Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет18/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Бюджетаралык, реттеу - теңгерімділік мақсаттарында жо-ғарғы бюджет ресурстарының бір бөлігін төменгі бюджетке бе-руден түратын және керісінше, ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі. Реттеу механизміне бюджеттік субвенциялар, бюджеттік алынымдар, реттеуші кіріс көздері жатады. Бюджеттік алынымдар - заңнамалық актілермен немесе мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерге беретін ресми трансферттері.
Субвенциялар-т:өмсіт бюджеттердің жоғарғы бюджеттерден заңнамалық актілермен және маслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде алатын ресми транферттері.
Реттеуші кіріс көздері бекітіліп берілген және реттеуші бо-лып бөлінеді.
Бекітіп берілген кірістер — бұл түгелдей немесе ішінара белгілі бір бюджетке берілетін бюджет қаражаттары.
Реттеуші кірістер — жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке нығайту үшін бағытталатын қаражаттар.
Бекітіп берілген және ретттеуші кірістердің тізбесі бюджет заңнамасында белгіленеді.
Егер биліктің әрбір деңгейінде жиынтық бюджеттердегі түсімдердің көлемі жалпы алғанда олардың функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті болса бюджет жүйесі сатыластыгы жагы-нан баланстандырылған деп есептеледі. Деңгейлес теңгерімділік— биліктің тиісті деңгейлерінің жеке аймақтары мен аумақтары-ның бюджеттеріндегі кірістер мен шығыстардың жалпы сәйкестігі.
Сатылас теңгерімділікке жету—жалпы теңгерімділіктің I-кезеңі, ал деңгейлес теңгерімділікке жету — теңцестірудің II-кезеңі, ол Қазақставда бюджеттік алынымдар мен субвенциялар арқылы жүзеге асырылады.
Бюджетаралық қатынастарда түрлі деңгейлер бюджеттерінің қаржы өкілеттіктерінің келісілмегендік және олардың өкілеттіктері мен кірістерін қамтамасыз ету проблемалары бар: аумақтық бюджеттердің нашар салық базасы; қайта бөлу саяса-тындағы түрлаусыздық. Бюджетаралық қатынастар жоғарғы бюджеттердің төменгі деңгейдің бюджеттерін орталықтандырыл-ған нығайту негізінде қүрылады. Мүндай саясат аумақтарды шығыстардың негүрлым жоғары нормативтерін қаққылауға бағ-дарлайды. Жоғарғы органдар "тағдырды шешушіге" айналады, бұл жемқорлыққа негіз қалайды. Бұл жағдаятта биліктің жергілікті органдарының қүқықтарын кеңейту қажет,ол үшін олардың үш топтағы өздерінің салықтары болуы керек:
1) негізгі рөлді ойнайтын салықтар:
а) тура салықтар: мүлік, жер салықтары,көлік қүралдарына салынатын салық;
ә) жанама салықтар: сатып алуға салынатын салық, көпшілік түтынатын тауарларға салынатын акциздер;
2) жергілікті органдардың аумақтарында жиналатын мемлекеттік салықтарға биліктің орталық органдары белгілі бір пайызбен белгілейтін салықтар;
3) басқадай жергілікті салықтар, алымдар және төлемдер, са-лықтық емес кірістер (жерді жалға беру және сату; орман массивтерін жалға беру; басқадай түсімдер).
Жергілікті бюджеттерде салықтық және салықтық емес кірістер 85-70% қүрайды. Рыноктың қалыптасуы кезеңіндегі бюджеттердің негізгі проблемалары мыналар:
/. Төленбеген пгөлемдер. Бұл проблема мыналардан шығатын айналым қаражаттарының жетіспеушілігі салаларынан пайда бо-лады:
еркін баға белгіленімін белгілеуден;
көсіпорындардың өзара коммерциялық кредиттер беруінің тоқтатылуынан;
төлем және есеп айырысу кредиттерінің күшін жоюынан;
өндіріс тиімсіздігінен.
Төленбеген төлемдердің проблемасы мүндаға дейін қосым-ша төлем қаражаттарын шығару арқылы шешіліп келді.
2. Жалақы бойынша берешек. Ол мына себептерден пайда бо-лады:
1) ақша қаражатының жоқтығы;
2) ақша қаражаттарын айналымға коммерциялық қүрылым-дарға қасақы жіберу;
3) әр түрлі банктерде бірнеше есеп айырысу шоттарының болуы;
4) бюджеттер жоспарланған деңгейдегі қаражаттарды ала ал-майды.
3. Заң бойынша тиісті міндетті төлемдері жүмыддыруға бейімсіз салық жуйесінің кемшіліктері. Бұл салық төлеуден жалтарынуға "ілік" беретін салық заңнамасының жетіддірілмегендігімен, салық механизмінің салық төлеушілер үшін күрделілігімен, ондағы түзетулердің, толықтырулардың көптігімен, салық службасы деңгейінің төмендігімен байланысты.
4. Орталық пен жергілікті жерлердің арасында айқын өкілеттіктің жогы. Бұл бюджетаралық қатынастардың негізгі белгілі бір идеяға қүрьшуы үшін қажет: елге мемлекеттің тіршілік әрекетінің басты бағыттарын: энергетиканы, көлікті, қорғаныс-ты, стратегиялық ресурстарды пайдалануды өзіне ала алатын қуат-ты орталық қажет. Басқа қалғандардың барлығын жергілікті биліктер орындауы тиіс.
3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының қүрамы мен қүрылымы
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптас-тырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жүмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар қүндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғам-дық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қара-жаттарымен қамтамасыз етеді, шыгыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің тусімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шыгыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бой-ынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың қүрамы мен қүрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асы-рылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жүмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп кедді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% қүрады және негізінен екі төлемнен - айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден түрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өңцірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің қөзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің қүрамы мен қүрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы түрақ-сыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен ай-қындалады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің қурылымы мына бөлімдерден түрады:
1) кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру: бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшьшығы (профициті);
7) бюджет тапшьшығын қаржыландыру (профицитін пайда-лану):
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген қүьшым бойынша жүзеге асыры-лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет