде болмасын нақты және қаржылық қаржылар көлемiне негiзделедi. Уақыт бойынша дифференциалданған қажеттiлiктер көлемiне қарай қаржылық ресурстар көлемi қалыптасады;
• қаржылық iс-әрекет тиiмдiлiгi тұрғысынан қаржылық ресурстардың оптимальдi құрылымын қамтамасыз ету. Қаржылық iс-әрекетте жоғары нәтижеге қол жеткiзу қаржылауды қамтамасыз ететiн қалыптасқан қаржылық ресурстар құрылымына тәуелдi болады;
• қаржылық ресурстардың қалыптастырудағы шығындарды төмендету. Бұл қаржылық мақсатта тартылған және таза қаржылық пайда соммасын жоғарлатуға бағытталған капитал құнын басқару процесiнде жүргiзiледi;
• қаржылық iс-әрекет процесiнде қаржылық ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру. Қалыптасқан қаржылық ресурстар қаржылық процеске уақытша пайдаланылмаса өзiнiң уақыт бойынша құнын жоғалтады. Сондықтан қаржылық ресурстардың қалыптасу және пайдалану процесi жоспарлы кезеңнiң жеке интервалдар бойынша барынша үлестiрiлген болуы тиiс. Бұл қағидаларды жүзеге асыру кәсiпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуын басқару процесiнiң негiзгi мазмұнын құрайды.