Фискалдық функция — барлық мемлекетгерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мүның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің үлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұп орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу өдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұп реттеуіштер қоғамдық үдайы өндірістің қүрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу фунщиясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұп функцияның іс-өрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді.
Мемлекет салық саясатын — салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық жене басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
"Салық" үғымымен "салық жүйесі" үғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны қүру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін қүрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудьщ әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы ( тіркелген бөлшек сауда және кетерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетгік ретгеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар зандарға сәйкес рсспубликада жаңа салық жүйссі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде түңғыш салық жүйесі жүмыс істей бастады. Ол "Қазақстан Рес-публикасындағы салық жүйесі туралы" заңға негізделді. Бұп заң салық жүйесін қүрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы қүжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді түжырымдамасын қабыдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. Қазақстан Республикасы Презңдентінің бұп жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы ғ 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Рес-публикасының заңдарымен бұп заңға өзгертістер мен толықтырулар енгізілді.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі:
салық салу объектілері бойынша;
салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасай-тын органға қарай;
Салықтарды салу объектісі бойынша олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тура салықтар — салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға ' жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің (меншігінің) кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с.) салынады. Жеке тура салықтар — бұп жеке адамдар заңды үйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу өрбіп салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.