Ф 11-18 Жошыбаева Д. А



бет7/45
Дата16.02.2023
өлшемі1,49 Mb.
#169075
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Қажетті әдебиеттер
1.Ильясов.К.К.Құлпыбаев.С.Қ«Қаржы».
экономиканық жоғарғы оқу орындары үшін.Алматы «Экономика»2005.ж.
2.Мельников.В.Д.,Ильясов.К.К.«Финансы» учебник для экономических вузов Алматы «Қаржы—қаражат».2006 г.
З.Ильясов.К.К.Саткалиева.В.А. и другие «Государственный бюджет» Алматы РИК 1999 г.
4.Ковалева.А. «Финансы». М финансы и статистика 2002 г.

  1. В.М.Родионова.«Финансы» М. финансы и статистика 2000 г.

  2. Д.Г.Черник «Финансовые аспекты рыночной экономике» М.финансы и статистака 1998 г.

  3. Л.А. Дробозина.«Общая теория финансов» М. банки и биржи изд. обьединение. ЮНИТИ 2003 г.

8.Мельников.В.Д. «Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана» Алматы «Қаржы-Қаражат» 1995 г.
9. Дербисов Е.Ж. Финансы Казахстана: между прошлым и будущим « Алматы. изд. ИХТИСАТ 1996 г.


4-тақырып. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
1.Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері
Шаруашылық жургізуші субьектілердің қаржысы — бірыңғай қаржы жүйесінің қүрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін қүрайды, матери-алдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынас-тарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғам-дық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты - халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығында-рын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі бо-лып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мүнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қар-жысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ре-сурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда үлғай-малы үдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жал-пы мемлекетгің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланыс-ты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында үлғаймалы үдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі да-мытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқ-ару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономика-ны қайта қүрудың қуатты қүралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыла-рысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір болігі ретінде
олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғам-дық -пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қүрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа түрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, түрғын үй-коммунал-дық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыра-тын косіпорындардың, фирмалардың, қогамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік уйым-дардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл сала-ның техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық сала-лардың қаржысының мәні мен оны үйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидатта-рына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мүның бәрі олардың барлығын қосалқы категорияға - жалпы "қаржьі" категориясы сияқты оның функцияларын орындайтын шаруашы-лық жургізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржы-лар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы ай-налымының процесінде өндірілген өнімнің қүны белгіленген эко-номикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетігінде болып отыр, мүның өзі қаржының үдайы өндіріс процесінде қүнды бөлу және қайта бөлуте қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық түрғыдан негіздеп бөлу қаржының үдайыөндірістік түжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады.
Оның мазмүны жай және үдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олар-дың қозғалысы арасындагы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген эко-номикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне
кірістер мен шығыстардың көлемш жасайды; шығыстардың шама-ланған меншікті қаржы ресурстары, басқа үйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жүмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде ор-талықтандырылған қорларға — мемлекеттік бюджетке, бюджет-тен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мүқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қара-мағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы үйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Субъектілер ара-сындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жүмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орында-луы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзе-ге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы сферасын-дағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:
басқа ор турлі косіпорындармен және уйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, матери-алдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бүзған кезде айыппүл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды ітнвестициялау, олар бойынша дивидендтер мен пайыздар төлеу және алу процесінде, коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады);өзінің еңбек ужымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;
мемлекетпен — бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржы-ландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кез-де, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарын қалыптастырғанда;
банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк несиелерін алу, оларды қайтару, несиелер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады);
сақтық органдарымен — мүлікті, қызметкерлерді, коммерция-лық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
жогары үйымдармен — ішкісалалық қайта бөлу шегінде (пай-даны, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлем-дер бойыншажәне басқалары);
қүрылтайшылармен (бұл қатынастар қүрылтайшылардың жар-ғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салым-дарын) төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес қүрылтайшыға аударған кез-де қалыптасады) және т.с.с.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, бір жа-ғынан, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттай-тын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сфера-сындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:
1) қаржы қатынастарының көпқырлылыгы, олардың нысанда-ры мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік қүралдардың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байла-нысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар — бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар қүн нысандарының түрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген мезетівде өндірістік қүралдар материалдық-заттай және ақша ны-санында болуы мүмкін;
3) жоғары белсенділік, шаруашылық қызметінің барлық жағы-на әсер ету мүмкіндігі;
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.
Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы деп әнім (жүмыс, қызметтер кәрсету) әндіріп, сату кезінде ақшалай табыс-тарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады
2.Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары
Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері мыналар-коммерциялық есеп, жоспалылық, барлық меншік түрлерінің теңдігі, қаржылық нәтижелерінің саны.
1. Коммерциялық есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылығы мен қызметін жүргізудің басты әдісі. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар мен ұйымдарға көбінесе ‘шаруашылық есебі’, ал жеке аралас меншікке ‘коммерциялық есеп’ термині қолданылады.
Коммерциялық есеп принціпінің мәні-кәәсіпорынға қызметін жүргізу үшін жарғылық қорын құрайтвн, тұрақты қолдануға қажетті негізгі және айналым қаражаттары(капиталы) бдөлініп отырады. Коммерциялық есеп шаруашылықты жүргізу әдісі саласында шығындарды шаруашылық қызметі мен рентабельдік жұмыстың табыстарымен өлшейді. Коммерциялық есеп принціпі кәсіпкерлік формасында жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік – бұл пайда табуға бағытталған азаматтардың дербес, белсенді қызметі. Коммерциялық есептің анықтаушы белгілері, өзін-өзі өтеуі және өзін-өзі қаржыландыру құрама белгілері, қаржылық дкрбестік, қаржылық жауапкершілік, қаржылық мүдде.
2.Жоспарлылық- бұл кәсіпорынның қаржылық қызметінің алдын-ала мақсаттар мен өндіріс міндеттеріне, мақсатқа жету әдістері, жету мерзіміне сәйкес қарастырылады. Осы есептеу нәтижесінде қаржылық нормативтерді қолдану негізінде қаржылық көрсеткіштер анықталынады және олар арнайы құжат-қаржы жоспарында көрсетіледі.
3. Әртүрлі меншік формаларының теңдігі-мемлекеттік әртүрлі меншік формаларының дамуы мен тұрақтылық қатынастарға кепілдік беруі.
4. Қаржылық резервтердің болуы.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы шаруашылық қызметі процесінде қаржылық қорлар қалыптасып қолданылады. Бұл – анықталған мақсаттарға арналған ақшалай қаражаттар тұрақты қозғалыста болады. Кәсіпорындар қызметі үшін маңызды қорлар мыналар - жарғылық резервтік, жинақтау қоры, тұтыну қоры, еңбек ақы қоры, валюталық қор, жөндеу қоры. Кәсіпорын дербестігі кезінде сақтандыру қоры,жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға қатысудың үлестік қоры.
3.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржылары
Әртүрлі сипаттағы коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелерді келесі бағыттар бойынша біріктіруге болады;
1. Жалпы бағыттағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтер.
2. Қорғаныс
3 Ішкі құқық тәртібінің күзеті және қауіпсіздік.
4 Қолайсыз табиғат құбылыстарымен, апаттарымен және басқа да зілзалалармен байланысты кездейсоқ оқиғалардың себеп салдрынан болатын оны жою және ескерту.
5 Білім
6 Денсаулық сақтау.
7 Тұрғындарды әлеуметтік қорғау.
8 Іргелі ғылымдар.
9 Мәдениет және өнер.
10 Қалалар мен елді мекендердің қоғамдық тұрмыс құрылысы. /жарық беру, көгалдандыру, көпірлер, жолдар, тратуарлар, т.б./
11.Қоғамдық білестіктер мен ұйымдар.
12 Қоршаған ортаны қорғау.
13 Гуманитарлық және қайырымдылық.
Бұл аталған бағыттардың жалпы ерекшелігі олардың қызмет етуіндегі негізгі мүдде пайда немесе табыс табуға бағытталмайды, жеке меншікті қамтамассыз етуге мүмкіндігі келмейтін, қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру.
Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін материалдық негізі өндірістік емес сипаттағы қорлар-ақшалай және натуралды формада болады. Натуралды формадағы қорлар-өз бағасына сатып алынады және оны тұтынуда өзіндік құнын жоғалтады, ал жасалған игілік пен қызметтік құны болмайды, тек тұтыну құны болады.
1) Сметалық қаржыландыру-өз табыстары жоқ ұйымдар мен мекемелердің шығындарын жабу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражаттар ұсынады.
2) Шаруашылық есеп әдісі-шығындарды материалдық емес қызметтер емес қызметтер мен игіліктерді өткізуден түскен түсімдер есебінен өтелетін ұйымдар мен мекемелер қолданады.
3) Өзін-өзі өтеу әдісі-әртүрлі мәдениет және өнер саласындағы шығындары, ткөрсетілетін қызмет бағалары негізінде анықталады.
Ақшалай қаражаттардың қалыптасуымен, бөлінуімен және қолданылуымен байланысты қаржылық қатынастарды келесі негізгі топтарға бөлуге болады;
-ұйымдар, мекемелердің қызметін қамтамасыз ету.
-күрделі салымдық қорлар.
-марапаттау және ынталандыру сипатындағы қорлар.
-жұмысшылардың және қызмет көрсететілетін, әлеуметтік мәдениет және тұрмыстық, материалдық қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты қорлар.
-негізгі қызметті дамыту қорлары.
.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қызметін қаржыландыру көздері әртүрлі сипатта болады. Коммерциялық емес қызметті жүзеге асыратын ұйым мен мекемелердің қаржыландыру көздерін оның құрылымдық қызмет етуіне мемлекеттің қатысу дәрежесіне байланысты топтауға болады. Мемлекет, мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен, ұйымдврдың қызмет етуі мен байланысты шығындарды толық қаржыландыруға кәретіндер;Мемлекетті басқару, құқық тәртібінің күзеті, қорғаныс, білім және денсаулық сақтаудың кейбір бөліктері. Басқа бағыттарда мемлекет қадағалаушы-бақылау қызметінің ролін атқарады.
Іргелі ғылыми зерттеулердің де басым бөлігі мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырады. Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің екінші маңызды қаржыландыру көзі өз қаражаттары- қызмет, орындалған жұмыстан алынатын тікелей түсім, басқа да пайда және табыс көздері жатады.
Қаржыландырудың үшінші маңызды түрі-банк несиелері. Бұл ақылы қызмет көрсететін, тұрақты жұмыс істейтін мекемелерге тән. Бұл несиелік қаражаттардың өтімділігі мен кепілдігін қамтамассыз ететін шағын ведомстволық кәсіпорындарда қолданылады.
Қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің қаржыландыруының арнайы әдісі оған қатысушылардың мүшелік тараепылары есебінен қалыптасады. Ұйымдар мен мекемелерді қаржыландыру көздері болып келесі қаржыландырулар да жатады;

  1. Кәсіпорын, ұйымдар және материалдық өндіріс тарапынан қайырымдылық мақсаттағы бөліністер.

  2. Шет елден, халықаралық ұйымдардан, мекемелерден гуманитарлық көмек демеушілік қаржыландыру, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруда принциптер қолданылады.

Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің шығындары мекеменің бекітілген құжаттарына сәйкес оның функционалды қызмет етуін қамтамасыз етуі қажет.
Өзін-өзі өтеу және бастыпқыда шаруашылық есептегі ұйымдар мен мекемелер өз жұмыстарының нәтижелерін куәлігі қаржылық жоспар мен бизнес жоспар көрсеткіштерінің есебінен амқарылады. Бұл жағдайда өндіріс және қызмет көрсетуде келесі шығындар болады. Материалдық өндірс саласындағы шығындардың басым бөлігі, ең құрылымы үлкен еңбек ақы шығыны, әлеуметтік топтарға бөлінуі.
Экономикелық жіктеуге сәйкес сметалық шығындарды келесі құрылымдық топтарға бөлінеді- кетегория, класс, шағын класс.
1. Ағымды шығындар категориясының келесі кластары бар;
1-класс Шағын кластар құрамындағы тауарлар мен қызмет шығындары, еңбек ақы ерекшелігі бойынша –негізгі коммерциялық және басқа да ақшалай төлемдер.
2-класс Проценттерді төлем класы келесі шығын кластар бойынша;
1. Ішкі займ бойынша процент төлеу.
2. Сыртқы займ бойынша процент төлеу.
3-класс Субсидиялар және басқа да ағымды трансферттік төлемдер.
2-категория Капиталдық шығындар
3-категория Несиелер ұсыну, үлестік қатысу және қаржыландыру.
4-категория Қаржыландыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет