Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет196/247
Дата08.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#98730
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   247
Байланысты:
Касыпкерлык лекция

Салааралық бәсеке әр түрлi рынокта қызмет етушi шаруашылық салалардың арасында туындайды. Яғни сырттан келетiн инвестицияларды өз саласына тартуға, осы саланы жетекшi сала ретiнде алып шығуы үшiн бақталас болып табылады.
Халықаралық бәсеке әр түрлi елдер арасында орын алады. Бүгiнгi жаһандану және ғылыми-техниканың жоғары дамыған, экономикалық қатынастардың күрделене түскен жағдайда әрбiр ел өзiнiң егемендiгiн және экономикалық потенциялын сақтап қалу үшiн бәсекеге түседi.
Халықаралық бәсеке келесiдей сипатталады:

Қазіргі нарықтар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бәсеке сипатымен де бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы. Енді осыларға толығырақ тоқталайық..
Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады.Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай рыноктың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын – бидай, көк - өніс, жеміс – жидек және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет