Қажетті әдебиеттер
1.Ильясов.К.К.Құлпыбаев.С.Қ«Қаржы».
экономиканық жоғарғы оқу орындары үшін.Алматы «Экономика»2005.ж.
2.Мельников.В.Д.,Ильясов.К.К.«Финансы» учебник для экономических вузов Алматы «Қаржы—қаражат».2006 г.
З.Ильясов.К.К.Саткалиева.В.А. и другие «Государственный бюджет» Алматы РИК 1999 г.
4.Ковалева.А. «Финансы». М финансы и статистика 2002 г.
В.М.Родионова.«Финансы» М. финансы и статистика 2000 г.
Д.Г.Черник «Финансовые аспекты рыночной экономике» М.финансы и статистака 1998 г.
Л.А. Дробозина.«Общая теория финансов» М. банки и биржи изд. обьединение. ЮНИТИ 2003 г.
8.Мельников.В.Д. «Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана» Алматы «Қаржы-Қаражат» 1995 г.
9. Дербисов Е.Ж. Финансы Казахстана: между прошлым и будущим « Алматы. изд. ИХТИСАТ 1996 г.
5-тақырып. Мемлекет каржысынын жалпы сипаттамасы
Мемлекет факторларының үлкен немесе кіші дәрежеде әсер етуіне байланысты экономикалық өмірге қатысады. Бұл оның ішінде қоғамның таңдалған даму үлгісіне, саяси құрамына, қалыптасқан дәстүрлі және сыртқы факторларға байланысты.
Мемлекеттің экономикалық қызметі іріленген келесі қызметтермен жинақталады:
Экономикалық өмірдің қалыпты дамуына ықпал жасайтын құқықтық базаның қамтамасыз ету.
Монополиялық қызметті шектеу бәсекені қорғау.
Табыстар мен байлықтарды қайта бөлу.
Экономикалық тұрақтандыру.
Ресурстарды қайта бөлу.
Аталған қызметтер тікелей немесе жанама қаржы категориясын қолданумен байланысты және бұл байланыс әсіресе 3-ші, 4-ші, 5-ші мемлекет қызметтерде үлкен дәрежеде көрінеді.
3 қызметі: Табыстар мен байлықтарды мемлекет қайта бөлінуінің себебі, нарық жүйесінде олардың бастапқы бөліну мәні теңсіздікке апарады.
Мемлекет салық салу, трансферттер, еңбекақылық және бағаны реттеу жүйелері арқылы азаматтардың табыстарын реттейді.
4 қызметі: Экономиканы тұрақтандырудағы мемлекеттің іс – қимылы - экономикалық жағдайымен қалыптасатын еңбек пен қамтылу деңгейін және инфляцияны бақылау және де экономикалық өсуді ынталандыру іс – шаралары.
5 қызметі: Экономикалық ресурстардың қайта бөлінуі, жетілмеген нарық жүйесінде 2 жағдайда қалыптасады:
1. Кейбір тауарлардың тепе – теңдік өндіріс көлемінен ауытқуы.
2. Ресурстардың бөлінуін нарықтың қабылдамауы немесе қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер өндірісі үшін ресурстардың жеткіліксіз бөлінуі.
1 –ші жағдайда кейбір тауарлар мен қызметтер өндірісі мен тұтынуда осы тауарларды тікелей өндірмейтін өндірушілер мен тұтынушы субьектінің шығындары мен пайдаларын көрсетеді. Бұл құбылыстар қосымша эффектілер немесе ағымдар деп аталады.
Шығындар ағымы немесе негативті эффект қоршаған ортаның ластануы, шулардың саны, басқа да кедергілер мен ыңғайсыздар кіреді. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін тұрғындарға салады және бұл өндірушінің шығындарын төмендетеді. Соның нәтижесінде өндірушілер үлкен көлемдер өнім өндіреді, мемлекет шығындар ағымын теңестіру үшін келесі реттеу іс – шараларын өткізеді.
Заңды шектеу немесе зиян әсерді шектейтін талаптардың орындалуын қамтамасыз ету. Бұл шығындарды көбейтеді және тепе – тең немесе ықтималды өндіріс көлемін сәйкестіреді.
Арнайы салықтар енгізу.
2 – ші жағдайда шамадан тыс ресурстардың бөлінуі қысқартылады. Бұл пайда ағымын немесе позитивті эфектті қалыптастырады: білім беру, профилактикалық ине егулер, медициналық көмек, ауа райын болжау және т.б бірқатар қызметтер.Олардан пайданы нақты қолданушылар ғана алмай, қоғам толығымен алады. Бұл қызметті қолданушылар нарықтық сұранысты қалыптастырады. Бұл қызмет түрлеріне ресурстардың бөлінуін жеткіліксіздігін сипаттайды. Мемлекеттік реттеуші іс – қимылы пайда ағымында сұраныс пен ұсынысты ұлғайтуға бағытталған.
