Ф 11-03 Жуманова Г. М., Мергенбаева А. Т.,Оспан Б.І. 1943 «КӘсіпкерлік» ПӘнінен дәріс жинағЫ



бет234/247
Дата08.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#98730
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   247
Байланысты:
Касыпкерлык лекция

Бағдарламалар/ нысаналы мақсаты

Сомасы

ЖАО
(Халықты жұмыспен қамту орталықтары)

"Еңбек" ЕХӘҚМ " бағдарламасы бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар

100 АЕК-ке және 200 АЕК-ке дейін

Мемлекеттік гранттар қажетті керек-жарақ, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды сатып алуға пайдаланылады. Мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлік сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.
Мемлекеттік гранттарды Бағдарламаға қатысушының бір рет алуға ғана құқығы бар. Мемлекеттік грантты алуға арналған бағдарламаға қатысушылар үшін міндетті шарттар мыналар болып табылады:
1) оны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеу;
2) ӨКП оң қорытындысының болуы;
3) "Бастау – Бизнес" және "Жас кәсіпкер" жобасы бойынша немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтау туралы құжаттың болуы.
Мемлекеттік гранттардың қаражаты нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылады. ӨКП мүдделі органдар мен ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік грантты алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау жөнінде комиссия құрады.
Мемлекеттік гранттар беру тетігі:
1) мемлекеттік грантты алу үшін үміткерлер халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш береді;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған өтініштер мен құжаттарды қарайды, мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің тізімін қалыптастырады және ӨКП жанындағы комиссияның қарауына жібереді;
3) ӨКП жанындағы комиссия қажетті құжаттарды қарайды, мемлекеттік грантты ұсыну/ұсынбау туралы қорытынды дайындайды және оларды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына тиісті қорытынды жібереді;
4) қорытынды беру үшін ӨКП жанындағы комиссия қажет болған жағдайда жеке әңгімелесу өткізеді немесе мемлекеттік грант алуға үміткер адамдардан қосымша құжаттарды сұратады;
5) халықты жұмыспен қамту орталығы қорытындыны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бұл туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді;
6) ӨКП мемлекеттік грант берілген күннен бастап 12 ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және жобаны сүйемелдеу жөніндегі сервистік қызметтерді (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) ұсынуға жәрдем көрсетеді.
Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген мемлекеттік гранттар беру қағидаларында айқындалады.
Әрбір кәсіпкер мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізе алады. Осы бағдарламаларға қатысу мақсатында "ҚазАгро" АҚ, "Даму" КДҚ, services.atameken.kz, farmers.kz сайттарына мониторинг жүргізу қажет, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП өңірлік өкілдіктерімен кеңесу немесе 1432 call орталығына қоңырау шалу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет