9.2. Кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру мен қаржыландыру көздері Кәсiпорынның қаржылық ресурстары тартылу көздерiнiң топтарына қарай iшкi және сыртқы көздерден тартылған деп бөлiнедi. Кәсiпорынды дамыту үшін кәсiпорында қалыптасқан меншiктi және қарызға алынған құралдар iшкi көздерден тартылған қаржылық ресурстарға жатады. Кәсiпорынның таза пайдасының бiр бөлiгiiшкi көздерден құралған меншiктiқаржылық құралдар негiзiн құрайды. Сыртқы көздерден тартылған қаржылық ресурстар кәсiпорыннан тыс қалыптасқан бөлiгiн қамтиды. Қаржы тартуды қазiргi қаржы теориясы натуралды-заттық түрлерi бойынша келесi түрлерге бөледi:
• ақшалай қаржылық ресурстар. Бұл кәсiпорын тартатын қаржылық ресурстардың ең кең тараған түрі. Оның артықшылылығы қаржылық iс-әрекеттi жүзеге асыру үшін кәсiпорынға қажеттi активтердiң кез-келген түріне оңай ауысатындығында;
• қаржылай қаржылық ресурстар. Қаржылық ресурстардың бұл түрі кәсiпорынға қаржылық құралдар түрінде тартылады. Мұндай қаржылық құралдарға акциялар, облигациялар, депозиттiк шоттар, банк сертификаттары мен олардың түрлерi жатады. Қазақстанның шаруашылық iс-тәжiрибесiнде капиталды қаржылай тарту өте сирек кездеседi;
• материалдық қаржылық ресурстар. Материалдық түрдегi қаржылар ресурстарды кәсiпорын алуан түрлі капиталдық тауарлар, шикiзаттар, материалдар және т. б. түрінде тартады;
• материалдық емес қаржылық ресурстар. Қаржылық ресурстардың мұндай түрлерiнiң заттық формасы болмағанымен кәсiпорынның шаруашылық қызметi мен пайданы қалыптастыруға тiкелей қатысады. Қаржыланатын капиталдың бұл түріне жеке табиғи ресурстар мен пайдалану құқығы, пайдалануға берiлген патенттiк құқық, ноу-хау, өнеркәсiптiк үлгiлерге, тауар белгiлерiне, компьютерлiк бағдарламаларға және басқа мүліктiк құндылықтардың материалдық емес түрлерiне құқықтар жатады.
Қаржылық ресурстар тарту уақытына қарай ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi болып бөлiнедi.
Капитал қожайынына қарай отандық және шетелдiк капиталдар есебiнен құралған қаржылық ресурстар болып бөлiнедi. Отандық капиталдар есебiнен қалыптасқан қаржылық ресурстар кiшi және орта бинестегi отандық кәсiпорындар аса қолайлы ресурс көзi болып табылады. Шетел капиталы есебiнен қалыптасатын қаржылық ресурстар әдетте кәсiпорында қайта мамандандыруға, қайта құруға немесе техникалық қайта жарақтауға байланысты iрi қаржылық жобаларды жүзеге асыруда пайдаланылады.
Пайдаланудың қаржылық мақсатты бағыттары бойынша қаржылық ресурстар нақты және қаржылық қаржылауға бағытталған болып бөлiнедi. Нақты қаржы процесiне пайдалануға бағытталған қаржылық ресурстардың көлемi мен құрылымы кәсiпорынның қаржылық бағдарламасы шеңберiнде әрбiр нақты жоба бойынша жеке-жеке жоспарланады. Қаржылық инвестциялау процесiне қаржы тарту кәсiпорынды қаржылаудың қаржылық құралдар портфелiн қалыптастыру немесе құрылымын өзгерту мақсатын ұстанады.
Мұндай жағдайда қаржы алдындағы кезеңдегi қаржылық ресурстар жаңа кәсiпорындарды құру алдындағы шығындарды қамтамасыз ету үшін құрылады. Ол бизнес-жоспар жасау мен зерттеуге, жобалау жұмыстарына қажеттi қаржылық құралдарды қамтиды. Бұл бiр реттiк шығындардың қаржылық ресурстардың жалпы көлемiндегi үлесi де шамалы.
Қаржылық кезенде қаржылық ресурстар жаңа кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң өндiрiстiк әлеуетiн қамтамасыз ететiн күрделi және айналымнан тыс капиталдар құру үшін жиналады.
Пайдалану кезiнде қаржылық ресурстар қаржылық қайтарым ағынын қалыптастыру мақсатында кәсiпорынның айналым активтерiн қаржыландыру үшін түзiледi.
Меншiктi капитал қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз еткенiмен (төлем қабiлетсiздiк пен шығынға ұшырау тәуекелiн төмендетедi), нарықтың қолайлы конъюнктурасы қалыптасқан кезеңде қосымша қажеттi активтер көлемiмен қамтамасыз ете алмайтындықтан кәсiпорынның даму қарқынын шектейдi.