Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ


Кәсіпорынның бәсекелестік артықшылығы мен бәсекеге қабілеттілігі



бет198/247
Дата08.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#98730
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   247
Байланысты:
Касыпкерлык лекция

11.2 Кәсіпорынның бәсекелестік артықшылығы мен бәсекеге қабілеттілігі
Бәсеке – заңдылық шеңберінде объективті немесе субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыруда бәсекелестермен күресте жеңіске немесе басқа мақсаттарға жету үшін субъектінің өзінің бәсекелік артықшылықтарын басқару процесі.
Көптеген экономистермен дәлелденгендей, бәсеке тұрғындардың өмір деңгейі мен тауарлардың сапасын арттырудың, ресурстарды үнемдеудің басты құралы, қоғамдық дамудың қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан бәсеке - өте күрделі түсінік. Әсіресе жаңа игеріп келе жатқан қазақстандық экономика шарттарында оның механизмін зерттеген өте маңызды. Өнеркәсібі дамыған елдерде бәсеке механизмінің тиімділігі өте ертеден бар және оның механизмі жақсы құрастырылған. Қазақстанда белгілі саяси себептерге байланысты бұл механизм әлі жете меңгерілген жоқ. Сондықтан бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету мен бәсеке механизмін құрудың алғашқы сатыларында ұғымдар мен итүсініктерді анықтап, «бәсеке» терминінің қалыптасуының жүйелілігі мен кешенділігі қағидасын ұстанған дұрыс.
Жоғарыда келтірілген анықтаманың құраушы бөліктерінің әрқайсысын қарастырайық.
Процестер келесідей бола алады: қоғамдық және жеке; экономикалық, құқықтық, әлеуметтік және табиғи; басқарушылық және өндірістік; жабдықтаушы, қайта құрушы және қорытындылаушы; материалды және виртуалды; объективті және субъективті; тепе-теңдікті қолдаушы және ұдайы өндіруші; логикалық және эмоционалдық және т.б.
«Бәсеке» түсінігінде «басқару» сөзінің құраушылары болып табылады: табу, өңдеу, қолдау, пайдалану, даму, бәсекелік артықшылықтың жойылуы.
«Бәсеке» түсінігінің «субъектілері» ретінде кез-келген әлеуметтік, өндірістік немесе биологиялық жүйелер бола алады.
Субъектілердің бәсекелік артықшылықтары мұралық, конструкциялық, технологиялық, ақпараттық, біліктіліктік, басқарушылық, табиғи-климаттық және басқа болуы мүмкін.
Жүйелердің мақсаттары ретінде болуы мүмкін: ұйым миссиясын орындау; нақты нарықта нақты тауармен спорттық жарыста немесе шығармашылық конкурста жеңіске жету; бәсекелесті озу, сыртқы немесе ішкі даму есебінен белгілі бір деңгейге жету; қол жеткізген деңгейді ұстап тұру; т.б.
Қажеттіліктер болуы мүмкін: объективті (табиғатпен немесе қоғаммен тағайындалған) немесе субъективті (басқару субъектісімен тағайындалған); бастапқы немесе жоғарғы; бұрынғы, қазіргі немесе болашақтағы;кездесетін немесе кездеспейтін; ғаламдық немесе жеке; теріс немесе оң; индивидуалды немесе қоғамдық және т.б.
Заңдылықтар жүйесіне кіреді: бәсекелік құқық; экологиялық құқық, Азаматтық кодекс, Салық кодексі, кедендік жүйе, еңбек құқығы және басқалары.
Бәсеке әлемдік дамудың қазіргі кезеңінде тауар өндірушілерін тауардың сапасын арттыруда, бағаны төмендетуде, қызмет көрсетудің сапасын арттыруда үнемі жаңа жолдарды іздеуге итермелеп отырады.Ресурстардың жеткіліксіздігімен байланысты жаңа проблема туындайды – барлық процестерді басқару және тауар сапасын арттыру, конструкцияны оңайлату есебінен тауар тұтынушыларынан ресурстарды үнемдеу. ХХ ғасырдың аяғында күрделі техниканы тұтынушыларының ресурстық шығындары оның қызмет мерзімі ішінде өнеркәсібі дамыған елдерде бағаны 5 есе, ал дамушы елдерде 20 есеге асып түсті. Сондықтан ХХІ ғасырда бұл міндет басымды болмақ.
Бәсеке қарқындылық дәрежесіне қарай бола алады:
- тартымды, егер берілген сегментте субъект өз қажеттіліктерін сапалы қанағаттандыратын немесе алдыңғы сегментке қарағанда көбірек пайда табатын болса;
- орынды, егер бәсеке субъектісінің әрекеттері берілген нарық сегментінде бәсекелік ортаны ұстап тұратын болса;
- бәсеке объектісі үшін қатал, егер субъект берілген сегментте объектіні жойып немесе ығыстыратын болса;
- бәсеке субъектісі үшін қатал, егер объект (бәсекелес) берілген сегментте субъектіні жойып немесе ығыстыратын болса.
Бәсеке формалары:
1) пәндік – бір қажеттілікті қанағаттандыратын аналогті объектілер арасындағы, бір ассортимент тобының тауарларының арасындағы бәсеке;
2) функционалдық – тауар (объект)-ауыстырушылар арасындағы бәсеке;
3) жеке тұлғалық.
Бәсеке әдістері:
1) тауар сапасын арттыру критерийі негізінде (бағалық емес);
2) қызмет сапасын арттыру критерийі негізінде;
3) бағаны төмендету негізінде (бағалық);
4) тауар тұтынушыларынан пайдалану шығындарын төмендету негізінде;
5) басқару сапасын арттыру негізінде;
6) объектінің және субъектінің барлық бәсекелік артықшылықтарын пайдалану негізінде (интегралдық).
Бәсеке келесідей деңгейлерде өтуі мүмкін:
- жергілікті (топта, бөлімде, ұйымда, т.б.);
- аймақтық (ауданда, қалада, облыста, т.б.);
- ұлттық (елде);
- ұлтаралық (бірнеше елдерде);
- ғаламдық (әлемдік масштабта).
Нарық: 1) тауарлар мен қызметтерді сату-сатып алу, сауда келісімін жасау орны; 2) нәтижесінде сұраныс, ұсыныс және баға қалыптасатын тауарлар мен қызметтерді айырбастаумен байланысты экономикалық қатынастар. Нарықтардың құрылымы көп түрлі. Сатылушы тауарлардың түрлері бойынша шикізат материалдар, бағалы заттар, өндіріс құралдары, жылжымайтын мүлік, тұтынушылық тауарларр мен қызметтер, ақпараттық және интеллектуалды (рухани) өнім, инновация, валюта, бағалы қағаздар, еңбек, жұмыс орны және жұмыс күші нарықтары бөлінеді. Қамтитын территориясының масштабына қарай әлемдік, аймақтық, өңірлік, елдердің нарықтары, ал әрбір елге қатысты – ішкі және сыртқы нарықтар бөлінеді. Сонымен қатар заңды (ресми) және заңсыз (жасырын, қара) нарықтарды бөліп көрсетуге болады. Бағалы қағаздарын қайта сату іске асырылатын бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік және басқа да нарықтар алғашқы және екінші болып бөлінеді.
Нарық – нақты тауар түрін сату-сатып алу, этикалық және құқықтық нормалар мен ережелерді сақтай отырып, қарқындылығы бойынша анықталған бәсеке шарттарында сауда мәмілелерін жасасудың шартты орны. Нарық жетілдірілген және жетілдірілмеген болуы мүмкін. Жетілдірілген нарық моделі сауда мәмілелерінің барлық қатысушылары экономика-құқықтық және этикалық принциптерді жетекшілікке ала отырып әрекет етеді деген болжамға негізделеді. Сондай-ақ, жетілдірілген нарық моделі келісі шарттармен сипатталады:
- берілген түрдегі барлық тауарлар сапасына, сыртқы түріне және қорабына қатысты объективті біртекті, және бағасы анықталған тауармен салыстырмалы болады;
- бәсекелік күрестің шарттары барлық сатушылар мен сатып алушылар үшін бірдей;
- сатушылар мен сатып алушылар нарықты толық шолу, мәмілелерді жүргізудің барлық мән-жайы туралы жеткілікті ақпаратты алу (бағалар, жеңілдіктер, тауар сапасы, төлемдер мен жеткізілімдер шарттары) мүмкіндігіне ие.
Фирмалар арасындағы бәсеке өзгерістерінің нұсқалары келесідей:
1) бақталасушы фирмалардың санының артуымен бәсеке күшейеді;
2) тауарға сұраныс баяу өскен жағдайда бәсеке күшті болады;
3) салада шаруашылық шарттары фирманы бағаны төмендетуге немесе сату көлемін ұлғайтудың басқа қаражаттарды қолдануға итермелеген кезде бәсеке күшейеді;
4) тұтынушының бір маркіден екіншісіне ауысуы көп шығынды қажет етпеген жағдайда бәсеке күшейеді;
5) бір немесе бірнеше фирмалар өздерінің нарықтық үлестеріне қанағаттанбаған жағдайда бәсеке күшейеді;
6) бәсеке табысты стратегиялық шешімдердің пайдасының өсуіне пропорционалды күшейеді;
7) нарықтан шығу шығындары үлкен болған кезде бәсеке күшейеді;
8) фирмалардың стратегиялары, ресурстары, ұйымдастырушлық ерекшеліктері, миссиялары айтарлықтай мөлшерде көпшілікке ашық болған жағдайда бәсеке жағдайы белгілі болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет