Ф 11-18 Жошыбаева Д. А


Қаржынаң басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы



бет2/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
3.Қаржынаң басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегі мен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше , тек өзіне тән рөльдерді орындайды. Қаржы қүұндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды . Бұл ақша категориялары ұдайы өндіріс цикліның басқа стадияларындағы дай сонымен бірге бөлгіштік процеске де қатысады. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайыы өндіріс процесінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән әдістермен және тәсілдермен қоғамдық өніммен ұлттық табысты бөлудің біркелкі процесіне қатыса отырып, бөлгіштік және басқа ұдайы өндірістік қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орын алады.
Баға – жұртқа мәлім тауар құнының ақшалай тұлғануы. Ол еңбек өнімінің натуралды-заттай нысанынан ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерініңи негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақсастыра отырып құндық бөліністіңбастапқы категориясы ретінде көрінеді. Ұлттық табыс бөлінгенге дейін және қайта бөлінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды және одан әрі бөлінетін процестің алғашқы негізі болып саналады. Бөлініс процесіне еңбектің қоғамдық қажетті шығындары мен анықталатын құнан бағаның ауытқуы пайда болуы мүмкін, мұның нәтижесінде бірқатар өндірушілерде көп құн, басқаларында аз құн өткізіледі. Мұндай жағдайда қайта бөлгіштік процеске өзінің әдістері мен қаржы араласады: ол құнның бір бөлігін ( мысалы, акциздердің, экспортқа немесе импортқа салынатын салықтардың кеден баждарының көмегі мен) алады немесе құнның алынңнған бөлігін субвенциялар, бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді. Бағаның құннан ауытқуын мемлекет бағалардың саясатын жүргізгенде реттелетін бағалар, әлеуметтік тұрғыдағы төмен бағалар, жоғары сұраныммен анықталатын баға- монполиялық бағаларды әдейі белгілей алатынын есте ұстаған жөн. Нарық жағдайында тауарлардың , қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы қалыптастыратын еркін бағалар басым болады.
Алайда бағаның іс-әрекеті қорлардың тікелей жасалуын тудырмайды, ол тауар өндірісі мен айналысының тетігі болып көрінеді. Айырбас актісі дегеніміз бір мезгілдегі сату (біреу үшін) . Тауарларды баламасыз сату кезінде «m» -нің үлесі азаяды немесе көбейеді, ал баламасыз сатып алу кезінде жаңа тауарлардың «с» және «v» ауқымы мен үйлесімді өзгереді.
Қаржы көмегі мен шаруашылық жоспарлары мен және үйлесімдері мен белгіленген құн қозғалысының шарттарын ескере отырып бөлудің бағасы мен басталған процесі түзетіледі.Егер бағаның көмегімен өнімді өткізуден түсетін жалпы түсім-ақша қалыптасатын балса, қаржылық бөлуге арналған мақсатты ақша қорлары бойынша бөлшектеуді. Сөйтіп бөлудің қаржылық әдістері анағұрлым иілгіш келеді, олңар бұл процестегі үлкен атаулы сипатты қамтамасыз етеді. Бөлу кескіндігінің дәрежесі әр түрлі: егер баға құнның қоғамдық қажетті шығындардан ауытқуы немесе шығындардың жеке-дара шығындардан ауытқуы түріндегі оның тек бір бөлігін бөлетін болса, қаржы жалпы қоғамдық өнімнің бүкіл құнын қайта бөледі.