Сұранысты ұлғайту тұтынушыларды қосымша сатып алу қабілетін қамтамасыз ету жолымен жүргізіледі. Ұсыныс өндірушілерді қосымша қаржыландыру жолымен арттырылады және ол олардың шығындарын төмендетеді. Өндірісте тікелей мемлекеттің қатысуы мүмкін. Бұл белгілі таурларды, игіліктерді және қызметтерді қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыру арқылы мүмкін. Олар қоғамдық және әлеуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың кәдімгі тауарлардан айырмашылығы олар бөлінбейді және шектеу принципіне келмейді. Бөлінушілігі тауардың әрбір сатиып алушы үшін сатып алуға мүмкіндігі, ал шектеулік тұтынушының ұсынылған тауардан пайда табуын қысқартады.
Қоғамдық тауарлар сипатына мыналар жатады:
қалалар мен елді мекендердің тұрмыстық объектілердің мазмұны;
көше жарығы;
көгалдандыру;
тротуарлар.
Ал кең аспектідей қызметтер:
құқық тәртібінің қызметі;
мемлекеттік сыртқы қауіптен қорғауы;
мемлекеттік басқару қызметі және т.б
2. Мемлекеттік қаржының экономикалық мәні – олар қоғамдық өнім құнының және ұлттыұ байлықтың бір бөлігін мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыруы үшін кәсіпорындардан алынған қаражаттардың мелекет қызметін орындауға бөлінуі мен қайта бөлуіндегі ақша қатынастарын бейнелейді. Мемлекеттік қаржылар үшін жалпы ұлттық өнім өсімімен салыстырғанда мемлекеттік шығындар көлеемінің өсуі қарқынының артықшылығы сипатталады. Бұл құбылыс Вагнер заңы деп аталады немесе мемлекет белсенділігін өсіру заңы. Осы заңға сәйкес өнеркәсібі дамыған елдерде мемлекеттік шығындары өндіріс көлемімен салыстырғанда жылдам өсуі тиіс. Вагнер заңы бойынша мемлекет белсенділігінің өсімін келесі 3 фактормен байланыстырылады:
1. Экономика дамуы және еңбек бөлінісінің тереңдеуі нәтижесінде экономикалық өмірдің күрделенуі. Бұл өз кезегінде тиімді және қозғалысты экономиканы құқық тәртібін мемлекет тарапынан заңдық қызметтердің кеңейту қажеттілегіне әкеледі.
2. Техника мен технологияның тұтынуда ірі көлемдегі капиталды қажет етеді. Бұл акционерлік компаниялар мен мемлекеттік корпорациолардың шағын фирмалар алдындағы артықшылығын көрсетеді.
3.Мемлекет білім және денсаулық сақтау салаларында ұсынылған қызметтен алынатын пайданың экономикалық бағалауға жатпауы.
Мемлекеттік қаржылар меншікті жіктеу көзқарасты бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі.
мемлекеттік қазына республиканы қазына және жергілікті қазыналарға бөлінеді.
Мемлекеттің алтын валюта қорлары.
Мемлекеттік меншіктегі шекті құқықты иеленуші мүліктер.
Республикалық меншікке жататын бөлінбеген мүліктер.
«Мемлекеттік шығындар»
1. Мемлекеттік шығындардың мәні және олардың құрамы.
2. Мемлекеттік шығындардың жіктелуі.
3. Мемлекеттік шығындардың негізгі топтары.
1) Мемлекеттік шығындар мемлекеттің қызмет етуіне байланысты жұмсалатын ақшалай шығындар. Мемлекеттік шығындар қоғамдық өндірісті дамыту және жетілдіру.
Мемлекеттік шығындардың құрамына:
1. Мемлекеттік бюджеттің шығындары.
2. Мемлекеттік кәсіпорындарды ұйымдастырудың шығындары.
3. Өндірістік емес саланың, мекеменің шығындары.
Мемлекеттік сектор кәсіпорындардың шығындар құрамы:
1.Өндірістік шаруашылық - пайдалану қызметіне байланысты шығындар.
2. Ұлғаймалы ұдайы өндіріске - негізгі және айналым қорларына жұмсалатын шығындар.
3. Бюджетке төленетін төлемдер.
4. Сыйлық қорларына төленетін төлемдер.
Шығындардың 1-ші тобы қорлардың айналымына байланысты ол өндіріс шығындардың орнын толтырады немесе шығындарға шартты түрде жатады. Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттік шығындар 2-ші және 3-ші топтармен толық қамтиды. Мемлекеттік шығындардың 6 принципі бар:
1. Жоспарлық - қаржыландыру және қаражатты қолдану белгіленген қатал тәртіппен жүргізіледі.
2. Қаржыландырудың мақсатты сипаты - мемлекет қаражатты қатал белгіленген іс-шараларға жұмсалады.
3. Қайтарымсыз сипаттағы қаржыландыру - ұсынған ресурстың тікелей өтелуін талап етеді.
4. Жоспар мен болжамды орындауға сәйкес қаржыландыру әлеуметтік экономикалық даму болжамында орындалған өндірістік көрсеткіштер және іс-шараларға сәйкес қаржы ресурстары бөлінеді.
5. Экономдау режимін сақтау - ресурстарды тиімді қолдануды қамтамасыз ету.
2) Мемлекеттік шығындардың жеке түрлері өзінің экономикалық мазмұны мен маңыздылығы жағынан біріңғай емес. Бұл шығындарды қаржыландыру көздерінің формасы әдістерінің ерекшелігіне байланысты. Мемлекеттік шығындардың маңызды белгісі олардың материялдық өндіріс және ұлттық табысты жасау процесіне қатысу т.б. Осыған байланысты мемлекеттік шығындар эканомикалық мазмұнына қарай 3 негізгі топтарға бөлінеді:
1. Тікелей материялдық өндіріспен байланысты және өндірістік салаға жататын шығындар.
2. Қызмет пен өндірістік емес саладағы шығындар.
3. Мемлекеттік резервтер жасауға жұмсалатын шығындар.
1. Мемлекеттің шаруашылық қызметіне және ұлттық табысты жасауға байланысты шығын.
2. Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынуға байланысты.
3. Мемлекеттік резервтерді жасау және толықтыруға арналған шығындар, төтенше жағдайлар кейбір психикалық зіл-зала кезінде жұмсалатын азық-түлік басқа да қажеттіліктерді алуға жұмсалатын шығындар.
Нақты мақсатты белгілеріне қарай мемлекеттік шығындар халық шаруаларына, әлеуметтік мәдени шараларға, қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығындар болып бөлінеді. Жеке бағыттар бойынша жұмсалатын қаражаттарға қоса шығындардың бір бөлігіне шұғыл қажеттерді қаржыларға арналған шығындар жатады.
Аумақтық белгілеріне қарай - мемлекеттік шығындар эканомикалық аймақтық бойынша бөлінеді. Бұл өндірістік күштерді орналастыруға және халық шаруашылығы сәйкестікті жетілдіруге ықпал етеді.
Мемлекеттік шығындар салалық белгісі бойынша:
1) материялдық өндіріс салада өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына, көлік байланысына, саудаға жабдықтаумен дайындауға жұмсалатын шығындар болып бөлінеді.
2) Өндірістік емес салада: білім беруге, ғылымға, денсаулық сақтауға, дене шынықтыруға, әлеуметтік сақтандыру, әлуметтік қамсыздандыруға, қорғаныс пен басқаруға мемлекеттік шығындар қаржыларының екі әдісі бар:
1. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру.
2. Сметалық бюджетті қаржыландыру тағы бір әдісі ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және несие эмиссиясы есебінен эмиссиялық қаржыда қолданылады. Бюджетті қаржыландырудың келесі формалары бар:
- Жәрдем қаражаттар (дотация), Субвенция, субсидиялар қолданылады. Жәрдем қаражаттар беру кезінде қаражаттар қайтарымсыз тәртіппен бюджеттен және қаржылық мақсатты қорлардан, кәсіпорындар мен ұйымдардың шығындарын жабу үшін сондай-ақ төмендегі бюджеттерді теңестіру үшін бөлінеді:
Бұл форма ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және есептесу бағалары арасындағы баға айырмасының орнын толтыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық зияндарын жабу және өндірістік емес сала ұйымдарының өтеу кезінде қолданылады.
Субвенциялар халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету жөніңдегі мақсатты мемлекеттік бағдарламаларын жүргізу үшін іс – шараларға және басқа да мақсаттарға қаржы көмегін көрсетудің формасы:
Мақсатты пайдаларды бұзған жағдайда қаражаттар қайтарылады.
Субсидиялар - белгілі бір шараларды үлестік негізде бюджет, бюджеттен тыс және арнайы қорлардың есебінен қайтарымсыз қаржыландыруда берілетін ақшалай және заттай формадағы жәрдем ақшалар.
3) Мемлекеттік шығындардың келесі негізгі топтары бар:
1. Экономиканы қаржыландыру - бұл өндіріс көлемін ұлғайту және оның тиімділігін арттыруға бағытталған ақшалай қаражаттар. Күрделі салымдар, негізгі қорларды жөндеу, айналым қаражаттарын өсіру, материялдық резервтерді қалыптастыру және арнайы мақсатты қаржыландыру қорлары жатады.
2. Әлеуметтік мәдени іс-шаралар шығындары бұған -білім беру, мәдени саладағы демалыс пен қызметті ұйымдастыру, денсаулық сақтау тұрғындарды әлеуметтік қорғау шығындары жатады.
3. Тұрғындарды әлеуметтік қорғау шығындарына әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік жәрдем ақы төлемдері.
4. Ғылыми техникалық прогресті қаржыландыру бұған - іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер, жобалық конструкторлық зерттеулер жаңа техникалық және техникалық енгізулер - еңбекті ұйымдастыру және басқару.
5. Қорғаныс шығындары - әскери қорғаныс күштеріне әскери техника сатып алу, құрылыс обьектілерін салу әскерлерінің зейнетақы шығындарын біріккен әскери жиындар және міндетті әскери сақтандыру.
6. Басқару шығындары - бұл мемлекеттің басқару органдары үкімет, парламент, министрліктер және басқа да жергілікті әкімшіліктерді ұстап тұру үшін жұмсалатын қаражаттар.
Достарыңызбен бөлісу: |