Ф.7.11-18
Жошыбаева Д.А.
«Қаржы» пәнінен 6В04120 – Менеджмент, 6В04160 - Маркетинг білім беру
бағдарламаларының студенттері үшін дәріс жинағы
Шымкент, 2021 ж
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Жошыбаева Д.А.
«Қаржы» пәнінен дәріс жинағы
Шымкент, 2021 ж
ӘОЖ 336.41 (075.5)
Құрастырған: Жошыбаева Д.А. «Қаржы» пәнінен 6В04120 – Менеджмент, 6В04160 - Маркетинг білім беру бағдарламаларының студенттері үшін дәріс жинағы – Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚУ, 2021 - 96 бет.
«Қаржы» курсы қаржының негізгі ұғымы,атқаратын қызметтері, каржы жүйесінің жай-күйін, мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие, үй шаруашылығы,шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары қандай көздерден құралатындығы және салық салу жүйесіндегі салық механизмдерін қарастырады.
Дәріс жинағында пән бойынша тақырыптар, бақылау сұрақтары және пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.
Пікір беруші: Мауленкулова Г.Е. - э.ғ.к., аға оқытушы, «Қаржы» кафедрасы.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің оқу - әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылған. (Хаттама № __ «___» ___ 2021 ж.)
© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2021.
1 тақырып. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні,
фуикцнялары және ролі.
Қаржы ұғымы,оның мәні мен қажеттігі
Қаржы («қолма қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан ) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқанаса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралды шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасынакөшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы ЖүБоденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері туралы») алғашқы авторы Ксенофонд (б.э.д.430-365ж.ж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д.384-322ж.ж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған .
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақшақатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функциялары мен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
кез келген қоғамдық экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен , құл иеленуші және фиодалдық формацияларға натуралды қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысыда ақша нысанында қалыптасады;
егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың ұдай өндірісімен таптықт құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа экономикалық категориялардан – кредиттен, жалақыдан және бағадан айтарлықтай айырмашылық бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастары мен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізгі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әр қайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындармен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру,бөлу, айрыбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қалыптасушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.
Осыған орай олар маман,дандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әртүрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанд, оларды белгілі бір ақшалай баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі (табысы) жасалады. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер, қызметтердің өндірілген массасы - қоғамдық өнімні ң- натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тииісті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қаржы тауар қатынастарынантыс өмір сүре алмайды.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар - ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі вәртүрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалайсоманы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір – бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкі шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма – қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беру болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы қаржы операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.
«Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастарының кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықты экономика жағдайында қаржы нақтылығы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын-ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында тауар-ақша қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуш тауарлардың,жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, олар әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес тең айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарында ақша қатынастарының қандай орын алтындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып қаржы қоғамының түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі – оның тұлғалануының ақшаның саны және ақша нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің оның аумақтық бөлімшелерінің , сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысы мен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылай жасау өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькульяциялау және өнімнің бағасын анықтау ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастары мен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі бұл әдіске тән өзгеше нышан болып табылады. Соны мен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алды мен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы ішкі өніммен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында-бөлуде және айырбастауда болады.
Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың қозғалысынан оқшауланады және оның шектелуі мен құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулану мен сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің шеттетілуі болмайды. Сөйтіп ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның ақша нысанының біржақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы болады., оның бірі ақша нысангында, ал басқасы тауар нысанында болады.
Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн тауар нысаны смен айырбасталатын яғни сатып алужәне сату жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ. Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, басқа экономикалық категорияның механизмі – баға жұмыс істейді.
Қаржының іс әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді өнімді бөлу стадиясында асқант дәрежеде көрінетіндегі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады. Соны мен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі – ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын микроэлементтерге – c, v,және m-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс құралдары құнының (с) орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (v)төленеді және қосымша өнім (m) алынады. Қаржы қатынастарының қаржы тапшылығы мен басы өндіріс сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып табылады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын (табыстарды, қорланымдарды, ақша қорларын) құрайтын және жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржаы функцияларының бастауын құрайды. Сойтіп өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын өнімді «c», «v»және «m»-ге сәйкес элеметтерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында құнды одан ары бөлу және оны мақсатты пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады (1.1.сызбакны қараңыз).
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын, олардың басқа экономикалық қатынастар мен өзара іс әрекетін шарттастырады және олардың экономиканың тиімділігіне,оның үдемелі дамуына, қоғамдық-әлеуметтік процестерге әсерін зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.
Қоғамдық қатынастардың иерархиялық ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдыққатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді. Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады деуге болады.
Экономикалық заңдармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрінеді . Экономикалық категориялар – бұл біркелкі экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің бір жағын сипаттайды және абстрактты, корытынды түрде көрінеді; оларға баға , қаржы, сақтандыру, кредит, табыс(пайда) және т.б. жатады.
Қаржы экономикалық категория ретінде , экономикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының ) іс әрекетіне негізделеді.
Қатынастардың иерархиялық субординациясынескере отырып, «жалпыдан – жекеге» қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады: жалпы қоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары және қаржы қатынастары (салық,бюджет, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық қатынастар және т.б.).
Әр түрлі қоғамдық саяси құрылымы бар осы заманғаы мемлекеттерде қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да - ақша, табыс, өзіндік құн жән.е басқаларыпайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын (тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы , еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін анықтау , өндірісті ынталандыру , кәсіпорындар қызметінінің нәтижелерін бағалау) орындайды, оларды қоғамның дамуы ндағы бұл категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан өзінің айрықшылықты белгілері бойынша айырмашылығы бар .
Қаржыны құндық экономикалық катергориялардың бүкіл жиынтығынан ажыратып алу үшін бұл экономикалық категорияға тән өзгеше белгілерді біліп алған жөн. Сонымен бірге, құбылыстың мәнін, өзгешелігін бір ғана белгімен, тіпті елеулі болғанның өзіндеде сипаттау мүмкін емес. Құндық категориялардың барлығының да толып жатқан ортақ белгілері болады. Сондықтан қайсы бір құндық категорияның , соның ішінде қаржының да өзгешелігін тек бірнеше сипатты белгілердің жиынтығы ғана кез келген құндық экономикалық категория ның, соның ішінде қаржының да мағынасымен өзгешеліктерін ашып бере алады.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономика шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әртүрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарынын ақшалай сипаты – қаржының маңзды белгісі . Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін баса көрсетеді.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болаып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларда ) және шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Бөлу процесі натуралдық-заттай нысанындада - өндіріс құралдары мен тұиыну предметтерінің қорларын жасау мен де, сондай-ақ ақша нысанында да- еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақша қорларының қозғалысы болып жатады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық катергория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынасының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені бұл белгілері бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке ортақ. Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі де оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары , істің шын мәнінде қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Ақша қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көиегі мен жасалады. Әдістер қаржы қатынастарының іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз боатын міндетті стпатты игеріп алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттігі және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарыалдын ала қарастыру қажеттіг мен байланысты болады.
Ақша экономикалық өмірде , әдеттегідей, баламалы, яғни тауар мен ақша нысанындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізіндже пайдаланылады. Баламалық белгісі басқа экономикалық категориялардың – бағаның еңбек ақының, кредиттің іс әрекетіне тән. Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын өзгешелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы қүұнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен (салықтар, табыстан (пайда) аударылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру . субвенцияла және т.б.) яғни баламасыздықпен сипатталады. Салалық қаржыларда қорларды ақшаның ішкі шаруашылықтық мақсатты оқшаулануының қсас қағидаты қолданылады.
Сөйтіп қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндік береді , әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде бір экономикалық категория белгілердің жоғары да аталған жиынтығын иемдене алмайды . Егер белгілердің алғашқы екеуі қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастарының өрісін тежеп отыратын болса, қаржыға тән қор нысаны міндетті сипатты біржақты тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық экономикалық категория ретіндегі қаржының айрықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.
Жоғары да айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықөтамасын былайша тұжырымдауға болады: қаржы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастыру мен, сонымен бірге ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану мен байланысты жалпы қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу мен қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
Қаржының жұмыс істеуінің шарты – ақшаның болуы, ал ақшаның пайда болуының себебі шаруашыдлық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шартты тауар – ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады. Қаржының қажетті объективті мән – жайдан – тауар - ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі нысандарын жасай алады: төлемдердің әртүрлі түрлері енгізеді немесе күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді және т.б. Шаруашылық жүргізу сферасында үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттеріне бейімдеуге мүмкіндік беру үшін қажет. Бұл мақсатты арнылымының ақша қорларын қалыптасытру арқылы болады. Қарэжының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау. Қоғамдқ қажеттіліктердің дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында жасалатын ақша (қаржы ) ресурстарының құрамы мен ұрылымының өзгеруіне жеткізеді.
Қаржы ресурстары болмасас, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларының, қорғаныс және елдің қауыпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды.
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа , шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары – мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20%-дан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10%-дайы (Қазақсатн бойынша) бөлінеді. Мемлекет қаржысының көмегі мен салық және аумақтық аспектілерде қоғамдық өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа қоғамдық қажетіліктер қанағаттандырылады .
Қаржысыз кеңейтілген негізде өндірістік капиталдардың жеке және қоғамдық толық айналымын қамтамасыз ету, экономиканық салалық және аумақтық құрылымын реттеу, ғылыми-техникалық жетістіктерді тезірек енгізуді ынталандыру, басқа қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкін емес.
Елде жергілікті мәні бар міндеттерді шешуге бейімделген жергілікті өзін өзі басқарудың дамуы да тиісті қаржымен қамтамасыз ету ді, муниципалдық құрылымдар қаржысының жұмыс істеуінталап етеді.
Сондықтан өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізудің төменгі буындары мен аймақтарға ерекше көңіл аударылып, оларға қаржы ресурстарын қалыптастыруда үлкен құқық пен дербестік беріліп отыр. Тек бұл ресурстар орталықтың, аймақтардың шаруашылық жүргізуші төменгі буындарының арасында ұтымды ғылыми негізде бөлінген кезде ғана жоғары қайтарымы және пайдаланылатын қаражаттардың үлкен кһөлемде жаңғыруы болуы мүмкін.
Мемлекеттік сектордың қызметі мен байланысты қаржы қатынастары елеулі дәрежеде «қоғамдық (немесе әлеуметтік) тауарлар» деп аталатындарды – мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сонымен бірге материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған . Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілері жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халывқтың әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау (кепілдемелі деңгейде) жатады.
1.2. Қаржының функциялары мен рөлі
Қаржының мәні, іс- әрекет механизмі және рөлі оның функцияларын айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәнін іс- қимылдағы көрінісін , сапаның өзіне тән категориялары кескінініңайрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы басқа тым жалпы категориядан - ақшадан туындщайтын айрықшалықты экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына атерең деңдеп неуіне байланысты қаржы функциясы туралы туралы мәселе ғалым-теоретиктер арасында осы күнге дейін пікір талас тудыруда.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясына – ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесіенде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының мәні ең алдымен бөлгіштік функциясының көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы – шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстармен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында) соны мен бірге ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің объектілері болып табылады.
Қарамағында мақсатты арналымының қорлары қалыптасқан ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңды және жеке тұлғалар ( мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер , азаматтар ) қаржылық бөлуде субъектілер болып келеді . Қоғамның көмегі мен бөлгіштік процесс қоғамдық өмірдің барлық сферасында – материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сферасында өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін : жалпыұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске бөлінудің әртүрлі түрлерін – ішкі шаруашылық, ішкісалалық, аумақаралық бөліністі тудыратын көпсатылық тән.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табысты , сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысал, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда )бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, ққаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек . Былай деп айтқан дұрыс: натуралды-заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларын(табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнімде бөлінеді.
Қаржының бөлгінтік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлу мен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден ; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі немесе қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орын толтыру (өтеу) қоры(материалдық шығындармен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн – ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің ) және халыыыыыыықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудіңі және қайта бөлудің күрделі процесстеріне ұшырайды, бұл прооцестерде маңызды рөльді қаржы атқарады. Қоғамдық өніммен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен тғыз байланыста дамиды.
Қайта бөлу салалық , сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның нәтижесінде тамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әртүрлі қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материялдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфрақұрылымының өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың (капиталдың) өсімі үшін, резервтермен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін пайдалатын түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға елдің қорғанысына арналған ресурстар құрайды.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге асырылады:
қаржылық – бюджеттік әдіс.Ол бюджетке табыстардыалғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
несиелік – банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының - нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдарымдардың және т. б. Көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегі мен қайта бөлудіңи негізгі мақсаттары мыналар болып саналады:
өндірістік емес саланы қаржы ресурстармен қамтамасыз ету, бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
елдің экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;
қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айрықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әртүрлі рентабельдігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігі мен ынталандырылып отырады.
Сөйтіп ұлттық табысты қаржы көмегі мен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.
Қаржының қоғамдық өнімді бөлу мен қайта бөлу процесіне қатысуы бірдей емес. Алғашқы бөлу кезінде, Жоғарыда атап өтілгендей, қаржы басқа экономикалық категориялар мен – баға мен , еңбекақы мен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржыны қолданудың негізгі сферасы – қайта бөлу, мұнда ол тектес экономикалық категориямен – кредит пен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржының бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкі аралық, ішкі шаруашылықтық бөліністі қамтиды. Аумақаралық және саларааралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық жүргізуші субъектілердің бірінен алынып , қаржы ресурстарының жетіспеушілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік-аумақтық бірліктер мен салаларға беріледі. Қайта бөлудің бұл түрлерінің арқасында бүкіл экономиканың үйлесімді дамуына қол жетеді, бұл Қазақстан жағдайында түпкілікті салалардағы өндірістің дамуы үшін сондай-ақ артта қалған аймақтарда экономика мен әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды өрлету үшін өте-мөте көкейкесті болып табылады. Ішкі салалық және ішкі шаруашылықтық қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші субъектінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететін (заң бойынша мемлекетке тиісті аударымдардан басқа) коммерциялық есеп пен өзіне өзі қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп таралып келеді.
Демек, қаржы бөлгіштік функция арқылы ақшалай табыстарды қалыптастыру және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлеукеттің экономикалық агенттердің экономикалық мүдделерінқамтып көрсеттетін белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сөйтіп бөлгіштік функция арқылы бөлу каегориясы ретінде қаржының мәні ашылады, ақша нысанындағы жиынтық қоғамдық өнімнің, оның құрамды элементтерінің қозғалысы мен байланысты болатын экономикалық қатынастар айшықталады және сатыпалу-сату арқылы натуралдық-заттай нысандағы қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалады.
Қорытындысында қоғамдық өндірістің барллық қатысушыларының нақтылы еңбек үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі ескеріле отырып , олардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.
Қаржы ұлттық табыс құрамындағы бастапқы табыстарды да, түпкілікті табыстарды да, қалыптастыру мен пайдалануды одақтастырып жүзеге асырады.
Қаржының бөлгіштік функциясыныңжақтаушылары бөлу арқылы қаржы ұдайы өндірістің басқа стадияларына - өндіруге айырбастауға, тұтынуға белсенді ықпал етеді деп жорамалдайды. Мысалы, қаржы өндіріске қалыптастырылатын ақша қорларыныңмөлшері арқылы сан мен әсер етеді: бұл қорлардың көлемін өзгерте отырып, өндіріске қалаған бағытта ықпал жасауға болады, не қолайлы қаржы жағдайларын жасау жолымен экономиканың жеке құрылымдық бөлімшелерінің дамуын тездетуге болады, не бұл өсудің қарқынын баяулатыға болады. Басқа жағынан , егер көтермелеу қорларының көлемін өндірістің белгілі бір сапалық көрсеткіштерінің: еңбек өнімділігінің , ресурстарджы үнемдеудің, қор қайтарымының және т.б. жетістіктері мен ұштастырса өндіріске сапалық әсер етуге жетуге болады. Қаржы көмегімен ұдайы өндірістің басқа басқа сатыларына да осылайша әсер етуге болады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы қаржының ұдайы өндірістің барлық процестерімен байланысты және бұл категорияның өндірістің барлық стадияларына белсенді әсер етуі бақылданып отырылады.
Қаржының бөлгіштік функциясы тұжырымдамасының жақтаушылары айқындамасындағы осал мезетті категорияның функциясы тап осы ктегорияның өзіндік ерекшелігін қамтып көрсетуі тиіс деген қағида болып табылады. Қарастырылып отырған функция бөлуге қатысушы басқа экономикалық категорияларға да – бағаға да,еңбекақыға да , кредитке де тән.
Ұдайы өндірістік тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы – бір стадияның емес, жалпы алғанда ұдайы өндірістің категориясы деп санайды, өйткені , олардың пікірінше :
Қоғамның ұдайы ұдайы өндірістің барлық стадиялары бір-бірімен тығыз байланысты;
Қаржы қоғам қызметінің бүкіл сферасына – математикалық өндіріске, айналыс пен тұтыну ғана емес, жалпы бүкіл бұл процескеқызмет көрсетеді;
Қарджы қоғамдық өндіріс қозғалысының барлық стадияларында пайдаланылатын бақылаудың әмбебапты қүұралы болып табылады.
Қаржы табиғатын ақшаның қозғалысына анықтайтын қаржының бөлгіштік тұжырымдамасынан айырмашылық ұдайы өндірістік тұжырымдамасы бұл табиғатты ақша нысанындағы құн қозғалысын да анықтайды. Мұндай ұстанымда қаржының іс-әрекет сферасы айтарлықтай кеңиді .
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына фукцияларды береді:
ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
бақылау функциясы;
Қаржы көмегімен мемлекет өзінің игілігіне материалдық өндіріс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнының бір бөлігін алады. Бұл прогресс қаржының бірінші функциясын – ақша қорларын (табыстарды) жасау арқылы жүзеге асады, бұл өзінің нақты практикалық көрінісін , ең алдымен мемлекеттің салық саясатында табады. Нәтижесінде қоғамда дәйекті түрде сан алуан ақша қорлары – орталықтандырылған ( мемлекеттік бюджет ), орталықтандырылмаған ( аймақтық және жергілікті деңгейдегі ) мақсатты қорлар және т.б. жасалады.
Бұл ақша қорларын (табыстарды) нақтылы пайдалану қаржының екінші функциясы арқылы жүзеге асады , оның заттық мазмұны негізінен мемлекеттің шығыстары саясатын жүргізгенде көрінеді. Ақша қорларының (табыстардың) қаражаты қайта бөлу жолымен мемлекеттік аппаратты ұстауға, қоғамдық өндірістің ұтымды әрі тиімді құрылымын жасап, қолдауға, материалдық жағынан аз қамтылғандарды қолдауды қамтамасыз етуге және т.с.с. бағытталады. Сөйтіп, бөлу процесі ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану тиімді жүзеге асады . Қоғамдық өнімді ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы бөлу экономикалық қатынастардың пайда болуына себепші болады.
Коммерциялық есеппен маркетинг оперцияларын жүзеге асыруға байланысты болатын қаржының бақылау функциясын барлық ғылыми тұжырымдамалардың өкілдері мойындайды. Қаржының бұл функциясы экономикалық категория ретіндегі қаржыға тән қасиет және қаржының не бірінші, не екінші функциясымен бір мезгілде жүзеге асады . Бақылау функциясы мазмұнының нақтылы көрінісі мемлекеттің қаржы саясатын жүргізетін қаржы саясатын жүргізетін қаржы органдары қызметінің барысында іске асады.
Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан көрінеді. Егер қаржының мәні, табиғаты және мазмұны , бір жағынан жиынтық қоғамдық өнімнің ең алдымен таза табыстың бір бөлігінің қозғалысы мен оны бөлу мен ақша қорларын жұмсау мен материалдық өндіріс процесінде ұлғаймалы ұдайы өндіріске бағыттауы мен басқа жағынан мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын жасау мен байланысты болса, қаржының бақылау функциясы да тиісті түрде материалдық өндірістің бүкілұдайы өндірістік процесіне де, сондай-ақ мемлекеттің ақша ресурстарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және пайдалану процесіне де қызмет етеді.
Қаржының екі функциясының диалектикалық бірлігі мен өзара байланыстығы осында .
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда – жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді.
Бақылау функциясы сандық түрде қаржы ресурстарының қозғалысы арқылы жиынтық қоғамдық өнімді бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын экономикалық процестерді бейнелейді. Сонымен бірге нақты нысандағы қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қоғамдық өнімді құндық бөлу процесіне мемлекет тарпынан бақылау жасаудың негізі болып табылады. Мұндай бақылаусыз экономиканың теңгерімді дамуының қамтамассыз етілуі мүмкін емес.
Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның , фипманың шаруашылық – қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды анықтап қана қоймай, сонымен бірге кәсіпорындарда, фирмаларда өндіріс рентабельдігін арттырудың резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Қаржы мәселесі жөніндегі заңнамалардық бұлжымай сақталуын, мемлекеттік бюджет, банк алдындағы қаржылық міндеттемелердің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің есептесу және төлемдер жөніндегі өзара міндеттемелердің дер кезінде және толық орындалуын тексеру қаржылық бақылаудың аса маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Қаржының бақылау функциясын жүзеге асырудың нысаны қаржылық көрсеткіштерді білдіретін қаржылық көрсеткіштерді білдіретін қаржы ақпараты болып табылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы шаруашылық қызметінің түрлі жақтарын жинақталған түрде қамтып көрсеттетін түсім-ақша, табыс(пайда), рентабельділік өтінімділік айналымдылық, төлем қабілеттігі,қор қайтарымы және басқалары сияқты талап көрсетілген қаржылық көрсеткіштер арқылы белгіленген нормалармен нормативтерді қолдануды, макродеңгейде де, микродеңгейде де экономикалық процестердің тиімділігі мен нәтижелігін бақлауға болады.
Ұдайы өндіріс процесіндегі қаржының бақылау функциясының рөлі қаржылық тәртіпарқылы жүзеге асуымен және оның жай күйімен, белгіленген нормалар мен нормативтермен, қаржылық міндеттемелердің орындалумен байланысты болуы мүмкін.
Қаржылық тәртіп оны бұзушыларға қаржы санкцияларын қолдана отырып мемлекеттік парызды сақтауға негізделген .
Қаржының бақылау функциясы қаржы орындарының сан қырлы қызметі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы жүйесімен салық службасы қызметкерлері қаржылық бақылауды қаржыны жоспарлау прцесінде, бюджет жүйесінің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуы кезінде жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында бақылау жұмысының бағыттары, қаржылық бақылаудың нысандары мен әдістері айтарлықтай өзгереді.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрллерін ажыратады:
қаржылық-шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың , кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министірліктермен ведомствалардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолы мен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабельділікке, еңбеккеақы төлеуге осылайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;
қаржылық-бюджеттік бақылау. Олар кәсіпорындар табысының бір бөлігін мемлекеттік бюджетке алу арқылы, сондай-ақ кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін сондай-ақ бюджет қаражаттарының бизнес-жоспардың немесе құрылыс қарқының орындалуына қарай берілуін бақылайды;
кредиттік-банктік бақылау. Олар фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдай да қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілдігі, қайтарымдылығы, ақылығыы қағидаттарынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептеудің (өнім, жұмыс, қызметтер көрсету үшін ) жүйесі арқылы жүргізіледі.
Қаржы қоғамдық ұдайы өндірістің бөлу стадиясының құралы бола отырып, ұдайы өндірістің барлық стадияларына ықпал етеді. Ықпал етудің объективті алғышарттары екі мән-жай мен байланысты:
Қаржы қоғамдық өндірістің барлық стадияларынаа(өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну) ықпал етеді.
қаржының экономикалық процестерінің катализаторы болуға әлеуметтік ерекшелігі бар(бұл бөлгіштік функциядан туындайды. ) Бөлу ұдайы өндірістік айқындайшы сфера болып табылатын материалдық өндіріс сферасында басталады, өйткені ол өндірістің сипаты мен ауқымына әсер етеді.
Қаржы ұдайы өндіріс процесіне екі түрлі ықпал жасайды:
а) сан жағынан, бұл бөлгіштік процестің үйлесімдерімен сипатталады;
ә) сапа жағынан, бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық мүдделеріне ықпалы мен сипатталады.
Қаржы микроэкономикалық дамудың тиімді ара қатысын белгілеуде, ұдайы өндірістің заттық және құндық элементтерінің тепе-теңдігіне жетуде, өндіріс тиімділігін арттыруда маңызды рөль атқарады.
Қаржының экономикалық рөльі мына бағыттардан көрінеді:
қаржы капиталының айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
кірістер мен шығыстарды салыстыра отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;
қаржы ақша қорларын бөлу мен қайта бөлу арқылы эконолмикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;
қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының үйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандарының және шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.
Сонымен бірге қаржы оңтайлы шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуге белсендірөль атқарады: олардың көмегі мен экономикалық және әлеуметтік даму индикативтік жоспарыныңбасты элементтерінің өзара теңдестірілуіне қол жетеді; қаржы тұтқаларын жоспарлы пайдалану қоғамдық ұдайы өндіріске қаржының ынталандырғыш рөлін күшейтуге арналған негізгі қаржалақ көрсеткіштерді мемлекетке орталықтандыра отырып анықтауға жағдай жасайды.
Қаржы көмегі мен жететін нәтижелерді бағалануға жалпы тәсілдеме қаржының рөлін 3 бағытта атқаруға мүмкіндік жасайды:
ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қақажетті қаржы көздері мен қамтамасыз ету тұрғысынан ;
қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану тұрғысынан;
қаржының әлеуметтік-экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде пайдалану тұрғысынан.
Достарыңызбен бөлісу: |