Қаржы баға мен негізі қаланған үйлесімдерді анықтайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлудің объектісі жалпы қоғамдық өнімнің тек бір бөлігінің болатындығы( бағаның құнан ауытқу бөлігі). Бағамен бөлуге қатысты қаржылықөбөлу қайталама болып табылады. Баға мен бөлу үйлестірім бетіне байұалынбайды, ол түсім-ақшаның жалпы массасына жасырылған, ал қаржылық бөлу анық көрініп тұрады. Бағамен бөлу тек бөлініспен, ал қаржылық бөлу бөлініспен және қайта бөлініспен сипатталады.
Баға амортизациялық аударымдардың көлемін анықтауда ерекше рөль атқарады. Өндіріс құралдарының бастапқы және қолданыстағы бағаларының арасындағы алшақтық амортизациялық қордағы елеулі ауытқуларға себепші болады. Өндіріске кепілдікке салынған (баламасыз сатып алуға қарай) құнның бағалық бұрмалануы баламасыз сату кезінде күшейеді және бөлу мен тұтыну стадияларындағы қайта бөлгіштік қатынастардың көбеюін тудырады.
Әсіресе инфляция жағдайына Қазақстанда баға күшті өсті және бағаның бөлгіштік функциясы күшейе түсті . Баға сонымен қатар тауарларға деген сұраныммен ұсынымды да реттейді, сөйтіп ұдайы өндіріске, шығынның орнын толтыру қорының мөлшері мен құрылымына, демек, табысқа да ықпал жасайды.
Қаржы еңбекке ақы төлеу мен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істейді бастайды. Қаржы жалақы қоры мен еңбекке ақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдайлар жасайды. Бұл категориялар жұмыс күшінің ұдайы өндіріс процесін ынталандырады. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеу қоры ( жалақы қоры) қаржының көмегі мен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бұл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін . Шаруашылық практикада табыс категориясын пайдаланған жағдайда еңбекке ақы төлеу қоры қол жеткен қаржы нәтижелері мен тығыз байланысты үйлесімде қалыптасады.
Сырттай қарағанда еңбекке ақы төлеу қорын баға факторы тікелей қатыыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді . Нарықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына әсері бұрынғыдан бетер арта түседі.
Ұлттық табысты бөлудің нәтижесі болып табылатын еңбекке ақы төлеумен өзара әрекеттесе отырып. Қаржы оны салықтар, қарыздар және ақша ресурстарын жалпы мемлекттік қорға қаражаттарды жұмылдырудың басқа әдістері, зейнетақ, сақтандыру қорына төленетін жарналар арқылы ішінарар қайта бөлуді қамтамасыз етеді.
Өндірісті емес сферада қызметкерлердің еңбекке ақы төлеу қоры елеулі дәрежеде бюджет қаражаттары есебінен қалыптасатындықтан және тиісті бюджеттің қаржы мүмкіндіктері мен анықталтындықтан бұл сферадағы қаржы мен еңбекке ақы төлеудің байланысы көрнкі (айрықша) болады.
Барлық жағдайда экономикалық категория ретіндегі еңбекке ақы төлеу жасалған өнімдегі әрбір қызметкердің үлесінің сәйкестігі н, яғни қызметкердің бөлудегі қатысу шегін анықтайды, ал қаржы жалақы қорын немесе еңбекке ақы төлеу жөніндегі қорда қалыптастырады.
Еңбекке ақы төлеу тұтыну стадиясында, яғни тауарлар мен қызметкерге ақы төлеу арқылы пайдаланылады. Бір мезгілде оның белгілі бөлігі қаржылық әдістермен халықтың салықтардың, сақтандыру жөніндегі жарналардың төлеу түрінде ; несиелік әбіспен – банктерге салынған салымдар, мемлекеттік қарыздардың облигациялары түрінде; акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу, лотареялар өткізу жолымен жұмылдырлады.
Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы :

  1. қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең; жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты;

  2. қаржы құнның біржақты қозғалысына – еңбек құнына және оның ақшалай өтемақысына қатысты.

Жалақы көмегі мен vтолық және m ішінара бөлінеді , қаржының көмегі мен жалақы қоры мен сыйлықақы қоры қалыптасады. Олар еңбекке ақы төлеу қорын құрайды. Жалақы – салық төлеудің негізі. Жалақының көзі қаржы ресурстары болып табылады, ал жалақы қоры оны үнемдеу кезінде өзі қаржы ресурстарының көзі бола бастайды. Сонымен бірге қарастырылып отырған категориялардың іс-қимыл сфералары мен іс-қимыл уәждері айтарлықтай ажыратылады. Қаржының іс-қимылы еңбекке ақы төлеуге қарағанда кеңірек, өйткені қаржы бүкіл қоғамдық өнімді, ал еңбекке ақы төлеу тек қажетті өнімді және қосымша өнімнің бір бөігін бөледі. Еңбекке ақы төлеу өндірістің аса маңызды факторлардың бірі- жұмыс күшінің іс-қимылы мен байланысты, жұмсалынған еңбектің өтем-ақысын құралы қызметі атқарады, ал қаржы , бұдан басқа , өндіріс құралдарымен олардың тікелей қалыптасуы арқылы байланысты . Еңбекке ақы төлеу оның өнімділігін ынталандырады, ал қаржы механизмі арқылы оның дамуын жандандыраотырып , бүкіл қоғамдық өнімге ықпал етеді.
Қоғамдық өнім құнын бөлуге кредит те қатысады. Әрі қайта бөлгіштік процестер кредит қатынастарының сферасында ағылып жатады. Қаржыдағы сияқты кредит қатынастарында да шаруашылық жүргізуші субъектілерді, халықты, мемлекетті ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелендіру мақсаттары үшін несиелік деп аталатын ақша қорлары қалыптасып пайдаланылады.
Банктердің ресурстары қайта бөлу стадиясында қалыптасатыны белгілі, яғни кредит бұрын бөлінген құнды бөледі. Кредит қаржы ресурстарын толықтырадыжәне ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне мүмкіндік туғызады . Кредиттің көмегі мен қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың (үй шаруашылығының ) арасына қайта бөледі. Қаржы мен кредиттің арасында көптеген ортақ белгілер бар, бірақ негізгі белгі өндірістік қорлардың (капиталдардың ) толық айалымында екі категорияны кеңінен пайдалану болып табылады. Екі категориядада қоғамдық шаруашылықта қаражаттарыдң қалыпты, үздіксіз ауыспалы айналымы үшін жағдайлар жасауға бейімделген . Бұл категориялардың материалдық сферасындағы кешенді ықпал жасауының объектілері өндірістік капитал болып келеді. Қаржы мен кредит күрделі жұмсалымдар мен айналым қаржаттарын қалыптастырудың көздері болып табылады. Бірге үйлесе отырып, олар кәсіпорындардың ақша қорларының айналым ұлғаймалы негізде қамтамасыз етеді. Қаржылық әдіспен әдетте шаруашылық органдардың ақшаға деген тұрақты қажеттіліктері, несиелік әдіспен олардың уақытша мұқтаждықтары қанағаттандырылады. Келешекте күрделі жұмсалымдардың көззі ретінде кредит ресурстарының рөлі артатын болды.
Сонымен қатар қаралып отырған каегориялардың арасында белгілі бір айырмашылықтар да бар. Егер қаржы қоғамдық өнімді бөлетін болса, несие қаржы бастаған бөлуді жалғастыра отырып тек қайта бөлуге қатысады. Несиенің объектісі осы мезетте уақытша болып келетін құнның бір бөлігі болып табылады., бұл ақшаны қажетсініп отырған шаруашылық органдарымен халықтың қажеттерін қанағаттандыру үшін құнды несие қорына шоғырландыруға мүмкіндік береді. Жинақталған ақша қаражаттарын пайдалану айтарлықтай айырмашылық болып табылады: қаржыландыру қаражаттары өтеусіз және мерзімсіз тәртіппен бағыттауды шамаласа, несиелендіру қайтарымдылық мезгілдік, ақылық жағдайлдарында жүргізіледі; кредиттің аса маңызды қағидаты – берілетін кредиттердің материалдық қамтамасыздығ .
Қаржы мен сақтандырудың өзара байланысы мен өзара іс-қимылы да өте шектеулі; бұл мәселелер 18 тарауда толық қаралған.
Қаржы есеп қисаптармен және есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты, өйткені олардың іс-әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген . Есеп қисаптар экономикалық категорияларды іске асырудың құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс құралы және төлем құралы ретіндегі рункциясы пайдаланылады. Қаржылық операциялардың уақытылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қажетті ресурстардың қажетті бағыттар бойынша кедергісіз қозғалуы есеп қисаптардың айқындығына, жолға қойылғандығына байланысты болып келеді. Ақшалай есеп қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландырылуды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріс пен құндық экономикалық категориялардың – бағаның, қаржының, кредиттің, еңбекақы төлеудің іс-қимылының өте қажетті шарты болып табылады.
Экономикалық категориялардың өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі қағидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудың рпактикасында, оны жүзеге асырудың барысын бақылауда және оның тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді.
4. Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстар мен қорлары
Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырылып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері (бұл көздерді біріктіруші) ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек, қаржы ресурстары – бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табыстың бөлу бөлу және қайта бөлу процесінде жасалатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады. Тап қаржы ресурстары қаржы категориясын баға және басқа құндық категориядан бөліп алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өніммен жалпы табысты арттыру қаржы ресурстары өсуінің басты шарты болып табылады.
Қаржы ресурстарында негізгі орында таза табыс (пацда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы ) және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларын айырмашылығы бар. Қаржы қорлары (қорланым, босалқықор) – қаржылық әдіспен қалыптастырған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстар болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден , қаржы ресурстар деп ақша қаржаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары – бұл қорлардағы , яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланылған» қаражаттар сондай-ақ мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Мысалы ақша қаражаттырынң бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды – бұлар шаруашылық органдарының олардың шаруашылық органдарының олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімдері, тұқрақсыз төлемдері. Мұндай қаржаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес.
«Қаржа ресурстары» ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.

