Қоғаммен байланыс, PR — осы образды идеалды және өмірге қажетті зат ретінде бекіту мақсатында объектінің образын (идея, тауар, қызметтер, персоналдар, ұйым - фирма, бренд) бәсекелес ортада әлеуметтік топтың құныдылықтар қатарына қалыптастыру және ендіру технологиясы. Кең мағынада — қоғамдық пікірді басқару, қоғам мен бизнестің өзара қарым-қатынасын құру.
Бұл ретте PR-қызметте бірнеше элемент болады: 1) мәселелерді шешуге PR-кампания бағытталған субъект, яғни сол өнім, бренд, компания, жеке тұлға және т.б.; 2) релейтер, яғни науқанды жоспарлайтын және іске асыратын жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман немесе PR-құрылым. Релейтер ішкі (меншікті PR-қызмет) және сыртқы (PR-агенттік) болуы мүмкін; 3) PR-кампанияның объектісі, яғни өзгерту қажет болатын аудиторияның санасы немесе әрекеті.
Релейтер тұлға мен ұйымды позициялаумен, тапсырыс беруші (клиент) мен қоғамдастық арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатумен және қолдаумен айналысады. Көбінесе PR-маман маркетердің, жарнама берушінің, имиджмейкердің, брендмейкердің және басқа да аралас кәсіптердің функцияларын орындайды. Жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманның міндетіне сондай-ақ БАҚ-пен (media relations) қолайлы қарым-қатынас жасау, кеңейту, қолдау кіреді, бұл клиенттің сұраныстарын және нақты жобаның мақсаттарын қанағаттандыратын ең қолайлы басылымдарды, теле және радиоарналарды, Интернет-ресурстарды іріктеуді (таңдауды) қамтиды. Таңдалған БАҚ-пен белсенді жұмыс және жұртшылықпен тұрақты байланыс тұлға немесе ұйым беделін нығайтуға, бәсекелестік ортада паблициттік капитал мен материалдық емес активтерді арттыруға ықпал етеді.
Қазіргі уақытта "төртінші билік" болып табылатын БАҚ-пен жұмыс жүйелі тәсілді талап етеді. Осыған байланысты жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман журналис психологиясын, оның мотивациясын, заманауи тез өзгеретін әлемдегі қалауын және қажеттілігін ескеруі керек. Релейтер құрған арнайы оқиға қоғамдастықтың ақпаратқа қызығушылығын туғызуы, қызықты, көкейтесті және өзекті болуы керек.