  1. Шаруашылық жүргізу практикасында «қаржы ресурстарының» ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қармағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша кірістері мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын ақша резервтерін айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық тәсілдеме. Расында кәсіпорынның банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақшалар олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне қарамастан оның барлық нақтылы қаржы ресуртарын құрайды. Сол секілді мемлекеттің бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып табылатындығына қармастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы ресурстары болып саналады.

  2. Егер жиынтық өнімнің (c+v+m) материалдық-заттай және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және процестегі орнына сүйенсек , онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді.Егер қайталама есептің әлементін шығарып тастасақ, онда «қаржы ресурстарының» ұғымы мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелінген функциялардыңорындау үшін шоғырланатын құндық (ақша) нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен табыстың бір бөлігін білдіреді.

Қаржы ресурстарын пайдалану (оларды пайдаланудың қор емес нысанының да мүмкін болғаны мен) негізінен арнаулы мақсатты арналымның ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады.Қаржы қорлары ұлттық шаруашылықта іс-әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйеснің құрамды бөлігі. Қаржы ресурстарынпайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттері негізінде объективті түрде алдын ала анықталады және қор емес нысаны мен салыстырғанда оның бірқатар артықшылықтар бар . Қор нысанының артықшылықтарына мыналар жатады: кез-келген қажеттілікті (қажетсінуі) қанағаттандыруды экономикалық мүмкіндіктермен тығыз ұштастыру мүмкіндігі; ресурстарды қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі бағыттарына шоғырландыруды қамтамасыз етеді; қоғамдық, ұжымдық және жеке мүдделерді толығырақ үйлестіру мүмкіндігі.
Қаржы мен қаржы ресурстары –бара-бар ұғымдар емес. Қаржы ресурстары өзінше қаржының мәнін анықтамайды, оның ішкі мазмұны мен қоғамдық арналымын ашпайды . Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды жасау, бөлу мен пайдалану негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды зерделейді; ол қаржы қатынастарының дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Қаржы ресурстары қоғамдық өнімнің жартысын құра отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өніммен ұлттық табысты өндіру , бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға , яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірістік қамтамассыз етуге және жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қаржы ресурстары неғұрлым көп жасаса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқыны тездету ұлттықт шщаруашылық қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты .
Қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қаржы балансында (қаржы ресурстары мен мемлекеттің шығыстары балансында) қамтып көрсетіледі. Алайда баланста несие ресурстарының бір бөлігін де қамтып көрсетіледі.
Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бһөлігін бөліп көрсетуге болады:

  1. мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланады. Мемлекеттердің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалады. Мемлекеттің еірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотареялар, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;

  2. бюджеттен тыс қаражаттар . Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы

сметалары, қазынашылық шоттар болып келеді. Бұл қорлардың қаражаттары экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бюджеттен тыс қаражаттардың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы сомасын жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды бұрмалайға мүмкіндік жасайды.Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын анықтау қиын, өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арсында шашырап кеткен.
Ақша нысанындағы қаржы ресурстарының басқа ресурстардан айырмашылығ болады. Қаржы ресурстары өзінің функцияларында біршама оқшауланған, сондықтан қаржы ресурстарын басқа ресурстармен үйлестіруді қамтамасыз етеудің қажеттігі болады.
Қаржы ресурстарының көздері қоғамдық өнімнің құнының барлдық үш элементі: «c», «v», «m», болып табылады.(1.4. сызбаны қараңыз), бірақ олардың әрқасысының қатысу дәрежесі әр түрлі . Мысалы , өндірісті кеңейту үшін, «С» элементін көбейту үшін қосымша ресурстар тарту керек. «V» элементі қызметкердің жеке (меншікті) табысы, әдеттегідей жалақысы бола отырып, қаржы ре-сурстарының көзі ретінде үш бағытта көрінеді: салықтар (еңбекақыдан төленетін); сақтық төлемдері (сыйақылар); басқадай төлемдер (ерікті жарналар, арнаулы қорларға аударылатын жарналар және т.б сияқты). "М" элементі табыс (пайда), өнімдер мен импортқа салынатын салықтар нысанындағы қосымша өнім қаржы ресурстарының негізгі көзі болып табылады.
Қаржы ресурстарының көздері макродеңгейде (мемлекет деңгейінде) және микродеңгейде (шаруашылық жүргізуші субъект деңгейінде) іс-әрекет ететін кездер болып бөлінеді:
Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:
- жалпы ішкі өнім;
- ұлттық байлық;
- тартылған (қарыз) ресурстары;
Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:
- меншікті қаржы ресурстарының көздері: өнім өткізуден түскен табыс (кәсіпорын ресурстарын қалыптастыруға мүмкіндік береді);
- субъектінің сыртқы экономикалық қызметі;
- мүлік (сатуға болатын ғимараттар, жабдықтар және өзге активтер);
- шаруашылық жүргізуші субъектісінің меншікті қаражаттарына теңестірілетін қаражаттар (олар субъектінің қарамағында болады): тұрақты пассивтер нысанындағы жалақы; қосымша жалақы — қызметкерлердің демалыстарын төлеуге арналған ақша (есептелінеді, бірақ шаруашылық жүргізуші субъектісінің қарамағында болады);
- тартылған қаражаттар (бұл кәсіпорынның қаржы рыногында — бағалы қағаздар, несие капиталдары және т.б рыноганда қалыптастыратын қаражаттары): ақциялар мен облигацияларды сату; қарыз қаражаттары;
- қаражаттарды қайта бөлу тәртібімен алынатын көздер: жоғары инстанциялардан (министрліктерден, бюджеттен алынатын) алынатын қаражаттар; сақтық өтеулері (сақтандыру — қаражаттарды қайта бөлу әдісі).
Мыналар макродеңгейдегі қаржы ресурстарының негізгі түрлері болып табылады: Халықаралық валюта қорының және басқа халықаралық ұйымдарының кредиттері, Ұлттық банктің ішкі кредиттері; салықтар; бюджетке төленетін басқадай төлемдер; бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар және өзгедей түрлері.
Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының түрлеріне мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектісінің таза табысы — пайдасы; амортизациялық аударымдар; кредиттер; сақтық өтеулері; істен шыққан мүлікті сатудан түскен түсім-ақша; орнықты пассивтер; құрылыста ішкі ресурстарды жұмылдыру; серіктестіктер мен кооперативтер мүшелерінің үлестік жөне басқа жарналары; меншікті бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстар; жоғарғы құрылымдардан аударылған қаржы ресурстары; бюджет субсидиялары және басқадайлары.
Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.
Орталықтандырылған қаржы ресурстары бюджет және макродеңгейдегі ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Ұлттық шаруашылықты қаржыландырудың мынадай бюджеттік әдістері болады:
1. Мемлекеттік күрделі жұмсалымдар (бұл әдіс экономиканы жандандыру, өндірістің жаңа салаларын жасау үшін пайдаланылады).
2. Мемлекеттік көтере сатып алу (оның көмегімен жиынтық сұраным белгіленеді, мемлекет тауарлардың уақтылы өтуіне мүмкіндік туғызады).
3. Субсидиялар (өтеусіз берілетін қаражаттар). Олардың мынадай түрлері болады: демеуқаржы (залалдарды, берешектерді, мысалы, жалақы жөніндегі, жабуға пайдаланылатын субсидиялардың түрі); субвенциялар (мақсаты шығындарға жұмсалатын субсидиялардың түрі); экспорттық сыйлықақылар (экспортталатын тауардың бағасын темендету үшін пайдаланылатын субсидиялардың түрі).
4. Бірлескен кәсіпорындарға жұмсалатын инвестициялар.
5. Мемлекет тарапынан болатын жеңілдікті несиелендіру. Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.
Қаржы ресурстарын босатып алудың мынадай жағдайлары болады:
1) айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету;
2) өндірісті қысқарту;
3) тауар-материалдық құндылықтардың босалқы қорларын қысқарту;
4) материал сиымдылығын қысқарту;
5) меншікті қаражаттарды қарыз қаражаттарымен ауыстыру.
Ұдайы өндірістік процесті жаңдандырудың маңызды аспектісі ғылыми-техникалық прогресс болып табылады. Оны қаржы ресурстарының — орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ресурстары есебінен қамтамасыз ету — оларды пайдаланудың басым бағыттарының бірі.
Қаржы ресурстарының бір бөлігі резервтерді — көлденең пайда болған қажеттіліктерді қаржыландыруды қалыптастыру үшін бөлінуі тиіс.
Ұдайы өндірістің мақсаттарын қамтамасыз етуден басқа қаржы ресурстарының едәуір көлемі басқаруға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, үкіметтік борышты төлеуге бағытталатынын білген жөн.
Қаржы ресурстарын өсірудің маңызды факторы қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру болып табылады, бұл ұдайы өндіріс процесінде ұлттық табыстың артуын білдіреді, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржылық нөтижесінің өсуіне жеткізеді. Еңбек өнімділігімен қоғамдық өндіріс тиімділігінің басқа көрсеткіші - қор қайтарымы (капитал қайтарымы) тығыз байланысты. Қор қайтарымын арттыру қаржы ресурстарын қалыптастыруға, атап айтқанда, олардың негізгі көзі — таза табыстың өсіміне сөзсіз өсер етеді, ол өнім өндіру ауқымы өсімінің, сондай-ақ ағымдағы шығындарды (ең алдымен жалақы мен амортизациялық аударымдарды) үнемдеудің нәтижесінде артады. Және, керісінше, қор қайтарымының төмендеуі қаржы ресурстарын азайтады.
Екінші фактор — бұл материаддық шығындардың орнын толтыру қоры мен өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық өнімнің бөліну үйлесімдері. Жиынтық қоғамдық өнімдегі материадцық шығындардың үлесін — материал сиымдылығын төмендету өндірілген ұлттық табысты — қаржы ресурстарының негізгі көзін — арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады.
Қаржы ресурстарының өсуіне сонымен қатар жалпы алғанда қоғамдық өндірістің, сондай-ақ өнеркәсіп өндірісінің материалдық-заттай құрылымы да әсер етеді.
Перспективада ақша қорланымдары (табыс, қосылған құнға салынатын салық, акциздер), сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер қаржы ресурстарының негізгі көздері болып қалады.
Жекешелендіруден, мемлекет меншігін сатудан түсетін түсімдер сияқты уақытша көздер болып табылатын қаржы ресурстары олардың таусылуына қарай азаятын болады. Көздері жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері— роялти, бонустар болып келетін қаржы ресурстары артады.
Еңбекке ақы төлеудің, тұтыну қорларының одан әрі өсуі қаржы ресурстарының құрамына тартылатын халық қаржыларының мөлшерінің өсуіне жеткізеді.
Мемлекеттің қаржы ресурстары көлемінің динамикасы мен құрылымының тенденциялары нарықтық қатынастарға көшу бағдармаларын жүзеге асырудың нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыру қаржы ресурстарын қалыптастырудың қарқынын тездетуге және өсуі интенсивті факторлармен шарттасылған көздердің үлес салмағын кебейту бағытындағы олардың құрылымын жақсартуға жеткізетіндігін дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет